Ғылыми-практикалық конференциясының материалдары



Pdf көрінісі
бет166/333
Дата07.01.2022
өлшемі7,58 Mb.
#19629
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   333
Байланысты:
Сборник материалов конференции

Кішіпейілділік – кішірею емес, қайта сенің биіктігіңнің белгісі.  

Кейде біз ашуға булығып, кейін шегіне салмаймыз ғой. Бізді құртатын да сол. «Аһ, 

сені ме, құртып жіберемін. Ісім сенімен болсын енді» деп, бар дүниені ұмытып, аласұрып 

жатамыз.  Ал  оның  зардабы  қанша  жанды  қамықтырады!  Ұстамсыздық  пен  сабырсыздық 

қаншама кісінің жүрегін жаралайды десеңші!» [1, 82б.] 



296 

 

Осынау  сөздерден  қанаттанып,  өмірде  жаман  мен  жақсының  қатар  жүретіндігіне 



және әрдайым жамандықты жақсылықатаулысы жеңетіндіге сендіреді. 

Француз ғалымы және  философы Блез Паскаль (1623-1662):  «Адам  – бар болғаны 

құрақ,  табиғат  жаратылыстарының  ішіндегі  ең  әлсізі,  бірақ  ол  –  ойланушы  құрақ.  Оны 

жою  үшін  бүкіл  Ғаламның  тіпті  де  керегі  жоқ:  желдің  соғуы,  су  тамшысы  да  жеткілікті. 

Алайда, тіпті оны Ғалам жойса да, адам бәрібір де одан гөрі асқақтау, өйткені өмірмен қош 

айтысатынын және Ғаламнан әлсіздеу екендігін ұғынады, ал Ғалам ештеңені ұғынбайды» 

[8,  82б.]      деп  жазған.  Басқа  тірі  жаратылыстардан  айырмашылығы  –  адам  өз  өмірін 

ұғынады.  Адамның  саналы  жаратылыс  ретіндегі  өз  өмірі  мен  өзді-өзіне  қатынасы  оның 

өмірінің мағынасы мен мақсатында өрнектеледі. 

Өмірдің мәні туралы айтқанда, біз тоқталмай өте алмайтын бір ұғым бар. Ол өзіміз 

жоғарыда талқылап кеткен бақыт ұғымы. «Өмірдің мәні оны бақытты етіп өткізуде» деген 

тұжырымның кез келген адамға түсінікті әрі жылы естілетіні содан болса керек. Ал, өмірде 

бақытты  сезіну  үшін  Әкім  аға  айтқан  филосиялық  ойларды  өз  өмірінізге  серік  етсеніз 

болғаны. 

«Бақыт»  –  адамға  оның  өзінен  жоғары  тұрған,  белгісіз  бір  күштердің  сыйы  емес. 

Бақытты болу немесе бола алмау – адамның маңдайына бұйырған үлес немесе тағдырына 

алдын  ала  жазылып  қойылған  бағдарлама  да  емес.  Бақытты  болу  –  әр  адамның  өз  еркі, 

демек,  бақытты  бола  білу  әр  адамның  өз  қолында.  Шын  махаббат  екі  жақтың 

психологиялық  үйлесуінен,  олардың  бірін-бірі  үнемі  аңсап  тұруынан,  түптеп  келгенде, 

өмірге  ұрпақ  келтіруге  бастап  апаратын  жұптасқан  тұрмыс  құруынан  көрініс  береді. 

«Махаббат»  –  адам  өмірінің  тым  шетін,  аса  нәзік,  оның  бақытына  тура  қатысты  бір 

маңызды  қыры.  Әкім  ағаның  шығармашылығындағы  махаббат  мәселесі  де  сондай  таза 

бұзылмаған  сыршыл  сезімнің  жетегінде  кете  баратын  лирикалық  қаһарман  арқылы  осы 

құдыретті сезіммен еріксізсенде арпалысасын. Мәселен: 

«Қыз құйған шай! 

              Одан тәтті не болады білмедім?» 

                             Жұмекен Нәжімеденов 

Түрде отырмын. 

Түсіне алмас жандай тым. 

Бүгін осы, 

бас айналар қандай күн? 

Шырын сезім шырқ үйірсе қайтерсің, 

Сиқыр ма едің әлде мені арбайтын. 

 

Ертегі ме, 



елес пе екен көргенім, 

Нәзік қылды шертіп жатқан сен бе едің? 

Еліктірген бұл жанарға еліттім, 

Сусынға, әлде... 

Сұлуға мен шөлдедім?! 

 

Терлетеді,  



Тапа тал түс, 

Аптап күн. 

Тербетеді, 

жаныңды бір аппақ гүл. 

Ыстық көңіл қатқан ыстық шайыңды, 



297 

 

Еріп кетпей, қалай ғана татпақпын. 



 

Ұғар екен, 

бұл жүректің жайын кім, 

Жанарыңды жарқ еткізер айың кім?! 

Не сиқыры бар екенін білмедім, 

Сүйкімдім-ау, сүт қосылған шайыңның?! 

 

Айналғандай өрт сезімге шартарап, 



Бойда жалын, 

Қайтіп, қалай тарқамақ? 

Ақ білегің, 

алтын сырғаң жарқ етіп, 

- Алыңызшы,-деп отырсың - мархабат! 

 

Неге бұлай? 



Түсіне алмас жандаймын. 

Бүгін осы, 

Бас айналар қандай күн? 

Елік қыздың салған мынау дертінен, 

Бәлкім, мәңгі мен айыға алмаймын..» [2, 82б. 

Жаңаша,  қазақша  ойлау  дегеніміз  -  ұлттық  ойлау,  өмірге  қазақ  болып  қарап, 

дүниені қазақ болып қабылдау, ұлттық  мүдде тұрғысынан сана қорыту. Қазақша ойлау  – 

халықтық ойлау, олай болса оның сыншылыдық қуаты бар. 

Жаңаша  ойлау  дегеніміз  –  қоғамдық  сананың  пргрессивті  көрінісі.  әр  заманның 

өзінше жаңаша ойлау  жүйесі  болған.  Әйтпегенде адамазат тарихы болмақ емес. Міне, әр 

қазақты  осы  заманға  лайықты  тың  көзқарастармен  рухталған  жаңаша  ойлауды  үйрететін 

Әкім  Ысқақ  туындылары  ұлттық  сананы  қалыптастыратын  күшпен  тең  десек  артық 

айтқанымыз емес. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет