Ғылым жаршысы = Вестник науки



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі95,11 Kb.
#5542

С.Сейфуллин  атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Ғылым жаршысы =

Вестник    науки Казахского  агротехнического  университета    им.  С.  Сейфуллина. – 2014. -

№4 (83). – Б. 35-42



ТҮБІР СӨЗ ЖӘНЕ ЖАЛҒАУЛАР ТІРКЕСІМІНІҢ ФОНЕТИКАЛЫҚ СИПАТЫ

МЕН АЛГОРИТМІ

Кукенова Г.А., Мұратбекова А.М.,

Омарова Г.Т.

Аннотация

Мақалада қазақ тілінің мәтінтерімін  жеделдетудің компьютерлік  бағдарламаларын

жасауда  информатик  мамандары үшін  түсінікті  түбір және қосымшалар алгоритм  тізбегін

құрастыру  жайлы  сөз  етілген.  Бұл  жағдайда  тілдің ішкі  заңдылықтарына  сүйену  керектігі

айтыла  келіп,

қазақ (түркі)  мәтінтерімінің алгоритмін

құрастыру үшін  аса

қажет


фонетикалық заңдылық жалғаулардың талғампаздығы  болып  табылады  делінген.  Түбір сөз,

көптік  жалғау  және  тәуелдік  жалғаулар  тіркесімінің фонетикалық сипаттамасы беріліп,

алгоритм  тізбегі құрастырылған. Түбір,  көптік  жалғау  мен  тәуелдік  жалғауларының

фонетикалық сипаты кемімелі жүйе болып шығады деген қорытынды жасалған.



Кілттік сөздертүбір сөз, тәуелдік жалғау, көптік жалғау, дыбыстар тіркесімі, дыбыс

талғампаздығы, алгоритм тізбегі.

Қазіргі

заманғы 


информатиканың

жедел дамуы мен оның өмірдің сан саласына

көптеп  ене  бастауы қазақ тіл  білімінің

алдына  да  жаңа  міндеттер қояды. Әсіресе,

компьютер  техникасының  қолғанат құралға

(оргтехникаға) айналуы және соған    лайық

қазақ

тілінің


компьютерлік

бағдарламаларын

жасау маңызды ғылыми-

практикалық мәселе болып табылады.

Ендеше қазақ тілі теориясы мен оның

практикалық

нәтижелерін  жаңа  бағытта

пайдаланудың

мүмкіндігі  зор.

Осындай


күрделі мәселелердің бірі  болып  табылатын

мәтінтерімді оңтайландырудың фонетикалық

негіздемесін 

дайындау 

бүгінгі 

күннің


талабы. 

Мәтінтерімінің

компьютер

бағдарламаларын 

жасауда

қазақ


тілі

дыбыстарының сөз құрамындағы  тіркесім

мүмкіндіктерін  анықтап

алу


қажет.  Бұл

жағдайда


тілдің

ішкі 


заңдылықтарына

сүйенуіміз  керек,  сонда ғана сол  тілдің

қолданба құралдарын жасауға болады. Қазақ

тілінің осы  тұрғыдан  пайдаланатын  екі  заңы

бар.  Олар үндесім  (сингармонизм)  және

үйлесім 


(ассиммилятив) 

заңдылықтары.

Ә.Жүнісбеков  дауысты  дыбыстар  туралы

«Дауысты  дыбыстардың төрт үндесім әуезі

бар  болып  шықты,  олардың  әрқайсысы

белгілі  бір үндесім  дауыстылардың басын

біріктіреді:  жуан  езулік  дауысты – екеу,

жіңішке езулік дауысты – үшеу, жуан еріндік

дауысты – екеу,  жіңішке  еріндік  дауысты –

екеу,  сонымен  барлығы – тоғыз үндесім

дауысты»,-[1,41]  десе,  дауыссыз  дыбыстар

туралы  «Әрбір  дауыссыз – төрт үндесім

дыбыстан құралған  жүйе  болып  табылады,

олардың өзара ортақ белгілерімен қатар, бір-

бірінен  ажыратып  тұратын  артикуляциялық

және  акустикалық айырым  белгілері  бар.

Түркі 

тілдеріндегі



әрбір 

дауыссыздың

үндесім

әуезінің  құрамы  жуан/жіңішке,



еріндік/езулік 

белгілері 

арқылы

ажыратылады»,-[1,43] дейді.



Бір ғана қазақ тілі  емес,  бүкіл  түркі

тілдері үшін  сингармонизмнің орны  бөлек

екенін  Ж.Әбуов  былай  көрсетеді:  «түркі

тілінің сөзі,  буыны  және  дыбысы  сөзтаным

және 

сөзажыратым



қызметі 

бар


сингармонизм  арқылы ғана    айтылады»,- [2,

4]. Қазақ  (түркі)  тілінің дыбыс  жүйесіне  тән

осы 

заңдылықты



қолданба 

тілтаным


саласыңда кеңінен пайдалануға болады.

Осы 


орайда, 

А.Байтұрсынұлының

еңбектерінен 

бүгінгі 


күнгі

қолданбалы

лингвистикаға  негіз  болатын  бағдарламалық

жайларды  табуға  болады:  «жұрнақтар..,

жалғаулар  ...  сөздің аяқ дыбысының түріне

қарай өзгеріңкіреп  жалғасады",- [3,155]    деп

жазады ғалым.  Бұл  жерде  екі  жағдайға  мән

беруіміз  керек.  Бірі

«сөздің


соңғы

дыбысы»,  екіншісі – «өзгеріңкіреп»  деген

ұғымдарды

қазіргі 

фонетика 

тілімен

айтқанда ғалым  ассимилятив құбылыстарға



нұсқап 

отырғандығы 

белгілі. 

Бұдан


компьютер  бағдарламасын жасайтын қандай

қорытынды жасауға  болады?  Егер  сөздің

соңғы  дыбысы  белгілі  болса, соған  лайық

жалғаудың

нұсқаларын

алдын-ала

компьютер жадына енгізіп қоюға болады деп

түсінеміз.  Ал  «өзгеріңкіреп»  деген ұғымнан

түсінетініміз:  сөзге  жалғананатын  жалғау

түгелдей өзгермей,  оның белгілі бір  бөлігі

ғана өзгереді. Ғалым  ойында  жалғаудың

үндесім (сингармонизм) варианттары да тұр:

«Жіңішке сөздерде «-лық» орнына «-лік», «-

дық» орнына

«-дік», 

«-тық»


орнына 

«-тік» 


болып

жалғасады»,-

[3,  115]  делінген.  Ендеше

компьютер

қоржынына

үндестік 

заңын

енгізсе,


қалғанын  компьютер өзі  реттей

береді.  Тіптен қосымшаның варианттарын

ескертіп  те  жатпайды.  Біздің басымыздағы

(миымыздағы) 

фонологиялық 

(үндестік)

компьютерге сенеді де жұрнақ «-сыз» .. жуан

сөзге


қосылса,  жуан  болып  айтылады,

жіңішке  сөзге қосылса,  жіңішке  айтылады»

деп түйіндей салады.

А.Байтұрсынұлы

қазақ

тіліндегі



қосымшалардың үндестік және  ассимилятив

жүйесін  осындай  бір үлгімен  түсіндіріп

шығады. Ғалым  айтып  отырған  ережелер,

тіліміздегі  орнықты  заңдылық деген  сөз.

Ендеше

қолданбалы



лингвистика

үшін


тұрақты,  мызғымас  заңдылықтардың орны

бөлек.


Қазіргі

қазақ


тіл 

білімінде

фонетикалық

зерттеулердің

бір 

амалы


ретінде модельдеу әдісі кеңінен пайдаланыла

бастады. 

Модельдеу

әдісі,


әсіресе,

қолданбалы  лингвистика  саласында

өте

пайдалы болып отыр.



Ар.Жүнісбек

қазақ


тілі

дыбыстарының артикуляциясын  модельдей

келіп,  модельдеу әдісінің ерекшелігі  жайлы

былай  дейді:  «Модель  мен  фонетикалық

ғылыми  еңбектердің  құрамындағы көрнекі

(иллюстратив)  материалдың  (график,  схема,

сурет т.б.) арасында айырма бар. Модель өте

дәл болмайды, фонетикалық құбылыс немесе

заңдылықты шамалап көрсетеді,  оның басты

белгілерін  шартты  түрде  алады,  араларында

қарапайым

ғана


ұқсастық

болады.  Ал

көрнекі график, схема, суреттер өте дәл болу

керек.  Олардың негізінде  сандық  өлшемдер

жатады.  Сондықтан  олардың  құрамында

бірлі-жарым белгілер жетіспей жатса  немесе

дәл  көрсетілмей  жатса,  ол  кемшілік  болып

саналады»,- [4,5].

Жалпы  фонетика  (жалпы  тілтаным)

тұрғысынан

қарағанда

қазақ


тілі

дыбыстарының  өзінше  (бірегей)  түрленім

жүйесі бар. Ол фонетика ғылымында белгілі

жай:  «Белгілі  бір  тілдің  құрылымына  тән

көрші дыбыстардың өзара икемделуін реттеп

отыратын  фонологиялық фактор  сол  тілге

ғана 

тән 


заңдылық

болып 


табылады,

сондықтан  да  ондай  заңдылық жеке  тіл

фонетикасының

зерттелім  нысаны  болу

керек»,- [5,  223]. Қазақ тілі үшін  мұндай

фонологиялық фактор ретінде синграмонизм

болып табылады.

Сингармониялық топқа жататын қазақ

тілінің сөз құрамындағы  жалғауларының

орналасу  желісінің  өз  реті  мен  тәртібі бар.

Сондықтан түбір  мен  жалғаулардың арасы

белгілі  бір  фонетикалық байланыста  болып

келеді.

Әрбір 


жалғаудың

фонетикалық

белгісі  екі  не  одан  да  көп  варианттардан

құралады.

Өйткені  түбір  сөздің

соңғы


дыбысына  (әрібіне)  тікелей  байланысты

болғандықтан, 

жалғаудың

фонетикалық

варианттары  түбір  сөзбен іргелес  тұрғанда

ғана  түгел қамтылады.  Басқаша  айтқанда

бірінші  жалғаудың

варианттары  барлық

уақытта  зәру  (актуал)  болады.  Бұл  тұста

жалғау  варианттарының бірін  таңдау қажет.

Қажет вариантты іздеудің амалын табу үшін

күрделі фонетикалық талдау жасау керек.

Сөз

құрамындағы 



жалғау 

саны


көбейген 

сайын 


олардың

арасындағы

фонетикалық

белгі  кеми  береді.  Себебі

жалғау  варианттарының

соңғы  дыбысы

(әрібі) сол жалғаудың барлық варианттарына

ортақ болады.  Соның нәтижесінде  келесі

жалғаудың бір ғана  варианты  зәру  болады

да, өзге  варианттары қалыс қалып  отырады.

Ендеше  түбір  сөзден  кейінгі  жалғау үшін

фонетикалық таңдау  бірінші  кезекте  тұрса,

келесі  жалғау үшін  ондай  фонетикалық

мұқтаждық

жоқ. 

Қосымша 


соңындағы

дыбыстың фонетикалық  құрамында  (дауыс

қатысы,  жасалу  орны, жасалу  тәсілі)  келесі

қосымшаның қажет варианты жайлы мәлімет

тұрады.  Бұл  тұста  вариант  таңдау  деген


болмайды, тіркесімге лайық бір ғана вариант

бар.


Қажет 

вариантты 

табудың

жолы


қарапайым болып шығады.

Сөздің


морфологиялық  құрылымы

күрделенген  сайын  оның тіркесім  тізбегінің

алгоритмі 

жалғаса 


береді. 

Жоғарыда


қосымша  жалғанған  сайын  оның тіркесім

талғампаздығы 

кеми 

беретіні 



айтылды.

Мысалы, 


түбір 

сөздің


тіркесім

талғампаздығы 

бірнеше 

вариант 


болуы

мүмкін.  Сондықтан  да  түбір  сөзге  тікелей

жалғасатын қосымшаның варианттары  да

мол 


болады. 

Алайда, 


түбірге 

іргелес


қосымшаның соңғы  дыбысы/әрпі  бір  тектес

болатындықтан, келесі қосымша сол бір ғана

дыбыс/әріпке 

икемделеді. 

Соның

нәтижесінде 



тіркесім 

талғампаздығының

мүмкіндігі  кеміп,  бір ғана  вариант қалады.

Әрі қарай  тіркесім  алгоритмінің тізбегі  сол

бір варианттан ғана құралады.

Қазақ


(түркі) 

мәтін 


терімінің

алгоритмін

құрастыру

үшін  аса

қажет

фонетикалық заңдылық жалғаулардың осы



талғампаздығы  болып  табылады.

Біздің


алдымыздағы мақсатымыз  түбір  сөз+көптік

жалғау+тәуелдік 

жалғау 

тіркесім


талғампаздығының

фонетикалық

сипатын

анықтап, алгоритм тізбегін құрастыру.



Мәтінтерімін 

автоматтандырудың

алгоритмін  (ережесін)

құрғанда  бірнеше

шартты белгілер пайдаланылды:

айшық жақша

{  }

дыбыстардың

күрделі тобын қамтиды;

- тік  жақша [  ] дыбыстар    тобы  мен

жеке дыбыстың шартты белгісі;

- доғал жақша ( ) дыбыстардың жалаң

тобын қамтиды;

- шаршы  сызық

жеке  дыбыстың

айтылымын қамтиды;

- қосу  белгісі

+

дыбыстар  тобының

басын құрайды;

- теңдік  белгі



=

шартты  белгінің

дыбыс 

тізбегінің



орнына 

жүретіндігін

көрсетеді;

- қарсы  жебе

іргелес  тұра  алатын

таңбаларды (әріптерді) көрсетеді;

- жебе  сызық

автоматтандырудың

желісін нұсқайды.

Түбір 


мен 

жалғаулар 

тіркесім

талғампаздығының жіктелім  тізбегі  арнайы

белгілермен таңбаланды. Бұл жерде [V ( a; ä;

e;  ı;  i; о; ö;  u;  ü  )– дауысты  дыбыстардың

толық тобын, [  K

1

(  m;  n;  ň;  l;  r;  y;  w  ) ] -

дауыссыз дыбыстардың  үнді тобын, [ K

2

(  r;


y; w ) – дауыссыз дыбыстардың жазылымда

шеп талғамайтын тобын, [ K



3

(m; n; ň; l ) 

дауыссыз  дыбыстардың  үнді  тоғысыңқы

тобын, [K



4

(  l;  r;  y;  w  )] - дауыссыз

дыбыстардың жуысыңқы үнді  жуысыңқы

тобын  білдіреді. Ал  көптік жалғаудың  үнді

айтылымы – [  l  ] деп, көптік  жалғаудың  ұяң

айтылымы - [  d



1

деп, көптік  жалғаудың

қатаң айтылымы - [  t



1

дептәуелдік

жалғаудың

бірінші 

жағының


дауысты

айтылымы - [  ı



1

деп, тәуелдік  жалғаудың

екінші  жағының дауысты  айтылымы - [  ı



2

],

тәуелдік 

жалғаудың 

үшінші 


жағының

дауысты айтылымы - [ ı



3

деп белгіленді.

Алдымен  түбір  сөз,  көптік  жалғау

және  бірінші  жақ тәуелдік  жалғау  тіркесім

талғампаздығының

фонетикалық

сипатын


ашып,  алгоритмін

құрастырмақпыз.  Бұл

жағдайда  түбір сөздің бес тіркесім варианты

үш  топқа  бірігеді,  ал  сондықтан  да  келесі

көптік  жалғау үш  вариант  болып  басталып,

соңғы дыбыс/әрпіне қарай бір ғана р вариант

болып  аяқталады.  Ал қосымшаның соңы

дауыссыз  болғандықтан,  келесі  тәуелдік

жалғаудың дауысты варианты ғана қалады.

бала


ай

адам


қыз

ат

лар



дар

тар


р

ым

л



д

т

ы



Түбір,  көптік  жалғау  мен  бірінші  жақ тәуелдік  жалғаудың тіркесім  жіктелім  тізбегі.

Соңғы қосымшаның индексі 1 болады:



[ V ( a; ä; e; ı; i; ö; u; ü ) ]

[ l ]

[ K

1

( r; y; w ) ]



[ K

2

( m; n; ň; l ) ]



[ d

1

]

[ r ]

[ ı

1

]

[ K

4

( z; ž ) ]



[ K

3

( p; t; q­k; s; š ) ]



[ t

1

]

Түбір, көптік жалғау мен бірінші жақ тәуелдік жалғаудың тіркесім талғампаздығының

алгоритм тізбегі:

{[ V ( a; ä; e; ı; i; ö; u; ü ) [ K

1

( r; y; w ) ]} = {[ V ] [ K



1

]}

[ l ]

{[ K

2

( m; n; ň; l ) ] + [ K



4

( z; ž ) ]} = {[ K



2

] + [ K

4

]}

[ d

1

]

[ K

3

( p; t; q­k; s; š ) ] = [ K



3

]

[ t

1

]

[ r ]

[ ı

1

]

Сонымен,  түбір  сөздің

тіркесім

талғампаздығы  бес  вариант

үш  топқа

бірікті,  ал  оған  іргелес  көптік  жалғау үш

вариант  бір  топқа  біріксе,  соңғы  тәуелдік

жалғау бір вариант бір топ күйінше қалды.

Түбір,  көптік  жалғау  мен  бірінші  жақ

тәуелдік  жалғаудың фонетикалық сипаты

кемімелі жүйе болып шықты.

Келесі түбір мен  көптік  жалғау

және  екінші  жақ тәуелдік  жалғау  тіркесім

талғампаздығының алгоритмін

құрастырамыз. Бірінші  жақ тіркесім  реті

сол  күйінше қайталанады.  Тек  алгоритм

тізбегін

құрастырғанда 

тәуелдік

қосымшаларды

әртүрлі 

индекспен

белгілеуге  тура  келеді.  Түбір  сөздің бес

тіркесім  варианты үш  топқа  бірігеді,  ал

сондықтан  да  келесі  көптік  жалғау үш

вариант 


болып 

басталып, 

соңғы

дыбыс/әрпіне қарай  бір ғана р вариант



болып  аяқталады.  Ал қосымшаның соңы

дауыссыз  болғандықтан,  келесі  тәуелдік

жалғаудың дауысты варианты ғана қалады.

бала


ай

адам


қыз

ат

лар



дар

тар


р

ың

л



д

т

ы



Түбір,  көптік  жалғау  мен  екінші  жақ тәуелдік  жалғаудың тіркесім  жіктелім  тізбегі.

Соңғы қосымшаның индексі 2 болады:



[ V ( a; ä; e; ı; i; ö; u; ü ) ]

[ l ]

[ K

1

( r; y; w ) ]



[ K

2

( m; n; ň; l ) ]



[ d

1

]

[ r ]      [ ı

2

]

[ K

4

( z; ž ) ]



[ K

3

( p; t; q­k; s; š ) ]



[ t

1

]

Түбір, көптік жалғау мен екінші жақ тәуелдік жалғаудың тіркесім талғампаздығының

алгоритм тізбегі:

{[ V ( a; ä; e; ı; i; ö; u; ü ) [ K

1

( r; y; w ) ]} = {[ V ] [ K



1

]}

[ l ]

{[ K

2

( m; n; ň; l ) ] + [ K



4

( z; ž ) ]} = {[ K



2

] + [ K

4

]}

[ d

1

]

[ K

3

( p; t; q­k; s; š ) ] = [ K



3

]

[ t

1

]

[ r ]

[ ı

2

]

Сонымен, 

түбір 

сөздің


тіркесім

талғампаздығы бес вариант үш топқа бірікті,

оған  іргелес  көптік  жалғау үш  вариант  бір

топқа  бірікті  де соңғы  тәуелдік  жалғау бір

вариант бір топ күйінше қалды. Түбір, көптік

жалғау  мен екінші жақ тәуелдік  жалғаудың

фонетикалық сипаты  кемімелі  жүйе  болып

шықты.


Түбір мен көптік жалғау және үшінші

жақ


тәуелдік 

жалғау 


тіркесім

талғампаздығының

алгоритм 

тізбегін


құрастырғанда  бірінші  және  екінші  жақ

тіркесім  реті  сол  күйінше қайталанады.  Тек

тәуелдік қосымшаларды әртүрлі  индекспен

белгілеуге  тура  келеді.  Түбір сөздің бес

тіркесім  варианты үш  топқа  бірігеді,  ал

сондықтан  да  келесі  көптік  жалғау үш

вариант 

болып 


басталып, 

соңғы


дыбыс/әрпіне қарай бір ғана р вариант болып

аяқталады.  Ал қосымшаның соңы  дауыссыз

болғандықтан,  келесі  тәуелдік  жалғаудың

дауысты варианты ғана қалады.

Түбір,  көптік  жалғау  мен үшінші  жақ тәуелдік  жалғаудың тіркесім  жіктелім  тізбегі.

Соңғы қосымшаның индексі 3 болады:

бала

ай

адам



қыз

ат

лар



дар

тар


р

ы

л



д

т

ы



[ V ( a; ä; e; ı; i; ö; u; ü ) ]

[ l ]

[ K

1

( r; y; w ) ]



[ K

2

( m; n; ň; l ) ]



[ d

1

]

[ r ]

[ ı

3

]

[ K

4

( z; ž ) ]



[ K

3

( p; t; q­k; s; š ) ]



[ t

1

]

Түбір, көптік жалғау мен үшінші жақ тәуелдік жалғаудың тіркесім талғампаздығының

алгоритм тізбегі:

{[ V ( a; ä; e; ı; i; ö; u; ü ) [ K

1

( r; y; w ) ]} = {[ V ] [ K



1

]}

[ l ]

{[ K

2

( m; n; ň; l ) ] + [ K



4

( z; ž ) ]} = {[ K



2

] + [ K

4

]}

[ d

1

]

[ K

3

( p; t; q­k; s; š ) ] = [ K



3

]

[ t ]

[ r ]

[ ı

3

]

Сонымен, 

түбір 

сөздің


тіркесім

талғампаздығы бес вариант үш топқа бірікті,

оған  іргелес  көптік  жалғаудың  үш  варианты

бір  топқа  бірікті,    ал  соңғы  тәуелдік  жалғау

бір  вариант  бір  топ  күйінше қалды.Түбір,

көптік  жалғау  мен үшінші  жақ тәуелдік

жалғаудың фонетикалық сипаты  кемімелі

жүйе болып шықты.

Қорыта келе, қазақ тіліндегі  осы  екі

құбылыстың тұрақтылығы  мен  нақтылығы

қазақ тілін  практикалық мақсатта  жұмсауға

сенімді  тірек  болады

демекпіз.

Сондай


практикалық

мақсаттардың

бірі

-

қазақ



тіліндегі сөздің морфологиялық  құрамын

компьютер  т.б. қондырғылардың жадында

ықшамдап сақтау. Осындай заңдылықтардың

басы  ашылып,  оларды  түгендеп,  компьютер

қоржынына  салатын  болса,  онда  тез  жазу

(скоропись),  редакциялау,  орфографиялық

сөз қорын жасау сияқты жұмыстардың бәрін

компьютер  мойнына  жүктеп қоюға  болады.

Сол  себепті

информатика  мамандарына

қазақ

тілінің


фонетика-грамматикалық

алгоритм 

жүйесін 

дайындаудың

маңыздылығы зор екенін айтуға болады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Джунисбеков А. Сингармонизм в казахском языке. – Алма-Ата: Наука, 1980.

2. Абуов Ж. Перцептивная фонетика. – Алматы: КазГЮА, 1999. -226 с.

3. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1992.

4. Жүнісбек Ар. Қазақ тілі дыбыстарының артикуляциялық моделі. –Алматы: Арыс, 2005.

5. Зиндер Л.Р. Общая фонетика. –Москва: Высшая школа, 1979. -312 с.

6. Қазақ грамматикасы. Астана, 2002.

РЕЗЮМЕ

В  целях создания  компьютерных  программ  обеспечивающих  быстрый  и  экономный

набор  казахского  текста необходимо  на  основе сегментных  (звуки)  и  просодических

(просодика 

слога 

и 

слова) 



единиц 

представить 

фонетическое 

обоснование

взаимозависимости конца корня и начало окончаний.

В  статье  дана  фонетическая  характеристика  звукосочетаний: корень,  окончание

множественного  числа  и  окончание  принадлежности  и  составлен  алгоритм  линейной


сочетаемости. Обращается  внимание  на  то,  что  фонетическое  значение  каждого  окончания

состоит  из  двух  и  более  вариантов. Выбор  того  или  иного  окончания  зависит  от  конечного

звука  корня.  Чем  больше  окончаний  в  составе  слова,  тем  меньше  возможности  выбора

фонетического  варианта  окончания. Поэтому  для  окончания  множественного  числа,

следующего  за корнем,  выбор  варианта  является  актуальным,  а  для  притяжательных

окончаний,  находящихся  после  окончания  множественного  числа,  остается  только  один

вариант  окончания. Тем  самым  наблюдается сокращение  выбора  вариантов  окончаний

звукосочетаний: корень,  окончание  множественного  числа  и  окончание  принадлежности до

фонетического минимума



SUMMARY

Introduce the phonetic feasibility of the interrelation of the ending of the root and beginning of

the terminations in order to create the software that would provide the prompt and safe typing of the

Kazakh text that is required on the basis of segmental (sounds) and prosodic terminations.

The phonetic characteristic of the sound groups: root, termination of the plural and termination

of the accessory is given in the article as well as created the algorithm of the line compatibility. The

accents  is  made  on  the  fact  that  the  phonetic  value  of the each termination  is  consisted  of  two  or

more varieties. The choosing of the termination depends on the ending sound of the root. As more

terminations  in  the  composition  of  the  word  then  less  varieties  of  the  choosing  of  the  phonetic

variety of the termination. Therefore for the termination of the plural form coming after the root the

choosing  of  the  variety  is  important  and  for  possessive  terminations  that  are  located  after  the

terminations of the plural forms there is only one variety of the termination. Therefore the reducing

of the varieties of choosing of the terminations for the sound groups: root, termination of the plural

form and termination of the accession till the phonetic minimum is observed.




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет