Ғылыми білімнің метатеориялық деңгейі. Ғылыми білімнің эмпириялық пен теориялық деңгейлерімен бірге жалпы – метатеориялық деңгейі бар. Ол өзі екі деңгейден тұрады: 1. жалпы ғылыми білім; 2. ғылымның философиялық негідері.
Жалпы ғылыми білім келесі элементтерден тұрады: дүние бейнесінің нақты ғылыми және жалпы ғылыми түрлері;
нақты ғылыми, жалпы ғылыми гносеологиялық, методологиялық, логикалық пен гносеологиялық принциптері.
Ғылымның метатеориялық деңгейі логикалық-математикалық ғылымдарда маңызды: мысалы, өзгеше пәндер – метаматематика мен металогика қалыптасты. Ал табиғаттану мен гуманитарлық білімдерде метатеориялық деңгей нақты ғылыми және жалпы ғылыми принциптер ретінде болады.
Ғылыми білімнің құрылысында дүниенің нақты ғылыми бейнесі нақты ғылымның эмпириялық пен теориялық объектілердің үйлесімділігінің категориялық түрде көрінісі. Қалай ол пайда болады? Ол теориялық пен эмпириялық танымның жалпылау нәтижесі емес; ол жалпы философиялық онтологияның нақты түрі. Ал соңғысы жалпы ажырату мен оппозиция сферасында ақылдың рефлексивті-конструктивті қызметі.
Дүниенің жалпы ғылыми бейнесі – ол бір кезеңде үстемділікке айналған нақты ғылыми бейненің бірі. Өздерінің нақты ғылыми бейнесі жоқ ғылымдардың метатеориялық деңгейінің қосымша элементі; мысалы, табиғаттануда дүниенің классикалық физикалық бейнесі жалпы ғылыми деп саналатын Ньютонның механикасының онтологиясына негізделген; механицизм басқа да ғылыми салаларды үстемді болған. Классикалық емес табиғаттануда жалпы ғылыми бейненің орнына дүниенің физикалық бейнесі бастама жасаған, оның негізінде ықтималды теория мен кванттік механика болған.
Сөйтіп, қазіргі жалпы ғылыми бейне философиялық онтологияға негізделген.
Ғылыми танымның аксиологиялық және құңдылық мәселелеріне келсек; аксилогиялық принциптердің ішкі және сыртқы аксиологиялық негіздері бар. Ішкі – тек сол ғылымға қатысты құңдылықтар мен нормалар: объективтік ақиқат, нақтылық, метологиялығы, дәлділігі, дәледемесі, жүйелігі, басқаша «ғылыми зерттеудің нормалары мен идеалдары» деп аталған. Ал сыртқы құңдылықтар ғылым мен сыртқы - яғни қоғам, мәдениет және оның әр-түрлі құрылыстар арасындағы қатынастарды меңгереді: практикалық қажеттілік, эффективтілігі, қоғамның интеллектуалдық және білім потенциалын көтеру, ғылыми-техникалық, экономикалық және әлеуметтік прогресске ықпал ету, қоршаған ортамда адамның адаптивтік мүмкіндіктері.
Қорыта айытқанда, метатеориялық білімнің аксиологиялық пен негіздерін шектеуге болмайды, құңдылық пен ғылымды ажыратуға, алшақтауға болмайды. Құңдылықтар зерттеудің мақсатына, перспективасына, нәтижелердің қажеттілігіне әсер етеді.
Енді ғылымның философиялық негіздеріне тоқталсақ, олар ерекше, философия мен ғылым арасындағы білім түрі, таза философиялық емес, ғылыми емес. Ғылымның философиялық негіздері - өзінің құрылысы бойынша гетерогенді, философиялық пен ңақты ғылыми терминдерді қосады. Кентарврлік білімнің екінші түрі /бірінші интерпретативтік білім/: құрылысы түрінде /қосылған/, статус бойынша /анықтамалар/, функция бойынша /сапалық түрде әр-түрлі білімдерді қосады/, табиғаты бойынша /әр-түрлі білімдердің терминологиясының идентификациясы/. Сонымен қатар, онтологиялық, гносеологиялық, методологиялық, логикалық, аксиологиялық, әлеуметтік т.б. негіздер бар. Білімнің философиялық негіздерісіз білімнің де, мәдениеттің де тұтастығы бұзылады.
Қорыта айытқанда, ғылыми білімнің құрылысында үш деңгейлер бар, олар мазмұндық және қызмет тұрғысынан өзгеше: эмпириялық, теориялық және метатеориялық. Бір жағынан, олар өзгеше, екіншіден, ғылыми білім тұтас болғансон, олар бір-біріне қажетті, толықтыратын түрлер. Осы деңгейлердің бірлігі мен байланысы ғылыми пәңнің әр-қайсысына өзгешелік, тұрақтылық пен дамуға ықпал етеді.