Химиялық құрамы. Жемістерінде 3-5% эфир майы бар, оны құрамына анетол (50-60%), фенхон, α-пинен, камфен, басқа майлар кіреді. Жапырақтарында эфир майы, каротин, С, В1, К, Е дәрумендері бар.
Қолданылуы.Фенхель препараттарының қақарық түсіретін, микробты жоятын, несеп айдайтын және түйілуді бәсеңдететін қасиеті бар. Асқазаан – ішек жолдары түйілгенде, бронхитте, ауыз қуысы мен тамақты шайқауға, сонымен қатар бүйрек және өт тастары дерттеріне пайдалануға болады. Фенхельдің жемістері орталық жүйке жүйелерін тыныштандырады. Шөбінен жасалған препараттарын асқазан-ішек жолдары дертін, әсіресі ішектің түйілуін емдеуге қолданады. Фенхель тәбет арттырады, ас қорыту жұмысын күшейтеді, асқазан мен ішектерді газдан босатады, сіңір тартылуды бәсеңдетеді және жояды, бала емізетін аналарға сүт шығуын көбейтеді.
Кәдімгі жебіршөп шөбі – трава тимььян ообыкновенного – Herba
Thymi vulgaris
Кәдімгі жебіршөп – Тимььян обыкновенный - Thymus vularis.L
Тауқалақайлар тұқымдасы – семейство яснотковые - Lamuaceae
Сипаттамасы. Биіктігі 50 см – ге дейін өсетін, күшті тармақталған жартылай бұта. Бұталары 4 қырлы, сұрғылт-түкті, қысқарған бүйір өркендері бар. Жапырақтары ұсақ қарам-қарсы орналасқан. Гүлдері ұсақ, жоғарғы жапырақтарының қуысына гүл шоғыры құрай орналасқан. Гүл тостағаншалары мен гүл тәжі қос ерінді; гүл тәжі ашық күлгін немесе қызғылт, кейде ақ түсті. Жемісі – ценобий, 4 тұқымды, гүл тостағаншасына толық орналасқан. Маусым-шілдеде гүлдейді. Таралуы. Отаны – Испания мен Францияның оңтүстігі, онда ол құрғақ, ашық тау етектерінде өседі. Ресейде Краснодар өлкесіжәне Украина мен Молдваның оңтүстік аудандарында мәдени өсіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |