Ғылым тарихы және философиясы



бет120/185
Дата27.10.2022
өлшемі1,17 Mb.
#45758
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   185
Байланысты:
Ғылым тарихы және философия (1)

Неофрейдизмнің жарқын өкілдері – Герберт Маркузе және Эрих Фромм болып табылады. Оларды XX ғасырдың 20-сыншы және 30 жылдарының басында әлеуметтік зерттеулер орталығы ретінде пайда болған франкфурттық мектеп біріктіреді. Екеуі де – фрейдомарксис- тер.
Әлеуметтік философ және әлеуметтанушы Маркузе марксизмнің, экзистенциализмнің және психоталдаудың кейбір идеяларын жинақ- тауға бағытталған «қоғамның сын теориясын» негіздеді. Ол техногендік өркениет және бұқаралық мәдениет қызметінің өнімі ретінде «бірөлшемді адам» тұжырымдамасын ұсынды; адам бейнесін бұрмалайтын және тұлғаның шеттетілуіне жеткізетін жүйелер ретінде капитализмнен де, социализмнен де «ұлы бас тарту» қағидасын алға тартты.
Маркузенің ең танымал еңбегі – «бірөлшемді адам» (1964). Орыс тілінде 1994 жылы ғана басылып шықты. Онда автор қоғамда бір өлшеммен ғана өмір сүретін, өзіндей жарымжан және тегіс философия- ны басшылыққа алатын адамның бейнесін сомдады. Жаппай бақылау жасаудың салдарынан сын тұралап қалған қоғам – ол оппозиция- сыз қоғам. Философия бұл жерде технократтық рационализация мен позитивизмнің ең жаман түрі қолдайтын билік күшінің логикасы салған жарадан зардап шегеді (мұнда ол философиялық зерттеудің танымдық құндылығын жоққа шығарады). Технологиялық қоғамда жұмыспен қамту және әлеуметтік мінез-құлықты ғана емес, сонымен қатар дер- бес қажеттіліктерді де айқындай отырып, аппарат тұтас билікке
ұмтылады. Ой мен сөздің, сана мен бастамашылықтың бостандығы бүтін қоғамның тағдырын бөліседі. Белгіленген әлеуметтік тәртіптерге қатысты сынның толық жойылуы тән болған бірөлшемді адам осындай қоғамда қалыптасады. Осындай жағдайларда өзгерістердің қозғаушы күші барлық әлеуметтік құндылықтардан БАС ТАРТУ болып табыла- ды, ал революциялық көтерілістердің бастамашылығы «аутсайдерлер- ге» (люмпендер1 мен жұмыссыздарға), сондай-ақ түпкілікті зияткерлер мен студенттерге өтеді.
Егер Фрейд сөзсіз бостандықты шектеулі құрылған өркениеттің бағасы ретінде санаса, Маркузенің пайымдауынша, бұл мүлде «өмір бойы ақы төлеу керек» дегенді білдірмейді.
Маркузенің пікірінше, капитализмнің дамуы көп нәрсені өзгертті, ал енді жаңарту үшін күрес Маркс көрсеткен жолмен жүре алмайды, өйткені «бірөлшемді қоғамның тоталитарлық үрдістері қарсылықтың дәстүрлі формаларын тиімсіз етеді...».
Фрейдизмді жаңартуға тырысып және негізге либидоны, яғни жыныстық ырықсыз сезімді ғана алып, Маркузе өткен жүзжылдықтың 60-70 жылдарындағы жастар бүлікшілігі кезеңінің Еуропадағы
«жыныстық революция» үдерістерін түсіндіруге әрекет жасады.
Неофрейдизмнің келесі жетекші өкілі – неміс-американдық фило- соф, әлеуметтанушы және психолог Эрих Фромм болды. Ол Фрейдтің биологизмін теріске шығарды және санадан тыс әрекет нышанын қайта қарап, адамдардың назарын басылып-жаншылған жыныстық ырықсыз сезімнен әлеуметтік себептерден туған дау-дамай жағдайларына аударды. Фромм адамның психикасы мен қоғамның әлеуметтік құрылымы арасындағы байланыстырушы тармақ ретінде «әлеуметтік сипат» ұғымын енгізді.
Сол заманғы қоғам дағдарысының себептерін талдауға оның ең та- нымал еңбектерінің бірі «Ие болу немесе болу» (1976) арналды. Бірақ бастапқыда бұл кітаптың көптеген идеяларына автор кең тараған
«Бостандықтан безу» (1941) атты еңбегінде орын берген-ді.
Фроммның пікірінше, тұлғаның қалыптасуында әлеуметтік фак- торлар шешуші рөл атқарады. Осы заманғы Батыс қоғамдарындағы миллиондаған адамдардың жүйке жүйесі тозуының себептерін ол адамның өмір сүруінің шынайы мағыналарының шеттетілуіне келтіретін «машиналау» және «компьютерлеу» үдерістерінен көреді.



1 Люмпен-пролетариат – нем. – Lumpenproletatiat: 1) жұмысшы табының төменгі топта- рын белгілеу үшін К.Маркс енгізген ұғым; 2) кейіннен адамгершілік тұрғыда іріп-шіріген, құлдыраған адамдар тобыры (оның ішінде қаңғыбастар, тақыр кедейлер, қылмыскерлер) солай аталатын болды.
Қазіргі заманғы қоғамдарда болмыс тұжырымдамасы емес, ие болу, иелену үстемдік ететін болды. Нәтижесінде, «жинақтау», «нарықтық», біреуге арқа сүйеу, яғни «масылдық» сияқты әлеуметтік сипаттар қалыптасып келеді.
Ал адамның өзінің тіршілік етуінің шынайы мағыналарынан алшақтауының аса көрнекті мысалы «азаттықтан қашу», есірткі мен араққұмарлықтың батпағына бату және әлеуметтік ауытқушылықтың басқа да түрлері болып отыр.
Науқас қоғамды емдеп жазуға бола ма? Э.Фроммның пікірінше, ол үшін: «гуманистік жоспарлауды» іске асыру, оны өмірге енгізу керек, иеленудің жинақтаушы психологиясынан арылып, басқарудың «қитұрқы» формаларынан және басқа да кемшіліктерден бас тарту қажет. Қоғамды басқарудың гуманистік формалары қарапайым адамдардың өмірдің әлеуметтік мәселелеріне, болмыс құндылықтарының басымдығына, шығармашылық істе тұлғаның өз- өзін жетілдіруге қызығушылығы оянуына жеткізер еді.
Сонымен бірге Э.Фромм адамның тіршілік етуінің жойылмайтын қасіретті жақтарын да көрсетеді. Олар «адам – кеңістік пен уақытта шектеулі, өмір мен өлім арасында жүретін және әрекет ететін тірі тіршілік иесі» деген тұжырымға байланысты. Сондықтан ол шектеулі өмірінің барысында өзінің барлық дарындылығын ашып көрсетіп, ал- дына қойған мақсат-міндеттерін іске асырып үлгіре алмайды.
Бірақ тіпті осы жағдайда да тіршілік етудің: ие болу немесе болу (өзі) деген екі тәсілі орын алады. Біріншісінде тұжырымға: «Өзімде не бар, нені тұтынамын – мен солмын» деген ереже алынады. Фромм жекешілдер мен тұтынушылар – консумистерге (лат. – consume – тұтынамын) Бұдданың жеке меншікке ұмтылмау туралы ұранын ұмытпауды еске салады. Иса Мәсіх: «Бар әлемді иеленген, ал өзін жоғалтқан адамға ештеңе де жұбаныш бола алмайды», – деген. Маркс
«байлық та – кедейлік сияқты кемістік» екенін айтып, болмыстың қақ ортасында болуға кеңес береді, бұл көп иеленудің қажеті жоқ дегенді білдіреді (бұл жерде Фромм Маркстің «шынайы», әлі бұрмаланып үлгірмеген пікіріне сілтеме жасаған). Адам болмысының модальдығы (лат. modus – тәсіл, рай (тіл біліміндегі. – Аудармашы) – «тәуелсіздік, еркіндік және сыни ақыл-ойдың болуы». Болмыстың маңызды сипат- тамасы – белсенді болу, бірақ сыртқы әбігершілік мағынасында емес, ішкі өнімділік мағынасында. Бұл – жаңару, жетілу, сүю, өз «МЕНінің» оқшау мекенінен шығу деген сөз.
Фромм Маркс еңбектерінің орасан зор әсерін сезді. Фрейд пен Маркс идеяларын салыстыра келе, олардың арасындағы қарама-
қайшылықтарды көрсете отырып, ол басқа бір синтез құруға әрекеттенді. Сондықтан да Фромм көбінесе тұлғаның маркстік идеяға бағытталған теоретигі деп аталып жүрді, бірақ оған өзін диалектика гуманисі деп атаған ұнайтын.
Фроммның ойынша, адам тұлғасы нақты бір қоғам беретін мүмкіндіктерге сәйкес дамыса, ал әлеуметтік сипат осы қоғамның та- лаптарына сай дамиды.
Фромм әлеуметтік сипаттың өзіне замандас қоғамнан тапқан: ұсынылатын (рецепт сияқты), пайдаланушылық, жинақтаушы, нарықтық және өнімділік сияқты бес тұрпатын ажыратып көрсеткен және суреттеген.
Бұл тұрпаттар жеке тұлғаның әлемге және бір-бірлеріне қатынасының тәсілі болып табылады. Аталғандардың соңғысын ғана Фромм дұрыс және Маркстің «еркін, саналы белсенділік» деп атағанына сай деп бағалайды. Ол сипаттың тағы екі: өлі нәрсеге бағытталушылықты іске асыратын жансыз (Маркс бойынша: «Өлі ұрпақтардың дәстүрлері тірілердің санасын қорқынышты түстей ба- сып, ауырлатады») және оған қарама-қарсы – өмірге деген сүйіспен- шілікті іске асыратын жанды тұрпатын суреттейді.
Адам мен қоғамның қатынастары мәселесінің Фромм үшін үлкен маңызы болды және оған үнемі қайта оралып отырды. Ол төмендегі ережелердің шынайылығына сенді:
а) адам жаратылысынан мәнді табиғатқа ие;
ә) қоғамды адамдар осы мәнді табиғат жүзеге асыра алуы үшін құрған;
б) осы уақытқа дейін бірде-бір қоғам толығымен адамның негізгі мұқтаждықтарын елемеді;
в) бірақ ондай қоғам құрылуы мүмкін.
Сөйтіп, Фрейд және оның ізбасарлары айтқан психосараптамалық идеялар әртүрлі теориялық ұстанымдарды білдірсе де, сол заманғы Батыстың әлеуметтік философиясының, психологиясының, әлеумет- тануының тұжырымдамалық құрылымына және гуманитарлық ғы- лымдардың тұтас кешеніне табиғи байланыстылықпен енді.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   185




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет