Ғылым тарихы және философиясы


Діни реформация және оның еуропалық капитализм дамуындағы маңызы



бет47/185
Дата27.10.2022
өлшемі1,17 Mb.
#45758
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   185

Діни реформация және оның еуропалық капитализм дамуындағы маңызы


Еуропаның рухани өмірінде де Қайта өрлеу дәуірі айтарлықтай өзгерістерімен әйгілі болды. XVI ғасырда христиандықтың көп зардап- тар әкелген екінші ірі жікке бөлінуі орын алды және ол жаңа басталған антифеодалдық әлеуметтік-саяси қозғалысқа байланысты болды. Ал католицизм феодализмнің идеологиялық тірегі болғандықтан, алғашқы соққы католик шіркеуіне бағытталды. Қозғалыстың өзі Ре- формация (лат. – reformation – түрлену, түзету) деген атқа ие болды.


Осындай жағдайда рухани өмірді жаңартудың алғашқыларының бірі болып немістің діни қайраткері мартин лютер шықты. Ол өте дарынды адам-тын. Діни ілім профессоры, неміс тілінің білгір маманы (Библияны алғаш неміс тіліне аударған да – сол), композитор және му- зыка теоретигі болды.
1517 жылдың қазан айының 31-інде ол өзі діни қызметші болып еңбектенетін ғибадатхананы жауып және есікке сол кезде-ақ жұрт танып білген 95 тезисті іліп, ашық қарсылық әрекетке шықты. Бұл, Ф.Энгельстің бейнелеп айтуы бойынша, «отқа май құйған» әрекет-тін. Оған түрткі болған М.Лютер тұрып жатқан және еңбек ететін Виттен- берг қаласына жаппай индульгенция сатуға Рим елшісінің келуі еді. Бастапқыда бағынушылар үшін үшін бұл татымды сый көрінгенімен,
сол уақытта индульгенция өтімді тауарға айналып та үлгірген еді. Бұл жолы да жиналған ақша Римдегі Петр соборының құрылысына жұмсау мақсатында сатылып жатқан-ды.
Лютер Рим католик шіркеуінің бұл құтқарылу ісіндегі делдалдық рөлін сынға алды және құтқарылу үшін адамның Жаратушыға де- ген жалғыз сенімін жеткіліксіз деп санады. Құдайға діни ұйым ғана емес, әрбір сенуші адам қызмет етуге тиіс. Протестантизм адамның салт-жораларды ғана емес, өзінің барлық міндеттерін адал орында- уы маңызды екеніне үйретті, сондықтан жеті міндеттің ішінен ол шоқынуды және дұға айтуды қалдырды. Дұға айтылатын үй-жайлардан барлық икондар шығарылды.
Ресми Римнен түбегейлі қол үзу 1521 жылы орын алды. Солай қол үзу оның досы Ф.Меланхтон жасаған және жүйелеген «Аугсбург ғибадаттары» деп аталатын құжат түрінде рәсімделді.
Бастамасынан-ақ реформаторлық қозғалыс әлеуметтік тұрғыда біртекті бола алмады, өйткені неміс қоғамының әртүрлі топтарының мүдделері де тым әртүрлі еді. Сол себепті онда екі: Лютердің өзі басқарған қалыпты (бюргерлік-князьдік) және Германиядағы 1524- 11526 жылдардағы Шаруалар көтерілісі көсемдерінің бірі, өзі ұйымдастырған жасақ жеңіліске ұшыраған соң жазаға тартылған То- мас Мюнцер (1490-1525) басшылық еткен радикалдық ағым (шаруалар мен плебейлер – төменгі тап өкілдері) пайда болды.
Лютердің реформаторлық идеялары Швейцариядан да өзінің тым батыл ізбасарларын тапты, олар – Ульрих Цвингли (1484-1531) мен Жан Кальвин (1509-1564) еді.
У.Цвинглидің тағдыры аянышты болды: ол протестанттардың әскеріне діни қызметші ретінде ілесіп жүріп, католиктермен ұрыста қаза тапты.
Кальвин өз ілімін құруға қол жеткізіп, оны «Христиан сеніміндегі өсиеттер» деген еңбегінде баян етті, аталған еңбектің түпкілікті нұсқасы 1559 жылы басылып шықты. Кальвинизмде реформацияның буржуазиялық мәні жүйелі түрде көрсетілген. Ол діни басшылық инс- титутын құлатып, консисториялар (пастор, диакон және діндарлар сайлайтын ақсақалдар) басқаратын әрбір жеке діни қауымның (конгре- гация) толық тәуелсіздігін орнатты. Кальвин бойынша, әрбір діндар адамның өмірін Құдай әуел бастан-ақ белгілеп қояды, сондықтан ол фортунаға (сәттілік, кездейсоқ бақ қону) қарсы шығып, фатум (тағдыр, жазмыш) ұғымын жоғары қояды. Бірақ бұл ойшылдың бас- ты еңбегі – капиталдың бастапқы жинақталуы дәуірінде үлкен рөл
атқарған протестанттық деп аталатын этиканы жасағаны болды. Оған қоса, ол Библияның «шақырылғандар көп, ал таңдаулылар аз» деген белгілі қағидасын пайдаланады. Жаңаша түсіндірменің мәні мынада: «Құдайдың кімді таңдағанын ешкім білмейді», сондықтан әркімнің жүрегінде: «Құдай мені таңдады» деген үміт оты сөнбеуі керек. Егер адамның шаруашылық істерде жолы болса, егер «ақшаға ақша қосылып» жатса, онда бұл – Құдайдың рақымшылығының белгісі. Оған жауап ретінде адам да игілікті істер атқаруға тиіс, яғни жаңа жұмыс орындарын ашуы, мұқтаждарға жәрдемдесуі, тұрмыста қарапайым болуы, өзін айналасындағылардан жоғары қоймауы керек. Сөз жоқ, бұндай этиканың еуропалық капитализмнің қалыптасуында, оның «адамдық бет-бейнесін» сақтауында үлкен рөл атқарғаны күмән тудырмаса керек.
Тәуелсіздікке ие болғаннан кейінгі қазақстандық қоғамды жаңарту үдерісінде, өкінішке қарай, біз ондай этиканы жасай алмадық. Тарих та бізге ол үшін уақыт бермеді. Сондықтан жаңартудың алғашқы жыл- дары қоғамды халықтың рухани тәжірибесімен үйлеспейтін, шектен шыққан дарашылдық (индивидуализм) оты шарпыды. Қазір жағдай біршама жақсарып келеді. Бірақ әлі күнге дейін қоғам халықтың бай рухани-адамгершілік тәжірибелеріне негізделген кәсіпкерлік этикасын қалыстастыруға тиісті назар аудармай келеді.
Англиядағы реформаторлық қозғалыс англикан шіркеуін – протестантизмнің аса бір радикалдық емес жаңа түрін құрудың баста- масы болды. Бұл қозғалысты король Генрих XIII (1491-1547) басқарды. Ал 1554 жылы ағылшын парламенті Англия шіркеуін Римге тәуелсіз етіп жариялады. Сол уақыттан бастап және күні бүгінге дейін англи- кан шіркеуін не король, не королева басқарады, ал олар Кентербер және Йорк архиепископтарын тағайындайды. Англикан шіркеуінің орталығы – Кентербер епархиясы.
Кальвиннің Франциядағы ізбасарлары атақты гугеноттар, ал Англия мен Шотландияда пресвитериандар болды. Протестан- тизм ортағасырлық схоластиканың бұғауларын түпкілікті үзе оты- рып және ғылыми ойдың шығармашылық ізденістің азат жолына шығуына мүмкіндік туғызып, ғылымның өркендеуінде орасан жасам- паз рөл атқарып қана қоймай, сонымен қатар феодалдық Еуропаның әлеуметтік-экономикалық тұрмыс салтын да түбегейлі өзгертті.
Жаңа дәуір басталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   185




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет