Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010



Pdf көрінісі
бет19/66
Дата06.03.2017
өлшемі4,29 Mb.
#7953
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   66

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

 

Р.Б. НҰРЛАНБЕКОВА 

    

 

145 



тарих ғылымдарының кандидаты, доцент 

А.Ясауи атындағы ХҚТУ 



 

Ә.Ә.АТЫҒАЕВ 

А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистранты 

 

РЕСЕЙДІҢ ОРЫС ШАРУАЛАРЫН ҚОНЫСТАНДЫРУ 

САЯСАТЫНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ 

          

 

          

  В данной статье рассматривается колониальная политика России в Казахстане конца ХIХ- 

начала ХХ веков.  

  

  

  This article  deals with  the  Russian  colonial  policy in  Kazakhstan  at  the  end  of 19-  th  and at  the 

beginning of 20 -th centuries.  

 

        

ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басы патша өкіметінің арнайы статистикалық-

экономикалық 

және 


жергілікті 

ғылыми, 


қоғамдық-географиялық 

экспедициялар ұйымдастыру арқылы Қазақстанды зерттеуімен сипатталады. 

Бұл  кезеңде  Ресей  империясының  экономикасында  Қазақстан  байлығы 

едәуір рөл атқара бастаған еді. Қыруар жер көлемі, шексіз табиғи байлығы, 

арзан  жұмыс  күші  осының  бәрі  патша  өкіметінің  назарын  аудармай 

қоймады. Шаруаларды қоныстандыру, әсіресе 1905-1907 жж. революциядан 

кейін,  яғни  Столыпин  реакциясы  кезеңінде  жеделдете  түсті.  Алайда 

экспедициялардың  негізгі  мақсаттарының  осыншалық  сұрқиялығына 

қарамастан,  олардың  берген  мәліметтері  Қазақстанның  маңызды 

территорияларын  жүйелі  түрде  зерттеудегі  алғашқы  талпынысы  еді. 

Столыпин реакциясы кезеңіндегі Қазақстанның Ақмола, Торғай, Орал және 

Семей облыстарындағы Патша  өкіметінің қоныстандыру саясаты мен оның 

іске  асу  барысы  туралы  бай  материалдарды  Ф.А.Щербина,  П.П.Румянцев, 

В.С.Кузнецов  басқарған  статистикалық  экспедициялардың  мәліметтері 

береді.  

           Бірақ  олардың    біреуі  де  көшпелі  шаруашылықты  объективті  түрде 

зерттеді  деп  айта  алмаймыз.  Өйткені  олар  бұл  мәселеге  «Артық  жерлер» 

деген  көзқараспен  қарады  [1.39].  Мыңдаған  жылдық  тарихы  бар  қазақтар 

жүздеген  жылдар  бойы  патшалық  империя  бодандығында  болып  келді. 

Мейірімсіз  империя  өз  құрамына  күшпен  бағындырған  халықтардың  бәрін 

де  орыстандыруға  әрекеттенді.  Шұрайлы  жерінен  айырылған  қазақтың 

шаруашылығы  ХІХ  ғ.  аяғында  күрт  құлдырап  кетті.    Қазақ  жеріне  жаудай 

тиген  патша  отаршылары  өздерінің  қылмыстық  әрекетін  бүркемелеу  үшін 

«көшпелі  шаруашылық  зиянды,  олар  табиғаттың  жауы»  деген  «тұжырым» 

жасап,  қазақтарға,  отырықшылыққа  көшудің  пайдалы  екендігін  жан-жақты 

уағыздай  бастады.    1907  ж.  патша  өкіметі  жергілікті  халықты  жерге 

орналастыру  мәселесі  бойынша  әртүрлі  министрліктердің  өкілдерімен 

ведомствоаралық кеңес өткізді. Кеңес мынадай шешім шығарды: 

         а)  отырықшылыққа  көшкісі  келетін  қазақ  шаруаларын  қоныстанушы 

орыс шаруаларының құқымен теңестіру; 

         ә) ал  көшпенділікте  қалатын  қазақ тұрғындарына жарамсыз жерлерді 

 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Нұрланбекова Р.Б., Атығаев Ә.Ә.  Ресейдің орыс шаруаларын қоныстандыру саясатының кейбір...  

 

 



    

 

146 



қалдыру немесе оларды далалық бос аудандарға көшіру;         

 

б)  қазақтардың  жерді  орыстарға,  кулактарға  және  өнеркәсіпшілерге 



жалға  беруіне  кеңірек  мүмкіншіліктер  беру.  Мінекей,  осындай  сұрқия 

саясатты  жүзеге  асыру  мақсатында  патша  өкіметі  қазақтың  далалық 

облыстарын  статистикалық  зерттеу  үшін  арнайы  экспедициялар 

ұйымдастырылды.  1896  ж.  бұрынғы  жер  және  мемлекеттік  мүлік 

министрлігі далалық өлкені отарлауды ұлғайту мақсатында белгілі земство 

статисі  Ф.Щербина  басқарған  экспедицияны  жабдықтайды.  Статистер  мен 

агрономдардан  құралған  бұл  экспедиция  өлкеде  алты  жыл  жұмыс  істейді. 

 

Қазақтың жер шаруашылығын зерттеу мақсатымен патшалық империя 



құрған  экспедиция  құрамына  Ә.Нұрмұхаммедұлының  кіруі  оның  өз 

ойындағысын жүзеге асыруға азды-көпті жол ашты. Экспедиция жұмысына 

Әлиханнан  басқа  да  қазақтар  қатысқанын  айту  қажет.  Олар  - 

Д.Сатыбалдыұлы, 

Е.Итбайұлы, 

М.Шомбалыұлы, 

тағы 

басқалар. 



Экспедицияның  алдына  қойылған  міндет  –  қазақ  жеріне  қоныс  аударушы 

орыс шаруаларына «артық жер» көлемі-бөліктерін анықтап, кесіп беру. Оны 

жүзеге  асыру  үшін  экспедиция  мынандай  мәселелерді  зерттеп,  шешіп  алу 

қажет  еді.  Біріншіден,  көшпелі  шаруашылықтың  жер  пайдалану  әдіс-

тәсілдерінің  заңдылықтарымен  жете  танысу.  Екіншіден,  қазақтарды 

ауылдық  қауымға  бөліп,  оларды  шаруашылық  жүйе  бойынша  бөлу. 

Үшіншіден,  сол  жеке  шаруашылықтарда  төрт  түлік  малдан  қаншасын 

бағып-қағуға  болатынын  есептеп  шығару.  Төртіншіден,  әр  түліктің 

жайылымдық жер нормасын анықтау. Бесіншіден, этникалық, жағрапиялық 

ерекшелігін  тарихи  дамуы  тұрғысынан  зерттеу.  Бұл  жұмыс  күрделі  де 

жауапты міндет еді. 

Ф.А. Щербина басқарған экспедиция 1896 жылдан 1901 жылға дейінгі 

уақыт  аралығында  жұмыс  жүргізіп,  жалпы  саны  он  екі  уезді  қамтыды. 

Атқарылған жұмыс нәтижесі бойынша – 13 томнан тұратын ғылыми зерттеу 

еңбегін баспадан бастырып шығарды. [2.86-91]. Щербина Федор Андреевич 

(1849-1936)  халықшыл,  земство  статисі.  1895  ж.  егін  шаруашылығы 

министрлігі орыс шаруаларын қоныстандыру қорына алу мақсатымен қазақ 

жерлерінің  «артығын»  анықтау  үшін  экспедиция  ұйымдастырды.  Ол 

Ф.А.Щербина  экспедициясы  деп  аталды.  Экспедиция  1896-1902  жылдары 

Қазақстанның  орталық  және  солтүстік  облыстарының  (Ақмола,  Семей, 

Торғай) 12 уйезін зерттеді. Экспедицияның жинаған материалдары негізінде 

12  том  еңбек  жарияланды.  Онда  XVIII  ғ.  аяғы  мен  ХХ  ғ.  басындағы 

қазақтардың шаруашылықтары және әлеуметтік жағдайы жөнінде көптеген 

деректер бар [3]. 1896 ж. «Дала облыстарын зерттеу жөніндегі экспедиция» 

жұмыс  істей  бастады.  Экспедиция  міндетіне  –аумақты  табиғи-тарихи 

жағынан  зерттеп,  суреттеу,  жер  түрлерін,  бұл  мәселедегі  ауылдар  мен 

облыстардың  маңызын,  шаруашылық  жүргізу,  жерді  пайдалану  тәсілдерін 

анықтау кірді.  

Экспедицияға    қатысушылар    арасында   экономистер,    ботаниктер, 

         

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Нұрланбекова Р.Б., Атығаев Ә.Ә.  Ресейдің орыс шаруаларын қоныстандыру саясатының кейбір...  

 

 



    

 

147 



топырақтанушылар,  агрономдар  болды  [4.  25-26].  1894  ж.  ІІ  Николай  дала 

генерал-губернаторының  есебіне  ескертуінде  Ақмола  және  Семей 

облыстарының көшпелі халқының пайдалануындағы бос жерлердің сапасын 

тез  арада  зерттеу  мен  мөлшерін  анықтау  қажет  екенін  атап  өтті.  Мұндай 

зерттеуді  ұйымдастыру  Сібір  темір  жолы  комитетінің  міндетіне 

жатқызылды.  Комитеттің  бастамасы  бойынша  белгілі  земство  статистігі 

Ф.А.Щербинаның  басшылығымен  далалық  облыстарды  зерттеу  жөнінде 

экспедиция  ұйымдастыру  соның  нәтижесі  болды.  1896-1903  жж. 

аралығында  экспедиция  Ақмола,  Семей  және  Торғай  облыстарының  12 

уезіне статистикалық сипаттама жасап, қазақтардың шаруашылығы туралы 

бағалы  мәліметтер  жинады.  Үкімет  экспедиция  қызметкерлерінің  алдында: 

алуға  арналған  жердің  мүмкіндігінше  көп  мөлшерін  табу  және  олардың 

егіншілік үшін жарамдық дәрежесін анықтау міндетін қойды.  

 

Щербина  1896  ж.  іске  кірісіп,  5  жыл  ішінде  Көкшетаудан  бастап 



Ақмола, Семей облыстары мен Ақтөбе, Қостанай уездерін зерттеп шыққан. 

Ақмола мен Семей облыстарын зерттеп болған соң экспедиция Ақтөбе мен 

Қостанай  уездерін  зерттеуге  кірісті.  1898  ж.  Қостанайдың  солтүстіктегі  6 

жарым  болысын  зерттеп  болып,  санағы  картасы,  жерінің  ауданын, 

ауысқанын  баяндама  қағазымен  Торғай  облысының  әскери  губернаторы 

Барабашқа  жіберген.  «Көп  жерлердің  (мәселен,  Ақмола,  Семейдің  кейбір 

уездерінің  Қостанай,  Ақтөбенің  оңтүстік  болыстарының)  нормасын  сол 

жерлердің  табиғат-шаруашылық  жағдайына  қарап  шығармай,  алғашқы 

норма  кесілген  жерге  сүйеніп  жанастырған»  дейді.  Экспедицияның 

жұмысына  жұмыс  істеген  жылдардың  өзінде-ақ,  әсересе,  қазақтардың  жер 

пайдалану нормаларына қатысты көп ескертулер жасалды. Солай бола тұрса 

да,  ішінара  осы  есептеулер  бойынша  1893-1905  жж.  далалық  облыстарда 

4074180 десятина, оның ішінде Ақмола қоныстандыру ауданында  -2550202 

десятина,  Семейде  –  499566  десятина  жер,  Торғай  –  Орал  ауданында  -

1024412  десятина  жер  тартып  алынды.  Барлығы  18  миллион  десятина 

алынуға  тиіс  болатын.  Алайда  көп  ұзамай  бұл  цифрлар  үкіметті 

қанағаттандырудан қалды.  

Қазақтардың  жерді  пайдалану  нормаларын,  оларды  кеміту  жағына 

қарай  қайта  қарау  туралы  және  жаңа  экспедицияның  зерттеу  қажеттігі 

туралы  мәселе  қойылды.  Щербина  санағына  сеніңкіремей,  әуелгі  жылдары 

«артық»  деп  көрсетілген  жердің  25%-ын  ғана  қазақтан  алуға  болатын, 

экспедиция  «артық»  деп  көрсеткен  жер  тез  арада  алынып  бітті. 

Ф.А.Щербина 

экспедициясының 

деректері 

бойынша 


қазақ 

шаруашылықтары  үшін  аймаққа  және  басқа  жағдайларға  қарай  жер 

пайдаланудың  ең  төмен  нормасы  110-209  десятина,  ал  ең  көбі  187-510 

десятина 

болса, 

1904-1908 



жылдардағы 

қайта 


ұйымдастырған 

экспедициялардың деректері бойынша олар тиісінше 70-125 десятина және 

119-219  десятина  болды.  Сөйтіп  36-40%-дан  36-57%-ға  дейін  төмендетілді 

Ресей   империясының    ХІХ ғ.   соңы  ХХ ғ.  кезіндегі   қазақ    шаруаларын 



         

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Нұрланбекова Р.Б., Атығаев Ә.Ә.  Ресейдің орыс шаруаларын қоныстандыру саясатының кейбір...  

 

 



    

 

148 



орналастыруға  байланысты  шаралары  отарлық  сипатта  болғанында  дау  жоқ. 

[5.122-137].  1907  жылы  Столыпинның  аграрлық  реформасының  талаптарын 

және  ведомствоаралық  кеңестің  заңдарын  орындау  мақсатында  қазақтардың 

жерді  пайдалануын  қайта  қарау  қажеттігі  туады.  Осыған  байланысты  1907 

жылы қазақ даласына статист В. Кузнецов басқарған жаңа экспедиция шығады. 

Олар  бұрынғыны қайта  қарап,  оның берген мөлшерін  кемітіп,  «артық»  жердің 

көлемін ұлғайту мақсатын қояды. Ең бірінші Ақмола облысының Көкшетау уезі 

қаралады. Кузнецов экспедициясы жұмысын 1907 жылы 22 мамырда бастап, 30 

қыркүйекте  аяқтайды.  Жұмыс    Д.И.  Дзюба,  Ф.Ф.Караваев,  В.Ф.  Измайлов  пен 

Н.Д.  Шлезингердің  бірігуімен  басқарылған  үш  партиямен  жүргізіледі. 

Партияның құрамына тіркеушілер ретінде Н.И. Дубенецкий, А.С. Боштаев, И.А. 

Никольский, В.О.Бурыгин, А.В. Быков, Н.Н. Нұрсейтов, Х.С. Сәрсембаев және 

Х.Т. Темірбеков болған. 

Жергілікті  жерді зерттеу  барысында  карточкалық  жүйемен  барлық  қазақ 

тұрғындары,  шаруашылықтары  саналып,  шаруашылық  жағдайлары,  жеке 

ауылдар  мен  қауымдық  топтардың  жер  пайдалану  тәртіптері  жалпылама 

қаралады.  Санақ  партия  меңгерушілерінің  нұсқауы  мен  бақылауы  арқылы 

тіркеушілер  тарапынан  жүзеге  асырылады.  Негізгі  жұмысқа  қосымша 

жайылымдар  жөнінде  мағлұматтар  жиналып,  бюджеттік  сипаттама  жасалып, 

бидай мен шөптің шығымдылығы жөнінде нақтылы мәліметтер алу мақсатында 

кішігірім  шабындықтар  мен  жыртылған  учаскелер  өлшенеді.  Жергілікті 

халықтан  мәлімет  жинау  көші-қон  үстінде,  жаздық  жайылымдарда  жүргізіле 

берген.  Әрбір  қожайын  өзіне,  өз  отбасы  мен  шаруашылығына  есеп  береді. 

Қазақтар  бұл  сұрауға  жоғары  ынтамен  қатысады.  Қожайындардың  өздері 

болмаған жағдайда отбасынан бір адам, ал олар немесе туысқандары болмаған 

кезде  көршілері  сұрауға  шақыртылған. Практикалық  жұмысқа  кірісер  алдында 

экспедицияның  барлық  құрамы  В.  Кузнецовтың  қатысуымен  бірнеше  мәжіліс 

өткізіп, онда өздерінің алдына қойған міндеттерін, жұмыс жағдайларын, оларды 

орындаудың әдісі мен тәсілдерін талқыға салады. Бұл мәжілістерге партияның 

құрамына енгізілген қазақ тілмаштары да қатыстырылды. Экспедиция жұмысы 

мынадай тәртіппен жүзеге асырылады. Материалға тыңғылықты қарау, есептеу 

және  іріктеу,  кейбір  карточкаларды,  ауылдық  және  қауымдық  бланкілерді 

сәйкестендіру  Дзюбе  мен  Караваевқа  жүктеледі.  Рулық  қатынас  жөніндегі 

материалдарды  жүйелеу  және  әр  түрлі  кестелерді  түзу  В.Измайловқа 

тапсырылады.  Никольский,  Дубенецкий,  Быков  және  Бурыгин  есеп  жүргізеді. 

Ауылдық  және  қауымдық  кестелерді  Старчевский,  А.Коль  және  А.Шебеко,  ал 

комбинациялық  кестелерді  В.Старчевский  мен  Быков  дайындайды.  Мұнымен 

қатар  қауымдық  жер  пайдалану,  кәсіптік  және  шабындық,  жайылымдық 

жерлерді толық пайдалану  жөнінде    кестелер    түзіледі.    Қайта    жүргізілген    

зерттеудің нәтижелері  қажет  деп  табылған   жерлерде  1896  жылғы  бірінші 

санақтың көрсеткіштерімен салыстырылған. 

         

Барлық  жағдайда  қайта  зерттеу  бірінші  экспедицияның  жолымен  жүреді. 

Жер 


пайдалану 

түрлері, 

қауымдардың 

саны 


анықталады, 

кейбір 


шаруашылықтар  оларды  топтар  мен  түрлеріне  қарай  бөлуге  мүмкіндік 

болатындай   тыңғылықты    зерттеледі.   Бюджеттік   көрсеткіштер    бірінші

  

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Нұрланбекова Р.Б., Атығаев Ә.Ә.  Ресейдің орыс шаруаларын қоныстандыру саясатының кейбір...  

 

 



    

 

149 



экспедиция  мәліметінен  алынады,  бірақ  қайта  зерттеу  кезінде  де  олар 

толықтырылады.  Тұрғылықты  халықтың  негізгі  тамағы  болып    табылатын  ет 

және  оның    шығыны  мен  сұранысы  жөніндегі  жалпы  көрсеткіштерді  жинауға 

ерекше 


көңіл 

аударылады. 

Ерекше 

назар 


жайылымдардың 

толық 


пайдаланылатын  көлемі  туралы  көрсеткіштерді  жинауға  аударылады.  Бұл  бір 

бас малды асырауға қанша жайылым, қанша шабындық жер қажет, яғни толық 

орташа  шаруашылықтың  мөлшерін  анықтауға,  барлық  статистикалық 

жұмыстың негізгі бөлімі болып табылатын жер мөлшерінің көлемін белгілеуге 

тікелей  ықпал  ететін  еді.  Бірінші  экспедиция  жайылымды  толық  пайдалану 

туралы  тек  55  топ  (тұрмыс  деңгейінің  көрсеткішіне  қарай)  бойынша  мағлұмат 

жинай  алған.  Бұл    бұрынғы  қазақтардың  пайдаланған  жер  көлемінің  4%-ын, 

яғни 235,287 десятина жерді құрайды. Бұл сияқты болмашы мағлұматтар бір бас 

жылқыны  асырауға  қанша  жайылым  қажет  екендігін  дұрыс  көрсетуге  кері 

әсерін тигізетін еді.  

Осындай  кедергілерден  қашу  үшін  қайта  зерттеу  кезінде  уездердегі 

барлық  ауылдардағы  жайылымдардың  әр  түрлерінде  малдардың  жайылымы 

туралы 

толық 


және 

нақты 


мағлұматтар 

жинауға, 

жерді 

толық 


пайдаланылатындығы  туралы  жағдайдың  неғұрлым  көп  мөлшерін  іздестіріп 

табуға мүмкіндік жасалады [1. 39-40]. 

          Петр  Петрович  Румянцев  (1870-1925)  -  тарихшы,  экономист,  Қазақстан 

тарихын зерттеуші. Ол Жетісудағы қазақ, қырғыз, орыс және ұйғыр халықтары 

арасынан  шыққан  экспедицияны  басқарды.  Румянцевтің  зерттеу  тақырыбы 

қазақ хандықтары құрылған кезден бастап, ХХ ғ. бас кезіне дейінгі қазақтардың 

тарихы  болды. Ол қазақ шаруаларын  кедей шаруа,  орта  шаруа,  бай  шаруа  деп 

үш топқа бөлді. Румянцевтің қазақ қауымы жөніндегі зерттеулері, ол басқарған 

экспедицияның материалдары қазақ тарихында құндылығын жойған жоқ. 1907-

1910 жылдары қоныс аудару басқармасы Жетісу облысының 138989 қазақ және 

2700  қоныс  аударушылар  шаруашылықтарына  тексеру  жүргізді,  оны  П.П. 

Румянцев басшылық еткен экспедиция жүргізген еді [3]. Қазақ қоғамы өмірінің 

кейбір  әлеуметтік-экономикалық  жақтары  басқа  да  халықшылдар  өкілдерінің 

еңбектерінде  көрсетілген.  Соңғы  жылдардағы  тарихи  әдебиеттерде  Алакөлдің 

орналасқан жері туралы пікірталас жалғасып келеді. Көлдің картасын Аңырақай 

шайқасынан кейін 180 жыл өткен соң ХІХ ғ. басында Ресей империясы қоныс 

аудару  басқармасының  П.П.Румянцев  басшылық  еткен  арнаулы  ғылыми 

экспедициясы  жасаған.  Ол  өз  қорытындысында  «Алакөлдің  суы  тұзды-ащы,    

ал     жағалаудан     15-20   шақырым   ұзағанда      тұши  бастайды,  былайша  тұщы 

дерлік»  деп  атап  өткен.  Қоныс  аударушылар    қожалығының    басқа    да  

зерттеушілеріне    сілтеме    жасайтын    белгілі  статистик  П.П.Румянцевтің 

бақылауына қарағанда, қоныс аударған шаруалардың әл-ауқатының өсуі немесе 

құлдырауы  18-20  жылдан  кейін  ғана  шаруашылықтың  мезгіліне  емес,  қайта 

жалпы  экономикалық  жағдайларға  байланысты  болған  [4.80-81].  1904-1905 

жылдары  Патша  үкіметі  Қазақстан  территориясын  қоныс  аударылатын  бес 

ауданға:  Торғай-Орал,  Ақмола,  Семей,  Сырдария  және  Жетісу  аудандарына 

бөлді. Осындай әрбір ауданда құрылған қоныс аудару басқармаларына «Қоныс 

аудару қорын» жасау  үшін  жаңадан  «басы  артық жер» табу міндеті жүктелді.  



         

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 

 

Нұрланбекова Р.Б., Атығаев Ә.Ә.  Ресейдің орыс шаруаларын қоныстандыру саясатының кейбір...  

 

 



    

 

150 



ХХ  ғ.  басынан  былай  қоныс  аудару  қозғалысы  үдей  түсті.  1896  жылдан  1905 

жылға  дейін  уақыттың  ішінде  ғана  Ақмола,  Торғай  және  Орал  облыстарында 

234134  қоныс  аударушы  келіп,  бұлардың  ішінде  183285  адам  қоныстанып 

қалды.  Столыпин  заңдары  күшіне  кіргеннен  кейін  Қазақстанға  қоныс 

аударушылар  толқыны  одан  сайын  көбейе  түсіп,  1907  жылдың  өзінде  ғана 

қоныстанушылар  1906  жылдан  екі  еседей  көп  келді.  Алты  жылдың  ішінде 

(1908 жыл мен 1913 ж. аралығында) Ақмола, Торғай, Орал және Семей қоныс 

аудару аудандарына 400327 адам қоныстанды [6]. Қоныс аударушылар бәрінен 

көп  Ақмола  ауданына,  одан  кейін  Торғай-Орал  ауданына  қоныстанды. 

Сонымен бірге патша үкіметінің қоныс аударту саясаты Қазақстанда аграрлық 

қайшылықтардың  шиеленісуіне,  еңбекші  қазақ  бұқарасының  жерсіз  қалып, 

күйзелуіне әкеліп соқты. Қорыта айтқанда, 

Патша  үкіметі  ұйымдастырған  экспедициялар  қазақ  шаруаларына  өз 

зардабын  тигізбей  қоймады.  Шұрайлы  жерінен  айырылған  қазақтың 

шаруашылығы  XIX  ғ.  аяғында  күрт  құлдырап  кетті.  Қазақ  жеріне 

отаршылдардың  ұстанған  саясаты,  қолданған  ебі,  тұтанған  әдісі,  жасаған 

зорлығы қазақ тұрмысын көп өзгеріске ұшыратты.  

Қазақ  жері  жайындағы  ең  мықты  заң-ескі  үкіметтер  кезінде  1891  жылы 

25-наурызда  шыққан  «Степное  положение».  Қазақ  жерін  «артылған»  қылып,-

шығаратын 120-баптың бірінші ескертуі. Қазақ жерін «артық жерді» қалай кесу 

жайында  шыққан  1893  жылы  13  маусымдағы  ережеде  қазақ  шаруасына  зиян 

келместей  қылып  жер  кесіп  алу  керек  дейді.  Отарлау  толқыны  аса  көтерілген 

қарсаңда,  артық  жерді  қалай  біліп,  қазақтың  шаруасына  жерді  қалай  қалдыру 

жайында,  1909  ж.  9  маусымда  нұсқау  шықты.  Қазақ  жерінің  тағдыры  осы  үш 

дүркін  шыққан  -  бір  заң,  бір  ереже,  бір  нұсқауға  байлаулы  еді.  Осылайша 

көшпелілерді бірте-бірте жерсіз қалдырып, татыр  мен  шөлге  иіріп  тастап,  егін 

саларлық  жерден  құр  алақан  қалдырды.  Қазақ  жерлерін  пәрменді  отарлау 

саясаты  іс  жүзінде  өздегеніне  жетті.  Қазақ  елі  XIX  ғасырдың  соңында  көлемі 

ұшан-теңіз жерінен айырылды, оның табиғи байлықтарын игеруге, сөйтіп бұдан 

бұлайғы  уақытта  Қазақтар  өміріне  қуатты  ықпал  етіп,  оны  Ресей  империясы 

саясатының      орбитасына      мықтап      тартуға  негіз  қаланған  еді.  Уақыт  өткен 

сайын  қазақ  елі  шаруашылыққа  қолайлы  жерінен  біржола  айырылып  қалу 

қаупінің  күшейуі   қазақ   шаруаларын  отырықшы  тұрмысқа өтуге мәжбүр 

 

етті.  Көшпелі  мал  шаруашылығымен  қатар  егіншілікті  игеру,  дамыту 



мәселесі қазақтар үшін ауыр тиген. 

                    

 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1.

 



Ерменбетова Г. Қазақ жері қалай зерттелді  //Қазақ тарихы.  -Алматы 2001. № 2. 

2.

 



Құсайынұлы  Қ. Қазақ шаруашылығы отаршылдық  дәуірінде.- Алматы:  Дәнекер, 2001. 

3.

 



Қазақ Совет энциклопедиясы. Щ.Ф.Андреевич - халықшыл, земство статисі. 12 том. 

4.

 



Қазақстан тарихы. Щербина экспедициясы. 3 том -Алматы: Атамұра, 2002.  -762 б.  

5.

 



Шонанұлы Т. Жер тағдыры, ел тағдыры. -Алматы: Санат, 1995. 

6.

 



Демко Д. Орыстардың Қазақстанды отарлауы 1896-1916 жж. -Алматы: Ғылым, 1997. 

 

 

 

 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2010 



 

 

Э.Ө. ЗҰЛПЫХАРОВА  

    

 

151 



тарих ғылымдарының кандидаты, доцент 

А.Ясауи атындағы ХҚТУ 



 

ПАТШАЛЫҚ РЕСЕЙДІҢ ҚОНЫС АУДАРУ САЯСАТЫНЫҢ 

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІГІНДЕГІ  МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ӘСЕРІ 

 

 

В  данной  статье  рассматривается  уменьшение  поголовья  скота  в  связи  с  проведением 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет