Эмпириялық танымның бастау алатын әдісі — бақылау. Ол айналадағы нағыздық объектілері туралы бірқатар алғашқы ақпараттар алуға мүмкіндік береді. Бақылау белсенді танымдық үдеріске жатады және нәрсе мен сыртқы дүние құбылыстарының сезімдік (көбінесе көру) бейнеленуі болып табылады. Бұл әдісті қолданған кезде танушы адам белгілі бір тану мақсатына сүйенеді. Әдетте, ойша әрекет бағдарламасын жоспарлайды және алынған айғақтарға, демек, реалдылық туралы білімдерге сәйкес келетін түсінік береді.
Бақылау үдерісінде зерттеуші салыстыру және өлшеу операцияларын қолданады.
Зерттеуші объектіні белгілі бір белгісі бойынша салыстырады, сонан кейін оны өлшейді. Өлшеу барысында субъективтілікті мейлінше азайтады. Ал өлшеу кезінде өлшеу құралдарын қолдану зерттеушіні физикалық үдерістерді тіркеудің; сезім органдары сияқты сенімсіз құралдарынан бас тартқызады. Эмпириялық танымның бұдан да күрделі әдісі тәжірибе болып табылады. Тәжірибе деп объектінің өзіне сай қасиеттерін айқындау зерттеушінің оған жасанды жағдайлар жасау жолымен әсер етуін айтамыз. Мұндай жағдайда зерттеуші алдын ала объектінің белгісіз (жасырын) сипаттарын ашу үшін, оның өту жағдайларын өзгерте отырып, табиғи үдеріс барысына енеді.

Оған: ''анализ'', ''синтез'', ''индукция'', ''дедукция'' жатады. Анализ дегеніміз — объектіні бірнеше құрамдас бөліктерге бөліп алып, оларды жеке зерттеу. Ондай бөліктер ретінде объектінің белгілі бір заттық элементтері немесе оның қасиеттері, белгілері, қатынастары алынуы мүмкін. Объектінің өзін ұстау заңдарын айқындау үшін алдын ала оның маңызды және екінші қатардағы белгілерін ажыратып алу керек. Олардың жалпы объект құрылымы мен ұстанымында алатын орнын айқындау керек. Объектіні тұтастық ретінде тану оның құрамдас бөліктерін зерттеумен шектелуге болмайды. Таным үдерісінде олардың арасындағы объективтік мәнді байланыстарды ашу, оларды жинақтап, бірлікте қарастыру қажет.