9.03.2021 ж. Зерттеудің мақсат-міндеттерін айқындаттық.
Бірінші күні зерттеу практикасының жетекшісі бірлесе отырып, зерттеу бағдарламасымен таныстым. Практика барысында орындалатын әрекеттер мен жүзеге асырылатын шаралармен танысып, зерттеу практикасының жалпы ережелерімен, атап айтқанда зерттеу практикасының міндеттері мен мазмұны, зерттеу практикасының ұйымдастырылуымен, практикант міндеті мен құқықтарымен, зерттеу практикасы бойынша өткізілетін есеп мазмұнымен таныстым.
10.03.2021ж. Тақырыптың зерттелу деңгейі мен өзектілігіне байланысты әдебиеттер қарастырдық
Әдебиетімізде тұлғатану біршама қалыптасқан сала болғандықтан, ұлттық әдебиет өнеріндегі жекелеген қаламгерлерді әркез қарастырып, зерделеу ісіне айналып, зерттеу объектісі ретінде қарастырылуда.
Әдебиет энциклопедия// Литературная энциклопедия.– 5 т.
Қирабаев С. Көп томдық шығармалар жинағы. 4-том.–Алматы: Қазығұрт, 2007.
Қирабаев С. Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері. Алматы: Білім, 1995.
Бес арыс. -Алматы: Жалын, 1992.
Ж.Аймауытов. Алты томдық шығармалар жинағы. ІІІ том.– Алматы: Ел-шежіре, 2013.
Бисенғалиев З. XX ғасыр басындағы қазақ прозасы.– Алматы: Мектеп, 1989.
12.03.2021 ж. Диссертация тақырыбыма байланысты Д.Исабековтің шығармаларына зерттеу жасадық
Қаламгерлердің шығарма жазу барысында көптеген психологиялық сәттерді бастарынан өткізетінін, қашан туындысын жазуды аяқтап, оқырман қауымға ұсынғанға дейін қатты мазасызданатындарын айқын аңғарса керек. Осындай пәлсапалық ой-тұжырымдармен басталған бұл мақала қазақтың тағы бір көрнекті жазушысы, қоғам қайраткері дәрежесіне көтеріле білген ерекше тұлғалардың бірі Әнуар Әлімжановтың азаматтық бейнесін сомдауға арналған.
Дулат Исабековтің шығармаларының тақырыптары және ол туындыларының көркемдік ерекшеліктері туралы сөз қозғамас бұрын жазушы өзіндік қолтаңбасымен жазылған туындыларымен ерекше үлес қосқан осы кезеңдегі әдебиеттің жай-күйіне қысқаша шолу жасай кеткенді жөн көріп отырмыз.Алғашқы әңгімесі «Жолда», «Замандастар» атты жинақта 1963 жылы жарияланды. Кейін «Бекет» (1966), «Ащы бал» (1969), «Мазасыз күндер», (1970), «Қара шаңырақ» (1973), «Тіршілік» (1975) повестер мен әңгімелер жинақтары, «Қарғын» (1980) романы басылды. Таңдамалы повестері «Екі жиырма» (1983) деген атпен жарық көрді. Бірқатар шығармалары орыс тілінде аударылып, «Полынь» (1978), «Отчий дом» (1979), «Смятение» (1986), «Новоселье в старом доме» (1986) деген атпен басылды. Жекелеген туындылары венгр, неміс, поляк, чех тілдерінде жарияланды.
«Ректордың қабылдау күндері» (1975), «Әпке» (1977), «Ертеңді күту» (1979), «Мұрагерлер» (1982), «Алыстан келген ананас» (1984), «Кішкентай ауыл» (1986), «Анасын аңсаған қыз», «Ескерткіш операциясы», «Ескі үйдегі екі кездесу», «Бонапарттың үйленуі», «МұңлықЗарлық», «Амал мен айла» т.б. пьесалары республикалық, облыстық театр сахналарында қойылды. Таңдаулы пьесалар жинағы «Жеті желкен» деген атпен 1987 жылы жарық көрді. Жекелеген туындылары бойынша «Гауһар тас» (реж. Ш.Бейсембаев, 1975), «Дермене» (реж. А.Әшімов, 1986), «Тауқымет» (реж.Ұ.Қолдауова) көркем фильмдері түсірілді
15.03.2021ж. Зерттеу барысында Жүсіпбектің әдіскер ғалым ретінде қарастырдық.
ХХ ғасырдың басындағы ұлт зиялылары қазақ балаларының қалайша жылдам білім алып, жетілуіне көмектесуге болатындығын барынша зерделеуге ұмтылғанда солардың бел ортасында Жүсіпбек Аймауытов та қолын сыбана кірісіп, белсене араласты. Ол өзінің алғашқы қызметтік қадамын оқу-ағарту ісінен бастағандықтан бұл мәселені оңтайлы шеше білді. Оқытушылық қызметте жүріп мектептегі оқу және оқыту, тәрбие мәселелеріне қатысты «Ана тілін қалай оқыту керек?», «Сабақтың комплекстік жүйесінің әдістері» (Қызылорда, 1923), «Комплекспен оқу жолдары» (Қызылорда, 1929), «Тәрбиеші жетекші» (Орынбор, 1924), т.б. оқу-әдістемелік еңбектер жазды. Баланы оқытуда қолданылатын көп әдістердің «білім берудің төте жолын табуға» қызмет ететіндігін ұғындырған Ж.Аймауытов осындай біршама ғылыми негіздемелер жасап, ұсынуы сол кездің ғана өтеуін өтеген жоқ еді. Көркем шығарманы қалай оқыту қажеттігін алғашқы болып жүйелеп берген Жүсіпбек Аймауытовтың ұсынған әдістері қазіргі білім беру үдерісіндегі қолданып жүрген әдістердің негізі екендігіне көз жеткіздік.
Достарыңызбен бөлісу: |