Ғылыми-Әдістемелік Кеңес мәжілісінде бекітілді


тақырып. Информатика пәнаралық ғылым ретінде



бет9/13
Дата08.11.2022
өлшемі47,15 Kb.
#48512
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
6D020100 каз

16 тақырып. Информатика пәнаралық ғылым ретінде.
Ақпараттық қоғам туралы концепциялар: Питирим Сорокиннен Эмануэль Кастельске дейін. Ақпараттық қоғамның пайда болуы. Әлеуметтік информатика мәселелерін синергетикалық тұрғыдан қарастыру. Желілік қоғам және әлеуметтік информатика міндеттері. Ақпараттық қоғамдағы тұлға мәселесі.
17 тақырып. Компьютерлік төңкерістің эпистемологиялық мазмұны.
Киберкеңістік Ғаламтор түсінігі және оның философиялық мағынасы. Ғаламтор жаңа әлеуметтік технологиялар құралы ретінде. Ғаламтор – 21 ғасыр ғылымының ақпараттық-коммуникативтік ортасы және үздіксіз білімнің жаһандық ортасы. Информациялық қауіпсіздік мәселесі: гуманитарлық құрамдастық. Информатикадағы реалдылық мәселесі. Ақпараттық-коммуникативті реалдылықты пәнаралық интегративті концепт ретінде түсіну.
18 тақырып. Қоғам, мәдениет, тарих және адам туралы ғылымдардың қалыптасу тарихы.
Философия – ғылыми білімдердің интегралды формасы. Ғылыми білімнің пәндік құрылымының әлеуметтік-мәдени шартталығы: әлеуметтану, саясаттану, мәдениет туралы ғылым – қоғамның жеке салаларын танып-білудегі салыстырмалы түрде толыққандылықтың көрінісі. Посткеңестік кеңістіктегі, европалық және әлемдік ғылыми қоғамдастықтардағы әлеуметтік ғылымдар. Қазақстандағы әлеуметтік әдістеменің және әлеуметтік білімнің жаңа парадигмасы.
19 тақырып. Ғылымның пәндік үлгісі.
Ғылыми білімнің негізгі құрылымдық бірліктері. Ғылыми білімнің эмпирикалық және теоретикалық деңгейлері. Ғылыми теориялардың түрлері: сипаттамалық және түсіндірмелік теория. Ұғымдарды эмпирикалық интерпретациялау және теорияларды бекіту мәселесі. Ғылыми теорияның негізгі функциялары: сипаттау, түсіндіру, болжау. Ғылыми әдістердің көптүрлілігі және олардың классификациясы. Нақты ғылымдардың әдістері. Ғылыми теорияны тексерудің логикалық схемасы.
20 тақырып. Нақты ғылымдардың философиялық мәселелері.
Физика, химия, астрономия, космология, математика, информатика, биология және экология, медицинаның, Жер туралы ғылымдардың (география, геология), техниканың философиялық мәселелері. Гуманитарлық, саяси және экономикалық ғылымдардың, психология, филология, әдебиеттану және лингвистиканың, тарихи, педагогикалық ғылымдардың, мәдениеттану, өнертану, әлеуметтанудың философиялық мәселелері.
"Білім философиясы" пәні




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет