Ғылыми жұмыс тақырыбы: Оқу үрдісіндегі 3D модельдеу Орындаған Фазылов Е. С. Ғылыми жетекшісі п.ғ. к., доцент Медешова А. Б. Орал, 2021 мазмұны кіріспе



бет12/14
Дата26.01.2022
өлшемі10,57 Mb.
#24381
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
3д коп

ҚОРЫТЫНДЫ
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында еліміз дамыған 50 елдің қатарына еніп, алдағы уқыттарда дамыған 30 елдің қатарында көрінуді жоспарлап отыр. Бұл мақсатқа жету үшін бізге әлемдегі күннен-күнге дамып жатырған жаңа технологияларды заман талабынан қалмай, уақытында игеріп отыру болып табылады. Осы орайда елбасымыз өз жолдауында атап өткендей: «Цифрлық индустрияны дамыту басқа барлық салаларға серпін береді. Сондықтан Үкімет ІТ-саласын дамыту мәселесін ерекше бақылауда ұстауы тиіс. Жаңа индустриялар қалыптастырудың маңызды шарты ғылыми-техникалық инновацияларды қолдау, оларды әлеуметтік-экономикалық өмірімізге тезірек енгізуде жаңа биіктікке және жеңіске ұмтылуымыз қажет» деп еліміздің жалынды жастарына ой салу мен қатар бір серпіліс берді.

«Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл - маңызды кешенді міндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты», - деп өзінің таяудағы жыл сайынғы жолдауында айрықша атап өткен елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осыған орай үкіметке «Цифрлық Қазақстан» жеке бағдарламасын әзірлеуді және қабылдауды тапсырған болатын.

«Келешекке кемел біліммен», - деп Елбасы айтып өткендей, келешекте терең біліммен қадам басып, қоғамға бейім, өз қабілетін таныта алатын, жан-жақты дамыған, бірнеше тілді меңгерумен қатар, адам өмірінде ерекше рольге ие жаңа технологияларды меңгерген құзіретті тұлғаны қалыптастыру басты мақсаттардың бірі болып табылады.

Жалпы еліміздің дамуына өз үлесін қосып отырған өнеркәсіп салалары, білім саласы, денсаулық сақтау салалары т.б. аталмыш салалардың жұмысы тікелей жаңа технологиялардың көмегімен жүзеге асырылып отыр десек қателеспейміз. Бұл дегеніміз болашақта қазіргі адам қолымен жасалып отырған іс-әрекеттің барлығы дерлік жаңа технологиялар көмегімен, яғни компьютер арқылы автоматтандырылған жүйемен жұмыс істейтіні бәрімізге мәлім.

Осы айтылғандарға елдің қалыс қалмай ілесуі, тікелей компьютер тілін жетік меңгерген жастарға байланысты болып отыр. Осы орайда бізге компьютер тілін жетік меңгерген мамандар аздық ететіні белгілі. Ол үшін бізде қазірден бастап яғни мектеп табалдырығынан бастап компьютердің мүмкіншіліктерін, онымен жасалатын жұмыстың құрылымын, ондағы құрылатын белгілі бір бағдарламалар жиынтығын, елімізге сырттан келіп жатырған өндіріске пайдаланылатын жаңа технологиялардың тілін тереңдетіп оқыту қажеттілігі туады. Қазіргі қоғамда аталмыш технологиялардың ішіндегі ең озық туындылардың бірі, 3D модельдеуді жүзеге асырып, оны шын көзбен көруге мүмкіндік жасайтын технологиярдың озық үлгілері 3D принтер және 3D қалам болып табылады. Бұл екі құрылғы адамзат тарихындағы ең озық технологиялардың қатарына еніп отыр. Аталмыш технологиялар қазіргі қоғамда белгілі бір салалардың көпшілігінде пайдаланылады. Атап айтсақ құрылыста, білім саласында, дизайн саласында, реклама саласында көптеп қолданылады.

Айтылған екі құрылғының қолдану аясын меңгерген оқушылар, жоғарыдағы айтылға сала бойынша біздің жастарымыз 3D принтер мен 3D қаламды шебер қолданып, керегіне жарата біледі.

Зерттеу жұмысымда 3D модельдеуді оқу үрдісінде қолдануда оқушылар арасында түсініктеме жүргізіп, жалпы осы тақырып аясында оқушыларға 3D модельдеуде қолданылатын құрылғылардың маңызы туралы ақпарат беріп, оқушылардың логикалық дамуына және жаңа технологияларды игерудің қандай маңызды екенін білуде және аталған технологиялармен шұғылдануға деген қызығушылығын арттыруда үлкен септігін тигізді.



Мектептің оқу процесінде 3D модельдеуді оқытуда, оқушының жаңа технологияға деген қызығушылығын арттыру оны теориялық тұрғыдан негіздеу және тиімділігін эксперимент арқылы тексеруді талдау нәтижесінде мынадай қорытындыларды шығаруға болады:

  1. Жалпы модельдеу мен 3D модельдеуді оқытудың тиімділігі мен маңыздылығы туралы педагог – әдіскер ғалымдардың еңбектері мен жұмыстанып, теориялық – педагогикалық негіздері меңгеріліп талданды.

  2. Зерттеу жұмысында 3D модельдеуді оқытуда, 3D принтер мен 3D қаламның жұмыстары туралы оқушылар арасында сауалнама жүргізу, сұрақ-жауап, тақырып бойынша ақпарат алмасу, тест тапсырмалары арқылы оқушылардың жаңа технологияларды меңгеруге деген қызығушылығы мен шығармашылық мүмкіндігін кеңейтіп қана қоймай, информатика сабағына деген құлшынысын арттыруда үлкен септігін тигізді.

  3. Жүргізілген эксперимент нәтижесінде оқушылар арасында 3D модельдеу мен оның басып шығаратын құрылғыларды білу мен оны қолданудағы біліктіліктерін тексеру мақсатында анықтушы және қалыптастырушы эксперимент жүргізілді.

Осы дипломдық жұмысымды жазу аясында бірнеше ұсыныстарды айтып өткім келеді, олар: Мемлекеттік жалпы орта білім стандартына сәйкес қазақ тілінде 3D модельдеу бағдарламалары бойынша оқу-әдістемелік құрал жасалса және пән мұғалімдерінің 3D модельдеу бойынша біліктілік дәрежесін көтеру жүйелі түрде қарастырылғаны дұрыс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет