Қазақстан Үкіметінің мемлекеттік жастар сыйлығы. Ол 1992 жылдан бері жұмыс істейді, 35 жасқа толмаған адамдарға ғылым, сәулет, өнер, журналистика, спорт, экономика саласындағы жетістіктері үшін 2 жылда бір рет беріледі. Бұл сыйлық жас ғалымдарды қолдау мақсатында беріледі. Сонымен қоса ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті ғылым саласындағы жыл сайынғы сыйлықтарға және мемлекеттік ғылыми стипендияларға құжаттарды қабылдауды жалғастыруда.