Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУДЕ ПАЙДАЛАНУ



Pdf көрінісі
бет10/30
Дата06.03.2017
өлшемі2,46 Mb.
#8313
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   30

 
ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУДЕ ПАЙДАЛАНУ  
 
В  данной  статье  рассматривается  важность  использования  новой  технологии  в 
образовательном  процессе.  Также  говорится  о  привилегиях  использования  новой  технологии  в 
обучении  иностранным  языкам.  Новые  технологии  дают  оптимальную  возможность  овладеть 
иностранным языком. 
 
The article deals with the importance of using new technology in educational process. It tells about 
the  advantages  of  using  new  technology  in  teaching  foreign  language.  New  technologies  give  the  best 
opportunity to learn the foreign language succesfully. 
 
Қай  қоғамда  да  істің  тетігін  маман  шешеді  деген  қағидада  негізінде 
шындық   бар.  Яғни, білім  сапасын  кӛтерудің  негізгі  тетігі  ҧстазға 

73 
 
байланысты.  Сондықтан  мҧғалім  атаулыға  міндеттелетін  жауапкершілік  те 
зор. Жақсы педагог-оқытушы – қазіргі  таңда қоғам ҥшін аса қымбат қазына 
болып есептелмек.  
Қазақстан  Республикасында  бәсекеге  қабілетті  –  Қазақстанның  
экономикасы десек те, жақсы экономикадан демеу алатын, қуатты әлеуметтік 
мемлекеттің қабілетті халқы ҥшін де ең қажеттісі – білім. 
Адам  ӛзі  ӛмір  сҥргеннен  бері әрдайым  оқып  білуге,  ӛз  тәжірибесін  жас 
ҧрпаққа  таратуға  ӛмір  тәжірибесін  сапалы,  мақсаткерлік  тҧрғыда  меңгеруге 
талпынған. Қазіргі уақытта ҧрпақтан-ҧрпаққа ӛмір тәжірибесін беруді жҥйелі 
жҥргізетін – мҧғалім. Сондықтан жастарды ӛмірге даярлау ҥшін қоғам талап 
етіп отырған деңгейдегі бәсекеге қабілетті мҧғалімдерді даярлау қажет. 
Бҥгінгі таңда мҧғалімге қойылатын талаптар: ӛзінің пәнін, баланың жас 
ерекшелігіне  байланысты  білімді  қабылдауын,  ойлауын  және  оларды 
дамытудың шарттарын білу ретінде анықталған. 
Әрбір  мҧғалім  ӛзінің  білімін  оқушыға  жеткізуде,  барлық  техникалық 
оқыту  қҧралдарын  пайдалану  мен  пәндегі  қҧбылыстың  ең  бастысын, 
маңыздысын  кӛрсетуі  қажет.  Қҧбылыстың  нақты  рӛлін  тҥсіндіру  және 
оқушыларға  нақтыдан  жалпыға  ӛтуін  тҥсіндіруде,  материалды  алған  білімді 
қолдануға ҥйретуді қажет етеді. 
Әлеуметтік-экономикалық 
жағдайдың 
тҥзелуі, 
ӛндірістік 
технологиялардың  дамуы,  мҧғалімдерге,  оның  ішінде  ағылшын  тілі 
мҧғалімдеріне  қойылатын  талаптарды  кҥшейтіп  отыр.  Олардың  оқу 
материалдарын,  әрекет  етудің  әр  тҥрлі  әдістемелік  тәсілдері  мен 
ҧйымдастыру  формаларынан  терең  білімі,  эрудициясы,  идеялық  сенімділігі, 
балаға  деген  сҥйіспеншілігі,  ӛзінің  қажетті  сапаны  тәрбиелеуге  ҧмтылысы 
сияқты  негізгі  шарттар  оқытушыны  қамтуы қажет. Басқаша  айтқанда,  шет  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2012 
 
Беркимбаев К.М., Нышанова С.Т.
 
Жаңа технологияларды білім беруде пайдалану
  
 
  
тілін  ҥйретуші  мҧғалімдерден  тек  қана  пәндік  емес,  сонымен  қатар 
психологиялық-педагогикалық білімдерді де талап ету қажет [1]. 
Бҥгінгі  білім  беруді  нәтижелі  жетілдірудің  қҧралы  –  практикаға  жаңа 
оқыту  технологиясын  кіргізуде  батыл  шаралар  қолдану  болып  табылады. 
Сондықтан,  Қазақстан  Республикасында  қабылданған  «Гуманитарлық  білім 
беру тҧжырымдамасы» оқушы ойын дамытуға және шығармашылық қабілеті 
бар тҧлғаны қалыптастыруға бағытталған. Сол себепті бҥгінгі еліміздегі білім 
беру  жҥйесі  оқушылардың  таным  белсенділігін  дамытатын  оқытудың 
дәстҥрлі емес белсенді формалары мен әдістерін кӛптеп енгізуді қажет етуде. 
Қазіргі  кезде  мҧғалімдер  шет  тілі  пәні  бойынша  сабақты  дәстҥрлі  жҥйе 
бойынша  жоспарлаудан  бас  тартуда,  ӛйткені  дәстҥрлі  оқыту  процесінде 
оқушылар  сабаққа  деген  қызығушылығын  жоғалтады.  Педагогикалық 
қҧндылық  тҧрғысыннан  мҧғалім  әрбір  сабақта  оқушыларға  бағдарламада 
кӛрсетілген  бір  тақырыппен  шектелмей  оқушының  тҧлғалық  қалыптасуын 
жҥзеге  асыруы  тиіс.  Сондай-ақ  мҧғалімдер  оқушылардың  белсенділігін 

 
74 
басқаруды,  оқушыларға  бірте-бірте  қиын  тапсырмаларды    беріп,  талаптар 
қойып, әр тҥрлі әдістерді пайдалануды мақсат етуі тиіс. 
Жалпы  мектепте  немесе  жоғары  оқу  орындарында  болсын,  оқытудың 
нәтижелі  болуы  кӛптеген  факторларға  байланысты,  оның  ішінде 
педагогикалық (оқыту технологиясына) технологияға: 
1.
 
Нені оқыту керек? 
2.
 
Не ҥшін оқыту керек? 
3.
 
Қалай оқыту керек?          
міндеттерін шешуге бағытталса, оқыту технологиясы ең алдымен ҥшінші 
сҧраққа бір ғана толықтырумен жауап береді: 
Қалай нәтижелі етіп оқыту керек? 
Оқыту  нәтижелі  болуы  ҥшін  педагогикалық  жҥйені  жетілдіру  қажет. 
Оны  жетілдіру  интенсивті  және  экстенсивті  жолдармен  жҥзеге  асырылады. 
Педагогикалық  жҥйе  қҧрушы  элементтердің  (мҧғалім;  оқушылар; 
педагогикалық  технология;  мазмҧн;  оқытудың  формаларын,  әдістері, 
қҧралдары.  Қазіргі  уақытта  экстенсивті  жетілдіру  оқу  процесін 
компьютерлендірумен  жҥзеге  асырылады.  Қалған  жҥйе  қҧрушы  элементтер 
ішкі  резерв  негізінде  жетілдіріліп  қарастырылады.  Педагогикалық  жҥйедегі 
оқытуды жҥзеге асыру технологияға байланысты [2]. 
Оқыту технологиясының мақсаты – неғҧрлым ҧтымды жетістіктерге қол 
жеткізу,  оқытудың  мҥмкіндіктерін  және  формаларының  жҥйесін  кӛрсететін, 
оқу  бағдарламарында  қарастырылған,  оқытудың  мазмҧнын  жҥзеге  асыру 
тәсілдері.  Сонымен  оқыту  технологиясындағы,  оқытудың  мазмҧны,  әдістері 
және  мҥмкіндіктері  ӛзара  байланыс  тҥрінде  болып  табылады.  Оқушының 
педагогикалық  шеберлігін  қажетті  білім  мазмҧнын  таңдап  алумен,  ҧтымды 
әдістерді  қолданумен  және  бағдарламада  қойылған  педагогикалық 
міндеттерге сәйкес оқыту  қҧралдарының  мҥмкіндіктерін  айқындап алуынан 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2012 
 
Беркимбаев К.М., Нышанова С.Т.
 
Жаңа технологияларды білім беруде пайдалану
  
 
  
кӛрінеді. 
Н.Ф.Талызинаның  пікірінше,  «Оқыту  технологиясы»  термині  ҥш 
аспектіде  бейнеленеді:  оқу-тәрбие  жҧмыстарын  және  оқыту  әдісі  мен 
технологиясын,  оның  техникалық  жабдықтауын  ҧйымдастыру,  яғни 
мҧғалімнің конструктивті шешім қабылдауына қажетті білім жиынтығы. 
Ал,  бҥгінгі  таңда  оқыту  технологиясы  –  оқу  бағдарламаларында 
қарастырылған  алға  қойған  мақсатқа  жетудің  тиімділігін  қамтамасыз  ететін 
оқытудың  әдіс,  қҧрал  тҥрлерінің  жҥйесі  арқылы  оқыту  мазмҧнын  жҥзеге 
асыру жолы.  
Оқыту технологиясының негізгі мақсаты – берілген ҥлгі бойынша «ӛнім» 
алу,  оқытудың  тиімділігін,  сапасын  кӛтеру.  Оқыту  технологиясы  білім 
берудің  тиімді  жолдарын  зерттейтін  ғылым  ретінде,  оқыту  ҥдерісінде 
қолданылатын  тәсілдер,  принциптер  мен  реттеудің  жҥйесі,  нақты  оқыту 
ҥдерісі ретінде сипатталады.  
Қазіргі  таңда  жоғары  оқу  орындарында,  орта  мектепте  «шеберхана» 

75 
 
технологиясымен  оқыту  қолға  алынуда.  Шеберхана  деп  аталатын  оқыту 
сипаты негізінен тӛмендегі мақсатты жҥзеге асыруды қарастырады.  
Оқытудың мақсаты:  
-
 
оқытушылық: 
мәселені 
қою 
ептілігіне 
баулу: 
жауапты 
шығармашылық тҧрғысынан іздеу іскерлігіне баулу;  
-
 
дамытушылық: креативті іскерлікті дамыту;  
-
 
тәрбиелеушілік:  ӛзінің  шығармашылық  қабілеттеріне  сенімділікті 
тәрбилеу;  
Аталған  оқыту  технологиясы  арқылы  оқытудың ӛзіндік  шарты бар.  Ол: 
педагогтардың шеберханалық оқытуы, шеберхананы шеберше жҥргізуі керек 
[3].  
Шеберхананы  жҥргізу  тәжірибесін  талдап  қорытуға  және  жалпы 
алгоритмдік тҧрғыдан тӛмендегідей кӛрсетуге болады (И.А.Мухина):  
-
 
индукция кезеңі; 
-
 
материалмен жҧмыс жасау; 
-
 
әлеуметтендіру; 
-
 
рефлексия;  
Индукция кезеңінде оқушы, студент алдына мәселе қойылады. Дәстҥрлі 
оқытуда мәселе болмайды немесе оны мҧғалім қалыптастырады.  
Шеберханада  мәселені  қатысушылар  қояды.  Тапсырма  оқушының, 
студенттің  қажеттілігіне  жақын  қойылуы  қажет,  олардың  бар  тәжірибесіне 
сҥйенуі қажет. Қойылған мәселе материалдары (сӛздер, заттар, суреттер және 
т.б.) студенттерге тҥсінікті болуы керек.  
Материалмен жҧмыс жасау кезеңінде материалды талдайды және ақылға 
сыймайтын  идеяларды  ҧсынады.  Бҧл  кезеңде  балаларға  қандай  да  бір 
шығармашылық  тәсілдерді  айтуға  болады.  Мысалы,  не  болар  еді,  егер  де  ... 
қағазға қаламмен сыз, тҥрлі сӛздерді, сӛз тіркестерін аудар және т.б. 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2012 
 
Беркимбаев К.М., Нышанова С.Т.
 
Жаңа технологияларды білім беруде пайдалану
  
 
  
Бірінші    кезеңде  әрбір    оқушы  ӛз  бетінше  қағазбен  жҧмыс  жасайды.  
Кейбір  жағдайда  шеберханада  жҧмысты  топпен  бірден    бастауға  болады.  
Әрбір    варианттың    ӛзінің    оң  және    теріс жағы болады.    Жеке-дара  жҧмыс 
кезінде    әрбір  оқушының  ойын    топтастыруға,  мәселені  ӛзінің    шешуін 
іздеуге,  басқа  оқушылардың  ойларының  ықпалына  ҧшырамауға  мҥмкіндігі 
бар болады. 
Келесі кезекте,  егер жеке дара жҧмыс осыған дейін болса,  онда аз топта 
талқылау болады.  Бҧл кӛрініс барлығына аралық  ӛзінді нәтиже болады.  Бҧл 
кезеңді  француз  педагогтары  «әлеуметтендіру»  деп  атаған.  Осы  кезеңде 
оқушы ӛзінің  жҧмысын тҥзетуі, толықтыруы мҥмкін. «Материалмен жҧмыс» 
және  «әлеуметтендіру»  кезеңдері  шеберхана жҧмысы барысында  кездесуі 
мҥмкін. 
Осы  кезеңдердің  ішіндегі рефлексия  (сананың ӛзіне назарын аударып, 
ӛзінің  психикалық  кҥйіне  ой  жҥгіртуі).  Оқушылар  шеберхана  жҧмысы 

 
76 
барысындағы    туындаған  ӛздерінің  сезімдері  туралы  айтады.  Оқушылар 
ӛздерінің  сезімдерін  сезінуді  және  оларды  айтуды  ҥйренеді.  Бҧл 
шеберхананың  басты сәті  және сондықтан  шеберхананы тек педагогикалық 
қана  емес,    сондай-ақ    психологиялық    деп  те  айтады,  ол  жерде  
оқушылардың    психологиялық  тҧрғыдағы  материалдармен    жҧмыс  жасауы 
жҥреді.    Бҧл  кезеңде  оқушылар    бҥгін  неге  қол    жеткізгенін  хабарлауы 
мҥмкін.  
Шеберхананы жҥргізуде тӛмендегі мәселеге кӛңіл  бӛлу қажет. 
-
 
қатысушылардың  барлығының, оның ішінде педагогтың  да теңдігі; 
-
 
іс-әрекет  процесінде    оқушылардың    еркінен  тыс    қатысуын  
қарастырмау; 
-
 
Бағаның  болмауы  (дәлірек  айтқанда  белгінің,  бағалау  болады  және 
болуы қажет, тек оң баға қойылуы тиіс); 
-
 
Қарсыластық, жарыстың болмауы; 
-
 
Жеке-дара және топтық  жҧмыстардың кезектесуі; 
-
 
Шығармашылық  нәтижесі  емес,  процестің  ӛзі  бастысы  болып 
табылады; 
-
 
Пайдаланылатын материалдардың  әртҥрлілігі; 
-
 
Әрбірінің ӛзінің таңдауына жауапкершілігі
Бҧл  технология  педагогтың  негіздемелі  даярлығын  талап  етеді.    Егер 
педагогтың  аудиториядағы, сыныптағы шығармашылығын  ҧйымдастыруда  
даярлығы жеткіліксіз болса,  онда технологияны  (шеберхананы)  пайдалану 
теріс  нәтиже  кӛрсетеді.  Оқыту  жҧмысын  ҧйымдастырудың    негізгі  тҥрі  
аудиториялық   сабақ жҥйесі екені баршамызға  мәлім.    Олай  болса,    бҥгінде 
білім беру саласын реформалау жағдайында жоғары оқу орны  тәжірибесінде  
сабақтың  қалыптасқан дәстҥрлі  тҥрлерінен басқа,  дәстҥрсіз, яғни  бейресми 
тҥрлері  пайда  болуда.  Олар  кӛбінесе  оқытудың    жеке  әдістеріне  негізделіп 
қҧрылуда. Ондағы мақсат - әрбір сабақтың оқу-тәрбиелік мҥмкіншіліктерінің  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2012 
 
Беркимбаев К.М., Нышанова С.Т.
 
Жаңа технологияларды білім беруде пайдалану
  
 
  
мол екендігін  кӛрсете отырып, оны жаңа   сапалық  сатыға  кӛтеру. Олардың  
қатарына  ойын,    театр,  жарыс,  телекӛпір,  саяхат,  аукцион,  т.б.  жатқызуға 
болады.  
Бірақ,  жоғарыда аталған сабақтың  дәстҥрлі емес тҥрлері  - оның  жаңа 
немесе  жеке  тҥрлеріне  жатпайды.  Себебі  ондай  сабақтардың    дидактикалық  
қҧрылымы  анықталмаған,  ешбір    дидактикалық  қағидаларға    негізделмеген. 
Сабақта қолданылатын дәстҥрлі емес жеке тәсіл-амалдарға жататындары:  
-
 
жҧмбақтар; 
-
 
мақал-мәтелдер және т.б. 
-
 
компьютерлік 
технология, 
оған: 
қашықтықтан 
оқу, 
оқыту 
бағдарламасы (обучающие программы);  
-
 
ойын  технологиясы:  еліктеушілік-ҥлгілеу  ойындары  «Имитатио»  - 
латын  тілінде  -    еліктеу,  боямау  немесе  жасанды  (подделка)    деген    тҥсінік 

77 
 
береді,  жағдаятты-рӛлдік  ойындары  (ситуативно-ролевые  игры),    және 
«дӛңгелек стол»  формасындағы  әңгіме, пікірсайыс, пресс-конференция т.б. 
-
 
жоба  әдісі  (ізденушілік  жобасы,  ақпарат  жобасы,  пәнаралық  жоба, 
рӛлдік-ойын жобасы, шығармашылық жобасы,  халықаралық жоба). 
Нақтылы  педагогикалық  ҥдерісті талдап оқыту технологиясын  жобалау 
процесі деп атауға болады.  Оның  қҧрылымы мынадай болып келеді: 
-
 
оқу  жоспары және бағдарламасына сай оқытудың  мазмҧнын таңдау, 
яғни  жобалау  барысында  білім  алушыларда  қандай  кәсіптік  және  тҧлғалық  
сапа қалыптасады, міне соны анықтау
-
 
мақсаттарға    немесе  басымды  бір    мақсатқа  негізделіп    оқыту 
технологиясын таңдау; 
-
 
оқыту технологиясын талдап жасау. 
Ағылшын  тілін  ҥйрету  кезінде  осындай  тәсілдер    нақты  нәтиже  береді. 
Тәжірибе кӛрсеткендей,  бҧл әдістер студенттердің жан-жақты  ӛсуіне  ықпал 
етеді.  Сонымен    қатар  олар  студенттердің  фантазиясын,  ойлау  қабілетін 
кҥшейтеді.  
Қызмет  деңгейі    жоғары педагогтар  негізгі    уақытты  тапсырманың  ӛзін 
шешуге  емес,  оларды  шешу  тәсілін  оқытуға  қолданады.    Егер,    берілген 
тапсырманы  сыныптан    ешкім  орындай  алмаса,    онда  педагог    оны  оңай  
әдіспен  алмастыруға  асықпайды,  онымен    айқын    және    жасырын  шарттар 
мен  мәліметтер  арасындағы    ӛзара  байланыстар  тҧрғысында  зерттеулерді  
жалғастырады  және    содан  кейін  табылмаса,  оны  оңайлатуға    ҧсыныс 
жасайды  [4].  Егер,  осындай    тҥрде  де  тапсырманы    оқушылардың    ӛздері  
шеше  алмаса,  онда  ол  тағы  да  оңайлатылады.    Мҧнда  оңайлату  тәсілін 
оқушылар ӛздері іздейді.  Тапсырма  шешілмейінше осылай жалғаса береді. 
Сонан  соң  бҧрын  орын  алған    жағдайдың    есебінен  тапсырманың  біртіндеп 
қиындауының  кері  процедурасы  жҥзеге  асырылады  және    оларда  қандай  да 
бір тапсырманы шешуде талдап қорыту біліктілігі қалыптасады.  
Оқу-танымдық қызметін ҧйымдастырудың  тҧтас технологиясында, бҧл   
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2012 
 
Беркимбаев К.М., Нышанова С.Т.
 
Жаңа технологияларды білім беруде пайдалану
  
 
  
шын мәнінде, оқушылардың  оқу тапсырмаларын  шешу процесін басқаруға 
болады,  ҧғымдарды  анықтау  мәдениетіне  оқыту  маңызды  элемент  болып 
табылады.  Оқушылар  бҧл    жҧмыс  кезінде  жалпы  пәнді  зерделеуде 
анықтаманың ҧйымдастырушы  рӛлін тҥсіне бастайды.  
Жаңа оқыту технологиясы, мысалы, модаға қалыптасып қалған кӛзқарас 
емес,  керісінше, ғылыми жаңалықтың  ашылуына  себепші  болған ғылыми 
ізденістің  нәтижесі  ретінде  пайда  болады.  Олай  болса,    кибернетика  және 
есеп машинасы бағдарламаларының пайда болуы оқыту ҥдерісінің жетілуіне 
себепші  болды;  адам  баласының  ойлау    заңдылықтарына    қатысты  зерттеу 
нәтижелері    проблемалық    оқытудың    дамуына  ықпал  етті.    Іс-әрекеттік 
кӛзқарас  психология  және    философия  ғылымында  адамның    іс-әрекетіне  
байланысты зерттеулерінің нәтижесінде  пайда болды.  

 
78 
Жалпы оқыту жҧмысын ҧйымдастырудың  қандай формасын  қолдансақ 
та,  сабақтар  жҥйесінде  олардың    кӛздейтін    мақсат-міндеттері,  мазмҧны  
ӛзара  бір-бірімен    байланыста,  бірін-бірі  толықтыратындай  жағдайда, 
оқушылардың  білім дәрежесін нығайтып, жетілдіруде едәуір  кӛмек етеді. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР  
 
1.
 
Әбілқасымова А.Е. Қазіргі замандағы сабақ.- Алматы, 2004. -217 б. 
2.
 
Гез Н.И., Ляхавицсктй М.Н. Методика обучения иностранного языка в средней школе. 1982. 4-17с. 
3.
 
Сабыров Т. Болашақ мҧғалімдердің дидактикалық дайындығын жетілдіру. - Алматы, 1999. – 80 б. 
4.
 
Әбенбаев С. Дәстҥрлі емес сабақ турасында // Қазақстан мектебі, №2, 2003. -40 б. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2012 
 
 
Қ.ЕРАЛИН  
педагогика ғылымдарының докторы  
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің профессоры 
 
СӚЗБЕН СИПАТТАУ АРҚЫЛЫ САЛЫНҒАН ПОРТРЕТ  
 
В  статье  раскрываются  некоторые  вопросы  создания  словесного  портрета.  Анализируется 
методика  сбора  материала  для  создания  словесного  художественного  образа  портретируемого. 
Определяются  этапы  сбора  подготовительного  материала,  рисунка  для  создания  образа 
исторической личности в картине.  
 
The article deals with some of the issues of creating word portrait. We analyze the material collection 
methodology for creating an artistic image of word portrait. The phases of the collection of the preparatory 
material for drawing an image of a historical figure in the painting are determined. 
 
Қазақ  бейнелеу  ӛнерінде  ӛркен  жайған  жанрдың  бірі  портрет  жанры. 
Портреттердің  ішінде  ерекше  бір  тҥрі  айту,  ауызша  сипаттау  арқылы 

79 
 
салынған  ӛмірден  ӛткен,  фотосуреті  қалмаған  адамдардың  бейнесі.  Мҧндай 
суреттер сол адамды кӛз кӛргендердің ауызша сипаттауын негізге ала отырып 
салынады.  Сондықтан  оны  «ауызша  портрет»  деп  атайды.  Бҧл  портреттерді 
салу  барысында  тек  қана  бас  бейнесін  бейнелеумен  шектеліп  қоймай  кеуде 
мен  жалпы  тҧлға  кӛрінісін,  адамның  жеке  даралық  қасиетін,  мінез-қҧлқын, 
қоғам ҥшін еткен қызметін кӛрсетуге мән беріледі. 
 
Қазақ  бейнелеу  ӛнерінде  Амангелді  Иманов,  ақын  Сара,  кҥйші 
Қҧраманғазы,  Жолан  батыр  портреттері  осындай  ізденіс  негізінде  жазылған 
портреттер.  Ӛмірде  болған  бірақ  фотобейнесі  қалмаған  адамның  кӛркем 
бейнесін жазу ҥшін суретші кӛп ізденіс жасайды [1].  
Егеменді 
Қазақстан 
кезеңінде 
қазақ 
батырлары 
мен 
қоғам 
қайраткерлерінің    мҥсіндері  ӛмірге  келді.  Мҥсін  ӛнеріндегі  кӛркемдік 
ерекшеліктерінің  бірі  жауырын  мен  кеуде  ӛлшемдерінің  кӛлемді,  бойы  мен 
ескерткіш тҧғырының биік болуы кӛркемдік ерекше шешім болып танылады. 
Қарасай,  Бӛгенбай,  Райымбек  Қапал,  т.б.  батырлардың  мҥсіндік  образын 
жасауда мҥсіншілер осындай шешімдер қабылдаған. Бірақ қазіргі кезде қазақ 
батырлары портреттерін салғанда олардың бір біріне ҧқсас болып, тҧлғаның 
жеке  даралық  портреттік  сипатын  ашу  барысында  тҧлға  туралы  ізденіс 
жҧмыстарының олқы соғатын жағдайлары кездеседі.  
Сӛз  арқылы  салынатын  портрет  жеке  тҧлға  туралы  терең  зерттеу  негі-
зінде жасалудың маңызы ерекше. Бҧл бағытта жазушы Молдахмет Қаназдың 
Жанқожа  батыр  туралы  ізденістері  назар  аударады.  Жазушының  Халықы 
ҥшін  кеудесін  отқа  тосқан,  ел  тәуелсіздігі  жолында  кҥрескен  еліміздің  адал 
перзенті Жанқожа Нҧрмҧханбетҧлы туралы жазушының ізденістерін ауызша 
портрет жасаушылар ҥшін қажетті ҥлгі ретінде тануға болады.  
Жазушы М.Қаназ халқының азаттығы ҥшін жанын пида еткен Жанқожа 
батыр  еңбегі  еліміздің  тәуелсіздігі  тҧсында  ӛз  бағасын  алғандығын,  оның 
Қазалы,  Арал  ӛңірінде  ӛмір  сҥргендігін,  кезінде  суретке  тҥскен-тҥспегені 
белгісіздігін кӛрсете келіп, батырды кӛзі кӛргендерден қалған  естеліктер мен  
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2012 
 
Ералин Қ. Сӛзбен сипаттау арқылы салынған портрет 
 
  
жазбаша сипаттамаларды сараптап кӛлемді мақала жазған [2].  
Жазушы  «батырдың  фотобейнесінің  бар-жоғы  әлі  тҥбегейлі  анықталған 
жоқ. Оның есесіне елдің кӛз алдында, кӛңілінде бір жарым ғасыр бойы әбден 
қалыптасып  қалған  нар  тҧлға,  қайтпас  қайсар  ердің  кӛркем  бейнесі  бар, 
батырдың әдеби кӛркем бейнесі біршама жасалған»  деп кӛрсетеді [2]. 
М.Қаназ  Жанқожа  батырдың  поэзиядағы  образында  іздеп  тапқан.  «Кісі 
екен  ортадан  биік,  кең  жауырынды,  Қаршыға  тӛс,  мҧз  омыртқа,  мол 
сауырынды,  Кебеже  сҥйегімен  тҧтас  біткен,  Ат  жақты,  жҥзі  сары,  қыр 
мҧрынды, Қою қас, қабағы сҧр, қалың қабақ, Терең ойлы, ауыр мінез, алған 
атақ. Сақалын ӛріп қойған лентамен, тарақпен қояды екен тарап тарап» деген 
жолдармен  аяқталатын  батырдың  ҥлкейген  шағындағы  бейнесі  туралы 
мәліметтерді    ҧсынған.  «Сақалын  ӛріп  қойған  лентамен»,  деген  сӛзге  қарап 

 
80 
жазушы  мҧны  жазған  кейінгі  ақандардың  бірі  болса  керек  деген  тҧспал 
айтады. 
Жазушы тағы бір әдеби дастандағы батыр Жанқожа бейнесі туралы «Кең 
кеуде,  бӛрі  қабақ,  жолбарыс  бет,  Жауырыны  еніменен  теңдес  келген, 
Жҧмырлау  жолбарыстың  жотасындай,  Шығыңқы  қҧлақ  жағы  жуан  мҧрын, 
Айбатты  жан  кӛрінеді  арыстандай,  Алдынан  не  келседе  қайтпайтҧғын, 
Шҧбар  кӛз  айға  шапқан  қабыландай.  Қабағы  тӛмен  тҥскен  ҧзын  мҧртты, 
Жауатын кҥннің қара бҧлытындай» деген деректер келтірген. Сонымен қатар 
Тӛремҧрат  жыраудың:  «Асыл  батыр  ат  қояр,  Дҧшпанды  кӛрсе  ҧйлықпай, 
Арқаңа  сҥйеу  Жанқожа,  Қара  мойыл  сырықтай»  деген  суреттемесін  беру 
арқылы батырдың образын аша тҥскен. 
Мҧнан  соң  жазушы  М.Қаназ  Жанқоже  жайлы  ең  бірінші  дәйекті  дерек 
жазған  И.В.Аничковтың  мәліметін  берген:  «Батырдың  сырттай  кейіпіне 
келсек, оны кӛрген білген адамдардың айтуына қарағанда ол Есет Кӛтібаров 
сияқты  биік  бойлы,  зор  денелі  емес  екен.  Қайта,  керісінше,  бойы  шағын, 
сырттай  қарағанда  да  айта  қаларлықтай  ештеңесі  болмаған.  Ол  ӛзі  бҧйығы 
сӛзге  сараң»  деп  сипаттаған.  И.В.Аничков    Жанқожның  інісі  Бектің  баласы 
Жҧмабаймен,  батырдың  баласы  Итжемеспен  және  де  батырдың  кӛзін 
кӛргендермен  сӛйлескен.  Олар  да  батырдың  қалың  қабақты  екендігін, 
ашуланса,  жҥз  қаратпай  бет  аузы  тҥктеніп,  кӛздері  от  шашып  кететіндігін 
айтқан.  Сонымен  қатар  И.В.Аничков  батырдың  Ақмырза  ағасының  баласы 
Жалмырзадан  «батыр  сҧсты  адам  болыпты»  дегенді  естігендігін  айтқан. 
Жазушы  М.Қаназ  «…бір  жорықта  Жалмырза  артына  жалт  қарағанда,  кейін 
келе  жатқан  жолдасының  аты  ҥркіп  басын  ала  қашқан  екен»    деп 
Ақмырзаның берген сипаттамасын келтірген.  
Қаламгер  «...батырдың  суретінің  болмауы  да  мҥмкін.  Ӛйткені  Жанқожа 
батыр  ислам  жолын  берік  те  нық  ҧстанған  адам.  Ит  те  ішпейтін  шайды 
аузына  да  алмай  жҥрген  тік  мінезді  бірбеткей  батыр    «шайтанның  ісі»  деп 
суретке тҥсуден бас тартуы да ғажап емес» - деп қорытынды жасайды.   
Жазушы  М.Қаназ  мҧнан  соң  батырды  еске қалдыру ҥшін ҧзақ жылдар  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет