Тезис
Ғылыми зерттеу жұмысы тақырыбы:«Ботай-дала өркениетінің бастауы»
Ғылыми жетекшісі: Райқұлова Ақмарал тарих пәнінің мұғалімі
Ғылыми жұмыс құрылымы: Зерттеу жұмысы алынған тақырыпты толық баяндау мақсатында белгілі жоспарға негізделген. Жұмыс жоспар, кіріспе, тарау, қорытынды,пайдаланылған әдебиеттер, қосымшадан тұрады.
Бірден-бір энеолиттік Ботай қоныс-мекенінде 30 жыл бойы (1980-2010жж.) жүргізілетін Солтүстік Қазақстан және Көкшетау археологиялық экспедицияларының ғылыми зерттеулері, сондай-ақ бірқатар елдер ғалымдарының ізденістері жалпы Еуразия құрлығы мен Қзазақстанның ежелгі тарихында бірталай ғылыми жаңалықтар ашуға мүмкіндік берді .
Өзектілігі: Ботай мәдениеті жөнінде деректер.Ботай (Көкшетау, Қызылжар, Қостанай атырабындағы) мәдениетінің (б.д.д. ІV–ІІІ мыңжылд.) қалыптасуына еткен әсері қомақты болды. Бұл мәдениеттің өкілдерінің әлемде жылқыны алғаш қолға үйретумен кеңінен айналысқандығы жөніндегі мәліметтер бізге дейін жеткен.1983 жылы жылқы малы алғаш рет Қазақстанда қолға үйретіліп бағылғандығы жөніндегі жаңалық жарияланған еді. Енді, міне 2008 жылдың сәуір айында Көкшетау маңынан қымыз сақталатын ыдыс табылып, оның жасын археологтар (В. Зайберт) 6000 ж. деп белгілеп отыр.
Зерттеу мақсаты.Бүгінгі таңда ұлттық сана мен ұлттық рухты өсіріп-өркендету үшін тарихшылар қауымының алдындағы басты мақсаттардың бірі-Қазақстан тарихындағы Ботай өркениеті туралы талдау жасау.Ботай мәдениетіндегі жылқылардың қолға үйретілуінен, жылқының генетикалық жағынан өзгерген жаңа түрі пайда болды деп біржақты нық айтуға болмас. Бірақ, ол жылқы сүйектеріндегі айырмашылықтар арқылы, ботай жылқылары еті мен сүті үшін, күш көлігі ретінде адамдарға пайдалырақ болғандығын айтады.
Зерттеу міндеті: Ботай мәдениетіне сипаттамасын беру;
Ботай мәдениетінің ерекшелігі мен хронологиясын талдау;
Ботай мәдениетіндегі өзгерістерді зерттеу;
Зерттеудің объектісі – Ботай кезеңі.
Зертту объектісі. Ботай мәдениеті