Сөйтіп, сәйкестік концепциясы бойынша, ақиқат дегеніміз - субъекттің психикасымен объекттің сәйкестігі. Образ әлде қарапайым ұғым түрінде оны суреттегі /фотосурет/ бейнелеудің бейнелетінге сәйкестік. Бірақ, сәйкестіктің мөлшері қандай? Бұл жерде психиканың түрлерімен объектің сәйкестігі болғансон, осы ереже білімнің ақиқат екендігін дәлелдеуге лайық. Яғни, сәйкестік концепциясы объективтік дүниенің – нақты заттардың, құбылыстардың, оның нақты қасиеттерін сипаттауға - бейнесін қалыптастыруға негіз береді.
Бірақ, философиямен ғылымда біз қиын теориялық пікірлермен шұғылданғансон, жәй затпен, оның бейнесінің сәйкестігімен қанағаттанбаймыз. Бұл жағдайда ақиқаттың когерентік концепциясына келеміз. Когеренттік (лат.cohaerentia – байланыс, жалғасу) пікірлердің бір-біріне сәйкестігі, бірізділіктігі, байланысы, пікірдің және теорияның жүйелілігі деп түсінеміз. Бұл концепцияны толық дамытқан философтар: Лейбниц, Спиноза, Гегель, Нейрат, Гемпель. Ақиқаттың когеренттік концепциясының ұстанушылары математикалық дәлелдемелердің тәжірибесіне арқа сүйеп, пікірді ақиқат деп санайды, оған алғашқы ақиқат пікірлерден логикалық ережелері арқылы жетеді. Математикалық аксиомалар мен теоремаларға бұл подход айқын. Бірақ «ақиқат» және «жалған» деген ұғымдар әр-түрлі аймақтарда әр-түрлі мағынаға ие. Ортодоксалды когеренттік теория танымның тек бір жағын, жалпы ортақ процесстен суырып алып, толық процесске айналдырады. Теориялар мен пікірлердің когерентік бағасы сәйкестік мәселені жоймайды /яғни, сәйкестік концепцияны да/.
Пікірлермен, теориялардың, ой қорытулардың когеренттілігі олардың ақиқат екендегенің өзіндік дәлелдеме негізі емес. Себебі, әр логикалық тізіммен жасалған пікірлер алғашқы пікірлері априори дұрыс болса қана ақиқат. Ал алғашқы түрде жалған болса, пікірдің-білімнің нәтижесіде жалған болып шығады. Осыған қоса теорияның когеренттілігі оның жалғандығын жасырып біздің жалпы дұрыс бағалауымызды да бұзады. Сонда алғашқы ұғымдарды дәлелдеуге назар аудару қажет, себебі, шексіз дәлелдеу процесінде сонында біз осыған келеміз /3 ғ. Секст Эмпирик осыған бет бұрған/.
Үшінші подход бойынша, ақиқаттың мөлшері практика болып табылады, оны прагматикалық (грек. pragmo – іс, іс-әрекет). Оның бастамасы ежелгі Қытаймен грек софистикасында. Қазіргі, бізге жақын заманда оның дамуына ықпал еткендер, американдық прагматизімнің өкілдері: У. Джеймс, Д. Дьюи. Чарльз Сандерс Пирстің идеяарың жалғастырып, өзінің «How to Make Our Ideas Clear» («Өз пікірлерімізді қалай анық қыламыз» /«Как сделать наши идеи ясными»/) атты шығармасында, оны шәкірті, жалғастырушысы Уильям Джеймс философиялық плюрализімді прагматизімнің философиядағы дәлелдемесі дейді: «Прагматикалық әдіс дегеніміз – ол шексіз философиялық пікір-таластарды тоқтату, бір келісіміне келтіру. Әлем бірлік пе әлде көп-түрлі ма? – оның негізінде материалдық әлде рухани принцип? Осы пікірлердің бәрі дүниге қатысты, - олар туралы пікір-талас шексіз. Прагматикалық әдіс олардың әр-қайсысының пайдалық жағына токталады. Қандай практикалық айырмашалақтарды олар тудыру мүмкін? Олардың практикалық айырмашалаған таппасақ, келесі талас мәнсіз. Күрделі талас тек практикалық айырмашалақтан шығады, яғни, екі жақтын біреуі дұрыс деген де».
Прагматиктар ақиқатты сезім, ой, идеялардың мақсатқа жету жолындағы пайдасы деп түсінеді. Яғни, ақиқатты деп біз пайдалы білімді санаймыз, адамды жақсылыққа әкелсе. У. Джеймс Ч. Пирстің принципін былай тұжырымдайды: «өз ойымызда бір зат туралы толық анық деңгейге жету үшін, оның практикалық салдарына, одан қандай сезімдерді күтуге болады, қандай реакцияға дайын болуымыз керек. Сол салдар туралы біздің бейнеміз – жақын және алыс – бәрі сол зат туралы бейнеміз, - себебі сол бейне бір жағымды мағынаға ие болса». Солай, У. Джеймстің пікірінше, өмірде керек, пайдалы идеяға сенім ақиқатты. Тәжірибеден алынатын идеялар, адамның іс-әрекетіне жылдамдылық пен күштін экономиясына әкелсе, және оның практикалық салдары біздің үмітімізбен сәйкес болса. Идеяның ақиқаттылығы – бұл жағдай, өзіндік тексеруі және дәлелдемесі (verification). Ақиқат сенімге де негізделеді /ақиқаттың кредиттік жүйесі/ басқа ақиқаттармен және жаңа фактілерге сәйкес болса.
Джон Дьюи (1859–1952 жж.), американдық философ, прагматизімнің үздік өкілі, ақиқаттың объективтілігіне күмәнданып, оны қажеттілік пен пайдаға теңдеген. Ол инструментализм концепциясын дамытып, яғни, ұғымдар мен теориялар – қоршаған ортаға ыңғайлану, табиғат пен қоғаммен байланысқа бағыттайды дейді.
Бұл позицияның да салдар сұрақтары бар.
Біріншіден, таным объектісімен корреспондеттік байланыста болмайтын ұғымдар, пікірлер жүйесін, олар прагматикалық тұрғыдан жағымды болса, біз оларды ақиқатты деп санаумызға болама? Тарихи тұрғыдан адамдардың көбісі осылай істейді. Сонда ақиқаттың прагматикалық түсінігі «ақиқат» ұғымының алғашқы этимологиясымен байланысты емес.
Екішіден, біліміміздің ақиқатың практикада қолданғанда қана бағалаймызба? Әр іс-әрекеттің басында біз білмейміз ақиқатты ма әлде жоқ па? Біздің білімімздің негізгісі алғашқы тәжірибемен эмпирикамен байланысты. Бұл жағдай тек стандартты оқиғаларға қатысты. Ал стандартты емес оқиғаларда біз тәжірибені дәлелтейтін фактілердің жоқтығымен кездесеміз. Прагматикалық концепцияның шеңберінде біз ылги ақиқаттқа жетпестік оқиға түсеміз.
Үшіншіден, ақиқаттың айдалығы әр-қашанда салыстармалы, адамның әр практикалық нәтижесімен анықталмаған болса. Мысалы, батыс өркениеті планетаның энергетикалық және басқа ресурстарың қолданған. Ал, глобалдық экологиялық дағдарыстың алдында энергетикалық т.б. дағдарыстар алғашқы магистралдық жолдың дұрыс деген бағасын күмәнға әкелді. Осындай оқиғалар тарихи тұрғыдан жойылмайтын болғансон, практика мен пайдаға бағытталудын футурологиялық /болжау/ және білімнің прагматикалық қызметінің шектілігін көрсетеді.
Ақиқаттың үш концепциясы бір-бірін толықтырады. Мысалы, маркстік гносеологияда практиканың белгісі сәйкестік концепциясын дамытуға қолданылады.
Реалды таным процесінде зерттеушілердің көбісі келесі ережелерге сәйкес білімді ақиқатқа жақын деп санайды: а) реалдылықтың зерттелетін объектісіне қатысты корреспонденция байқалса; б) дәлелдеу мен пікір жүйесінің когерентілігі көрінсе; в) прагматикалық /пайдалық/ қажеттілігі мен практикамен дәлелденсе. Зерттеуші өзінің зерттуінде приоритетті зерттеу аймағымен /зерттеу объектілердің қасиетімен/, субъектің зерттеу /танымдық/ қызметінің түрімен /дүниені қарапайым-практикалық деңгейде, инженерлік-құрылыстық, тәжірибе-эксперименталдық қызметтер, теориялық зерттеу/, және нақты таным қызметтің функционалдық қызметімен /ғылыми қызығушылық, дұрыс іс-әрекеттің образын іздеу, рухани жетілдіру, құңдылық бағыты, қоршаған ортаны өзгерту т.б./ байқайды.
Логика мен математиканың өкілдері когеренттік концепцияны қолдайды. Физиктер және экспериментаторлар сәйкестік концепцияны қолдайды. Инженерлік-техникалық қызметкерлер ақиқаттың прагматикалық концепциясына арқа сүйеді.