Ғылым тарихы және философиясы



бет18/185
Дата27.10.2022
өлшемі1,17 Mb.
#45758
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   185
теориялық ғылымдар, яғни білімнің өзі үшін білім іздеуге келтіретін ғылымдар;

  • іс жүзіндегі ғылымдар – яғни міндеті – моральдық кемелдікке жету болып табылатын ғылымдар;

  • өнімді ғылымдар, яғни мақсаты – белгілі бір нысандарды өндіру болатын ғылымдар.

    Бұл үдемелі сатыда Аристотель теориялық ғылымдарға, яғни метафизикаға, физикаға (оның ішінде психологияға да) және матема- тикаға даусыз басымдық береді. Рас, Аристотельдің өзі «метафизи- ка» деген терминді қолданбаған (ғалымдардың ойынша, оны перипа- тетиктер (Аристотель идеясын қолдап, ары қарай жалғастырушылар) енгізген немесе Аристотельдің шығармаларын басып шығаруға байла- нысты б.з.д. I ғасырда Андроник Родосский енгізген). Аристотель:

    • «бірінші философия» немесе «теология»;

    • «екінші философия» немесе физика деп ажыратқан.

    Физиканы ойшыл формалар (бітім-пішін) және мәндер туралы ғылым деп түсінеді. Ал егер оны біздің заманымыздың физикасы- мен салыстыратын болсақ, онда Аристотельдікі – онтология немесе сезіммен қабылданатын дүниенің метафизикасы болып шығады.
    Қозғалыс пен қалыптасуды теріске шығаратын элеаттардан айырмашылығы – Аристотельдің пікірінше, қозғалыс – ол әлеуетте бар нәрсені өзекті ету. Сол себепті болмыссыздық, элеаттар ойлағандай, ештеңе болып табылмайды. Ол – әлеуеттен өзектілікке өту сияқты,
    болмыс арнасында шыр айналатын болмыс формасы. Аристо- тель қозғалыстың барлық мүмкін формаларының онтологиялық құрылымын ұсынды. Оны барынша көрнекті және дәл баяндаған итальяндық ғалымдар Дж.Реале және Д.Антисери болды. Аталған мәселені сипаттаудағы олардың тәсіліне жүгінейік:
    «Әлеует пен әрекеттің (акт) әртүрлі санаттарға жататыны сияқты, – деп жазады олар, – әлеуеттен әрекетке өту секілді, қозғалыс та әртүрлі:
    1) субстанция (түпнегіз), 2) сапа, 3) сан және 4) орын деп аталатын санаттарға жатады. Сөйтіп, қозғалыстың төрт түрін аламыз:

    1. түпнегізде өзгеру – «пайда болу немесе құру»;

    2. сапада өзгеру – «жоғарылау немесе төмендеу; немесе айналу»;

    3. санда өзгеру – «ұлғаю немесе кему»;

    4. орны бойынша өзгеру – орын ауыстыру, «трансляция».

    «Өзгеріс», – деп жазады ары қарай Дж.Реале мен Д.Антисери, – барлық төрт формаға да жарамды термин, ал «қозғалыс», керісінше, келесі үшеуіне, әсіресе төртіншісіне ғана қолдануға жарамды.
    Барлық осы формаларда бір күйден қарама-қарсы күйге ауыса- тын субстраттың (әлеуетті болмыстың) болатыны жорамалданады. Пайда болу – ол форманы материя жағынан қабылдау, құру – фор- маны жоғалту. Альтерация – сапаның өзгеруі; жалпылықтан аздыққа өту және керісінше – бұл «ұлғаю және кему», ал бір жерден екінші жерге орын ауыстыру – «трансляция». Материядан және формадан тұратын тіршілік иелері ғана өзгеруге қабілетті, өйткені материяның ғана әлеуеттілігі бар. Сөйтіп, кез келген қозғалыстың бастауы – гилеоморфтық құрылымдар, яғни материя мен формадан жасалғандар» (Дж.Реале, Д.Антисери. Западная философия от истоков до наших дней. Т I. Античность. – М.: Петрополис. 1994. – 147-148-беттер).
    Аристотельдің назарын ерекше аударған – кеңістік, уақыт, шексіздік болды (мұнда шексіздік: бітпейтін, таусылмайтын, ақыры жоқ деген мағынада. – Аудармашы). Бұл жерде де ол өзгеше орнықты, түбегейлі пікірлер білдірді. Мысалы, шексіздіктің сол уақыттағы маңыздылығын теріске шығарды. Оның пікірі бойынша, әлеуеттегі әлеует қана шексіз бола алады. Әлеуеттегі шексіздікке ол сандарды жатқызады, өйткені қашанда кез келген бір үлкен санды табуға болады және содан өтіп, ары қарай жүріп кетуге болмайтын жер (пункт) жоқ. Кеңістік те – әлеуеттегі шексіз нәрсе, өйткені оны шексіздікке дейін бөлуге болады, себебі кез келген өлшемді, ақыры, қашанда бөлуге болады. Уақыт – әлеуетті шексіз, ол үздіксіз ұлғаймай тұрмайды, басқаша өмір сүре ал- майды.
    Аристотель нақты шынайылықты: Ай астындағы, Ай үстіндегі деп екі салаға бөледі. Олардың айырмашылығы өздері жасалған материяға байланысты. Сонымен, Ай астындағы әлемнің материясы – бұл төрт: жер, су, ауа, от элементтерінде берілген қарама-қарсылықтар әлеуеті. Оларды ойшыл өзара қалпына қайта келетіндер деп санады. Бұл оның жойылудың қайта тууы үдерістерін негіздеуіне және терең түсінуіне мүмкіндік туғызды. Жоғарыда аталған төрт элементке Аристотель эфирді – оның пікірінше, солардан аспан жаралған «бесінші мәнді» немесе «бесінші субстанцияны» қосады. Бұл теория кейіннен Орта ғасырларда дамып, ал әлемді Ай астындағы және Ай үстіндегі деп бөлу – Жаңа заманда ресми түрде теріске шығарылды.
    Ары қарай Аристотель дүниенің ықпалды және мақсат көздеуші себептерін ажыратады. Шындығында, бірдеңенің пайда болуы әлдебір нәрсенің ықпал етуі негізінде орын алады. Бірақ, егер біз пайда болған зат неге арналған деген сұраққа берілсек, онда бұл Аристотель заттың энтелехиясы (грек сөзі – entelechia – жетілгендік, кемеліне келгендік) деп айқындаған мақсат көздеуші себепті көреміз. Қазіргі замандағы термин тілімен айтқанда, энтелехия – бұл заттың ішкі бағдарламасы.
    Бірақ бұл жерде өз заманында Платон көтерген: біздің алдымызда жатқан әлем неге кемеліне келмеген деген мәселе пайда болады. Арис- тотель бұл мәселені материя арқылы шешеді. Инертті, енжар материя формамен бірігіп, қажеттіліктің пайда болуына ғана емес, сонымен қатар кездейсоқтықтың пайда болуына да келтіреді. Сол себепті, бұл дүниедегінің барлығының дами беретініне қарамастан, ештеңе де өзінің толық кемеліне жетпейді, яғни өзінің энтелехиясына толық сәйкес келмейді.
    Ал өмір мәселесіне келер болсақ, тірі ағзаның материалдық тәні, ал жанның формасы бар. Сондықтан жан ішкі энтелехияны қалыптастырады және ағзаны мақсат көздеуші негізде дамытады.
    Аристотель жанның үш түрін ажыратып көрсетеді: Өсіп-өнетін жан (өсу және көбею);
    Сезетін жан (жан-жануарларда болады); Ойлайтын жан (адам ғана ойлай алады).
    Аристотель этика ғылымында да үлкен із қалдырды. Оның адам өмірінің мәні туралы ой-толғаныстарына құлақ салып көрейік. Көпшілік адамдар өмірдің мәнін рақат табудың соңына түсіп, қызық қуудан көреді. Бұл, – шындығын айтқанда, құлдардың арманы.
    Екіншілері құрмет-қошемет, даңқ туралы армандайды, бірақ оның бәрі оларға басқалар арқылы келеді. Бүгін – бар, ертең – жоқ.
    Үшіншілері байлық қуып шаршайды. Бұл – табиғатқа қайшы келетін, ең бір мағынасыз іс, өйткені байлықты басқа мақсаттарға жетудің құралы ретінде пайдалануға болады, ал мақсаттың өзі ретінде оның ешқандай маңызы жоқ.
    Адамның барлық іс-әрекеттерінің мақсаты – рақатқа жету. Адам саналы тіршілік иесі болғандықтан, рақаттың ең биік шыңы – Әлемді өз ойларыңмен қамту (theoria). Бірақ адамға алдымен өмір сүру керек, ал ол үшін басқа адамдармен өзара қарым-қатынас жасау қажет.
    Әлбетте, кедейлік, қажетті заттардың өне бойы жетіспеуі, ауру- сырқаулар және басқалары адамды рақаттан алыстата түседі. Сен бай болсаң, қалағаныңның бәрі бар болса, денсаулығың мықты, ал күш- қуатың тасып тұрса, онда сен өзіңді бақытты сезінесің. Алайда бұл – барлығы емес.
    Рақатқа жетудің айқын жолы – арете (arеte – грек сөзі, ізгілік деген мағынада). Адамның рақат алуы – ол ізгілікті іс-әрекеттің нәтижесі, бұл ақыл-оймен шектелген ләззат. Олай болса, онда оған үйрену ке- рек. Адам біржақтылықтан азат болуға және «ортаңғы жолды» таба білуге тиіс, еш нәрсе де шектен аспауы керек. Мысалы, батылдық ессіз батырлық пен қорқақтықтың арасындағы, ал жомарттық – ысырапшылдық пен сараңдықтың арасындағы бірдеңе.
    Аристотель адамға «zoon politicon» – «саяси хайуан» деген анықтама береді, өйткені адам бұл дүниеде жападан-жалғыз тіршілік ете алмайды. Сол себепті мемлекет адамдардың бірлескен тіршілік қарекеті жолындағы қажеттілік іспетті пайда болады. Аристотель мемлекетті жеке меншік пен еркіндікпен ұштастырады. Сондықтан құлдар мемлекеттің азаматтары бола алмайды. Құлдық мәселесінде данышпан Аристотель де өз заманының шектерінен шыға алмады, өйткені әрбір адам – өз дәуірінің ұрпағы.
    Платон жеке меншікке қарсы болса, ал Аристотель сол үшін қол көтереді. «Меншіктің орасан зор пайдасын айтпағанның өзінде, оның болуының өзі адамды өзгеше рақат сезімге бөлейді, – деп сендіреді ол. Алайда байлық иеленуші адам жомарттық көрсетуге, кіріптарларға жәрдемдесуге тиіс, олай болмаған жағдайда қоғам өзінің орнықтылығынан айырылып қалуы мүмкін». Аристотель қоғам орнықтылыққа жетіп, халықтың басым көпшілігінің орта- ша баршылықта өмір сүргенін қалайды. Ойшылдың осы идеялары негізінде XX ғасырда Батыс философиясында «орта тап теориясы» құрылды. Біздің мемлекетіміздің «орта тап» құру жолында орасан күш-қайрат жұмсауы ұлы ойшылдың идеялары арнасында тоғысқан.
    Аристотель «саяси формалардың алмасуы» теориясын құрып, өз заманының саяси философиясының өркендеуіне үлкен үлес қосты. Афинаның саяси өмірі тарихын мұқият зерттеу негізінде ойшыл үш дұрыс (монархия, аристократия және полития) және үш дұрыс емес (зорлық-зомбылық, олигархия және демократия) (қазіргі заманғы терминология бойынша – охлократия, яғни қаралардың, тобырдың билігі) саяси форманы ажыратып көрсетеді.
    Сөйтіп, – бұны да ерекше атап өткен жөн, – Аристотель философия мен ғылым тарихында үлкен із қалдырды. Оның көптеген идеялары бүгінгі таңда да өзектілігін жойған жоқ.
    Ұлы ойшылдардың назарынан сол уақытта ғылым философиясы аясында туған жіктеп саралау мәселесі да тыс қалған жоқ. В.Вундт дұрыс атап көрсеткендей, ежелде ғылымдарды саралау мәселесі іс жүзінде философияның өзін жүйелеуге парапар болатын, өйткені же- ке-дара ғылымдар әлі де одан оқшауланып, бүршік жарып үлгірмеген- ді (ол туралы оқыңыз: В.Вундт. Введение в философию. – М.: Добро- свет, 1998. 44-46-беттер).
    Белгілі болғандай, ғылымды айтпағанның өзінде, кез келген құбылысты жіктеу үшін, алдымен қатаң белгілер әзірлеп алып, со- дан кейін солардың негізінде бөлшектеуді жүзеге асыруға болады. Бұл тұрғыда ұлы Платонның еңбектерінде сондай белгілер болып адамның танымдық қызметіндегі рухани қабілеттер айырмашылығы әрекет етеді. Платонның ойынша, адам бойындағы ондай қабілеттер саны – үшеу. Біріншіден, әлемді түсінікпен тану. Платонның шамамен барлық туындыларында бұл сұхбат немесе сұрақтар мен олардың жауаптары түрінде іске асырылады. Екіншіден, сезімдік қабылдау арқылы біз алдымызда жатқан әлемнің заттары мен құбылыстарын, олардың ды- быстары мен иістерін сезіп, көреміз. Үшіншіден, бұл – ерік пен қалау. Олар адамның мінез-құлқы мен іс-әрекеттерін бағыттай отырып, оның белсенділігін оятады. Соларға толық сәйкестікте Платон үш ғылымды ажыратады. Бұл – диалектика, физика және этика. Егер Платонның сұхбатын шолып өтсек, онда «Тэтатет», «Парменид», «Софист» деген туындылары диалектикаға арналса, «Тимей» мен Федон» – физикаға, ал «Мемлекет» және «Саясат» этика мәселелеріне арналғанын байқауға болады. Платон бойынша, диалектика ең жоғарғы ғылым болып табы- лады, өйткені адамның ең жоғарғы рухани қабілеті – ойлайтын ақылы негізінде жүзеге асырылады. Онсыз физика мен этика жетілген білімге қол жеткізетін толық және өз бетінше бағалы ғылымдар бола алмас
    еді. Сол себепті бұл ғылымдар да диалектикамен өрілген. Жалпы түрде оны төмендегідей көрсетуге болады:




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   185




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет