Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады



жүктеу 5.01 Kb.

бет1/44
Дата08.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44


 
ҒЫЛЫМИ  ЖУРНАЛ 
1996  жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады 
 
 
 
 
  
 
 
 
 
 
A.Yesevi UKTÜ Bülteni 
 
Вестник МКТУ им. А.Ясави 
 
Bulletin of IKTU named A.Yasawi  
№1 (74) 
 
қаңтар-ақпан
 

 
2011
 
 
 
Қ о ғ а м д ы қ   ғ ы л ы м д а р   с е р и я с ы  
  
 
 
 
 
 
БАС РЕДАКТОР 
техника ғылымдарының докторы, профессор 
ЛЕСБЕК ТӘШІМҰЛЫ ТӘШІМОВ 
 
 
 
 
Р Е Д А К Ц И Я Л Ы Қ   А Л Қ А  
 
 
 
ЕРГӨБЕК Құлбек Сәрсенұлы   
филология ғылымдарының докторы, 
профессор 
 
-Бас редактордың орынбасары 
ӘБІЛДАЕВА Гүлжан Елібайқызы  
 
-аға редактор 
БАЙҒҰТ Мадина Жүсіпқызы 
-көркемдеуші редактор 
 
 
 
 
 
 А.Ясауи атындағы  Халықаралық  қазақ-түрік  университетінің 


 
ҚҰРЫЛТАЙШЫ 
Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті 
 
 
А қ ы л д а с т а р   а л қ а с ы :
 
Ағдарбеков  Т.А.,  Айменов  Ж.Т.,  Ақбасова 
А.Ж.,  Әбілтаин  М.,  Байдәулетов  И.О., 
Байжігітов  Қ.Б.,  Балабеков  О.,  Бахтыбаев 
А.Н., 
Бердібай 
Р., 
Беркімбаев 
К., 
Ділбарханова  Р.,  Жолдасбаев  С.,  Жұмабаев 
М.Ж., Исламқұлов  Қ.М.,  Кенжетай Д.Т., 
Мұхамеджанов Б.,  Мырзалиев Б., Нұсқабаев 
О., 
Оңалбек 
Ж., 
Раимбердиев 
Т.П., 
Тәукебаева Р.Б.,   Тұртабаев С.Қ., Сейдинов 
Ш.М. 
 
 
 
 
Журнал  Қазақстан  Республикасының  Баспасөз  және  бұқаралық  ақпарат  істері 
жөніндегі  ұлттық агенттігінде  1996  жылғы    8-қазанда тіркеліп, №232  куәлік  берілген. 
Индекс №75637 
 
 
 
 
 
Редакцияның мекен-жайы: 
 
161200, Қазақстан Республикасы, ОҚО, Түркістан 
қаласы, ХҚТУ қалашығы, Б.Саттархан даңғылы, 
№29, 131-бөлме  
 (8-725-33) 3-11-15 (133), E-maіl: islam2006-
82
@
mail.ru. 
 
 
Журнал Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік  
университетінің  
«Тұран» баспаханасында көбейтілді. 
Көлемі 70х100 1/6. Қағазы офсеттік. Офсеттік басылым.  
Шартты баспа табағы 23. Таралымы 300 дана.Тапсырыс 425. 

 
 
 
 
 
 
 
 


 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
ФИЛОЛОГИЯ 
  
  
С.К.КЕНЖЕМҰРАТОВА 
филология ғылымдарының кандидаты, доцент 
С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ 
 
КЕҢЕСТІК ДӘУІРДЕ ҚАЗАҚ ТЕРМИНОЛОГИЯСЫН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ Қ.ЖҰБАНОВ РӨЛІ 
 
В  статье  рассматривается  роль  К.Жубанова  в  формировании  казахской  терминологии  в 
советской эпохе. 
 
The author of the article reveals K.Zhubanov’ role in the development of Kazakh terminology in the 
Soviet period. 
    
 
Терминология  мәселесі  –  ғылымның  өзекті  мәселелерінің  бірі. 
Ғалымдарымыздың  ғылыми  дәлелдері  бойынша  сонау  ХХ  ғасырдың  10-
жылдары  қалыптаса  бастаған  қазақ  терминологиясының  мәселелері  әлі  де 
шешуін  таппаған,  өзектілігін  жоғалтпаған  деп  айтуымызға  толық  негіз  бар. 
Ғылымның  барлық  салаларының  жан-жақты  дамуы  терминология 
мәселелерімен тығыз байланысты, себебі қандай да бір жаңалық, жаңа ұғым 
терминмен белгіленіп, терминологиялық жүйеде өз орнын тауып отыратыны 
сөзсіз. 
Белгілі  ғалым  профессор  Қ.Жұбановтың  30-жылдардағы  қазақ 
терминологиясын 
қалыптастырудағы 
ұйымдастырушылық 
жұмысы, 
терминологиялық сөздіктер жасаудағы еңбектері өте маңызды екенін бәріміз 
де  білеміз.  Оған  дәлел  ретінде  айтар  болсақ,  Қ.Жұбанов  «Термин  сөздердің 
спецификасы  жөнінде»  атты  мақаласында  термин  дегеніміз  не,  оны  қандай 
жағдайда қалай қолдану керектігі нақты ғылыми тұжырым жасау барысында 
анықтамасын да берді: 
«Қай тілдің де жай сөздері тек сол елдің ғана қолданатын сөзі болудан озып, 
ғылыми  ұғымдарды  білдіретін  болса,  сонда  ғана  термин  қатарына  кіреді. 
Қазақтың  «тау  сағызы»  мен  «жабағысы»  өрісі  ұзарып,  шетке  шыға  алмай, 
қазақтың өзі ғана білетін ұғымдар болып жүрген кезде жай сөздіктен асқан жоқ. 
Ал  енді  тау  сағызы  «тау  сағыз»  сөзі  белгілі  бір  ботаникалық,  биохимиялық 
ұғымды, «жабағы» сөзі – товарлық ұғымды алып еді – бұлар термин болып шыға 
келді»  немесе  «термин  мәселесіндегі  үлкен  кемшіліктердің  бірі  –  термин  емес 
сөздер де термин қатарына қосақталып, белгілі бір мағынаны білдіретін стандарт 
сөздер  боп  қатып  қалған»  [1],  -  дей  отырып,  өзі  қызмет  жасаған  кеңестік 
кезеңдегі  термин  жасау  мәселесінде  қазақ  терминологиясын  дамытуда  біршама 
келеңсіз  жағдайлардың  болғандығын  айтып  өтеді.  «Ең  басты  кемшілік,  –  дейді 
автор  аталған  мақаласында,  –  аударылмайтын  сөздерді,  интернационалдық 
терминдерді  аударып  аламыз  деушілік.  Мәселен,  «психология»  демей  «жан 
жүйесі»  /жан  тану  ғылымы/,  «геометрия»  демей  «пішіндеме»  /фигура  жайлы 
деген  боп  шығады/  деп  алынған  болатын,  ...бұл  сықылды  өрескелдік 
аударылмайтын  сөздерді,  халықаралық  терминдерді  аударып  алам  деуден,
 


 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Кенжемұратова С.К. Кеңестік дәуірде қазақ терминологиясын қалыптастырудағы Қ.Жұбанов рөлі 
 
 
 
аудару  керек  болғанда,  терминдерді  емес,  сөздердің  лексикалық 
мағыналарын  аударудан  келіп  шыққан  ауру  екені  даусыз.  Мұнан  мынандай 
қорытынды шығады: тұрақты ұғымдардың әрқайсысына халықаралық термин 
болып  кеткен  белгілі  сөзді  теліп,  тұрақты  термин  етіп  алу  керек».  Бұдан 
шығатын қорытынды, профессор Қ.Жұбанов термин жасау кезінде терминнің 
тұрақтылығына,  өміршеңдігіне  де  зор  мән  бергендігін  көреміз:  «Термин  сөз 
белгілі бір кезеңдегі белгілі бір ғылыми ұғымды, ұғым болғанда да көбінесе 
жай  сол  сөздің  сөздік  мағынасына  жуыспайтын  ұғымды  білдіретін  болады. 
Олай  болса,  термин  сөз  қашан  өзінің  тұрақтылығын  жойып,  екінші  бір 
ұғымға ауып кеткенше тұрақты болып тұрады» [2]. 
Ғалым  «Ауыл  мұғалімі»  журналында  жарық  көрген  «Жаңа 
грамматиканың  жаңалықтары  жайынан»  атты  еңбегінде  «анықтауыш», 
«толықтауыш»  терминдеріне  мынадай  мағына  береді:  «Біздің  анықтауыш 
деген  терминіміздің  бұрынғы  анықтауыш  жайындағы  ұғыммен,  біздің 
толықтауыш  деген  бұрынғы  толықтауыш  жайындағы  ұғыммен  үш  қайнаса 
сорпасы  қосылмайды.  Өйткені,  біз  анықтауыш,  толықтауыш  деп  алғанда, 
анықтайтын не толықтайтын емес, тек даяр тұрған терминді жаңа мағынамен 
алып  отырмыз.  Біз  ондай  мағынамен  анықтауыш  не  толықтауыш  деп 
отырғанымыз  жоқ.  Мағына  жағынан  мұның  екеуі  де  айқындауыш. 
Сондықтан,  біздің  анықтауыш,  толықтауыш  деген  терминдерімізді  бұрынғы 
... анықтауыш, толықтауыш дегендермен шатастырмау керек» [3] дейді. 
Қ.Жұбанов  сол  кезеңде  болып  жатқан  қоғамдық  өзгерістердің  қайнаған 
ортасында  жүріп  және  барлық  өтіп  жатқан  оқиғаларға  өз  көзқарасы  бола 
отырып,  тілдің  қай  саласы  бойынша  да  ақпараттарды  салыстыра  жүріп 
зерттеді.  Сол  себепті  қандай  да  болмасын,  тілдік  құбылыстарды  ғылыми 
тұрғыдан сипаттау, лингвистикалық талдаулар жасауда Қ.Жұбанов ауқымды 
еңбек  етті.  Өйткені  қазақ  терминологиясын  ғылым  тілі  ретінде 
қалыптастырып, дамыту сол кезеңнің өзекті мәселелерінің бірі болды. 
Сондай-ақ,  проф.  Қ.Жұбанов  ұсынған  терминдердің  көбісі  тілімізде 
сақталған жоқ. Мәселен, «кіріккен сөздерді» қазіргі қазақ тілінде «біріккен 
сөздер»  деп  жүрсе,  «қиюлы  сөзді»  –  «қысқарған  сөз»  ,  «қосар  сөздер»  –
«қос сөздер» деп жүргенін білеміз, т.б. [4]. 
Жоғарыда  айтылған  еңбегінде 
проф. 
Қ.Жұбанов 
қазақ 
тілі 
грамматикаларында  қолданып  келген  «аңызды  сөйлем»  деген  терминді 
«хабар  саз  сөйлем»  деген  терминмен  алмастырады.  Неге  олай  алғанын 
былай  деп  түсіндіреді:  «Бұрынғы  аңызды  сөйлем  деп  аталып  жүрген  түрді 
хабар  сөз  деу  себебіміз  –  оңайына,  ұғымдысына  қашқандық.  Аңыз  деген 
сирек қолданылатын сөз. Оның мағынасы жұрттың көбіне анық емес. Термин 
арнау  мағынасы  тек  бір  категорияны  тек  екінші  категориядан  айыру  ғана 
емес, нендей категория екенін өзі айтып тұратын қылу, категорияны түсінуге 
де атсалысу. 


 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Кенжемұратова С.К. Кеңестік дәуірде қазақ терминологиясын қалыптастырудағы Қ.Жұбанов рөлі 
 
 
 
Бұлай  алған  себебіміз  –  сөйлемді  бұлайша  таптастырудың  негізі 
терминнен-ақ  көрініп  тұрсын  дегендік.  Жалаң,  жайылма,  жеткіліксіз, 
бастауышсыз  деп  таптастыру  –  сөйлемнің  мүше  құрылысына  қарай 
топтастыру барлығы ашылып тұрсын дегендік». 
Ал  «Қазақ  тілінің  программы»  [5]  деген  бағдарламасында  «хабарлы 
сөйлем»  деген  терминді  алған.  Бұл  термин  қазір  де  қазақ  тілі 
грамматикаларында қолданылып жүр. 
1935  жылы  жазылған  «О  специфике  терминов»  деген  еңбегінде  автор 
терминді қолданыста жүрген жалпы халықтық сөзден бөлек алып қарайды да, 
оның  халықаралық  сипатын  ашады,  сөйтіп  терминге  тән  бір  еркешелікті 
ашып көрсетеді: 
«... ғылым – техника табыстары жарыққа шығарған терминдер де – бүкіл 
жер жүзіне ортақ, халықаралық термин болып шығады. Термин сөздердің кей 
сөздерден  мағына  жағынан  өзгеше  болуы  да  осыдан  келіп  шықпақ.  Бір  сөз 
белгілі  бір  кезеңдегі  халықаралық  бірыңғай,  стандарт  ұғымға  телінбей,  «әр 
елдің  тілінде  қандай  мағынада  қолданылған  түрінде  қалып  отырса,  ол  сөз 
термин қатарына кіре алмайды» [6]. 
Профессор  Қ.Жұбановтың  ұсынған  қағидаттары  1935  жылы  Алматыда 
өткен  мәдениет  қызметкерлерінің  съезінде  талқыланып,  қабылданды.  Қазақ 
тілінің  терминдері  осыдан  былай  сол  принциптер  негізінде  халықаралық 
сөздерден алынумен қатар, қазақтың төл сөздерінен де жасалатын болды. 
Профессор  Қ.Жұбанов  терминге  қойылатын  басты  шарттар  ретінде 
мынаны айтады: «Термин қатарына кіретін сөздердің еркешелігі – қай тілдің 
де  жай  сөздері  тек  сол  елдің  ғана  қолданатын  сөзі  болудан  озып,  тұрақты 
ғылыми ұғымдарды білдіретіндігі және олардың бүкіл жер жүзіне ортақтығы. 
... Қазақ тілінің терминдері бір жағынан, бірыңғай интернационал сөздермен 
алынса, екінші жағынан – қазақ сөздерінен жасалатын болады». 
1935  жылы  болған  Мемлекеттік  терминология  комиссиясының 
сессиясында профессор Қ.Жұбановтың «Термин жасаудың принципі туралы» 
деген  баяндамасы  тыңдалды.  Ғалымның  ұсынған  қағидаттары  Қазақстан 
мәдениет  қызметкерлерінің  съезі  қарсаңында  шыққан  «Мемлекеттік 
терминкомның бюллетенінің» бірінші санында жарияланды. 
1935  жылы  мәдениет  қызметкерлерінің  съезінде  Профессор  Қ.Жұбанов 
қазақ тілінің пән атауларын төмендегідей қағидатпен алуды ұсынады: 
Ел  –  елдің  өз  тілдеріне  аударылмай,  әдебиет  тілінде  бір-ақ  түрде 
жазылып,  айтылып  келген  терминдер,  мысалы,  «революция»,  «совет», 
«теория»,  «практика»,  «тенденция»,  «конкрет»,  т.б.  аударылмай  сол 
түрінде  алынды.  Бұл  аталған  терминдер  сол  кезеңнен  кешегі  күнге  дейін 
қолданысымызда
 
актив  қызмет  атқарды.  Тәуелсіздік  алғаннан  кейін  ғана
 
«революция  –  төңкеріс»,  «совет  –  кеңес»,  «практика  –  тәжірибе»,  т.б. 
жаңа үлгідегі терминдеріміз қолданысқа ене бастады. 
 
 
 
 


 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Кенжемұратова С.К. Кеңестік дәуірде қазақ терминологиясын қалыптастырудағы Қ.Жұбанов рөлі 
 
 
 
Әдебиет  тілінде  әр  елдің  өз  тілінде  аударылып  алынатын  халықаралық 
терминдер,  мысалы,  «өндіріс»,  «еңбек»,  «ақша»,  «түбір»,  «сабақ», 
«бұлшық ет», «бөлу», «көбейту» сияқтылар қазақ тіліне аударылып алынды. 
Кейбір аударылып алынатын терминнің қазақ тілінде эквиваленті табылмаса 
немесе  қазақшаға  аударғанда  түсініксіз  я  тіпті  теріс  ұғым  беретін  болса, 
ондай  реттерде  орысша  сөздер  алынды.  Форма,  материя  (философия  мен 
физикада),  түбір  (математикада,  ботаникада,  лингвистикада),  морфология 
(ботаникада,  лингвистикада),  реакция  (химияда,  биологияда),  экскурсия 
(физиологияда, педагогикада). 
Бір  сөзбен  айтылатын,  бірақ,  түрлі  пәндерде  түрлі  мағынада  жүретін: 
«мануфактура»,  (экономикада,  жаңа  мата  мағынасында),  «продукт»  (өндіріс 
өнімі  мағынасында,  продукт  азық-түлік  мағынасында)  сияқтылар  бір  пәнде 
термин болып алынды да, қалғандарында қазақ тілінде аударылды. Мысалы, 
«мануфактура» экономиканың даму кезеңі мағынасында термин, ал енді мата 
мағынасында термин емес. 
Барлық  елдерде  ортақ  сөзбен  айтылатын  терминдер  орыстың  әдебиет 
тілінде  жазылғанша  алынды.  Қазақ  тілінде  жоқ  кейбір  дыбыстар  қазақ 
әріптерімен жазылды: «порма», «қимійа», «реболүтсійа» сияқты. 
Қазақ тіліне аударылып алынған терминдердің ғылыми мағынаны толық 
бере  алатын  болуы,  қазақ  тілінің  грамматикалық  еркешеліктеріне  қайшы 
келмейтін болуы, қазақ тілінің рухына жат, жасама сөз болмау жағы айрықша 
көзделді.  Мысалы,  «беріліс»  (передача),  «тоқыма»  (текстиль),  «көкпіл» 
(многугольник), «іс жүзі» (практика) сияқты. 
Барлық  елдерге  ортақ  сөзбен  айтылатын  есім  жаңа  есімденген  етістік 
формаларындағы терминдер со түрінде алынды. Ал «изация»«ификация», 
«ация»  жұрнақтарымен  келетін  «машиназация»,  «электрофикация», 
«обьективация»  сияқты  сөздердің  негізіне  қазақ  жұрнақтары  жалғанып 
алынды. 
Мысалы: 
машиналандыру 
(машинизациялау 
емес), 
электрлендіру 
(электрофикацияландыру 
емес), 
объективтену 
(объективациялану  емес).  Сын  есімдердің  қазақ  сөзіне  анықтаушы  болып 
ұсталатындары ықшамдалып  – «ский», –«ный» жалғаулары алып тасталды: 
«популар  кітап»  (популярная  книга),    «абсолют  шама»  (абсолютная 
величина),  «буржуаз  идеология»  (буржаузная  идеология),  «экстенсив 
шаруашылық»  (экстенсивная  хозяйство),  «дефференциал  теңгерме» 
(дифференциальное уравнение), –«ский» жұрнағы жалғанып, түбірінің «к» 
дыбысы  «ч»-ға  айналатын  сын  есімдер  қазақшасында  зат  есім  формасында 
алынды: электр шам, физика, жағрапыйа, т.б. 
«Изолировать»,  «машинизировать»  сияқты  етістік  форма  қазақ  тіліне 
былай аударылды: зат есім мен сын есім түрі алынып, оған қазақтың етістік 
жұрнақтары жалғанды. Орыс тілінде етістік формасында ғана қолданылатын, 
есім
  
түрінде  айтылмайтын  немесе  есім   мағынасынан   алыстап   кеткен
  
терминдер жай сөз есебінде контекстке қарай аударылып отырды: 


 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Кенжемұратова С.К. Кеңестік дәуірде қазақ терминологиясын қалыптастырудағы Қ.Жұбанов рөлі 
 
 
 
игнорировать, регулировать, реагировать сияқтылар. 
Терминмен  қатар  халықаралық  терминдер  де  ұшырайтын,  бірақ  қазақ 
жұрнақтары  оларға  эквивалент  бола  алмайтын  бірсыпыра  аффикстер  де 
алынды:  –  «ист»,  –«изм»  (жұрнақтар),  –«ре»,  –«син»,  –«де»,  –«суб»  –
«анти», –«контр» (префикстер). 
Терминдерде  ұшырайтын  аффикстердің  көбі  қазақшада  да  болып 
отырады, бірақ олар формал элемент болып есептелмейді. 
Терминдердің  басқа  сөздерге  ықшамдалып  барып  қосылған  формалары 
қазақ  сөздеріне  де  ықшам  түрде  қосылып  алынды:  авто,  аэро,  авио,  т.б. 
автожол, аэроқатынас, авиошана сияқты. 
Революциядан  кейін  орыс  тілінде  сөзді  қысқартып,  ықшамдап  алу  көп 
ұшырайтын  болды.  Бұл  –  революция  табысы.  Осы  табысты  қазақ  тілінде де 
іске асыру, қазақ сөзінен де ықшамдалып қиындалған термндер жасау керек 
болды. 
Бұрынғы терминдердің бәрі де қайта қаралып, теріс ұғым бермейтіндері 
ғана  со  түрінде  қалдырылды.  «Диктатура»,  «революция»,  «совет», 
«теория»,  «практика»,  «контрреволюция»,  «милитаризм»  сияқтылар 
аударылмай  қазақ  тіліне  со  түрінде  термин  болып  кіруін  мақұл  таптық. 
Сонымен  ғылымның,  ғылыми  техниканың  өркендеуіне  үлес  қосатын 
халықаралық  терминдер  аударылмай,  орыс  тіліндегі  қалпында  қалдырылды. 
Мысалы:  марксизм,  социализм,  капитализм,  коммунист,  революция, 
театр,  искусство,  творчество,  зритель,  комиссия,  съезд,  физика, 
математика,  медицина,  прфессор,  реформация,  агитация,  пропаганда, 
колхоз, совхоз, станция, факт, анализ, политэкономия, т.б. 
Бұған 1935 жылы Алматыда өткен Қазақстан мәдениет қызметкерлерінің 
съезінде  қабылданған  термин  жасаудың  қағидаттары  де  әсер  еткенін  өткен 
тарихымыз  дәлелдейді.  Оның  үстіне  отызыншы  жылдардың  орта  тұсынан 
бастап,  түркі  тілдеріне,  оның  ішінде  қазақ  тіліне  советизмдер  мен 
халықаралық  сөздердің  аударылмай  сол  қалпын  сақтай  отырып  беріле 
берілуіне  сол  кездегі  Орталық  мерзімді  баспасөз  беттерінде  жарияланған 
түркі  тілдерінің  термин  жасау  үшін  қандай  қағидаттарды  негізге  алу  қажет 
деген  орыс  ғалымдарының  мақалалары,  ой-пікірлері,  ұсыныстары  тіліміздің 
дамуы  мен  қалыптасуына  өз  ықпалын  тигізіп  қана  қоймай,  бүгінге  дейін 
тіліміздің даму қарқынына зардабын тартқызып отырғаны белгілі. Сол кезден 
бастап,  кеңестік  империяның  кері  ағымы,  ғылым  тілін  ұлтсыздандыру 
саясаты  басталды.  Ол  бүгінде  ешкімге  жасырын  емес.  Сол  себепті  де  Ұлы 
Отан  соғысы  жылдары,  тілімізге  сөздерді  аударып,  балама  іздемей-ақ  орыс 
тілінен дайын күйінде ала салу әдетке айналғанын кешегі кеңес тілі көрсетіп 
берді. Бұл басқа да Одақ құрамында болған түркі тілдерінің лексикасындағы 
ортақ  құбылыс  болды.  Әрине,  мұндай  тоталитарлық  үкіметтің  солақай 
саясаты  үшін  Қ.Жұбановтың басқа  да  тілші-ғалымдарымыздың  кінәсі  жоқ  


 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Кенжемұратова С.К. Кеңестік дәуірде қазақ терминологиясын қалыптастырудағы Қ.Жұбанов рөлі 
 
 
 
болатын,  ол,  сол  кезде  өз  үстемдігін  жүргізген  кеңестік  қанқұйлы,  сұрқия 
саясаттың азулы ісі болатын. 
Баршамызға  белгілі  30  жылдары  тоталитарлық  үкімет  тарапынан 
жүргізілген 
саясат 
қазақ 
халқын 
А.Байтұрсынов, 
Ә.Бөкейханов, 
Х.Досмұхамедов,  М.Жұмабаев,  Ж.Аймауытов,  Ж.Күдерин,  С.Сәдуақасов, 
С.Сейфуллин,  І.Жансүгіров,  Б.Майлин,  т.б.  аса  білікті  ұлттық  кадрлардан 
айырды.  Ұлттық  негізде  іргесі  қалана  бастаған  ғылыми  терминологияның 
бағыт-бағдары  өзгертілді.  Бұл  жөнінде  Ш.Құрманбайұлының:  «Егер  ондай 
өктемдікке жол берілмей, термин жасауда Ахаңдар бастаған үрдіс жалғасын 
тапқанда,  орталықта  да,  жергілікті  мамандар  арасында  да  «орыс  тілімен 
терезесі тең бола алмайды» деген пікір қалыптаспаған болар еді. ... Қазақ тілі 
«қабылдаушы» пассив тілдер қатарына қосылмас еді», – деген пікірі негізсіз 
айтылған емес еді. 
Ғылым  тілін  ұлттың  өз  тілінде  дамытудың  маңызын  дұрыс  ұғынған 
А.Байтұрсынов  бастаған  мамандар  1937-1938  жылдардағы  қуғын-сүргіннен 
кейінгі  кезеңді  –  Ш.Біләлдің  «ғылым  тіліндегі  ұлттық  тіректің  шайқалу 
кезеңі»  –  деп  танып,  оның:  «Осылай  басталған,  ғылым  тіліндегі  ұлттық 
тіректің шайқалу кезеңі, жаппай орыстану кезеңіне ұласты. Ол шамамен 50-
жылдардан басталды»–деп жорамалдауын дұрыс деп ойлаймыз [7]. 
Қорыта  келгенде,  Қ.Жұбанов  тіліміздің  өркендеп  өсуіне  аса  зор  мән 
бергендігін Қазақстандағы озат оқытушылар съезіндегі бір сөзінен көруімізге 
болады:  "Қазақ  тілін  танып-білу  қазіргі  кезеңдегі  өзекті  мәселелердің  бірі. 
Қазақ  тілінің  тарихын  зерттеуге  үлкен  мән  берілуі  керек… Болашақта қазақ 
тілі  мен  қазақтың  әдеби  тілінің  бой  көтеріп  өркендеуі  үшін  біз  орфография 
мен терминологияны дұрыс жолға қоюымыз керек". 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Жубанов. Х.  О  специфике  слов  –  терминов.  //  Бюллетень  государственной  терминологической 
комиссии при Каз.НКП. 1935. №2. С.3.  
2.
 
Жұбанов Қ. Қазақ әдеби тілінің терминдері. // Мемлекеттік терминкомның бюллетені. Алматы. 
1935. №1.  
3.
 
 Жұбанов Қ. Жаңа грамматиканың жаңалықтары жайынан. // Ауыл мұғалімі. 1937, № 1-3. 
4.
 
Жұбанов Қ. Қазақ тілінің грамматикасы: Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы: Ғылым. 1966, 
135-197 бб. 
5.
 
Жұбанов Қ. Қазақ тілінің программы: // Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы: Ғылым. 1966, 
358- бб. 
6.
 
Мемлекеттік терминология комиссиясының бюллетені. Алматы. 1935. №2. 1-б. 
7.
 
Біләлов Ш. Ұлттық ғылым тілін қалыптастырудың өзекті мәселелері. Алматы. 1994. 207-б. 
 
 
 
 
 
 


 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал