Байланысты: ылыми та ылымдамадан ту туралы есеп магистрант Н. С. анатбеко
20.03.2021ж. Ғылыми зерттеу жұмысын қорытындыладық. Қорыта айтқанда, Еліміздің тәуелсіздік алып, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеге ие болуы ұлттық құндылықтарымызды және ұлттық мәдениетімізді өскелең ұрпаққа танытуға жағдай туғызды. Қазіргі кезде ұлттық өнердің және мәдениеттің, ұлттық әдебиеттің тарихы мен оның әрбір көрнекті өкілінің мұрасына зор жауаптылықпен қарау, шынайы дұрыс бағасын беру-келешектің игілігіне бағытталған жұмыс болуы тиіс. ХХ ғасырдың 20-жылдары ұлттық проза Ж.Аймауытов, М.Әуезов, М.Жұмабаев шығармаларымен әлемдік үлгіні бойына сіңіріп, кемелдене түсті. Қазақ әдебиетінде дара орны бар Ж.Аймауытов шығармашылығын мектепте оқытудың ғылыми әдістемелік негізін айқындау әдебиеттің әдістемесінің мазмұнын байытып, ауқымын кеңейтеу болды. Әдіскер ғалымның пайымдауы қазіргі қолданыстағы оқушының сөйлеу әрекетін қалыптастыратын тілдік төрт дағдыны (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) еске түсіреді. Яғни, тыңдалым – «сөйлеңіз (тыңдасын!)», айтылым – «айтқызыңыз (тілімен қызмет етсін!)», жазылым – «жаздырыңыз». Ал оқылым туралы Ж.Аймауытов көркем мәтінді қалай оқу керектігі туралы түсіндірмесінде арнайы тоқталып өтеді. Бүгінде сабақты осылайша коммуникативтік әдіспен өткізудің негізін қалаушылар деп шетелдік ғалымдарды тым насихаттағаннан гөрі өзіміздің әдістеме тарихымызға да бір сәт мойын бұрғанымыз абзал. Жазушы қазақ оқығандарының алдында ауыр да зор міндет тұрғанын, халық алдындағы борышын абыроймен өтеу керектігін ескертіп, өздеріне тиесілі жауапкершілікті сезінуге шақырады. Түйіп айтқанда, ұлттық баспасөзде басылған өлеңдері мен саяси мақалаларындағы Жүсіпбек Аймауытовтың жоқтағаны бүкіл қазақ мұңы болды. Қазақ халқының басын қосуға күш салып, бірлікке шақырды.