ПАЙДАЛАНЫЛҒАН АҚПАРАТ ТІЗІМІ:
1.Розова М.Ю. Обращение за судебной защитой по советскому гражданскому
процессуальному праву: автореф.канд. юрид. наук.
-
Саратов, 2004.
2. Сапаргалиев F.C. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы. - А., 2006.
3. Сулейменов М.К., Басин Ю.Г. Азаматтық құқық. I том. - Алматы, 2003.
4. Сергеев А.П., Толстой Ю.К. Гражданское право - М.: Проспект, 2000.
5. Треушников М.К. Гражданский процесс. - М, 1999.
6. Төреқүлов Н. Төле би. - Алматы, 2002.
СУДЬЯЛАРДЫҢ ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
НЕГІЗДЕРІНІҢ МӘНІ
МҮСРӘЛІ М. А. -2 курс магистранты
Ғылыми жетекші: з.ғ.к., аға оқытушы АПАХАЕВ Н.Ж.
Алматы Университеті
Судья Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты, президент тікке үміткер,
Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарына үміткерлер, Бас прокурор сынды
әкімшілік жауапкершілікке қатысты артықшығы бар тұлға болып табылады.
Судья Қазақстан Республикасының Жоғарғы сот кеңесінің қорытынды сына
негізделген Қазақстан Республикасының Президентінің келісімінсіз немесе Қазақстан
Республикасы Конституциясының 55-бабының 5) тармақ шасында белгіленген жағдайда
Қазақстан Республикасы Парламентінің келісімсіз қамауға алына алмайды және әкімші лік
жазаға тартыла алмайды.
Судьяны сот жүзінде әкімшілік жазаға тартылатын әкімшілік жауапкер шілікке
тарту үшін келісімді алу үшін Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Қазақстан
Республикасының Президентіне, ал Қазақстан Респуб ликасының Парламентінің Сенатына
тиісті ұсыныс енгізеді. Ұсыныс істі сотқа жібергенге дейін, судьяны әкімшілік істі
жүргізетін органға (лауазымды тұлғаға) келтіргенге дейін енгізіледі [1]
Әкімшілік жауапкершілік жасалынған әкімшілік кұқык бұзушылыққа деген
мемлекеттің реакциясы болып табылады. Әкімшілік жауапкершілік — қылмыстық,
тәртіптік және азаматтық-құкықтықпен қатар жауапкершіліктің бір түрі. Әкімшілік
476
жауапкершіліктің мәні болып, әкімшілік кұқық бұзушылық жасағаны үшін құқық
бұзушыға әкімшілік нормаларды бұзғаны үшін әкімшілік жаза түріндегі мемлекеттік
мәжбүрлеу шаралары қолданылады. Бұл шаралар мемлекеттік уәкілді органдармен
тағайындалады [2].
Объект болып, құқық нормаларымен реттелген және әкімшілік жауапкершілік
мөлшерімен қорғалатын коғамдық қатынастар табылады. Объект ретінде нақты нормалар,
заңдық талаптар, шектеулер танылады.
Объективтпі жақ — жүріс-тұрыстың өзін сипаттайды, әкімшілік құқықпен тыйым
салынған іс-әрекеттер мен әрекетсіздіктерді жасаумен сипатталады.
Объективті жақты анықтағанда құқық бұзушылықты жасау амалы, сипаты
(қайталанбалылык, созылмалылық), орны (қоғамдық орын, әуе құрамы, шекара шебі) және
уакыты (түнгі), зиян мөлшері, құқық бұзушы лықты жасауда қолданылған құрал-
жабдықтар (көлік құралы, спирттік ішімдіктер, есірткі заттар, оқ дәрі, қару-жарақ) мәні өте
зор [2].
Субъекті болып табылатын әкімшілік құқық бұзушылықтар:
1) 16 жаска толған, есі дұрыс жеке тұлға;
2) заңды тұлғалар, яғни мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар.
және оның салдарына деген психологиялық катыстылығы, ол қасақаналық және
абайсыздық түрінде көрсетілуі мүмкін.
Әкімшілік құқық бұзушылық қасақана жасалынған болып есептеледі, егер оны
жасаған тұлға өзінің әрекеттерінің (әрекетсіздіктерінің) құқыққа қарсы екендігін сезді,
оның зиянды салдарын болжады және осы салдардың болуын тіледі немес саналы түрде
болуына жол берді, әлде оған немқұрайлылықпен қарады.
Егер құқық бұзушы өз әрекетінің (әрекетсіздігінің) зиянды зардаптары болуы
мүмкіндігін алдын ала білсе, біракқ оған жеткіліксіз негіздермен оларды болдырмауға
ұшқалақтыққа салынса немесе оларды алдын ала болжай алмаса, бірақ болжауға міндетті
болса, әкімшілік құқық бұзушылық абайсызда жасалған болып саналады.
Қасаканалыққа ұсак бұзақылық, үй жағдайында спиртті ішімдіктер жасау және
өткізу, мәдениет және тарих ескерткіштерін, сондай-ақ табиғат объектілерін қорлау, т.б.
терісқылықтар жатады.
Абайсыздыққа ұйымның лауазымды тұлғасының оған сеніп тапсырған құжаттарын
жоғалту, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу, т.б. теріс-қылықтар жатады.
Әкімшілік тұлға әкімшілік жауапкершіліктен рақымшылық жасау актісінің
шығуына, жағдайдың өзгеруіне, науқастануға, ескіру мерзімінің өтуіне байланысты
босатылады.
Әкімшілік жауапкершілікке, әкімшілік құкық бұзушылық жасау мезетінде ақыл-
есінің кемдігі жағдайында болған, яғни өзінің сырқаты жағдайына байланысты іс-
әрекеттеріне жауап бере алмаған және өз қимылдарын басқара алмаған тұлға
тартылмайды.
Сонымен, әкімшілік жауапкершілік дегеніміз—құқық бұзушыға оның әкімшілік
құқық бұзушылық жасағаны үшін мемлекеттік органның және лауазымды тұлғаның оған
жазалау шараларын қолдануы сипатына ие болған заңды жауапкершіліктің бір түрі.
Әкімшілік жауапкершілік 16 жастан басталады. Әкімшілік жауапкершіліктің негізі болып
— әкімшілік кұкық бұзушылықтың (әкімшілік терісқылықтық) жасалуы жатады [3].
Мәжбүрлі қажеттілік. ӘПБтК-те және басқа нормативтік актілерде көзделген
әрекетті жасағанымен, бірақ мәжбүрлі қажеттілік жағдайында, яғни мемлекеттік немесе
қоғамдык тәртіпке, меншік иесінің құқықтарына, азаматтардың құқықтары мен
бостандыктарына және, басқарудың белгіленген тәртібіне төнген қауіпті жою үшін әрекет
477
жасаған адам, егер бұл қауіпті осы жағдайларда жою мүмкін болмаса және егер
келтірілген зиян жойылған зиянға қарағанда анағұрлым кем болса, заң бойынша әкімшілік
жауапты болмайды.
Қажетті қорғану. Мемлекеттік немесе қоғамдык тәртіпті, меншікті, азаматтардың
құкықтары мен бостандықтарын, басқарудың белгіленген тәртібін қажетті қорғану
жағдайында коғамға жат қиянат жасаушылықтан киянат жасаушыға зиян келтіру жолымен
корғаған кезде әрекет жасаған адам, егер қажетті корғану шегінен асып кетуге жол
берілмеген болса, әкімшілік жауапты болмайды.
Құқыққа қарсы әрекет не әрекетсіздік жасаған кезде есі дұрыс емес күйде болған,
яғни созылмалы есі ауысқан ауру болуы, есінін, уақытша ауысуы, кем ақылдылығы немесе
басқа бір сырқатты күйде болуы себепті өз әрекеті жөнінде өзіне есеп бере алмайтын
немесе әрекетін басқара алмайтын адам заң бойынша әкімшілік жауапты болмайды.
Мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпке, меншік түрлеріне, азаматтардың құқықтары
мен бостандықтарына, заңды тұлғалардың мүдделеріне, сондай-ақ басқарудың белгіленген
тәртібіне қиянат жасайтын, сол үшін заңдармен әкімшілік жауапкершілік көзделген
құқыққа қарсы (қайшы), кінәлі (қасақана немесе абайсызда) әрекет не болмаса әрекетсіздік
әкімшілік құқық бұзушылық деп танылады.
«Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнама бұзылған құқықтарды қалпына
келтіруге, қоғамдағы құқықтық даулардың алдын әкімшілік-құқықтық шаралармен алуға
барынша бағытталуы тиіс» делінген Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020
жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасында [4].
Сондықтан мемлекет құқықтық нормаларда міндетті ереже-тәртіптерін бекіте отырып,
сонымен бірге оларды бұзғаны үшін мемлекеттік мәжбүрлеуді қолдану мүмкіндігі
қарастырады. Соның ішінде әкімшілік шараларды қолданудың маңыздылығы олардың
ауырлық дәрежесінде емес, әкімшілік жауапкершіліктің және әкімшілік шаралардың
міндетті түрде орын алуы, бұлтартпастығы болып табылады. Яғни қазіргі таңдағы
әкімшілік деликттік құқық теориясындағы маңызды рольды әкімшілік жауаптылықтың
және әкімшілік шаралардың міндетті түрде орын алуы болып табылады.
Мұндай теорияның бұрыннан қалыптасып, дамуының себебі осында болады. Оған
мысал ретінде құқық бұзушылық және жаза контекстінде Чезаре Беккарияның айтуынша,
«қылмыс жасаған адамға қатысты оның ішкі дүниесіне терең және ұзақ уақытқа
созылатын, ал тәніне неғұрлым аз дәрежеде әсерін тигізетін тиісті мөлшердегі жаза түрлері
қолданылуы керек» [5].
Бірақ қазіргі уақыттағы еліміздегі қолданыстағы заңдарға және әкімшілік құқық
бұзушылықтармен күрестегі тәжірибеге сүйенетін болсақ, бұл аталған әкімшілік құқық
бұзушылықтармен күресте жалғыз және дұрыс жолы болып табылмайды. Ұзақ уақыт
бойына қалыптасқан құқық теориясы мен тәжірибесіне сәйкес, әкімшілік құқық
бұзушылықпен күресте өзге де неғұрлым адамгершіл және әділ жолдар бар екендігі
көрініп отыр. Бұл өзінің бастауын еліміздің конституциялық ережелерінің негізінен алып
отыр. Онда «... оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, оның құқықтары
мен бостандықтары» делінген [2], яғни олардың мемлекеттің өзге құндылықтарынан
басым екендігін айтып кетуімізге болады.
Ал одан бұрын құқық бұзушылық деген ұғымға анықтама беретін болсақ, ол туралы
В.М.Корельский былай деген: «Құқық бұзушылық – құқықтық тәртіптің әлеуметтік және
құқықтық антиподы, себебі, олардың әлуметтік және құқықтық белгілері бір-біріне қарама
қайшы. Ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, ұйым мен бүкіл қоғамға
қарсы, ол қоғамдық қатынастардың дамуын қиындатады» [5]. Қазіргі таңда құқық
бұзушылықтармен күресте олардың ерекшеліктерін, олардың жасалуының себебі мен
478
механизмін анықтау – мемлекеттің олармен күресуде сапасын арттыруға мүмкіндік
береді.
Б.А.Жетписбаевтың құқық бұзушылыққа берген анықтамасында былай делінген:
«құқық бұзушылық – ол заңнамамен құқықтық жауапкершілік көзделген ақыл-есі дұрыс
және деликт қабілеттілік жасына жеткен тұлғаның кінәлі құқыққа қарсы іс-әрекеті» [6].
Қазақстан Республикасында, осы кезеңдегі кез-келген өзге мемлекет сияқты, заңды
түрде міндетті болып табылатын өте көп әр түрлі ережелер бар.
Бұл сияқты ережелердің мақсаты барлық немесе көптеген азаматтардың, сондай-ақ
кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың, олардың ведомстволық бағыныстылығы
мен меншік нысанына қарамастан, мүдделеріне тікелей әсер ететін қызметтің белгілі бір
аяларында құқықтық тәртіп пен тиісті мемлекеттік тәртіпті қамтамасыз ету болып
табылады. Кейде бұл ережелерді жалпы міндетті деп негізсіз айтпайды.
Әкімшілік құқық бұзушылық өз көрінісін әлеуметтік-құқықтық құбылыс ретінде
табады. Қоғамның өмір сүру ортасы әкімшілік жауапкершіліктің қалыптасып дамуының
қажетті шарты болып табылады. Сонымен қатар адамдардың өз мүдде-мақсаттарын жүзеге
асыру барысындағы мінез-құлқының салдарынан көрінісін табады.
Қоғамның өмір сүрунің шарттарына, сапасына әсер ету ондағы құқық бұзушылық
түрлеріне жеке-жеке, сонымен қатар жалпы құқық бұзушылық деңгейіне әсер етеді.
Қазіргі құқықтық ғылым құқықтық жауапкершілік үшін, соның ішінде әкімшілік
жауапкершілік үшін де екі негіз бар екенін мойындайды. Олар: құқықтық негіз ретінде –
заң, ал екіншісі құқық бұзушылықты құрайтын фактілік негіз ретінде – әкімшілік теріс
қылық, ол бүкіл әкімшілік жауапкершілік жүйесін іске қосады. Бұл жерде әкімшілік
жауапкершіліктің құқықтық негізі ретінде заң және Президент Жарлықтары табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |