Ғылыми-практикалық конференция өтті. Ғылыми кон ференция қазақ тілі мен әдебиетінің, өнері мен



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата01.01.2017
өлшемі5,98 Mb.
#923
1   2   3   4

САЛТАНАТ АМАНҚЫЗЫ    

АТА  ЖОЛЫН  ҚУҒАН ҰРПАҚ

Начат прием заявок от инвесторов 

на возмещение расходов

Акционерное общество «Казагромаркетинг» объявляет о начале приема заявок от инве-

сторов для инвестиционного субсидирования. В качестве инвесторов рассматриваются фи-

зические и юридические лица, являющиеся субъектами агропромышленного комплекса и

осуществляющие инвестиции в Республике Казахстан.Инвестиционные субсидии предпо-

лагают возмещение части затрат, направленных на создание новых или расширение дей-

ствующих  производственных  мощностей  в  агропромышленном  комплексе  РК.

Инвестиционное субсидирование осуществляется на основе Правил субсидирования по воз-

мещению части расходов, понесенных субъектом агропромышленного комплекса при ин-

вестиционных вложениях,утвержденных постановлением Правительства РК №421от 29

апреля 2014 года.  Телефон для справок: сall-центр АО «Казагромаркетинг» 8 800 080 70 80

(звонок по Казахстану бесплатный).



Б.ОМАРХАНОВ,

Директор филиала АО «Казагромаркетинг»  в Карагандинской  области  

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ-КЕМЕЛ 

КЕЛЕШЕКТІҢ КЕПІЛІ

ЕЛБАСЫ  ЖОЛДАУЫНА ҮН  ҚОСАМЫЗ

Қазақстан  Республиакасының    Президенті  Нұрсұлтан

Әбішұлы Назарбаев  барша Қазақстан халқына жыл  сайын

Жолдау арнап  отырады.  Елбасымыздың  биылғы  жолданған

Жолдауын    насихаттап,  талқылау  мақсатында  Ақтасты

ауылдық округінің   Жаңа Алғабас елді мекенінде өткен ап-

тада отырыс өтті. Ауыл әкімі М.Мұқажановтың бастауымен

Қазақстан жолы-2050:  «Бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір  болашақ»

атты кеңес  өткізілді. Өз  сөзінде  ауыл  әкімі:

-Өте мазмұнды, халыққа  ерекше әсері  бар  Жолдау болды.

Өткен  жылымыз  қорытыланды. Жақсы-жақсы  жетістіктерге

жетудеміз. 2017  жылы  елімізде  өтетін  ЭКСПО көрмесіне

қарқынды дайындық жүруде. 

Басты  міндет  кедейшіліктің  өсуіне  жол  бермеуі

барлығымызды    қуантады.  Топ  мүшесі  Б.Батырбеков:  Бір

маңызды көтерілген  тақырып, ауыл шаруашылығын қайта өңдеуде  жаһандық  сұраныс

жағдайында    ауқымды    жаңғырту    жасағаны  айтылды.  Шаруашылық    жетекшілеріне

Елбасымыздың тапсырысы бойынша жасалынып отырған жеңілдіктер жайында толығырақ

тоқталып  өтті.  Ауыл    тұрғыны  Ж.Жұмасейітов:  Ауыл  шаруашылығын,  әсіресе  ауыл

шаруашылығы    өніміне  өсіп    отырған    жаһандық      сұраныс    жағдайында    ауқымды

жаңғыртуды  қажет  еткендігі,  қайта  өңдеуде   және  саудада  фермерлік,  шағын  және  орта

бизнесті  дамытуға   көп  көңіл  бөлгендігі  келешегіміздің  зор  екендігін  көрсетеді. Жол-

дауда  қай  салаға  да  болсын қатысты  айтылған  ойлардың  маңызы  өте  зор. Елбасымыздың

жаңа  Жолдауы  барша  қазақстандықтарға  жігер  беріп,  болашаққа  деген  сенімдерін  арт-

тырды  деп  ойлаймын. Ендігі  кезекте  Елбасымыздың  Жолдауын  әрі  қарай  насихаттап

жүзеге  асыруға  әрбір  мемлекеттік  қызметкер  өз  үлестерін  қосу  керек.  Жолдауда

қойылған  міндеттерді  жүзеге  асыру,  қай  салада  қызмет  атқарсақ  та  баршамыздың  алға

қойған  мақсат-міндетіміз.



Ғ.ҚАМИЕВ,  Ақтасты  ауылдық  округінің  жетекші  маманы  

Ақтүбек ауылында  спорт  мерекесіне  байланысты  ауыл  жастарының  қатысуымен

қазақтың ұлттық  ойындары «Көкпар»,  «Теңге  алу»,  «Аударыспақ» өтті. Ауыл  тұрғындары

Р.Жұмажанов,  А.Сұлтанбеков,  М.Смайылов, М.Ақажановтар  қазақтың  ұлттық  ойындары

жарысының  өтуіне  белсене  қатысып,  жарысқа қатысушыларға   сый-сияпат  жасады.

«Көкпар» жарысына қатысушы командаларды  Ж.Далабаев, Ж.Зайыровтар  ойын  тәртібімен

таныстырды.  «Көкпар» сайысында  З.Бодықов,  Н.Аманбаев,  Е.Аманбаевтар командасы

жеңіске  жетті.  «Теңге  алу»  жарысының   тәртіптерімен  Е.Орманов  таныстырып  өтті.

Осы  «Теңге  алу»  жарысында    Д.Жұмажанов  және    Ж.Тикеновтар    жеңімпаз    атанды.

«Аударыспақ»  жарысында  Д. Зайыр,  А.Әлмусиндер  жеңіске  жетті. Жарысты  тамашалауға

келген   ауыл  тұрғындары  ауыл  әкімшілігіне  ризашылығын  білдіріп,  осындай  қазақтың

ұлттық  ойындары   өркендей   берсе  екен  деп  тілек  білдірді.



Н.НҰРЖАНБАЕВА,

Ақтүбек   ауылдық  округі  әкімі аппаратының  жетекші  маманы  

Бұқаралық спорт - ұлт  саулығы



ШЫНЫҚСАҢ-ШЫМЫР БОЛАРСЫҢ

«Қазагромаркетинг»  АҚ  инвестициялық  субсидиялау  үшін  инвесторлардан  өтінімдер

қабылдайтынытуралы  хабардар  етеді.  Инвестор  ретінде  Қазақстан  Республикасында

инвестициялық салынымдарды жүзеге асыратын агроөнеркәсіп кешен субъектісі болып та-

былатын жеке және заңды тұлғалар қарастырылады.

Инвестициялық  субсидиялар  ҚР  агроөнеркәсіптік  кешеніндегіжаңа  өндірістік  қуаттар

құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге бағытталған шығындардың бір бөлігін

өтейді.  Инвестициялық  субсидиялау  ҚР  Үкіметінің  2014  жылдың  29  сәуіріндегі  №421

қаулысымен бекітілгенАгроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар ке-

зінде  жұмсаған  шығыстардың  бір  бөлігінің  орнын  толтыру  бойынша  субсидиялау

қағидалары негізінде жүзеге асырылады. Барлық сауалдарды «Қазагромаркетинг» АҚ-ның

сall-орталығына 8 800 080 70 80 нөмірі бойынша жолдауға болады (Қазақстан бойынша

қоңырау шалу тегін).

Б.ОМАРХАНОВ,

Қарағанды облысы « Қазагромаркетинг » АҚ филиалының  директоры

Инвесторлардан шығыстарының бір бөлігін

өтеу бойынша өтінімдер қабылдау басталды


20 қыркүйек 2014 жыл

4

«Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторларының бірі – еліміздің Мемле-



кеттік тілін, барлық қазақтардың ана тілін одан әрі дамытуға күш жігер жұмсауымыз керек»,-

деді Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев. Әлемнің қай еліне барсаңыз

да мемлекеттік тілдің дәрежесі жоғары екенін көресіз. Тіл үйренуде әлемдік тәжірибе мы-

наны көрсетіп отыр. Тілді күнде үйрену қажет, ең дұрысы аздан көпке қарай ақырындап

жылжи беру керек. Бірақ бірінші қадам жасар алдында бұл Хан Тәңірінің шыңына апаратын

баспалдақ екенін нық сезінуің керек.

- Тіл-қамал, ал оны алу үшін оған күнде шабуыл жасап әр түрлі әдістерді пайдаланған жөн.

Тіл үйренгенде кездесетін қателік заңды құбылыс. Тіл білу үшін сол халықтың тарихын,

әдебиетін, мәдениетін, әдет-ғұрыпын, әлеуметтік жетістігін жақсы біл.

- Тіл білгенде өзіңнің халықтар достығының дәнекері екеніңді айқын сезінуің аса қымбат.

Үстіміздегі жылы ауданымызда наурыз мерекесі және 1- мамыр халықтардың достығы, бір-

лігі, ынтымақтастығы мерекелерін  өткізу шараларында  ауданда шоғырланған ұжымдар,

түрлі  ұлт өкілдеріне қолдау көрсетіп,  ұлттық этностық  әдет-ғұрыпын, мәдениетін  дәріптеп

атсалысты және  «Халықтар достығы»  шарасында әрбір ұлттың мәдениеттерін, салт-

дәстүрлерін таныстырып, ұлттық киімдерін киіп,  ұлттық тағамдарын ұсынып, барлық  сән-

салтанатын  жарқырай көрсетіп іс-шаралар өткізді.Тіл күллі халықтың тағдырын түйістіріп,

байланыстырып  тұрған  мәселе.Тілден  айрылған  кей  жұрт  мемлекетінен  де  айрылып

қалғанын тарихтан жақсы білеміз. 

Сондықтан, біз  ең алдымен, өз намысымызды оятқанымыз жөн. Олай болса, біз өз тілімізді

өзіміз құрметтеуіміз керек. Біз бүгінде құдайға шүкір өз алдына дербес  елміз, тәуелсіз мем-

лекетпіз. Сондықтан да тіл мәселесіне мемлекеттік деңгейден қарауымыз керек. Бұл деген

сөз, әрбір қазақ өз мемлекетінің жанашыры болса, ол мемлекеттік тілдің де жанашыры

болуы керек.

Ең басты мәселе – тілімізді өркендету, оның қажеттілік  деңгейін арттыру әрбір мемлекеттік

қызметкердің,  әрбір  Қазақстан  азаматының    асыл  парызы.  Мемлекеттік  тілдің  тұғыры

Заңмен бекітіліп, бағдарлама арқылы іске асырылуда. 

Демек, қазақ тілінің дамуына ешқандай кедергі жоқ, жол ашық, бағдар айқын. Енді осы

бағдарды нақты істермен бекітіп, әрбір кезеңге сай атқарылған жұмыстарды саралап от-

ыруымыз қажет. Халық пен мемлекетті байланыстырып тұрған да мемлекеттік тіл екенін

білуіміз керек.



Жаңаарқа аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы

ТІЛ-ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫ, ТАТУЛЫҚ ТІРЕГІ

    22 ҚЫРКҮЙЕК-ТІЛДЕР КҮНІ   

Ана тілі – халық боп жасағаннан бері жан

дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене бере-

тін,  мәңгі  құламайтын  бәйтерегі,-  деп

Жүсіпбек Аймауытов айтқандай елін, жерін

сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне

деген  сүйіспеншілігінің  мақтаныш  сезімі

болуы керек. Себебі, қазақ тілі – Қазақстан

Республикасының  мемлекеттік  тілі.      Тіл  –

ұлттың жаны. Ал, ұлттың болашағы – оның

ана тілі. Тіл – халықпен бірге өмір сүріп да-

миды. Әр ұлттың тілі – оның бақыты мен ті-

регі.  Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  халықтың  болашағы  туралы  тереңнен  толғай  отырып,

«Мемлекеттің  ең  басты  дүниесі  тек  қана  байлық  емес,  сонымен  қатар  ана  тіліміздің

болашағы»,- деген болатын. Мемлекеттік тіл - мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық

қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық

іс-қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс. Өйткені өркениетке құлаш ұратын

елдің өрісі қашанда білікті де, саналы ұрпақпен кеңеймек. Әлемдегі мүйізі қарағайдай

елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты да сауатты ұрпақ тәрбиелеу. Са-

уатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз- өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген

ұрпақ.    Ал ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол

қолданбайынша,  шын  мәніндегі  мәдениетті  адам  бола  алмайсың.  Мемлекеттік  тілдің

қолдану аясын барған сайын кеңейтіп, оны шын мәніндегі қоғамдық қарым-қатынас тілі ету

бүгінгі күн талабы екендігі баршаңызға белгілі. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді халық

даналығы. Ендігі мақсат – тәуелсіз мемлекетіміздің қоғам өмірінің барлық саласында қазақ

тілін кеңінен қамтамасыз ету. Қазіргі таңда аудандық басқармаға мемлекеттік мекемелердің

46%-ы ғана қаржылық құжаттарын мемлекеттік тілде тапсыруда. Аудандық қазынашылық

басқармасының  қызметкерлерінің  90  пайызы  мемлекеттік  тілді  толық  меңгергендіктен

барлық  мемлекеттік мекемелермен хат алмасу мен қызмет көрсету  мемлекеттік тілде

жүргізілуде және аудандық қазынашылық басқармасы мемлекеттік тілге  толықтай көшті

деп айтуға болады. Тіл тағдыры – ел тағдыры екенін ешуақытта ұмытпайық. Әрбір адам өз

ана тілін білу және мемлекеттік тілін меңгеруі  міндетті.



Жаңаарқа аудандық қазынашылық басқармасының бас қазынашысы                                                 

Мемлекеттік тіл

Тіліміздің мәртебесін арттыру жолындағы келелі істер ширек

ғасырдай  уақыттан  бері  жалғасып  келеді.    Ана  тілімізді

сақтау, сақтау ғана емес ардақтау – азаматтық парыз. Тілің

жоғалса,  ұлттық  рухың  да  жоғалады,  яғни  Елбасы

Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, біз өзіміздің ұлттық

ойлау  жүйемізді,  тарихи  танымызды,  рухани

мәдениетімізді  барынша  терең  дамыта  отырып,

барлық салада рухани тәуелсіздікке жетуіміз керек –

деген. Тіл  - халықтың тағдыры, дүниетанымы, салт

– дәстүрі.  Қазақстан Республикасының мемлекеттік

тілі – қазақ тілі. 

Ол елдің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың

барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару,

заң шығару, сот ісін және іс қағаздарын жүргізу тілі. Мем-

лекеттік  органдарда  іс  жүргізуді  толық  мемлекеттік  тілге

көшірудің  үлкен  стратегиялық  маңызы  бар.  Өйткені,  қоғамдық

өмірдің қай саласы болмасын мемлекеттік органдар арқылы басқарылады. Сондықтан басқару

тетігіндегі тілдік ахуал әр салаға тура ықпал етеді десек, асыра айтқандық емес.

Сол себепті жергілікті атқару құрылымдарындағы мемлекеттік тілді орнықтыру жұмысын

түпкілікті әрі нәтижелі етіп жүргізуге баса көңіл бөлінсе, онда нәтижеге қол жеткізілетіні

анық. Соның ең бастысы – қажетті кадрлық әлеуетті қалыптастыру, мемлекеттік тілде іс

жүргізудің материалдық-техникалық базасын жасау сияқты маңызды іс-шаралардың тиісінше

қамтылған. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі

комитеттің іс қағаздарын жүргізуді кезең – кезеңмен мемлекеттік тілге көшіру кестесіне» сай

Жаңаарқа аудандық соты мемлекеттік тілге толықтай көшірілді. Кіріс және шығыс құжаттары

қазақ тілінде тіркеліп жолданады. 

Қазіргі уақытта жалпы 3421 кіріс құжаты тіркеліп тұрса оның 2301 – і мемлекеттік тілде

тіркеліп  тұр.  Сонымен  қатар  жалпы  693  істер  қаралса  оның  536  –  ы  мемлекеттік  тілде

қаралды. Жұмыс жоспарлары, семинарлық сабақтар, жедел кеңес хаттамалары мемлекеттік

тілде  жүзеге  асырылады.  Іс  қағаздары  қазақ  тілінде  жүргізіліп,  дұрыс  толтырылуы

қадағалануда. 

Мысалы:  қазақ  тілінде  қаралатын  істер  бойынша  орыс  тілінде  қатынас  қағаздарының

жүргізіліп жатқан қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер бойынша сот сараптамаларының

мемлекеттік тілде болуын талап етіп, сот сараптама орталықтарымен қазақ тілінде хат-хабар

алмасуды жолға қою. Сонымен қатар тек қана орыс тілінде түскен істер ғана сол тілде тірке-

ліп, қаралады. Аудандық ішкі істер бөлімдерінен басқа да мекемелерден түскен істердің хат-

тамалары жартылай қазақ, жартылай орыс тілінде толтырылса қайтарылып жіберіліп, бір

тілде толтырылуын қадағалау нәтижесінде жүзеге асырылуда. БААТЖ бағдарламасы бо-

йынша да құжаттар мемлекеттік тілде тіркеліп, жолдануда. 

Жалпы аудандық сотта іс қағаздарының қазақ тілінде жүргізілуі, дұрыс толтырылуы өз

деңгейінде атқарылуда. Туған тіліміздің биік мәртебесі үшін тер төгу – азаматтық парызы-

мыз.


Өйткені, тіл – халықтың жаны, ары мен абыройы.Тіл-халықтың тағдыры, дүниетанымы, салт

– дәстүрі. “Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік

бағдарламасының” шығуы ана тілімізді ардақтаудың алтын қазығы. 

Олай болса, құдіретті домбыраның үніндей қазақ тілі «Түрі басқа болса да, тілегі бір, жүзі

басқа болса да , жүрегі бір» барша қазақстандықтардың ортақ тілі болғандықтан қолдану

аясын одан әрі дамыту әрбір азаматтың негізгі міндеті деп білемін.



Жаңаарқа аудандық соты

ҚАЗАҚ ТІЛІ – МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ

Ана тілім-ардақты,

Шеккен талай азапты.

Шұбарланса  енді  тілім, 

Көтермейміз  мазақты.

Тілім  менің  байлығым,

От секілді жалынды.

Тіл-  ардақтым,  асылым,

Білдіретін  барымды.

САМАТ КӘРІБАЕВ,

№132 орта мектебінің 5 сынып  оқушысы

АНА ТІЛІ

Б.Өтешов  атындағы  балалар кітапханасында аты  алты  Алашқа  мәлім  қызыл сұңқар  жа-

зушы,  мемлекет  қайраткері, ел  мүддесін қорғаушы, аяулы Жаңаарқа  төсінің сырбазы,

қарапайым  халқымыздың қамқоршысы ақиық ақын  Сәкен  Сейфуллинге 120 жыл  толуына

байланысты 5 – 7  сынып оқырмандары  арасында  Сәкен өлеңдерін  мәнерлеп  оқу  сайысы

өтті.  Байқауға   мектептер арасындағы  талантты  деген  үміткерлер қатысты. Екі номина-

циядан  тұратын  сайыста  25 бала  бағын  сынады. Алғашқы  номинация «Өнерліге не  керек

бәрі  дайын», екіншісі  «Маржандай  тізген  жырымды...» деп  аталды. Мұнда үміткерлер

Сәкеннің  өлеңдерін  мәнерлеп оқудан  сынға   түсті. «Жүйріктен  жүйрік озар  жарысқанда»,-

дегендей    бұл  байқауда  1  орынды    О.Жұмабеков  мектебінің  оқушысы  Қ.Төлеутаев

«Сағындым»  әнімен  жеңіп  алды. Сәкен өлеңдерін  оқудан  ІІ орынды  Ю.А.Гагарин

мектебінің  оқушысы   М. Асанов  «Домбыра», ІІІ  орынды О.Жұмабеков  мектебінің

оқушысы  Е.Жарылғап   қанжығасына  байлады. ІІ  номинацияда  І орынды С.Сейфуллин

мектебінің  оқушысы Е.Елекен , ІІ  орынды О.Жұмабеков  атындағы  мектептің  оқушысы

А.Байбәкір,  ІІІ    орынды    С.Сейфуллин    мектебінің    оқушысы  А.Серікова  иеленді.

Балалардың  өлеңдері көңілге қуаныш  ұялатады.  Сәкен  аталарына  арналған өлеңдерін

оқып,  өздерінің  ақынға  деген  сүйіспеншілігін, ақын жырына деген жүрек лүпілін жеткізді.

Сәкенге арналған өздерінің шығармашылығынан оқыған  О.Жұмабеков  атындағы  мектептің

оқушысы  А.Қалкенова  І  орын. С.Сейфуллин  мектебінің 7 сынып  оқушысы Б.Базарбаев-

ІІ  орын, ІІІ  орынды  Ю.А.Гагарин  мектебінің  оқушысы А.Нұрденова иеленді.  Сайыстың

жүргізушісі  С.Нығманова  балалармен С.Сейфуллиннің  өмірбаяны  мен шығармаларына

сұрақ – жауап ойынын  өткізді.                                                                        



Б.Өтешов  атындағы балалар  кітапханасы 

АҚИЫҚ  АҚЫН – СӘКЕН  АҒА

Осыдан үш жыл бұрын  сметалық құны 1,8 млн. теңге тұратын наубайхананың мүлкі «Агро-

кослтинг» АҚ алынып, Түгіскен ауылдық округіне берілген болатын. Сол ауылдың кәсіпкері

Н.Айкенов наубайханаға ие болды. Бос тұрған ғимаратты жөндеуден өткізіп, наубайхана орнатты.

Бүгінде наубайхана тәулігіне 200 бөлкедей  нан пісіріп, Түгіскен ауылының тұрғындарын, «Арман

100» ЖШС жұмыскерлерін нанмен қамтамасыз етіп отыр. Наубайханада 3 жұмыскер жұмыс іс-

тейді.

Қарағанды облысы әкімдігі мен “Eurasian Resources Group” (ERG) S.a.r.l. арасында 2014 жылға



жасалған екі жақты ынтымақтастық мемарандум бойынша бөлінген 40,0 млн теңге қаражатқа

Түгіскен ауылының бастауыш мектебінің құрылыс жұмыстары басталды. Құрылыс жұмысын

«Техстрой Караганда» ЖШС жүргізіп отыр. Құрылыс жетекшісі Б.Тезекбаев. Құрылыс басындағы

бригадир Н.Тезекбаев. Қарамағында 12 жұмыскері бар. Құрылыс материалдары уақытылы жет-

кізілген, жұмыс күші жеткілікті. Құрылысшылар жұмыстарын келісім шартта көрсетілген  мер-

зімде аяқтаймыз деп отыр. Келешекте босаған бастауыш мектептің ғимараты тиісті жөндеуден

өтіп, 25 орындық балабақша ашылу көзделуде. 

Б. ҚАСЕНОВ, аудан әкімінің кеңесшісі 

ЖАҢА  НЫСАН ТҮГІСКЕНДЕ 

С. СЕЙФУЛИННІҢ ТУҒАНЫНА-120 ЖЫЛ

 ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛГЕН ИГІЛІКТІ ШАРА


20 қыркүйек 2014 жыл

5

АДАМ. ҚОҒАМ. ЗАҢ

“Жаңаарқа” газетінің заң және құқық

саласына арналған беті

Қазақстан Республикасы  «Сыбайлас  жемқорлыққа

қарсы  күрес  туралы» 1998  жылғы №267-1 қабылданған

Заңының  мақсаты  –  азаматтардың  құқықтары  мен

бостандықтарын  қорғауға,  сыбайлас    жемқорлық

көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден  республиканың

ұлттық  қауіпсіздігін қамтамасыз  етуге,  осыған  байла-

нысты  құқық бұзушылықтың, қылмыстың  алдын  алу,

анықтау,  олардың  жолын  кесу және  ашу, зардаптарын жою  және  кінәлілерді  тиісті

жауапқа  тартумен  қатар, демократиялық  негіздерді,  мемлекеттік   басқарудағы жариялық

пен бақылауды кеңейтуге халықтың мемлекет пен оның  құрылымдарына  деген  сенімдерін

нығайтуға,  білікті  мамандарды  мемлекеттік  қызметке  кіруге  ынталандыруға,  мемлекеттік

міндеттерді    атқаратын    адамдардың    риясыз    адалдығы    үшін    жағдайлар    жасауға

бағытталғаны  жөнінде  атап  өту қажет. Мемлекет  басшысы  сыбайлас  жемқорлықтың

ауқымы  мен  салдарын  іс  жүзінде   бағалай  отырып, бұдан  әрі  де  осы  қауіпті  көрініске

қарсы   ымырасыз  және  жан-жақты  нақтылы  күрес  жүргізу-мемлекеттік  органдардын,

мемлекеттік қызметкерлердің,  тұтастай   қоғамның  басты  міндеті  мен  борышы,  осы  ке-

селге  қатаң   бағытталған  мемлекеттік бағдарлама  жоғарғы  деңгейдегі  жауаптылықпен

іске  асырылуы  тиіс.



Т.ЖУХИН,

Қараағаш  ауылдық  округінің  жетекші  маманы            

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ

КҮРЕС ЖАЛПЫ ҚОҒАМ МӘСЕЛЕСІ

2014 жылдың шілде айының 3-4 күні Елбасымен жаңа Қылмыстық және Қылмыстық іс

жүргізу кодекстеріне қол қойылды. Жаңа кодекстер 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап

қолданысқа енгізіледі. Қылмыстық сот өндірісінің жаңа моделі халықаралық стандарттарға

сәйкес азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын барынша қорғауға

бағытталған.

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап, қылмыстар туралы арыздар мен хабарламалар тіркел-

геннен кейін тежеусіз қылмыстық істі тергеу басталады. Тиісінше, осы уақыттан бастап іс

бойынша барлық заттай дәлелдемелерді жинайды және олардың процессуалдық рәсімдеуі

жасалады. Азаматтардың назарына қылмыс туралы хабарламалары мен арыздары толық

және жеткілікті мәліметті болуы, кідіріссіз заңды процессуалдық шешім қабылдау үшін ора-

сан маңызы барын ескертіп түсіндіріледі. 

Қылмыскердің іс-әрекеттері мен олардың түр-әлпеті туралы нақты мәліметтер, қылмыстың

ізі суымай ашылуына қылмыстық қудалау органдарына дер кезінде хабарлау қылмыстың

ашылуына өз себептігін тигізеді. Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 22 тамыз 2014

жылғы №9/15 нұсқауымен бекітілген «қылмыстар туралы арыздар мен хабарламаларды

қабылдау тәртібі туралы» мысалды үлгісі дайындалған болатын. Аталған үлгілер еліміздің

барлық құқық қорғау органдарының ғимараттарында азаматтарға көрінетін жерге орнала-

стырылып ілінген.

Осы нұсқаулықтың негізінде азаматтар хабарламалар мен арыздарды толтырған кезде

өздерімен бірге тұлғасын куәландырылатын құжаттарының бірін оның ішінде: жеке куәлігін,

паспортын, жүргізуші куәлігін, әскери билетін және т.б. құжаттарын өзімен алып келу мін-

детті. Әр орын алған қылмыс бойынша құқық қорғау органына хабарлаған кезде тек қана

шындық көрсетілу қажет. Сондықтанда, арыз иесіне Қазақстан Республикасы Қылмыстық

кодексінің 351 бабының талаптарына сәйкес «қылмыс жасағаны туралы көрінеу жалған сөз

жеткізу» қылмыстық жауапкершілікке тартылуы ескертіледі.

Егер арыз иесі өз арызының жалғандығы туралы білсе, бірақ оған қарамастан құқық қорғау

органына шағымданса ол әрекеті үшін сегіз жылға бас бостандығынан айыру жаза қаупі

төнеді. Қылмыспен күресте тұрғындардың құқық қорғау органдарына берген мәліметтердің

көмегімен және олардың әр қылмыс пен оны жасаған тұлғалар туралы берген мәліметтері

нәтижесінде қылмыстың ашылуы өз нәтижесін береді.

Е. БАЛХАБЕКҰЛЫ,

Жаңаарқа аудандық прокурорының көмекшісі                                                      

ПРОКУРОР ЗАҢДЫ ТҮСІНДІРЕДІ

Сыбайлас жемқорлық ел экономикасының көтерілуіне үлкен кедергі келтіріп отырған

қоғамымыздың ең басты қауіп – қатерлерінің бірі болып табылады. Сондықтан да оны бол-

дырмау, алдын – алу мақсатында елімізде көптеген іс – шаралар жоспарланып, жүзеге асы-

рылуда. Алайда, жемқорлықпен күрес барысы күн сайын қарқын алып келеді дегенімізбен,

жегі құртқа айналған осы бір қатерлі дерттен бойын аулақ ұстағысы келмейтіндердің қатары

да уақыт өткен сайын көбейе түсуде. Осындай келенсіз құбылыстармен бітіспес күрес

жүргізу – тек сот, құқық қорғау немесе мемлекеттік органдардың міндеті емес, барлық

ұлтжанды азаматтардың парызы. Мемлекеттік органдарда жұмыс жасайтындардың өзгенің

тағдырына, жұмысына деген немқұрайлылығы, тоңмайын шенеуніктердің тойымсыздығы,

қарапайым анықтама алуы үшін шеті мен шегі жоқ кезек барысында көптеген азаматтар

мемлекеттік қызметтерді пара алуға өздері арандатады. Өйткені, халық арасында сыбайлас

жемқорлыққа қарсы білімділік жетіспейді. Сол себептіде мұндай ауыр кеселді тек мемле-

кеттік және құқық қорғау органдарының күшімен жеңе алмаймыз. Жемкорлықпен күресуді

бүкіл халық болып қолға алсақ қана тоқтатуға болады.

Қазіргі қоғамның мүшелерінің көбінің ойы материалдық пайда табу, «қолдарында тұрғанда

қоныштарынан басып», өзінің әл – ауқатын одан сайын жақсарту. Сондықтан, ең бірінші,

адамның сана – сезімін, мінез – құлқын өзгерту қажет. Халықтың құқықтық сана – сезімін

көтеру  мақсатында  құқықтық  насихат  жұмыстарын  әлсіретпей,  жоғары  деңгейде

жалғастырған жөн. Жастарымызға мектеп және жоғары оқу орындарының қабырғасында

біліммен қоса, дұрыс тәлім – тәрбие беріп, имандылыққа, адалдыққа, патриоттық сезімге

баулу қажет. Сыбайлас жемқорлықпен күрестің басты бағыты - оның алдын алу, яғни, оның

себептері мен шарттарына ықпал жасау болуы керектігін ескерген жөн деп есептеймін.

Алайда, осындай заң бұзушылықтар орын ала тұра құқығы бұзылған азаматтар дер кезінде

құқық  қорғау  органдарына  хабар  бермегендіктен,  кінәлі  тұлғалар  жауапкершіліктен

құтылып кетеді. Осындай олқылықтарға жол беруден аулақ болғанымыз жөн. Жаңаарқа

аудандық сотында Елбасы алға қойып отырған осынау асқаралы міндеттерді жүзеге асыруға,

сот  қызметкерлері  арасында  қатерлі  дертке  жол  бермеуге  аса  назар  аударылып  отыр.

Халқымызды «Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді»,- деген қанатты сөз бар. Сондықтан

да құлқынның қамын ойлаған кейбіреулердің теріс әрекеті бүкіл ұжымға кері әсерін тигіз-

беуі үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлесе күрескеніміз дұрыс. Қорыта айтсам, жас

ұрпақ тәрбиесі сеніп тапсырылған жауапты сала мұндай кемшіліктерден Сіз  бен біз, яғни

барлық мемлекеттік қызметкерді жемқорлыққа жол бермей, оның алдын алуға үлес қосуға

шақырамын. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет