Ғылыми-зерттеу жұмыстарында акт-ны пайдалану. Интернеттің ғылыми ақпаратты алудағы маңызы


Диплом жұмысы немесе жоба мәтінін даярлау



бет3/5
Дата10.10.2022
өлшемі29,85 Kb.
#42263
1   2   3   4   5
Диплом жұмысы немесе жоба мәтінін даярлау
1.Дипломдық жұмыс (жоба) бұл мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын мен білім беру бағдарламасының оқу жоспарында қарастырылған болса, академиялық күнтізбеге сәйкес оқытудың қорытынды кезеңінде орындалатын жазбаша бітіру жұмысы болып табылады.
2. Дипломдық жұмыс (жоба) тиісті ғылым саласындағы нақты мамандықтың өзекті проблемасын өз бетінше зерделеу және зерттеу нәтижелерін қорытындылауды білдіреді.
3. Дипломдық жұмыстар (жобалар) мәтініне қатысты кафедрада плагиаттық тексеруден өтуі тиіс. Білім алушылардың бағаланатын жазбаша жұмыстары (курстық, дипломдық жұмыстар (жобалар), мәтінді пайдалану және басқа тілден аударылған мәтінді пайдаланумен қоса мағынаны (парафраз) өзгертусіз сөйлемдердің және пікірлердің синонимдік ауыстырумен бөтен мәтінді пайдалану (бұдан әрі – бөтен мәтінді пайдалану) нысанына тексеруден өтеді. Бөтен мәтінді пайдалану нысанына тексерудің қағидалары мен тәртібін академия бекітеді. Бөтен материалды пайдалануды анықтау жүйелерінде тексерілген дипломдық жұмыстар (жобалар), Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығының базасында сақталады.
4. Диплом жұмысы мынадай мақсатта орындалады:
1) Мамандық бойынша теориялық білімі және тәжірибелік дағдыны жүйелеуге, бекіту мен кеңейтуге және ғылыми, техникалық, экономикалық және өндірістік сонымен қатар өнер мен мәдениет саласындағы мақсаттарды шешуге;
2) Ғылыми зерттеу әдісін меңгеру және өз бетінше жұмыс жүргізе алу мен мәселелерді шешу кезіндегі эксперимент жасау және ғылыми зерттеу әдістемесін меңгере білуге;
3) Студенттің заманауи өндіріс, ғылым, техника, өнер мен мәдениет, сонымен қатар оның кәсіптік құзырлылық жағдайындағы өз бетімен жұмыс істеуге дайындығын анықтау;
5. Диплом жұмысы (жоба) белгілі бір мамандық пен ғылым саласының бір өзекті мәселесін, зерттеу және өзбетінше ізденіс нәтижелерін қорытындылайды;
6. Диплом жұмысы ғылыми жетекшінің жетекшілігімен орындалады және келесі талаптарға жауап беруі тиіс:
-ғалымдармен, аналитиктермен, практиктермен, атап айтқанда өнер қайраткерлері мен инженерлер, конструкторлармен, менеджерлер, экономистермен бірге өткізілген зерттеулер мен жобалар шешімдерінің қорытындылануы;
- зерттелген объктілер бойынша ғылыми негізделген теориялық тұжырымдардың болуы;
- нақты мәселелерді шешуді қамтамасыз ететін ғылыми негізделген нәтижелердің болуы;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет