ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ДЕРЕКТАНУ ЖӘНЕ ТАРИХНАМА КАФЕДРАСЫ
Тақырыбы:ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУДІҢ ДАЙЫНДЫҚ КЕЗЕҢІ
Орындаған: 1 курс магистранты Тұрсынбек Н.
Тексерген: т. ғ. д., профессор Төлебаев Т.Ә.
Алматы-2011
П.Я.Папковскаяның «Методология научных исследований» атты еңбегінде «ғылыми зерттеу дегеніміз белгілі бір зат және құбылыстың зерттеуге алынған бөлігін теориялық және эмперикалық деңгейде жан- жақты ғылыми әдіс- тәсілдер мен методологияға сүйене отырып айқындау» деп көрсетілген. Жалпы алғанда, ғылыми зерттеу ғылымпың өмір сүруі мен даму түрлерін ғылыми зерттеу арқылы іске асырады. Ғылыми зерттеу объектісі- материалдық, идеялық жүйе. Ғылми зерттеу жұмысы пәні – осы жүйелер құрылымы, олардың элементтері, түрлі қасиеттері, даму заңдылықтары бар деп есептелінеді.
Ғылыми зерттеу жұмыстарын жазудың дайындық кезеңі ғылыми жұмыстың тақырыбын таңдау, оның мазмұнын негіздеуден басталады.Ғылыми зерттеу жұмысының тақырыбын таңдау өте зор маңызға йе. Тақырып дұрыс таңдалса ғылыми зерттеу жұмысы да өнімді, жемісті жазылады. Тақырып зерттеушінің мүмкіндіктерін көрсетуі керек. Тақырыпты ғылыми жетекшімен ақылдаса отырып таңдау керек. Тақырыптың ашылу аясын, зерттеуде жүргізілетін жұмыстардың барысы мен жобасын қарастыру қажет.
Зерттеудің объектісі, пәні мен мақсатын айқындауда, зерттеу жұмысының тақырыбы мен олардың арасында жүйелік- логикалық байланыстың бар екені ескеріледі. Зерттеу объектісі дегеніміз –зерттеуші үшін қажетті ақпараттың көзі қызыметін атқаратын ғылымның теориясы мен практикасының түрлі аспектілері қатынастарының жинтығы. Зерттеу пәні- нақты зерттеуге қажетті басты байланыстар мен қатынастар. Зерттеу пәнінің аясы, объектіден тар болады.
Объектті анықтағаннан кейін, нені зерттеу керек деген сұраққа жауап іздеу қажет. Сонымен қатар, зерттеу пәні зерттеу аспектісін анықтайды. Зерттелетін нәрсе- объект, ал осы объекттегі ғылыми түсініктемеге ие болатын нәрсе- пәннің қызметін атқарады.
Зерттеу объектісі- әлеуметтік субъект ретіндегі адамның практикалық және теориялық қызметінің пәніне айналатын объективті шындықтың бір бөлігі.
Зерттеу мақсаты зерттеу объектісі мен пәні, нәтижесі және жету жолдарымен тығыз байланысты. Нәтиже- қоғамдық және нақты пайдасы бар позитивті эффект салдары.
Зерттеу мақсатынан зерттеу міндеті туындайды:
-Жалпы зерттеу мәселесіне кіретін белгілі бір теориялық мәселелерді шешу;
- Берілген мәселені шешудің практикасын жан- жақты зерттеу;
-Берілген мәселені шешу бойынша қажетті шаралар жүйесін негіздеу т.б.
Зерттеудің міндеттерін шешу тақырып бойынша негізгі әдебиеттермен таныспайынша жүзеге асырылмайды. Негізгі әдебиеттерді айқындауда іздеудің түрлі әдістерін : каталогтар мен кітапхана картотекаларын т.б. пайдалану қажет.
Деректанулық ізденіс кезінде таңдалған тақырыптың зерттелу деңгейін анықтау керек. Ғылыми жаңалықтарды қайталамас үшін, өз зерттеу жұмысымыздың бағыты мен бөлімдерін нақты білу міндетті.
Деректердің библиографиялық тізімін жасауда каталогтық картотеканы пайдалану ұтымды. Кейіннен картотекадан жұмыс картотекасын жасаймыз. Карточкаларды кез- келген тәртіпте, мақсаты мен кезеңіне тәуелсіз реттеуге болады.
Жұмыстың бастапқы кезеңінде карточкаларды алфавит бойынша орналастырып алу керек. Картотекадағы карточкаларды зерттеу жұмысының мазмұнын ашатын негізгі мәселелер бойынша топтауға болады. Каталогтық бөлгіштерге қаламмен жұмыстың негізгі құрлымдық бөліктерінің аттары жазылады: кіріспе, бөлім (атауы), қортынды т.б. Картотека бөлімдер мен тараушалардың мазмұнына сәйкес карточкалармен толығып отырады. Осы жүйеден әдебиеттер тізімінің құрамы, сапасы мен мөлшерін анық көруге болады.
Таңдап алынған әдебиеттерді қарау үшін ең алдымен кітаптың немесе зерттеу еңбегінің ғылыми анықтамалық аппарат жүйесін қарау, яғни еңбектің авторы, мәні, басып шығарушының, басылымдардың өздеріне қатысты деректер мен мәліметтер, басылымның қысқаша сипаттамасы жәйлі мағлұматтар алу керек.
Бұндай ақпараттық элементтер кітаптың титулдық парақтарында кездеседі,сонымен бірге ізденушінің кітап немесе дерек туралы алғашқы түсінігін қалыптастырады. Зерттеуші бұл мәліметтерге қарай отырып өз мақсатына қаншалықты сәйкес келеді дегенді қарастырады.
Кітапта ақпараттық элементтермен бірге түсіндірмелік элементтерде де болады. Бұл кітаптағы алғы сөз, соңғы сөз немесе қортындыны қамтиды. Бұл арқылы ізденуші кітап мазмұны туралы қосымша мәліметтер алады. Кітаптың жазылу себептері мен жазылу жағдайы туралы да біле алады.
Таңдаған тақырыпқа байланысты әдебиеттермен танысқан соң, ол еңбектерді оқи отырып зерттеуші өзі ортаға қойған мәселе қаншалықты және қалай қарастырылғандығын салыстырып, кансбек жазып отыру керек. Ең алдымен оқыған кітаптың тақырыбы мен бағыты қандай екендігін айқындап алу керек, содан кейін кітапты толық қарай отырып тақырыпқа байланысты айтылмай каткен мәселелерді тауып шығу қажет. Сонымен бірге автордың бағытын, методологиясын айқындап алып, кітаптан қысқаша тезис жасап отыру керек.Еңбектерден үзінді, ситаттар алу да өте қажетті. Үзіндінің абзацстарын толық (абзацс күйінде) алу керек, содан кейін ғана тезистерге қарап ой- пікір білдіруге болады.
Бұл жерде біз атап көрсетіп отырған каныспектілеу, ғылыми зерттеу жұмысын жазуда аса маңызды роль атқарады. Канспек сөзінің өзіне тоқталар болсақ, бұл латын сөзі болып, бізше шолу, жазба, сипаттама деген мағына білдіреді.
Ал, канспек жасау мәселесіне келер болсақ, зерттеушілер оқыған мәселені жазудың түрлерінің артықшылықтары туралы мыналарды ерекшелейді:
1. Канспектілеу- оқыған материалды терең, түпкілікті негізде түсіну мен меңгеруге ықпал етеді.
2. Канспектілеу- мәтін мен жұмыстың басқа бір де бір түрі мүмкіндік бермейтін, оқылған еңбектегі ең маңызды тұжырымдар мен қортындыларды ерекшелеу мүмкіндігіне ие етеді.
3. Канспектілеу- зерттеушінің өз бетімен жазбаша мазмұндау әдетін қалыптастырады.
Жалпы алғанда канспект өзінің әдісі бойынша екі түрге бөлінеді: мәтіндік канспект және тақырыптық канспект.
Мәтіндік канспект белгілі бір деректің аясындағы мәліметтерді қамтиды. Матіндік канспекттің мынадай жүйесі ұсынылған:
-оқу, оқығанды ой елегінен өткізу;
-канспектілеу жоспарын жасау;
-жұмыстың жекелеген ережелерін кеңейтілген тезис түрінде жазу,жекеленген тұжырымдарды ғана емес, оның негіздемесін нақты үзінді ретінде көрсетіп отырып жазу;
-тезистерді өзіндік ой тұжырымдармен, дәлелдермен, аналитикалық қортындылармен толықтыру
-жазбаның мазмұнын қосымша материалдармен, мәтінге жақын фактілермен, мысалдармен, цифрлық мәліметтермен, сілтемелермен,сондай-ақ сызба, кесте, диаграмма т.б. мен толықтыру;
Қортындылаушы тұжырымдарды жүйелеу және жазу;
Тақырыптық канспектілеу- бұл белгілі бір тақырыпқа арналған материалдардан құралады. Бұны жасаудың өзі маңызды творчестволық жұмыс болып есептеледі.Тақырыптық канспектіні жасау үшін сол тақырыпқа байланысты әдебиеттерді толық қарастыру керек. Мұндай канспектілер әдетте мәселені терең зерттеу, маңызды жазбаша зерттеу жұмысын жазу үшін жасалады. Сондықтан да тақырыптық канспекті жасау мен оны әрі қарай пайдалану белгілі бір жүйедегі маңызды жұмыс. Сол себепті де оны жасағанда төмендегідей жүйені сақтаған дұрыс болады.
-еңбектің титулдық бөлігіндегі автордың аты-жөні, еңбектің толық аты, шығарылған жері мен шыққан жылы, егер де мақала болса ол жарияланған мерзімді басылымның толық мәліметтері көрсетілуі керек.
-канспектің әр бетінде, әдетте төменгі бұрышында оқылған еңбектің, деректің, туындының беттері көрсетіліп отыру керек.
-жазылып отырған еңбектің құрлымдық бөліктері белгілі бір интервал т.б. арқылы ерекшеленіп тұруы керек.
-мәтіндегі маңызды мәселелер әр түрлі әдісмер арқылы ерекшеленіп тұруы керек.
-бүкіл жазба жұмысы бойында қолданылатын қсқартулар мен шартты белгілер біріңғай болуы керек.
-қосымша жазбалар үшін арнайы орындар қалдыру керек.
Сонымен бірге маңызды график, сызба, кестелерді жасаудың да біріңғай белгілері мен жүйесін пайдаланып отыру керек.
Қорыта айтқанда, кез- келген жұмыстың дұрыс ұйымдастырылуы, жоспарлануы, жүйе бойынша іске асуы керек. Ғылыми зерттеу жұмысындада солай болуы, мақсат міндеттері айқындалуы, орындалу кезеңдері белгілі жүйе ге бағандырылуы керек. Сонда ғана ғылыми зерттеу жұмысының түрі, объектісі , мақсаттары дұрыс айқындалып, жоспар дұрыс жасалынады және оны іске асыру жүйесі нақты әрі дұрыс болып шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |