Ғылыми таным түсініктемесі



бет1/2
Дата13.04.2023
өлшемі24,68 Kb.
#82207
  1   2

Ғылыми таным түсініктемесі

Барлық ғылым, барлық адами таным шынайы білімге жетуге бағытталған. Тек қана шынайы ғылыми білім адамға болмысын жаңартуға қызмет етеді, оның болашақтағы іс әрекетін болжауға мүмкіндік береді. Шынайы білімге қарама-қарсы ретінде адасуды айтып өтуге болады.Күнделікті танымнан алынатын ғылыми білім, өнім сияқты ғылыми қызмет пен білімнің айырмашылығы болады. Күнделікті білімнің анықтылығы күнделікті тәжірибенің арқасында орнатылады. Күнделікті білім жүйеленбеген, бұл – мәліметтер, ұйғарымдар, қызметтік рецептура мен мінез-құлық жиыны. Ғылыми білім – жүйеленген және ретке келтірілген.Шынайы білім ғалымдардың еңбектері мен жаңалықтарына қатыссыз ғылыми заңдылық, теориялық ереже мен шешім, оқу, тәжірибемен дәлелденген және обьективті бар түрде болады. Сондықтан шынайы ғылыми білім обьективті.Осыған байланысты білімді ықтимал пікірден өзгеше сенімді, шынайы ұғым ретінде анықтауға болады.Салыстырмалы білім – негізінде болмыстың дұрыс көрінісі болып табылатын білім, бейненің обьектіден біраз толық емес сәйкестігімен ерекшеленеді.Абсолютті білім – обьект туралы көріністің толық, түбегейлі бірігуі, бейненің обьектімен абсолютті сәйкестігін қамтамасыз етеді.Абсолютті білімді жоққа шығару немесе болашақта өзгерту мүмкін емес. Айта кететін жайт, тәжірибенің үздіксіз дамуы білімнің абсолютті білімге айналу мүмкіндігін жоққа шығарады, тәжірибенің абсолюттілігі обьективті шынайы білімді адасудан ажыратуға мүмкіндік береді. Таным білімнің жетістігі ретінде анықталады. Таным теориясы - ерекше философия пәнінің мәні болып табылады.


Ғылыми танымның ерекшеліктері:
1) Ғылыми таным обьективті заңдардың өзгерістері мен қоршаған орта обьектілерінің дамуын анықтауға бағдарланған.
2) Ғылыми таным заманауи тәжірибеге қосылған тек обьектілерді ғана емес, сонымен қатар болашақта тәжірибелік менгерудің пәні бола алатын обьектілерді оқып үйренуге бағытталған.
3) Ғылыми таным кезінде алынған білім жүйелі және дәлелденген болып табылады.
4) Ғылыми таным обьектілерді оқып білу үшін ерекше әдістер қолданады.
5) Ғылыми таным ғылымның обьектілері суреттелетін арнайы тіл қалыптастырады.
6) Ғылыми танымда арнайы аппаратура қолданылады.
7) Осымен бірге ғылыми білім салыстырмалы және абсолютті бола алады.
Ғылыми танымның ерекшелігі ғылыми білім мен ғылыми еместен ажыратылатын ғылымилық критерияларында көрініс табады.
Ғылыми білімнің дәлелділігі, оны бір жүйеге келтіру ғылымның дамуындағы маңызды фактор болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет