Ғылыми жоба
«Индустриалды инновациялық мемлекеттік даму бағдарламаларының Жамбыл облысы бойынша жүзеге асырылудың маңызы мен артықшылықтары»
Жамбыл облысының физикалық-географиялық жағдайы
Жамбыл облысы —Азия дүние бөлігі, Қазақстан Республикасының оңтүстігінде орналасқан облысы. Шығысында Алматы, батысында Түркістан, солтүстігінде Ұлытау және Қарағанды облыстарымен және оңтүстігінде Қырғызстанның Талас пен Шу облыстарымен көршілес болып табылады. Жамбыл облысының территориясы Бетпақдаладан Тәңір тауына, Шудан Қаратауға дейін созылып жатыр. Жер аумағы — 144,2 мың км².
Географиялық тұрғыдан облыс аумағы негізінен жазықтық. Климаты – едәуір құрғақ және континентальды. Жамбыл облысы Орталық Азияның дәл ортасында Еуразия материгінің терең қойнауында, мұхит-теңізден шалғайда, қоңыржай климаттық белдеуде орналасқан. Осы жағдай облыс климатының шұғыл континентальды болып қалыптасуына әсер етеді. Ал оның салдары, облыстағы ауа температурасының жылдық және тәуліктік тербелісінің шұғыл өзгеріп, теңіз жағалауындағы елдермен салыстырғанда, салыстырмалы ылғалдылық пен бұлттылық төмен, құрғақшылыққа бейім болып қалыптасуын көреміз. Табиғаттың осы қасиеттері Жамбыл облысындағы геожүйелердің антропогендік әрекеттерге төтеп бере алу қабілетінің төмен, табиғи шөл басу мен аридтенуге бейім екендігін көрсетеді.
Негізінен Жамбыл облысының жер бедерінің басым көпшілігі жазық. Тау жоталары территорияны батысынан, шығысынан және оңтүстігінен көмкереді. Оңтүстік шығысында-Кіндіктас таулары Іле Алатауының жалғасы бірнеше массивтерге бөлінеді: Солтүстік Шығысында – Қордай қыраты (1300-1500 м) шығысында – Желдітау, Оңтүстік жазығында Арғайты көтерілісі (1300-1400м), ал батысында – Ақкөйлек қыраты. Облыстың айтарлықтай аумағын Бетпақдала және Мойынқұм алады, тек оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс шеті таулармен шектелген (Қаратау, Қырғыз және Шу-Іле Алатау таулары). Рельефтің бұл ерекшелігі облыс климатына әртүрлілік ендіреді. Табиғи ландшафтардың флорасы мен фаунасы кең және әртүрлі. Облыста өсімдіктердің 3 мыңнан астам түрі бар. Аң аулайтын өңірдің жалпы алаңы 13,9 мың га құрайды, онда жануарлардың 40-тан астам түрі мекендейді.
27,8 мың га алаңды құрайтын балық шаруашылық қоры 74 су айдынынан тұрады, оның ішінде 73 су айдыны балық шаруашылығына жарамды. Ірі бөгендерден Тасөткел және Теріс-Ащыбұлақ бар. Балық аулау кәсібінде толстолобик, ақмарқа, карп, сазан, көк серке, тыран балық, краль, торта балықтарын аулау кең таралған.
Жамбыл облысының айналасы пайдалы қазбаларға бай. Бастысы-фосфориттер болып табылады. Қаратаудың тауларында кен қоры 1,6 млрд тоннаға бағаланған КСРО-дағы ең бай фосфорит бассейні бар. Қаратаудың фосфорит кендерінің негізінде Қазақстанның, Орта Азияның және Ресей Федерациясының көптеген химиялық бөгеттер жұмыс істейді.
Солтүстік аймағы жазық-Мойынқұм, Бетпақдалаға оның тосқауылсыз шығып жатса, шығысында Айтау ( Шу-Іле) таулары, ал оңтүстігінде Қырғыз Алатауы, батысында Қаратау тауларымен шектеседі. Шу және Талас өзендерінің төменгі ағысында орналасқан.Шығыс, Оңтүстік және Батыс шекаралары табиғи шекара- су айырық жоталармен өтеді. Шу мен Талас өзен аңғарлары кең, жайылмасында жайылма үстілік террассалары дамыған. Жамбыл облысы территориясындағы Кіндіктас (1300-1500м), Тектұрмас, Жуалы ( 600-800м), Боралдай ( 700-800м) таулы қыраттарында су эрозиясы қарқынды жүреді.
Жамбыл облысының геологиялық құрылысы мен пайдалы қазбаларының экологиялық салдары әр алуан. Құмды шөлдегі сусымалы құмдар мен тау бөктерлеріндегі лесс тау жыныстары тасымалдануға, шөктіріліуге бейім. Сондықтан олардың бойында көптеген техногенездің зиянды заттары жиналады. Минералды шикізат көздерін игерген кезде жер қойнауындағы химиялық элементтерді жер бетіне шығарып, территорияның геохимиялық фонын бұзуға әсер етуде. Оның табиғи дәлелі, облыс жерінде қалыптасқан геохимиялық аномалиялар; Қаратау, Жамбыл, Жаңатас маңындағы геохимиялық аномалиялы судың, топырақтың зиянды заттармен ластануынан көруге болады.