Ғылым тарихы және философиясы


Әлеуметтік институт ретіндегі ғылым



бет7/185
Дата27.10.2022
өлшемі1,17 Mb.
#45758
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   185

Әлеуметтік институт ретіндегі ғылым




Ғылымның әлеуметтік институт ретінде қалыптасуының ұзақ та- рихы бар, бірақ Жаңа дәуірде ғана, ғылымның рөлі мен маңызының артуына байланысты, ол ерекше әлеуметтік мәртебеге айнала бас- тады, яғни өзінің әлеуметтік мәртебесін алып, осы салада жұмыс істейтін адамдардың өзара қарым-қатынастарын реттейтін әлеуметтік нормаларға қол жеткізуде. Әлеуметтік институт ретінде ғылымды не сипаттайды?
Біріншіден, ғылымның өз басқарушы мекемелері, зерттеу институт- тары мен зертханалары болуға тиіс.
Екіншіден, бұл әлеуметтік институттың материалдық-техникалық жабдықталуы оны қаржыландыруды, өзінің меншікті бюджеті бол- ғанын жорамалдайтын көп шығындарды қажет етеді. Мемлекеттік қаржыландырумен қатар, қазіргі заманғы қоғамдардағы ірі жеке корпорациялардың жаңа технологиялар жасау, инновацияларды өмірге енгізу мақсатында олардың жұмыс істеуіне елеулі қаражат сала оты- рып, өз тәжірибелік-конструкторлық зертханалары, технорпарктері бо- латын мүмкіндіктері бар.
Үшіншіден, коммуникация құралдарынсыз, қарқынды ақпарат ал- масуынсыз ғылымның әлеуметтік институт ретінде жұмыс істей алуы ақылға қонбайды. Ол үшін ірі ғалымдардың ғылымның бір немесе басқа салалары бойынша ғылыми ізденістің жетекші бағыттарына арналған монографиялық зерттеулері, мақалалары мен шолула- ры, рефераттық жинақтары және т.б. шығарылуға тиіс. Ғылымның өзекті мәселелерін, ғалымдардың кәсіби тұрғыда өсуін дамыту үшін, ғылымның әртүрлі салаларының өкілдері жаңа идеяларды талқылай
алатын, өз жетістіктерімен бөлісетін симпозиумдар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру жемісті болмақ.
Төртіншіден, жаңа күштердің тұрақты ағыны – дарынды, ғылым жолын өзінің кәсіби қызметінің саласы ретінде таңдаған жастар легі қосылып отырмаса, ғылыми қауымдастық жұмыс істей ал- майды. Ал оларды университеттер қабырғасында даярлау қажет, алайда материалдық тұрғыда ғалым еңбегінің оншалықты жоғары бағаланбайтынын есте ұстаған жөн.
Ғылыми қауымдастық басшылыққа алатын әлеуметтік норма- лар мен құндылықтарға келер болсақ, онда оның сыртқы өлшем- белгілері мемлекет шығаратын тиісті құқықтық нормалар арқылы реттелетінін айтуымыз керек. Сонымен қатар ғылыми қауымдастық өзара қарым-қатынастардың ішкі мәселелерін реттейтін өзінің жеке нормалары мен құндылықтарын әзірлейді, олар, әдетте, «ғылыми этос» деп аталады.
«Этос» – грек сөзі, ол өнеге, мінез, мекен-тұрақ деп аударылады, яғни ол – терминологиялық мағынасы тұрақсыз түсінік.
Ғылыми әлеуметтану шектерінде «этос» ұғымын алғаш рет американдық ғылыми әлеуметтанушы Роберт Кинг Мертон қолданып,
«ғылыми этос» ұстанымдарының жалпылама сипаттамасын берді.
Мертонның пікірінше, «ғылым этосы» оның институттық құнды- лықтарының жиынтығы болып табылады. Осы қатардың кейбір құндылықтарын атап өтейік:
а) ғылыми білімнің универсализмі. Арабтық немесе американдық физиканың болмайтыны сияқты, ағылшын немесе орыс биология- сы да жоқ. Ғылыми таным жетістіктері бүкіл адамзатқа тиесілі, яғни ортақ. Сол себепті ғалым ғылыми зерттеулерінде оның жеке құлшыныстарынан, көңіл күйі әсерлерінен, қай ұлтқа жататындығы және басқадай сипаттарынан келіп шығатын уәждерден бойын аулақ ұстауға тиіс. Ғылымда ашылған жаңалықтар мұқият бақылаудың және әртүрлі тәжірибелердің нәтижесі болуы керек, шынайылығы ғалымдардың бірқатар ұрпақтарының көп жылдар бойғы ізденістері арқылы дәлелденген ғылыми қорытындыларға сай болуға тиіс. Міне, сондықтан ғылымдағы кез келген жаңалық ашық басылымда жариялануға тиіс және кез келген адам оның мазмұнымен танысып, сын айтуға, ұсынылған ережелердің шынайылығына күмән келтіруге құқылы. Ғылыми қауымдастық түбегейлі мойындаған соң ғана ашылған жаңалық ғылымда өз орнын ала алады;
ә) ғылыми жаңалыққа жеткізетін жол – күрделі жол. Ф.Бекон айтқандай, ол үшін «өз үңгірінің терезесінен» үңілуді қойып,
мәселеге адамзаттың қазіргі заманғы жетістіктері биігінен қарау ке- рек. Ғалым өзінен бұрынғы ғалымдардың идеяларына сүйенеді, ол – өз-өзін шашынан сүйреп батпақтан шығарған барон Мюнхгаузен емес. Бұл бұрынғы ғалымдардың да, қазіргі заман ғалымдарының да шығармашылық жаңалықтарына сондайлық ілтипатпен, соншалықты құрметпен қарауды қажет етеді. Егер ғалымды ғылыми қауымдастық шығармашылық ұрлық (плагиат) жасады, яғни өзгелердің идеяларын иеленіп алды деп айыптаса, ондай ғалымға деген жеккөрініштіліктен асқан ештеңе бола қоймас;
б) сонымен бірге ғылымның жетістіктері көлеңкеде қалып қоюға тиіс емес, ал қоғам өз «батырының бет-жүзін тануға» және оның қызметіне деген құрметін әркез білдіріп отыруға тиіс. Демек, жалғыз моральдық қолдау жеткіліксіз екен. Сол себепті мемлекет оның зияткерлік меншігін тиісті заңдық кепілдіктермен қамтамасыз етуге міндетті. Ғалым өз қызметінен материалдық та, моральдық та қолдау көрген жағдайда ғана оның одан арғы шығармашылық қызметіне кең жол ашылады;
в) ғалым әртүрлі сертификаттар, марапаттар мен дипломдар және т.б. түріндегі ресми заңдық танылуға қол жеткізуді ойламай, шындықты ашу үшін риясыз, бәрін бойына сіңірген құлшыныспен ілгері ұмтылуға тиіс;
г) алдыңғы аталғандарға бой алдыру – жең ұшынан жалғасу, сыбайласқан жемқорлық сияқты, ғалымның әртекті пайдалар алуға бағытталған қызметінің көлеңкелі жақтарына әкеп соқтырады; бұл жағдайда шындықты іздеу «арзанқолды жұмысқа» айналады;
д) сонымен, бүгінгі күні, Р.Декарттың уақытында да болғандай, бір немесе басқадай ғылыми жетістіктерді бағалау кезінде күмән, сын, қисынды дәлелдеушіліктің ұстанымдары олардың шынайылығын та- нып білудің таптырмайтын құралдары болып қала береді.
Әлбетте, адамдардың мүдделері мен мақсаттары тоқайласып жата- тын нақты өмірде жоғарыда аталған құндылықтар толығымен жүзеге аса бермейді. Сол себепті ғылымның нормалары мен құндылықтарына Мертон жасаған талдау сан рет сынға ұшырады. Алайда қазіргі за- ман ғылымының этосын әзірлей отырып, Мертонның өзектілігі аса жоғары, бірақ қозғалыссыз жатқан адамгершілік-этикалық мәселелерге жан бітіргенімен келіспеуге болмайды. Сондықтан да әрбір ғалымның ғылыми этиканың жоғарыда аталып өткен құндылықтары мен норма- ларын іс жүзіне асыруға ұмтылғаны абзал.
Қазіргі заманғы ғылымда ғылыми зерттеулердің 15000-ға жуық бағыты бар, ал әрбір 20 жыл өткенде, ақпараттар көлемі екі есе ұлғайып отырады деп есептеледі. Есте қаларлығы, әлемдік тарихта қайсыбір замандарда өмір сүрген барлық ғалымдардың 90%-ы біздің заман- дастарымыз екен. Бүгінгі таңда өмірімізді ғылымсыз көзге елестету тіпті мүмкін емес. Көз жетерлік әлдебір болашақта Жердің үстіңгі қабаты ноосфераға (ноосалаға) айналғанда (Ж.Леруа, В.Вернадский, Т.де Шарден), бүкіл өмірдің алуан түрлілігі барысында коэволюцияға, яғни бірлесе дамуға (Н.Моисеев) қол жеткен кезде, адамзаттың болашағы ғылыммен ғана байланысады. Бұл Жер дамуының шынайы антропогендік тарихының бастамасы болмақ.
Нақты-тарихи қоғамның құндылықтары, солардың негізінде қалыптасатын қоғамдық қатынастар, өндірістік күштер дамуының қол жеткен деңгейі және басқалары таным үдерісіне әсер етеді. Олай болса, алдымен танымға әсер ететін басты факторды айқындап алу қажет. Сонда ғана оның тереңде жатқан мәнін ашу мүмкін болады.
Білімдер санадан, рухани болмыстан келіп шығатын туынды болғандықтан, көптеген ғасырлар бойы ойшылдар таным негізін адамның санасынан көріп келді. Олардың ойынша, «ақыл жаттығуы»,
«танымға құштарлық», «шығармашылық ізденіс», «тума дарын» және басқалары таным негізі бола алады. Әлбетте, көрсетілген факторлар- ды есептен шығарып тастауға болмас. Алайда солардың негізінде ғана танымның толыққанды теориясын құра алмаймыз. Ол үшін біз адамның өмір сүруінің барлық басқа тірі тіршіліктен өзгеше бөлек тәсілін айқындауға тиіспіз. Ал бұл бізді: адам хайуан құсап, «алғашқы жаратылғандай таза табиғатты» сол күйінде қанағат тұта алмай- ды, ол өзінің жан-жақты дамыған қызметі барысында оны өзгертуге, түрлендіруге ұмтылады дегенге келтіреді. Философия тілінде ол


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   185




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет