2-тарау. ғалым маманДығы: әлеуметтік сипаттама
ғалым мамандығының ерекшеліктері туралы
«Мамандық» ұғымы Жаңа дәуірде еуропалық қала мәдениетінде, яғни әртүрлі шеберханалар шығып, оларда адамдар еркін жалдамалы жұмыспен қамтылған кезде пайда болған. Одан кейінгі даму кәсіби қызметтің үлгілерін қалыптастыруға келтіріп, содан кейін ол үлгілер тиісті әлеуметтік және ұйымдастырушылық-техникалық нормаларда бекітілді.
Бүгінгі таңдағы әлемде серпінді дамып жатқан қоғамның ұлғайып отырған барлық талаптарын қанағаттандыруға бағытталған мыңдаған әртүрлі мамандықтар бар. Оның үстіне, әрбір мамандықтың өзіне тән парасат-пайымдық құрамдас бөлшектері, іс-әрекет үлгілері және қызмет технологиясы, қарым-қатынас нормалары, дәстүрлері және т.б. бар.
Соған байланысты: «Ғалым мамандығының ерекшелігі неде?» – де- ген сұрақ туады.
Қолда бар әдебиетте оның төмендегідей ерекшеліктері ажыра- тылады: біріншіден, ғалымның бойында (қолында десек те болады) шындықтың бір немесе басқа көрінісін зерттеу барысында адамзат қол жеткізген арнайы білімдер жиынтығы бар. Ертеректе Ф.Бэкон айтқандай, ғалымның әлемге «өз үңгірінің» терезесі арқылы қарауына болмайды, ол заманға сай биік жетістіктердің шыңына көтерілуге тиіс. Ал ол үшін кез келген қазіргі заманғы қоғамдарда жоғары білімді, жоғары оқу орнынан кейінгі білімді қамтитын, әртүрлі кітапханалары, мұрағаттары, зертханалары және т.б. бар арнаулы білім беру институт- тары жұмыс істейді. Сол институттардан өткенде ғана, студент, магис- трант немесе аспирант, докторант бола отырып, тыңғылықты еңбек нәтижесінде адам ғалым мамандығын иеленеді.
Екіншіден, ғалымның қызметін бағалағанда, оның туған жері, ұлты, саяси, эстетикалық және басқадай көзқарастары маңызды емес. Бастысы – өз мамандығының мәселелерін терең игеру, оларды өмірде, тәжірибеде қолдана білу; білімнің тиісті саласына қомақты үлес қосуға мүмкіндік беретін шығармашылық әлеует. Ғалымның қызметіне, оның ғылыми қауымдастықтағы рөлі мен орнына бағаны
«билік иеленушілер», бюрократтық құрылымның немесе әлдебір басқа ұйымның басқарушылары емес, – әріптестері, ал кең ауқымда осы мамандықтың өкілдері береді. Бұдан ғалымдар алуан түрлі ғылыми мамандықтардың дербес сипатын көреді.
Үшіншіден, ғалым еңбегінің ақысын төлеу, шығармашылық еңбектің материалдық және моральдық ынталандырылуы формала- рын айтқан жөн.
XII ғасырдың өзінде-ақ Ахмед Иугнеки ең жоғарғы әділет- сіздіктердің бірі өнер адамдарының (ол кезде өнер адамдары дегеннің ішінде ғылыми қызмет те түсінілетін) еңбегін төлеудің төмен екенін өкінішпен айтқан-ды. Сол алыс заманнан бері қарай істің жай-күйі тіпті де өзгерген жоқ. Адамды ғылым жолына итермелейтін бас- ты фактор – еңбекақы төлеудің деңгейі емес, ғылымға бейімділік, шығармашылық дарынын көрсетуге ұмтылу. Өкінішке қарай, лайықты өмірді қамтамасыз ету үшін, адамдар кейде күш-қуаттарын әлдебір кертартпа қызметке сарп етіп, «қосымша жұмыспен ақша табуға» мәжбүр болады. Ал бұл кейде жоғары оқу орнының кейбір қызметкерлерін моральдық ахуалды бұзып, қоғам алдында ғылым адамдарының әлеуметтік мәртебесін төмендете отырып, пара алудың қитұрқы түрлеріне баруға итермелейді.
Соңғы онжылдықта, жаңбырдан кейін қаптаған саңырауқұлақтай, қайдағы бір «академиялар» пайда болып, белгілі бір ақы үшін солар- дың құрамына кіргісі келетін «мүше-корреспонденттердің» немесе
«академиктердің» атағы беріліп жатыр. Соның нәтижесінде ғылымға танылып үлгірмеген «қайраткерлер» кенет «академиктер» болып шыға келеді, ал шынайы ғалымдар көлеңкеде қалып қояды, бұл да ғалым беделіне нұқсан келтіреді. Соған байланысты қоғамда шығармашылық зияткерлік еңбектің лайықты орны жайында мәселе көтеріледі.
Ал, ақыр соңында, төртіншіден, ғалымның жемісті шығармашылық қызметі ғылыми мекемелер дамыған ақпараттық қор иелен- ген жағдайда ғана мүмкін болады, өйткені ғылыми мамандық жүзжылдықтар бойы жинақталған білімдерсіз мүмкін емес.
Әлбетте, ғылымдағы жаңалықтарды тарих сахнасында туынды жа- сап жатқан нақты тірі тұлғалар ашады. Алайда ол жаңалықтардың маңыздылық дәрежесі, бір немесе басқа ғалым қосқан үлестің маңызын анықтау – ғылыми қауымдастықтың бағасына байланысты. Ал ол үшін ғылыми зерттеулердің нәтижелері және олардың жетістігіне жеткізген әдістер мен амалдар ғылыми басылымдарда жариялануға тиіс.
Зерттеуші жаңалықты «таза парақтан» тудырмайтын, білімдердің алдыңғы қорларына сүйенетін болғандықтан, ол тиісті бастауларға сілтеме жасай отырып, басқа ғалымдардың да зерттеліп жатқан мәселеге қосқан үлестерін көрсетуге тиіс. Осындай шаралардың
нәтижесінде ғылыми қауымдастық бір немесе басқа ғалымның ғылымға қосқан үлесін нақты бағалау мүмкіндігіне ие болады. Бұл жағдайда мәселенің заңдық маңызы (зияткерлік меншікке қатысты) ғана емес, сонымен бірге маңызды саналатын моральдық сипаты да бар, өйткені сөз ғалымның адамгершілік, ар-ождан тазалығы туралы болып отыр. Мәселенің техникалық-ұйымдастырушылық жағы да бар. Басылып шығып жатқан ғылыми және ғылыми-көпшілік өнімдердің орасан көптігі кезінде ондай амал-шараларсыз маңызды жұмыстарды маңызы аздардан ажырату аса қиын болуы мүмкін. Ол ғылыми қауымдастықтың айтарлықтай көп күші мен қаржысын шығындар еді.
«Сын және библиография» деген гриф-белгісі бар әрбір орнықты ғылыми басылым жарық көрген бір немесе басқа монографияның, мақаланың маңыздылығына баға берілетін сараптамалық мақалалар жариялайды. Әр кездері ғылыми білімнің әртүрлі салаларында істелген істерге жасалған кең шолу беріледі. Соның көмегімен ғалымдар ғылымның алдыңғы шебінде болып жатқан жаңалықтармен, әлі шешімін таппаған сұрақтармен және зерттелуге тиіс мәселелермен танысу мүмкіндігіне ие болады. Бұл үдерістің демократияшылдығын көрсету керек. Қалаған жағдайда әр ғалым бір немесе басқа ғылыми еңбекке деген көзқарасын білдіре алады. Әрине, жұмыстың танымал ғалымның аузынан шыққан бағасының салмақты болатыны рас.
Баспалар шығаратын ғылыми әдебиеттерді төмендегідей түрлерге бөлуге болады:
а) ғылыми журналдарда жарияланған мақалалар;
ә) әртүрлі мәселелер бойынша жарияланған ғылыми жұмыстарға жасалған кең шолу;
б) бір автор немесе ғалымдар тобы жазуы мүмкін монографиялар; в) оқулықтар, әдістемелік оқу құралдары, хрестоматиялар және
басқалары.
Өмірге орнықты енген ғылыми жетістіктер, әртүрлі ғылымдардың негізгі түсініктері оқу басылымдарында беріледі. Ірі ғылыми мәселелер өз шешімдерін монографияларда тапса, ал нақты бір тар мәселе жөніндегі ғылыми нәтижелер мақалаларда көрініс табады.
Жоғарыда аталған басылымдарда бір немесе басқа ғалымның жұмыстарына сілтеме жасау – оның зерттеулерінің маңыздылығын көрсетеді, ғылыми қауымдастық алдында оның беделінің артуына септігін тигізеді. Әлбетте, монографиялардағы сілтемелерді шағын мақаладағы сілтемелермен салыстыруға болмас.
Достарыңызбен бөлісу: |