Ғылым тарихы және философиясы



бет26/185
Дата27.10.2022
өлшемі1,17 Mb.
#45758
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   185
Байланысты:
Ғылым тарихы және философия (1)

Номиналистер жалпы ұғымдардың нақты болмысын мойындама- ды. Нақты өмірде тек жекелеген заттар болады, ал жалпы ұғымдар (универсалиялар) – заттардаң атауы, біздің аузымыздан шығатын ды- быстар ғана. Ерте схоластика номинализмінің ірі өкілі, француз фило- софы және теологы Иоанн Росцеллин (1050-1120 жж. шамасы) болды. Ансельм Кентерберийскийдің және басқа схоластардың оған қарсы шығуы номинализм мен реализм төңірегіндегі айтыс-тартыстың ұзақ жылдарға созылуына себеп болды.
Реалистер жалпы ұғымдардың заттарға дейінгі нақты өмір сүруін және олардың адам санасына тәуелсіз екенін мойындаған-ды. XI ғасырда «шектен шыққан» деп аталатын реализм дами бастады. Ол И.Росцеллиннің номинализміне ғана қарсылас ретінде пайда болған жоқ, бәрінен бұрын ол «алғашқы субстанция» сияқты универсалия- лар заттарда олардың мәні ретінде болады деп сендіретін, Шамподан шыққан шәкірті Гильомның (1070-1121) қағидасына да қарсы шықты. Философ және математик Аделард Батский (1080-1150) өз ілімін но- минализммен күрес және реализм идеялары аясында дамытты. Бірақ шіркеу үшін ең орнықты және қабылдауға тұрарлық деп, Альберт Великийдің және оның шәкірті Фома Аквинскийдің реализмін айтуға болады.
Концептуализм (concept – лат. – ұғым) жалпы ұғымдар нақты өмір сүре алмағанмен, олар тек атаулар ғана емес, заттардың жал- пы нақты қасиеттерін білдіреді деп санай отырып, жоғарыда аталған бағыттардың біржақтылығын жоюға әрекет етеді. Концептуализмнің
теориялық негіздемесі француз философы, теолог және ақын Пьер Абелярдың (1079-1142) «Диалектикасында» көрініс тапқан.
Алайда схоластиканың жарқын өкілдерінің бірі, католик шіркеуі 1323 ж. әулиелер санатына қосқан және «періште дәрігер» атанған Фома аквинский (1225-1274) болып табылады. Ол Ортағасыр танымының жалпылама қағидасын әзірледі. Ойшылдың негізгі ең- бегі – «теология жинағы».
Ф.Аквинскийдің Құдай болмысын дәлелдеумен аты шықты. Ол дәлелдеулер – бесеу:
Қозғалыс арқылы. Сірә, ешкім де әлемде қозғалыс болып жататы- нына күмәнданбаса керек. Мысалы, оттың жануы – ағаштың әлеуетті жылуының нақты жылуға айналуы. Бірақ бірде-бір зат бір мезгілдегі қатынаста әлеуетті, әрі нақты бола алмайды. Олай болса, ештеңе де бір мезгілде қозғалтқыш және қозғалушы бола алмайды. Демек, қажеттілік туған кез келген қозғалыс қозғалтқышты қажет етеді, ол, өз кезегінде, екіншісін қажет етеді, сөйтіп, шексіз созыла береді. Бірақ біз енді өзіміз тоқтауға және өздігінен қозғала алмайтын, бірақ басқаларының барлығын қозғалта алатын күшті мойындауға тиіспіз. Ол – Құдай.
Себеп арқылы. Әлемде себепсіз құбылыстар жоқ. Себеп келесі өзгерістерге себеп болатын салдарды туғызады, өйткені ешкім де өзін- өзі тудырған затты көрген емес. Солай десек, зат бұл дүниеде өзінің алдында пайда болар еді. Ол ақылға сыймайды. Демек, бұл әлемнің басты себебін – Құдайды мойындау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   185




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет