«7М03204 - Журналистика» білім бағдарламасының 1 курс магистранты Сафаева Меруерттің
«БАҚ пен әлеуметтік медиадағы әйелдер психологиясына қатысты мәселелердің жазылуы» атты магистрлік диссертациясының
ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕМЕСІ
Зерттеудің өзектілігі: Ақпараттар ағыны толассыз жан-жақтан құйылып жатқан XXI ғасырда зерттелмей, қалтарыста қалып келген бір тақырып – әйел психологиясы. Әйелдің халі – әлеуметтің халі. Ақпарат растығының байыбына бармай, алданып жатқан әйелдер көп. Қоғамда болып жатқан әртүрлі құбылыс, оқиғалар әйел психологиясын да сан түрлі трансформацияға ұшыратты.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Әйел психологиясына түсініктер беру, отандық және шетелдік ғалымдар мен зерттеушілердің ой-пікірлерін сараптау, қазіргі ақпараттық ағын кезеңіндегі әйел психологиясының жағдайы, оң және сол әсері, мұның салдарынан көптеген мәселелерге ұшыраған әйелдер проблемасын шешудің тиімді жолдарын қарастыру.
Міндеттері: - Психологияға, оның ішінде әйел психологиясына ғылыми анықтамалар беру;
- Әйел психологиясына қатысты отандық және шетелдік БАҚ-та, әлеуметтік медиада көтерілген мәселелерді саралау, сұрыптау, жүйелеу;
- Ақпарат ағынында қиын жағдайға тап болған, алданған немесе халықтың ақпаратқа қолжетімсіздігін шебер пайдаланған тренинг, коучтар өткізетін әйелдер тобын анықтау, мысалдармен дәлелдеу;
- Отандық БАҚ осы мәселені зерделеу, баға беру, ұсыныстар айту.
Зерттеу пәні, нысаны: журналистика, қазіргі журналистика, отандық бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желі
Ғылыми жаңалығы: - Әйел психологиясына қатысты жеке дара еңбекте ғылыми түсініктер, анықтамалар беріледі;
- Отандық және шетелдік БАҚ әйел психологиясына қатысты материалдар, жаңа трендтер, медиа жаңалықтар зерттеледі;
- БАҚ және әлеуметтік медиадағы трендтер, әйел психологиясына байланысты жағдайларға ғылыми зерттеулер жүргізіліп, дәлелдер келтіріледі;
- Халыққа қажетті, маңызды және сапалы ақпараттың орнына тиімсіз, нәрі жоқ татымсыз ақпараттарды айтып, әйел психологиясын билейтін психолог коучтардың зиянына көз жеткізіп, одан құтылудың байланысты ұсыныстар жасалады.
Зерттеудің практикалық мәні: Тақырыпты зерттеу барысында жеке монография мен хрестоматиялық жинақты жариялауға болады. Сонымен қатар әйел психологиясына қатысты тың мәліметтер ұсынып, фильм жұмысына қатысуымыз мүмкін. Жинақталған ақпаратқа сай сарапшы қызметін ұсынуға да болады.
Зерттеу әдістері: Тақырыпты игеру, мәселені зерттеу барысында типологиялық, салыстырмалы және жүйелік әдіс, жалпы ғылыми және арнайы-тарихи әдіс, сонымен қатар талдау, сауалнама, синтез және логикалық әдістер қолданылады. Күтілетін нәтижелер: Тақырыпты зерттеудегі әдіснамалық негіз – объект ретінде әділет және адалдық қағидасы массмедиа әлеміндегі құбылыстарды зерттеуде шындыққа негізделеді. Нәтижесінде әйел психологиясына байланысты жаңа да тың парақтары ашылып, осы кезеңдегі тың трендтердің пайдасы мен зияны сарапталып, БАҚ және әлеуметтік желідегі көріністер бойынша нақты мысалдар келтіріледі.