Араб ғалымдарының жаратылыстану дамуындағы рөлі және отырарлық ғалымдар
Араб ғылымы ескі грек және үнді ғылымынан нәр алумен қатар, мәдениетті жоғары басқа елдеродің Мысырдың, шамның, парсылық, әсіресе Орта Азия елдерінің үздік ғылыми дәстүрлеріне негізделді.
Ғылымның қадір-қасиетін дұрыс түсіне білген бағдат халифалары әл-Мансур, парун ар-рашид әл-мамундар (VIII-IX ғасырлар) ғылымды дамыту мәселелеріне көп көңіл бөлді. Бағдатта және басқа қалаларда обсерваториялар салдырылады. Парун ар Рашид даналық үйі (“Байт әл-хикма”) деп аталатын, жолында жақсы жабдықталған кітапханасы бар, арнаулы аудармашылар орталығын құрады.
Аздаған уақыттың ішінде Үндістан астрономдарының эәне Гиппократ, Платон, Аристотель, Евклид, Архимед, менелей, Аполоний, Птолемей сияқты грек ғылымының көрнекті өкілдерінің еңбектері араб тіліне аударылып, шұғыл зерттеле бастайды.
Осындай ғылым тарихында үлкен мәні болған Бағдат мектебі құрылады. Бағдатқа жан-жақтан асқан білімпаз оқымыстылар шақыртылып топтастырылады.
Ғылым дамуына, оның ішінде математика ғылымының дамуына арабтардың қосқан үлестері өте көп. Арабтар үнді математикасын меңгерді, .қазіргі кезде көп қолданылып жүрген сандарды жазу мен оқу тәсілдерін үнділіктер өте ертеде ойлап тапқан болатын. қазіргі математикада қолданып жүрген араб цифрлары – үнді математиктерінің жетістігі.
Бағдат обсерваториясы мен !Даналық үйінің! ғылыми жұмыстарының басты ұйытқысы Орта Азия мен қазақстаннан шыққан ғалымдар болғанын мақтанышпен айтамыз. Олардың ішінде әйгілі Мұхаммед әл-Хорезми, Ахмед Ферғани, Ғаббас жауһари, Ахмад Мәруази және басқалары бар.
Бұлардың ішінен теңдесі жоқ ұлы ойшылдардың бірі, шоқтығы биік ұлы ғұлама Әбу Нәсір әл Фарабидің есімі ерекше жарқырап көрінеді. Ол – “Шығыстың Аристотелі” атанған ұлы ғұлама.
Әбу Нәсір өздігінен оқып жетілген ғалым. Ол ең алдымен грек ғылымын, оның фәлсафасын, әсіресе ұлы ұстазы Аристотель еңбектерін қызығып оқыған. Ибн Холликанның айтуына қарағанда Әбу Нәсір Аристотельдің “Метафизикасын” қырық, “Жан туралы” еңбегін жүз, ал “Риторикасын” екі жүз рет оқып шыққан. Әбу Нәсір Аристотельдің “Категория”, “Бірінші және екінші Аналитика” сияқты фәлсафалық шығармаларына түсіндірмелер жазған.
Өзі де “Кемеңгерлік меруерті”, Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы”, “Мәселенің түп мазмұны”, “Ғыылмдардың шығуы” тағы басқа трактаттар жазған.
Әл-фараби шығармаларының басым көпшілігі әлі де араб тілінен аударылмай, зерттелмей жатыр. Астрономия, логика, әуез жайлы еңбектері күні бүгінге дейін толық зерттеле қойған жоқ.
Америкадағы Паттсбург университетенің профессоры Николас Решер көптен бері Әл-Фараби және оның шәкірттерінің еңбектерін зерттеумен айналысып келеді.
Француз ғалымы Рудольф Эрланже 1930-1935 жылдары Әл-Фарабидіңас үлкен, әрі терең мағыналы “Әуездің үлкен кітабы” атты трактатын француз тіліне аударған.
ІХ ғасырда Хорезм қаласында математика Мұхаммед бин Мұса Әл-Хорезми өмір сүрді. Ол арфиметикалық есептер мен теңеулерді шешудің жалпы ережелері туралы кітап жазды. Ол кітап “Китаб әл-Джебр” деп аталып, қазіргі алгебра ғылымының атына негіз болды.
973-1048 жылдары ұлы астроном, тарихшы, географ Бируин өмір сүрді. Әл Хорезми ғаламшарлардың қозғалу кестелерін жасап, аспан шарларының тұрған орындарын анықтауға көмектеметін астролеия аспабын жасады. Бируни жердің шар тәрізділігін қолдап, оның шеңберінің ұзындығының шамасын анықтады.
Сонымен, араб ғылымының жаратылыстану ғылымдары тарихындағы алатын орыны ерекше, олар ғылым эстафетасын ежелгі гренктерден алып, оны бірнеше ғасырлардан кейін Европаға берді.
Достарыңызбен бөлісу: |