Ғылым тарихы және философиясы пәні бойынша магистранттарға арналған ДӘрістер


Имре Лакатостың зерттеу бағдарламасының методологиясы



бет99/122
Дата20.11.2023
өлшемі1,12 Mb.
#125008
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   122

Имре Лакатостың зерттеу бағдарламасының методологиясы.


Ғылымның тарихи өзгерісінің талдауында логикалық дәстүрді сақтауға ұмтылыс жасаған Имре Лакатос.
Попперден кейін Лакатос ғылыми рационалдылық теориясының негізі /әлде методологиялық концепцияның/ сыңшыл принцип болу керек. Бұл принцип әр ғылыми қызметтің универсалды принципі болады; бірақ реалды ғылым тарихына келсек радикалды және қатал фальсификация үстемді болмау керек. «Догматикалық» фальсификационизм» «евклиддік» рационалды ғылымы туралы арман сияқты. «Контр мысалдар» мен «аномалиялар» әр қашанда ғалымдарды өз теориясынан бет бұруға себеп емес; зерттеушінің рационалды әдеті бір-неше стратегияны қамтиды, олардың ортақ мағынасы – бұл қозғалыс жаңа эмпириялық жетістіктерге үміт берсе ғана алға басады, сонда сөзде ақталады. И. Лакатос «сыңшыл рационализмнің» «теориялық рационалдылықты» түсінуі мен дамып жатқан ғылымның практикалық рационалдылығының арасында айырмашылық көріп, «сыңшыл рационализмді» реформалау қажет деген. Осының нәтижесінде «жөнделген фальсификацонизм» атты методологиялық концепция әлде ғылыми-зерттеу бағдарламасының методологиясы. Осы теорияны ол «Фальсификация және ғылыми зерттеу бағдарламасының методологиясы» атты шығармасында жариялады.
Лакатостың айтуынша, Поппер көрсеткендей ғылымда бір-бірін ауыстыратын теориялардың бауы емес, ғылыми зерттеу бағдарламалар, яғни нақты құрылымнан тұратын теориялық саптар. Әр зерттеу бағдарламаның «қатал ядросы» бар. Керісінше эвристика modus tollens-ді қолдануға қарсы шығады. Оның орнында бар гипотезаларды дамыту әлде жаңа сол ядроны айналатын «қорғау белдігін» қалыптастыру үшін біз өзіміздің жасампаздығымызды жетілдіруіміз қажет. Тексерістен бірінші қорғау белдігі өту қажет; қатқан ядроны қорғап, ол бейімделу, түзетілуі әлде мүлдем ауысу қажет. Поппер тек теориялардың арасындағы күресті қарастырса, Лакатос «қорғау белдігін» құрайтын жоққа келтірілетін және бәсекестік теорияларды қана емес, сонымен қатар зерттеу бағдарламалардың арасындағы күреске назар аударады. Сөйтіп, Лакатос ғылымның дамуын нақты ғылыми теорялардың кезектесуі емес, зерттеу бағдарламалардың шығуы, өмірі мен құлдырауы.
Бірақ, Лакатостың зерттеу бағдарламасыда неге бағдарламалар ауысады екендігін түсіндіре алмайды. Логика мен методология бұл жерде күшсіз, Кунға қарағанда ол бағдарламаның мазмұны логикалық тұрғыдан салыстырмалы, және ғалымға қандай бағдарламаны тандау қажет деген рационалды бағыт ұсынуға болады. Лакатостың пікірінше ұсталған пікірлердің ауысуы мен құлдырауы, яғни Кунның ұсынылған пікірінше, ғылыми революциялар «топтың психологиясымен» емес, екі бәсекестік бағдарламаларды салыстыру үшін Лакатос мәселелердің жылжу түсінігін ұсынды.
Зерттеу бағдарламасы прогрессивті болады, оның теориялық өсуі эмпириялықтан үстемді болса, яғни, ол жаңа фактілерді болжаса /«мәселенің прогрессивті жылжуы»/. Бағдарлама регрессивті, оның теориялық өсуі эмпириялықтан қалып қойса, яғни, кездейсоқты жаңалықтарға әлде конкуренцияда болған бағдарламамен ұсынылған фактілерге кешіктірілген түсініктеме берсе /«мәселенің прогрессивті жылжуы»/. Егер зерттеу бағдарлама прогрессивті түрде бәсекеске қарағанда көп түсіндірсе, онда оны «ысырып» және сол бәсекес бағдарлама ысырылады. Мәселенің «прогрессивті жылжуы» болғанда бағдарламаның қатал ядросын сақтау қажет. Ал «регрессивті жылжу» болсада зерттеу бағдарламадан бастартпау керек. Тоқталуға ұшырылған бағдарламаның дамуының ішкі ресурстарында негіз табуға мүмкін, сол арқылы ол өзі қалып қойған бағдарламадан озық болады. Шешуші эксперимент болып аталатын ештеңе жоқ, яғни, зерттеу бағдарламаны бұзатын себеп жоқ. Ғалым сезімге басылып өзінің экспериментін бағдарламаның бұзушысы деп санайды, бірақ басқа жеңілген лагерден біреу өзінің бағдарламасын шешуші экспериментті ұсынса және ол женушіге айналса, алғашқысы өзінің атағынан айырылады.
Сөйтіп, Лакатостың зерттеу бағдарлама атты концепциясынан біз түсінеміз, ғылыми революция сонша үстемді және маңызды емес, себебі, ғылымның дамуында ешқашан бір бағдарлама үстемді болмайды, өз арасында бәсекес теориялар, идеялар мен бағдарламар бар. Олардын ішінде біреуі бір кезде үстемді болса, басқасы – артқа шегінеді, ал үшіншісі – қайтадан қарастырылып жаңа құрылымға ие болады. Революциялар сонда ғылымның негізін сонша бұзбайды, ғалымдардың көбісі өз ісін жалғастырып, осы жағдайға аңғармайды. Әйгілі және қарапайым, эпохалды жылжу әлде жәй қозғалу – осы бағдармалардың бәрі методологиялық, «метағылыми» рефлексияда ретроспективті түрде болады. Лакатостың пікірінше, ғылымның дамуы әр логикалық-методологиялық концепцияның «сынау тасы», оның қайсар төрешісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет