Ғылыми жоба тақырыбы: «Компьютердің пайдасы мен зияны» Бағыты


Компьютердің құрылысы, түрлері, атқаратын қызметтері



бет3/9
Дата16.09.2022
өлшемі185,05 Kb.
#39297
түріИсследовательская работа
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
kompbyuterding-ziyany-men-pajdasy

Компьютердің құрылысы, түрлері, атқаратын қызметтері

Компьютер дегеніміз бір ғана аспап емес, ол бірнеше өзара байланысқан құрылғылардан тұрады. Бұл құрылғылардың ең маңыздысы, яғни негізгі құрылғылары: монитор, жүйелік блок, пернетақта. Өйткені олар болмаса компьютеріміз жұмыс жасамайды.Қосымша құрылғыларға мыналар жатады: енгізу құрылғылары: тышқан, джойстик, өлшеу құралдары, сканер, сандық фотокамера, микрофон, т. б.Шығару құрылғылары: принтер, графиксалушы, колонкалар, модем, т. б.
Әрбір сыртқы құрылғы компьютердің жүйелік блоктарына арнайы блоктар, порттар арқылы жалғанады.Бұл құрылғылардың барлығы сыртқы құрылғылар деп аталады. Өйткені олардың барлығы жүйелік блокқа жалғанып тұрады. Ал жүйелік блоктың ішінде орналасқан құрылғылар ішкі деп аталатынын біз білеміз.Компьютердің сыртқы құрылғыларының бірі – монитор немесе дисплей. Бұл негізгі құрылғылардың бірі, сонымен қатар шығару құрылғысына жатады.
Жүйелік блок-мұнда компьютердің негізгі құрылғылары орналасқан. Компьютерді қосып өшіру батырмасы, дискжетек, компакт-дискіні оқитын CD-ROM орналастырылған Жүйелік блоктың ішінде аналық плата, процессор, CD-ROM, бейнетақташа, дыбыс тақташасы мен т.б. бар.
Жүйелік блок мыналардан түрады:
- микропроцессор;
- оперативті есте сақтаушы қүрылғы немесе жедел жады;
- тұрақты есте сақтаушы қүрылғы;
- қоректену блогы мен мәлімет енгізу-шығару порттары.
Ал, сыртқы қүрылғылар былайша бөлінеді:
- информация енгізу қүрылғылары;
- информация шығару құрылғылары;
- информация жинақтауыштар.
Процессор - компьютердің ең басты бөлігі.Ол компьютердің «миы». Ол бүкіл компью тердің жұмысын басқарады және бағдарламадағы барлық командаларды орындайды. Іс жүзінде компьютердің орындайтын жұмысының бәрін оның бас микросхемасына – мик ропроцессор атқарады. Қазіргі кезде ең көп тараған «пентиум» процессор. Сондықтан компьютер де пентиум деп аталады.Процесор жадпен жұмыс істейді.Жад микросхемасына н процессор өзіне қажетті ақпаратты алады.
Жедел жад - бұл компьютердің ішкі жады.Жедел жад немесе оперативті жадтайтын құрылғы (ОЖҚ) – ол қажет ақпараттарды өзіне жылдам жазуға және одан оқуға мүмкін дік береді.Бірақ онда ақпараттар уақытша сақталады, яғни компьютерді өшіргенше.Егер ком пьютерді өшірсе онда жедел жадтағы барлық ақпарат өшеді. Компьютердің ішкі жадысының екі түрі бар:тұрақты жадтайтын құрылғы ТЖҚ (ОЗУ) – ақпартты уақытша сақтайтын жад. Енгізу құрылғылары: пернетақта, маус,джойстик,өлшеу аспаптары, сканер. Шығару құрылғысы – принтер, дисплей, графопроектор. 
Дисплей – компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Дисплей: электро ндық – сәулелі түтікшеден (ЭСТ) (электронная лучевая труба ЭЛТ), қоректендіру блогынан және сәулелі басқарушы электрондық блоктан тұрады. Монитор түрлі түсті монохро мдық болады. 
Монитор - ақпаратты компьютер экранына шығару құрылғысы. Мониторды екі белгісі бойынша жіктеуге болады.
Пернетақта – компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы. Ол әріптің және цифр пернелерінің көмегімен компьютерге кез-келген ақпаратты беруге мүмкіндік жасайды. Қ азіргі компьютерлердің 102-104 перне болады.
Тышқан. Қазіргі кездегі компьютерлер тағы да бір ақпараттарды енгізу құрылғысы – «Тышқан» манипуляторымен жабдықталған. Бұдан былай оны тек тышқан (маус) деп қан а атайтын боламыз. Оның аты тышқан деп бекер аталмаған. Себебі ол-сұр түсті, тышқанн ың құйрығына ұқсайтын компьютерге жалғанған иілгіш сымы бар қорап. Ол алақанға ыңғайлы және кілемше бетінде еркін жылжитын арнайы құрылғы. 
Джойстик. Джойстик деген компьютерлік ойындарда экрандағы жылжитын объектілерді басқаруға арналған рычагты манипулятор. 
Принтер. Ақпараттарды қағазға басып шығаратын құрылғы. Ол дисплейге не шығарылса, соның бәрін қағазға басып шығаруға мүмкіндік береді. Принтерге мәтіндік, кестелік, графикалық ақпараттарды шығаруға болады. Принтердің үш түрі бар: матрицалық, сия бүріккіш, лазерлік. 
Сыртқы жад – сыртқы жад ретінде магнитті диск пайдаланылады. Дискілер қазіргі дербес компьютерлерде ақпарат тасушы болып табылады, олар ақпаратты тұрақты түрде сақ тауға арналған. Магнитті дискілердің екі типі болады. Бірінші типке иілгіш, алмалы-салм алы дискілер немесе дискеттер жатады. 
Компакт –дискілер. Компакт дискіні лазерлік дискі деп те атайды. Оның сыйымдылығ ы өте үлкен, олардағы ақпаратты тек оқуға болады. CD-R компакт –дискілеріне басқа жаңа ақпараттар жазуға немесе ақпараттарды қайта жазуға болмайды. Ал CD-RW дискілері не ақпаратты жазуға, қайта жазуға болады. 
Флэшка - жинақтауыштар және жады карталары. Флэшка – ақпаратты сақтау үшін ең қолайлы контейнер болып табылады. Оларға 32 Мбайт-8 Гбайт дейін ақпарат сақтауға бо лады. Салмағы жеңіл, қолайлы флэшкаларды USB –портқа қосады, секундына 1-10 Мбай т жылдамдықпен ақпарат жазуға болады. 
Сканер - қағаздағы кескінді (жазуды, суретті) түсіріп, дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін құрылғы. Оның көмегімен суретті, графикті, мәтіндерді сканерлеуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет