Ғылым, ғылымның жіктелуі Ғылымның дамуының кезеңдері


Ғылыми-техникалық патенттік ақпарат дегенді қалай түсінесіз?



бет3/11
Дата02.05.2023
өлшемі41,43 Kb.
#88917
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Ғылыми-техникалық патенттік ақпарат дегенді қалай түсінесіз?

ЖАУАП:

ҒЗЖ құрастыру үшін құжаттардың мәнін айқындайтын жаңалықтар, өнертабыс, т.б.өндірістік жеке меншіктердің түрлері туралы мәліметтер беретін патентті құжаттардың мәні зор.


Патентті құжаттамалар ұқыпты экспертизаға жататындықтан, сенімділіктің жоғары дәрежесін иеленеді.
Патентті ақпараттың заңды және ғылыми-техникалық негізі бар. Патенттеу құқықтық қорғаумен жасалған басыңқы қорғау сұрақтарымен айналысады. Авторлық заңмен қорғалады. Өнеркәсіпте қолданылған ақылдың нәтижелері өнеркәсіптік жекеменшік болып саналады. Ол ашылуына, өнертапқыштық, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік нұсқаға, тауарлық белгіге, фирманың атауына байланысты бөлінеді.
Пайдалы модель – техникалық міндеттерінің шешімі, анық білдірілген формалары бар құрылғыларға жатады. Өнеркәсіптік үлгі түбінде өнеркәсіп бұйымының сыртқы түрінің ерекшелігі ретінде түсіндіріледі, ол өнеркәсіптік жолмен орындалған. Тауар белгісі тауарға орнатылған немесе жарнамалау кезінде қолданылатын белгісі сол тауарларды басқа мекемелердің тауарларынан ерекшеленіп көзге түседі.
Белгілі бір өнеркәсіптік жеке меншікті қорғап қалу үшін, авторлық куәлік пен патент алу үшін ҒЗ мемлекетік патентін сараптамаға қажетті тапсырыс беру керек. Авторлық құқықтық куәлік өнертапқыш адамдарға қазіргі заңнамаларға сәйкес құқықпен жеңілдіктер береді. Ал өнертабысты қолдану құқығымен оны тарату мемлекетке беріледі. Авторлық куәліктің мерзімі анықталмаған. Патент белгілі бір уақыт арлығында жұмыс істейді.
Егер өнертабыс мемлекеттік қызметі аясында жасалынса, және солар арқылы қаржыланса, және солардың тапсчырмасы арқылы орындалса, онда өндіріс иесіне тек авторлық куәлік беріледі.
Патенттік ақпарат ҒТА сияқты оперативтік, сенімділікті, мәліметтің толықтығын иеленген. Патентті ақпараттың негізгі ғылыми-техникалық құндылығы өнертабыс сипаттамасы болып табылады, ол патенттік заңдылыққа сәйкес жалған мәліметтерден құралмауы керек және жаңашылдығымен өзгеше болуы тиіс. Сондықтан патентті ақпараттарды дұрыс қолдану техникасының негізгі даму тенденциялары бар әлемдік үлгі деңгейіндегі жаңа әзірлемелерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Осыған байланысты ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбын (проблемаларын) әзірлемес бұрын алдын-ала патентті зерттеу жүргізіп алған дұрыс. Бұл патентті ақпаратты іздестіруді, таңдауды, талдауды және мақсатқа қатысты қолдануды кірістіретін кешенді жұмыс. Патентті ақпарат түбінде әр түрлі елдердегі ресми түрдегі мекемелердің жарияланымы түсіндіріледі, жаңалықтар, өндірістік үлгідегі өнертабыстар, тауар белгілері туралы мәліметтер береді. Мәліметтер библиографиялық түрде немесе рефератты мәлімет түрінде жарияланады. Патентті әдебиеттер деп патентті, патентті-құқықтық, патентті –лицензиялық және патентті-ақпараттық және басылым қызметінің әр түрлі мәселелеріне арналған әр түрлі баспала түсіндіріледі (мақала, кітапша, кітаптар, журналдар, қысқажазбашалар және т.б.).
Патентті зерттеу процесінде қолданылатын ақпараттардың дерек көздері: дүниежүзі елдерінің патенті ведомостваларының бюллетендері, өнертабыс сипаттамасы, өнертабыс жайындағы реферативті ақпарат, енгізілген өнертабыстар туралы басылымдар, жарнамалық басылымдар, ҒЗЖ туралы есептер, халық шаруашылығы саласының ақпараты және патентті зерттеулер туралы есептер.
Патентті ақпараттардың көп тараған оперативті дереккөзі алдын-ала танысуға және қажетті патентті ақпараттарды таңдауға арналған дабылдық ақпаратар құрылатын патентті бюллетендер болып табылады.
Өнертабыстың мәнін ашатын, өнеркәсіптік техникалық ақпараттандырудың өнертабысының сипаттамасы құқықтық қорғаудың көлемін анықтайтын элементтерді құрайды.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет