табиғи-философиялық үлгі. Әлем түсінігінде ол ерте заман- да пайда болған. Естеріңізде болса, оның алғашқы үлгісі Ертедегі Шығыста, ұлы қытай ойшылы Лао-Цзы (б.з.д. VI ғасыр) шығармашы- лығында туған. Оның көзқарастарына сәйкес, Әлем – бейберекетсіздік емес, ол белгілі бір заңдарға бағынады. Ол заңдар көруге де, естуге де
болмайтын, бірақ барлық жерде көзге көрінбей өмір сүретін, дүниені билейтін Аспан заңдары. Оларды танып білу мүмкін емес. Ол – ДаО заңдары.
Әдебиетте негізі бойынша еуроцентристік болып табылатын, яғни әлемнің бастапқы бейнелері Батыс топырағында, нақты айтқанда, антикалық Грекияда пайда болған дейтін ұстанымның расталатынын өкінішпен айтуға тура келеді. Алайда ондай көзқарас, біздің сеніміміз бойынша, негізсіз болып табылады. Уәж келтіріп көрейік. Мысалы,
«Пифагор алғаш рет қолданысқа «космос» (ғарыш) ұғымын енгізді және оның құрылымы сандардың арақатынасы арқылы айқындалады деп санады», – дейтін тұжырым айтылады (қараңыз: С.А.Лебедев. Философия науки. – М.: Академический проект, 2006. – 581-бет). кос- мос орын тіліне, – жалпы, басқа тілдерге де, – әлем, ғалам, үйлесім, заңдылық деп аударылады. Ал енді өзімізден сұрап көрейік: қандай халықтарда осындар ұғымдар тілде болған жоқ? У-Вэй (үйлесім) Лао-Цзының іліміндегі негізгілердің бірі болмап па еді? Дәл сон- дай демокриттік «атомға» жақын ұғымдарды қытай және үнді фило- софияларынан да табуға болады (ци, пракрити). Онда, жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, мынадай қорытындыға келуге бо- лады: Шығыста б.з.д. VI ғасырда-ақ әлем бейнесінің қазіргі заманғы астрофизикалық көзқарастарға жақын табиғи-философиялық үлгісі құрылған.
Енді Ертедегі Грекияға қысқаша саяхат жасап қайтайық. Милет қаласында пайда болған алғашқы филсофиялық мектеп «аРХені», яғни әлемнің түпнегізін іздеумен айналысты. Оған біз төмендегі ойшылдар- ды: Фалесті, анаксименді, анаксимандрдыжатқызамыз. Түпнегізді Пифагор, Гераклит және басқалары да іздеді. Олардың ұлылығы, сірә, әлемді мифологиялық тұрғыда түсінуді қанағат тұтпауда, оның негізін өз ақылдарымен түсінуге әрекет жасауда жатса керек. Бүгінгі күні де ғалымдар әлемнің негізінде жатқан бастапқы құрылымды іздестірумен бас қатырып жатқан жоқ па? Өкінішке қарай, ондай ізденістер әзірге оң нәтижелерге жеткізе қойған жоқ. «ұлы Мәртебелі Табиғат» ең терең құпияларын ерекше мұқият жасырып келеді.
Элеядан шыққан парменид әлемнің өзіндік бейнесін жасау жолын- да дерексіз ойлаудың ең биік шыңдарына көтеріле алған ойшыл бол- ды. Ойшыл шынайы әлемді: ол – жалғыз, мәңгі, жетілген, өзгермейді, материалдық қоспасы жоқ деп ойлау арқылы танып білуге болады деп дәлелдеуге тырысты. Біздің алдымызда көсіліп жатқан сезімдік болмыс туралы айтсақ, ол материалдық, жетілмеген, уақытша бо-
лып саналады. Әлемнің ондай бейнесі кейіннен Платонның «идеялар әлемінен» бастап, ортағасырлық ойшылдардың теологиялық доктри- наларына дейін, философияның кейінгі дамуына зор ықпал етті.
Ертедегі гректердің табиғи-философиялық идеяларын қарай оты- рып, ой алыбы Демокритті айналып өту мүмкін емес. Оның ойынша, әлемнің негізінде адамның көзіне көрінбейтін сансыз ұсақ бөлшектер – атомдар жатыр. Әлемде атомдардан және бос кеңістіктерден басқа ештеңе жоқ. Бос кеңістікке құлай отырып, атомдар бір-бірлерімен ұстасып, табиғат денесін құрайды. Олай болса, әлемде барлығы да қажеттіліктер бойынша іске асады, ешқандай да ерік еркіндігі жоқ, барлығы да атомдардың қозғалысына бағынған. Оның әлемді түсінудегі атомдық тұжырымдамасы – ғалымдар XX ғасырдың басына дейін басшылыққа алып келген үлгі болды.
Ұлы Платон ғылымға өз «идеялар әлемін» енгізді. Шынайы әлем идеялардың ең бір жетілген әлемі болғандықтан, оның ешқандай материалдық қоспалары жоқ. Ал біздің әлеміміз идеялар әлемінің солғын көшірмесі ғана, өйткені Демиург – Құдай-ұста идеялар әлемінің үлгілері бойынша инертті материядан табиғат заттарын қалыптастырады. Жаратылған нәрсе қашанда Жаратушы деңгейіне, ал көшірме тұпнұсқаға жете бермейді. Сөйтіп, екі әлем өмір сүретін бо- лып шықты: дара, мәңгі, үйлесімге, әсемдікке, тәртіпке толы идеялар әлемі, сонымен бірге жетілмеген, өтпелі, қашанда әлдебір өзгерістер болып жататын, әлденелер жоғалып, бірдеңелер пайда болып жататын материалдық әлем...
Әлемнің платондық бейнесі ғылымның, бәрінен бұрын, филосо- фияның кейінгі дамуына үлкен ықпал етті. Ойшылдың ұлылығы оның алғаш рет әлемдік философияда аса маңызды: түсініктер (идеялар) мен заттың өзінің толық сәйкеспейтіні туралы мәселені көтергені болып табылады.
Шындығында, тарих алаңында әрекет ететін кез келген ғұламаға, ұлы адамға қарап, оның тұлғасын адам ұғымымен салыстырып көріңіз. К.Маркс: «Адамға тән нәрсенің барлығы да маған жат емес», – деп тектен-тек айтпаса керек. Алайда адам – ұғымның өзін түсінуге ұмтылып, өне бойы жетілумен болатын тірі тіршілік иесі, бірақ соған жетпеген соң, болмыссыздыққа кетеді. Оның қасіретті тағдыры осын- да. Қашанда ол іске асырмаған, жетпеген бірдеңе қалады...
Антика дәуірінің данышпаны Аристотель Платонның оған қымбат екенін, бірақ шындықтың одан да қымбатырақ екенін айтып, оның екі әлемін қабылдамайды. Әлемнің бастапқы бастауы, түпнегізі – біздің
алдымызда созылып жатқан нақты өмір. Алайда нақты өмірдегі заттың сыртқы жағы, оның көрінуі, ал оның ар жағында оның ішкі мәні бар. Үнділік ойшыл және ақын Р.Тагор айтқандай, бір немесе басқа затты оп-оңай түсінуге болады, бірақ оның ішкі мәнін түсіну ұзақ уақытты қажет етеді.
Бұл қарама-қайшылықты шешу үшін, Аристотель екі кітап жазады. Бірі – «Физика», екіншісі – «метафизика». Біріншісінде ол барлығы өзгеретін, бір күйден екіншісіне ауысатын, табиғатта болып жата- тын үдерістерді, іс-әрекеттерді зерттесе, ал екіншісінде өзгермейтін, жоғарғы себептеріне, яғни заттардың мәңгі, орнықты негіздемелеріне талдау жасады.
Осы екі әлемді ұштастыру үшін, ол философияға: мүмкіндік және шындық (болмыс) дейтін екі санатты енгізді. Инертті, өз-өзімен өмір сүретін, бейберекет күйдегі мәңгілік материя бар-жоғы әлемнің мүмкіндігі болып саналады. Формаға ие болып қана ол шындыққа, біздің зерттейтін нысанамызға айналады. Форма заттың ішкі энте- лехиясын, оның мақсат-міндетін, қазіргі терминдермен айтқанда, – заттың ішкі бағдарламасынжасайды.
Әлемге осындай көзқарас гилеоморфизм (грекше «hyle» – ма- терия, «morphe» – форма) деп аталады. Формаға ие болған материя енді бейберекетсіздік емес, – ол алдымызда жатқан нақтылық, заңға сәйкестігі, тәртібі, үйлесімділігі бар әлем.
Бірақ бұл жерде біз өзгеше күрделі мәселеге тап боламыз. Егер ма- терия өз-өзімен мәңгі өмір сүрсе, онда форма қайдан шықты? Басқа жауап таппаған соң, Аристотель: «Барлық формалардың формасы – Құдай», – дейді. Ал онымен мәселенің өзі, әлбетте, күн тәртібінен алынбайды ғой.
Ертедегі гректер әлемнің түпқазығын Жер деп санайды. Ондай көзқарас дүниеге геоцентрлік көзқарас деп аталады. Аристарх Самос- ский ғана әлемнің түпқазығын Күн деп санайтынын білдірді. Алайда антика заманында ол қолдау таппады. Қайта өрлеу дәуірінде ғана оның идеяларына Н.Коперник жаңа серпін берді.