Төреқұлов, Н. Жамбыл мен Кенен (творчестволық
этюдтер)/ Алматы: Жалын, 1978.- 128 б.
"Жамбыл мен Кенен" атты кітапқа ғалым Н.Төреқұлов
халқымыздың сүйікті екі ақынының өмірін арқау еткен.
Оқушы қауымға: "Қанатты сөздер", "Нақыл сөздердің
тәрбиелік мәні" секілді эстетикалық тәрбиесі мол кітап берген
автор төкпе жырау, дүниеге даңқы жайылған арынды ақын
Жамбылдың балалық, жастық, жасындай жалтылдаған кемел
шақтарын суреттей отырып, оның ізбасар інісі ақын, әнші,
халық композиторы Кененмен мөлдір достығын, өнер
адамдарының бір-біріне деген сыйластығын әңгімелейді.
Достарыңызбен бөлісу: |