Ғылыми зерттеу жұмысы Тақырыбы: «Химияның негізгі стехиометриялық заңдары және химиядағы сандық есептеулерге қолдану әдістемесі»


Негізгі бөлім. Құрам тұрақтылық заңы. Еселік қатынас заңы



бет2/4
Дата22.12.2022
өлшемі25,7 Kb.
#59091
1   2   3   4
Негізгі бөлім. Құрам тұрақтылық заңы. Еселік қатынас заңы.


Құрам тұрақтылық заңы - алынған жолына қарамастан химиялық қосылыстың құрамы тұрақты болатындығын тұжырымдайтын заң. Оны 19 ғасырдың басында француз ғалымы Ж.Л. Пруст (1754 — 1826) ашты. Мысалы, мұнда су тікелей сутек пен оттектің әрекеттесуі арқылы алынады; суды кез келген қышқыл мен негізді немесе кез келген органикалық қышқыл мен спиртті әрекеттестіру арқылы да алуға болады.
Алынған жолына қарамастан судың құрамы тұрақты, яғни судың әр молекуласы 2 сутек атомы мен бір оттек атомынан тұрады. Ондағы элементтердің массалық үлесі: сутек 11,11%, оттек 88,89%. құрама тұрақтылық заңы тек газ тәрізді және сұйық қосылыстарға тән.
Еселік қатынас заңы — химияның негізгі заңдарының (стехиометрия заңдарының) бірі. Бұл заң бойынша екі элемент бір-бірімен бірнеше молекулалық қосылыс түзетін болса, онда бір элементтің екінші бір элементтің масса бірлігіне келетін массаларының қатынастары бүтін сандардың қатынасындай болады. Ал құрылымы молекула емес қосылыстар үшін олардың құрамына кіретін элементтердің бірінің екінші элементтің белгілі бір массалық бөлігіне келетін мөлшерінің өзара қатынасы бөлшек сандар қатынасындай болуы мүмкін. Соңғы кездері құрам тұрақтылық заңына бағынбайтын көптеген стехиометриялық емес қосылыстар белгілі болды. Мысалы, титанның құрамы алу жолына тәуелді болатын TіO0,58—1,33, TіO1,45—1,56 және TіO1,9—2,0 формулаларымен сипатталатын оксидтерінде eселік қатынас заңы сақталмайды. Тіпті құрамы молек. қосылыстар үшін де eселік қатынас заңы орындалмайды. Мысалы, азот қосылыстарындағы оттектің белгілі бір массасына келетін азот массасының қатынасы бүтін сандардың қатынасындай болмайды. Сол сияқты, көміртектің оксидтерінде де eселік қатынас заңы тек бір жақты орындалады. Кейбір элементтер қосылысқанда бір ғана емес, бірнеше қосылыс түзеді, демек бұл қосылыстарда ол элементтердің салмақ мөлшерлері де әртүрлі қатынаста болады. Мысалы, сутек пен оттек екі қосылыс- су және сутектің пероксидін түзеді. Мыс оттекпен екі қосылыс-қара түсті мыс (ІІ) оксиді және қызыл түсті мыстың (І) оксидін түзеді. Осы сияқты басқа көп мысалдар келтіруге болады. Сутек пен оттектің қосылыстарында сутектің бір салмақ бөлігіне оттектің қосылып тұрған салмақ бөліктерінің біреуі екіншісінен, екі есе артық 8:16=1:2. Осы сияқты мыс пен оттектің де екі түрлі қосылысында оттектің бірдей салмақ бөлігіне сай келетін мыстың салмақ бөліктері еселі қатынаста болады. Дегенмен, eселік қатынас заңының тұжырымдалуы атом түсінігінің қалыптасуында үлкен рөл атқарды. Еселік қатынас заңын 1803 жылы ағылшын ғалымы Дж. Дальтон ашты.Бұл жағдайды зерттеген Дальтон мынадай қорытындыға келген:
Екі элемент бірімен-бірі бірнеше қосылыс түзетін болса, ол қосылыстарда, сол элементтердің біреуінің бірдей етіп алынған салмақ бөлігіне екіншісінің сай келетін салмақ бөліктерінің өзара қатынасы, кішкене бүтін сандар қатынасындай болады. Бұл еселік қатынас заңы деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет