Ғылым тарихы және философиясы



бет160/185
Дата27.10.2022
өлшемі1,17 Mb.
#45758
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   185
Байланысты:
Ғылым тарихы және философия (1)

Биосалалық деңгей қоршаған ортамен қоса, барлық тірі тіршілікті қамтиды.

  • Биоценоздар жердің бір немесе басқа таралу аймағын мекен- деген өмірдің бір-бірімен табиғи байланысқан формаларын білдіреді. Мысалы, экваторда бар өмір формалары Қазақстан аумағында өмір сүре алмайды.

  • Популяция (қауымдасып өмір сүру) – бір-бірімен будандасып, өмірге ұрпақ әкеле алатын тірі организмдердің түрлері.

  • Организмдер – өмірдің жеке-дара оқшауланып өмір сүретін формалары.

  • Жасушалар тірі организмдердің дене құрылысын құрайды.

  • Молекулалық деңгей – жасуша өзегінде болатын құрылымдар; генетикалық мағлұматты сақтайтындар, – міне, солар.

    Жасуша өмірдің негізгі сапалары мен қасиеттерін сақтайтын қарапайым құрамдас бөлшек болып табылады. Жасушаны ашқаны үшін, біз XIX ғасырдағы неміс ғалымдары Т.Шванн мен М.Шлейденге қарыздармыз. Олар өсімдіктер мен жануарлар әлемінің жасуша- лардан тұратынын және құрылымдарының бір-бірлеріне өте ұқсас
    екенін дәлелдей алды. Бұл жердегі бар тірі тіршіліктің тұтастығының, олардың шығуы мен дамуының маңызды дәлелдерінің бірі болды.
    Қазіргі заманның биология ғылымында жасушаны зерттейтін ци- тология деген сала бар. Жасушаның қызметіне: ағза мен қоршаған орта арасындағы заттектер алмасуын, генетикалық мағлұматтардың сақталуын және ағзаның тіршілік қарекетінде соларды іске асыруды қамтамасыз ету жатады. Жасуша өмірінің ұзақтығы да әртүрлі. Мыса- лы, өңеш пен асқазан жасушалары жиі жаңарып отырады, ал ол кезде жүйке жасушалары ағза өмірінің соңына дейін сақталуы мүмкін.
    Жасушаның құрылысы күрделі. Оның сол арқылы зат алмасуы іске асатын болбыр қабығы бар. Заттардың, энергия мен ақпараттың алма- суы жасушаның метаболизмі деп аталады. Ол кезде жасуша қашанда гомеостаз деп аталатын ішкі орнықты күйін сақтайды.
    Ғылым ретінде биология тарихи тұрғыда өз дамуының үш сатысы- нан өтті. Бірінші сатыда өсімдік және жануарлар түрлерінің жүйеленуі орын алды. Бүгінгі күнге дейін 1 миллионға жуық жануар, 0,5 мил- лион алуан түрлі өсімдік және үш мыңдай микроорганизм зерт- телді. Бұл жүйелеу ісіне швед ғалымы карл линней орасан зор үлес қосты.
    Екінші сатыда келесі сұрақтар пайда болды:
    Тірі тіршілік әлемінде не болып жатыр? Жануарлардың бір түрінен қалайша екінші түрі пайда болады немесе олар Құдай қалай жаратса, солай қалады?
    Жер шарының әр түкпірінен табылған ертедегі жануарлардың сүйектері ғалымдарды жоғарыдағы сұрақтар бойынша ойлануға мәжбүр етті. Француз ғалымы ж.ламарк жануарлардың өзгеруін екі жағдаймен түсіндіреді. Бір жағынан, бұл – өзгеріп жатқан қоршаған ортаның әсері, екінші жағынан, – тұқым қуалаушылық факторы, яғни жаңадан пайда болған қасиеттердің келесі ұрпаққа берілуі. «биоло- гия» деген терминнің өзін ғылымға осы ғалым енгізген.
    Ж.Ламарктың идеяларын қабылдап, ары қарай дамытқан ағылшын ғалымы, сэр Чарльз спенсер Дарвин болды. Ол «Бигль» деген ке- меге мініп, жер шарын айнала саяхат жасап, планетадағы әртүрлі жан-жануарлар мен өсімдіктердің саны туралы орасан көп факт жинақтаудың негізінде биологияға эволюциялық теория енгізді. Оның 1859 жылы жарық көрген «түрлердің пайда болуы» деп аталатын кітабы сол замандағы қоғамдық пікірге «жарылған бомбадай» әсер етті, өйткені ол адамның маймылдан шыққанын дәлелдеуге әрекет
    етіп, сол арқылы діннің «адамды Құдай өзіне ұқсатып жаратты» дейтін негізгі постулатын терістеді.
    Әлбетте, өмірдің әртүрлі, әлі де көп құпияны сақтап отырған формаларының күрделілігі эволюциялық теорияға сенімсіздікпен қарайтын ғалымдардың болуына келтіреді. Кезінде М.Лютер атап көрсеткендей, «егер Құдайды білгің келсе, жай ғана бір биттің ішін ашып көр». Алайда бүгінгі таңда жер бетіндегі өмірдің осын- дай әртүрлілігін түсіндіріп бере алатын балама теория туған жоқ. Керісінше, биологияда терең тамырланған эволюция идеясы ғылымның басқа салаларына да кең тарап жатыр.
    Қазіргі заманғы физика әлемнің «Үлкен жарылыс» нәтижесінде пайда болғанына және миллиардтаған жылдар бойы қалыптасудың, күрделенудің әртүрлі сатыларынан өте келе, химиялық үдерістерді және соларға байланысты химиялық қосылыстарды туғыза отырып, өмірдің өзінің пайда болуының алғышарттарын құрғанына сендіреді. Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы биологияның түрлі-түрлі салала- рында ашылған жаңалықтарды қорыта және жүйеге келтіре отырып, өмірдің әртүрлі формаларын түсіндірудің теориялық негізі болады.
    Эволюциялық теория жанды табиғаттың әртүрлілігін екі фактор- мен: өзгергіштікпен және жаңадан ие болған қасиеттердің табиғи іріктелуі, тұқым қуалаушылығы арқылы ғана түсіндіреді. Олар келесі ережелерден шығады:
    а) жан-жануарлардың кез келгендерінің ішінде бір немесе басқа түрі өзгерістерге ұшырайды. Оны әрбір елгезек, зейінді адам байқай алады;
    ә) кейбір өзгерістердің генетикалық сипаты болады, ал кейбіреулері өзгермелі қоршаған ортаға бейімделу нәтижесінде пайда болады;
    б) ересек кезде тудырушылық жағдайға жеткендерге қарағанда, дүниеге келіп жататын организмдердің саны қашанда басым. Кейбір организмдер өмір жағдайларына төтеп бере алмай, тиісті уақытқа жетпей, өліп жатады. Тек өмірге бейім, өзгеріп жататын болмысқа бейімделуге қабілетті даралар ғана өздерін сақтап қала алады. Жаңадан ие болған қасиеттерін ол тұқымқуалаушылық, мұрагерлік жолмен өз ұрпақтарына қалдырады.
    Жануарлар тобында бір түрлердің ұзақ уақыт өмір сүруінің (по- пуляция) эволюциялық үдерістері механизмдері ерекше айқын көрінеді. Бір немесе басқа табынның ішінде бір жануарлардың еркін және, сонымен қатар кездейсоқ будандасатынын көреміз. Біздің ой- толғаныстарымыз осы жерге келгенде: «генетикалық өзгерістер (му-
    тация) даму үдерісіне қаншалықты ықпал етеді?» – деген сұрақ туады. Әлбетте, мутация үдерісі, яғни генетикалық деректің өзгеруі бір не- месе басқа популяцияның ішінде өмір сүріп жатқан жануарлардың бір түрлерінің басқа түрлерге айналуына жеткізеді. Демек, эволюциялық үдеріске ықпалын тигізеді, бірақ бұл эволюциялық үдерістің шешуші факторы болып табылады деп сендіру асығыстық болар еді. Керісінше, кейде ол теріс ықпалын да тигізіп отырған. Егер ядролық қаруды сынақтан өткізетін аймақта өмір сүрген адамдардың қайғы-қасіретін алып қарасақ, онда радиацияға, генетикалық мутацияға ұшыраған бірде-бір әйелдің жарық дүниеге дені сау, құрсақта дұрыс жетілген нәресте әкелмегенін көреміз.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   185




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет