Байланысты: Ғылыми жоба жазылу тәртібі мен ресімделуі
Ғылыми жоба: жазылу тәртібі мен ресімделуі Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурстары секцияларына сәйкес физика, информатика, математика, география, биология, химия, қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, адам және қоғам, қазақ әдебиеті, орыс әдебиеті, ағылшын тілі, орыс тілі, қазақ тілі, неміс және француз тілдерінен өткізіледі. Ғылыми жобаның негізгі бағыттары: Ғылыми - техникалық прогресс, экономикалық өсудің негізгі буыны; Экономикалық және әлеуметтік процесстерді математикалық модельдеу; «Таза табиғи орта-Қазақстан-2030 стратегиясын іске асырудың негізі және т.б. Ғылыми жетекшінің міндеттері: оқушыларға жобаның тақырыбын таңдауға және оны орындау жоспарын әзірлеудегі практикалық көмегі; зерттеу әдістерін таңдауда көмек көрсету; кәсіби кеңес беру; әзірленген жоспарға сәйкес жобаның орындалуын жүйелі қадағалау; ұсынылған талаптарға сәйкес жобаның орындалу сапасын бағалауы және оны ғылыми жетекшінің өз жазба пікірінде көрсетуі. Ғылыми жарысқа ғылымның осы саласындағы фактілерді, оқиғаларды, құбылыстарды және жеке , бұрын мәлім болмаған жақтарын жариялайтын,ғылыми жарыстарда бұрын қаралған және қорғалған жобаларды жарысқа қатыстыруға жол берілмейді, әлеуметтік- экономикалық мәселелерді шешуге бағытталатын экономикалық- заңды негіздемесі бар компьютерлік модельдер мен жобалар сынды жұмыстар ұсынылады. Ғылыми жоба тақырыптарын таңдаудың өзіндік ережелері бар. Оқушылардың қызығушылығын ескере отырып, жетекші өзі жақсы білетін тақырып аясын таңдау керек. Тақырып шынайы, онда жаңа дүниелер, күтпеген жаңалық болу керек.Тақырып оқушыларға қызықты, оларды тартатындай болу керек. Тақырып орындалатын, шешімі зерттеуге қатысушыларға пайдасы тиетіндей болу керек.Тақырыпты бәрі түсінетіндей болу керек, әрине тақырып оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес келу керек.Зерттеу жұмысын жүргізу. Зерттеу мәселелерін теориялық талдау. Мәселелердің маңыздылығын, оның ерекшеліктерін, осы тақырып бойынша әртүрлі көзқарастарды сипаттау, сондай-ақ оның бүгінгі таңдағы шешілу жолдары.Экспериментальды (практикалық бөлім) зерттеу. Мәселелер мәнісін түсіндіретін немесе оны шешуге мүмкіндік беретін ғылыми әдістерді пайдалануды болжайды. Ғылыми жобаны рәсімдеуде де өзінің ережелері бар. Ғылыми жобада: бет парақ,мазмұны,кіріспе,теориялық бөлімі,зерттеу бөлімі, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімі,қосымша (егер қажет болса) болу керек. Ғылыми жобаға ғылыми жетекшінің жұмыс туралы пікірі; оқушының жұмысына тиісті пән бойынша жоғары оқу орны маманының рецензиясы, оның қолымен және оқу орнының мөрімен; зерттеу күнделігі сынды құжаттамалар қоса тіркеледі.