Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті
АКАДЕМИЯЛЫҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Ғылыми кеңесі мәжілісінің
№6 хаттамасынан көшірме
29.02.2015ж.
Күн тәртібінде:
5.Әртүрлі мәсселелер
5.7. Аға оқытушы, магистр З.Д.Айтжанованы Ph докторантураға ұсыну туралы.
Тыңдалды:
Әртүрлі мәселенің 5.7 бөлімі бойынша кеңес төрағасы Е.И.Қыстаубаев аға оқытушы, магистр З.Д.Айтжанова 2008 жылдан бастап АӘИУ-де «Ақпараттандыру және стандарттау» кафедрасында жұмыс жасап келеді. 6М060800 – экология мамандығы бойынша магистратураны бітірген. Ғылыми еңбектері оның ішінде патенттері мен мақалалар саны – 26.
Аға оқытушы, магистр Айтжанова Зейнепкул Досжановнаны Ph докторантураға 6Д060800 – экология мамандығы бойынша Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетке ұсынамыз.
Кафедра ұжымының бірауыздан қолдағандығы туралы хаттама түзілген
Шешім: Аға оқытушы, магистр Аитжанова Зейнепкул Досжановнаны Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің 6Д060800 – экология мамандығы бойынша Ph докторантураға құжаттары реттеліп, ұсынылсын.
Кеңес төрағасы: Е.И.Қыстаубаев
Хатшы: Т.Қ.Тастанов
Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті
АКАДЕМИЯЛЫҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Ғылыми кеңесі мәжілісінің
№6 хаттамасынан көшірме
27.02.2015ж.
Күн тәртібінде:
5.Әртүрлі мәсселелер
5.2 “Aқпараттандыру және стандарттау” кафедрасының ұсынылатын тіркеу картасы туралы.
Тыңдалды:
Әртүрлі мәселенің 5.2 бөлімі бойынша кафедра меңгерушісі Жүнісбеков Ж.С. ұсынылатын тіркеу картасының толық орындалғанын айта кету керек. Негізгі ережеге сәйкес толық толтырылған. Оның ішінде тіркеу картасында көрсетілгендей: шығыс күндері, мемлекеттік тіркеу нөмірі, жұмысты орындау мерзімі, жұмысты жүргізу негіздемесі, ұйым туралы мәліметтер, жұмыс атауы, күтілетін нәтижелер, жұмыс жетекшілері мен түйінді сөздер толық орындалған.
Ұсынылуға толық негіз бар.
Шешім: Тіркеу картасында көрсетілген деректер талапқа сай деп есептелініп, қосымша құжаттарға тіркелініп ұсынылсын.
Кеңес төрағасы: Е.И.Қыстаубаев
Хатшы: Т.Қ.Тастанов
Достарыңызбен бөлісу: |