Ғылыми зерттеу



бет3/3
Дата26.03.2022
өлшемі48,43 Kb.
#28881
1   2   3
Байланысты:
тарих эссе 3 апта

Қорытынды

XIXғ. Бірінші ширегінде қазақ билеуші тобы әрбір қадам сайын өздерінің саяси ұстанымын жоғалтып, қазақ мемлекеттілігінің белгісі болып табылатын хандық билік жойылғанын мойндауға ресми режимге тиімсіз болды. Кенесары Қасымұлы сол кездеге тарихи жағдайды ескерсек қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісін ұйымдастыруға тура келді.Академик Н.М. Дружинин айтқандай: «Кенесары алдына мынадай міндет қойды — қазақ халқының бөлшектелуін тоқтату, орталықтандырылған қазақ мемлекетін құрып, оларды біріктіру, яғни, Қазақстанның көптеген тарихи қайраткерлерінің қолынан келмеген ғасырлық мәселені шешу. Патшалық билік феодалдар арасындағы алауыздықты үнемі тұтандырып отырды. Кенесары Қасымұлы бұл құбылысты бір жола жойғысы келді».Шынымен де, Бекмаханов мен Кенесары Қасымұлына деген ызалы орынсыз шабуылы кезінде сталиндік идеологияның жақтаушылары орталықтандырылған мемлекет құру феодализмнің тарихи даму процесіндегі прогрессивті қадам екенін жіберіп алды. Сондықтан бір жағынан орталықтандыру идеясының жүзеге асуы немесе іске аспайтындығы туралы сұрақ қою қисынсыз, ал екінші жағынан бұл идеяның кертартпалығы. С.В. Бахрушин айтуынша феодалдық бытыраңқылық жағдайында Тәуке, Абылай, Кенесары сияқты хандар қызметі маңызды болып табылады. Кенесарыға қысым және патшалықтың араласуы жағдайында әрекет етуге тура келді, сондықтан оған төтенше жағдайларға баруға тура келді. «Феодалдықмемлекет қ .руда, әрине, көп таптық қатаңдық бар. Егер біз осы көзқараспен Ресейді жабайы әдістермен әрі бері лақтырған Иван III, Иван IV, Ұлы Петр қызметтерін талқылайтын болсақ, бізде қатаң сын пайда болады: Иван IV ірі феодалдардың күшін әлсірету үшін бірнеше шаруа ауылдарын өртеп, шаруа малдарын жайратып жіберді. Ол ойланбастан өз қожаларының биліктерін қолдаған феодалдарды бүкіл аймақ алдында өлім жазасына кесті. Феодалдық жағдайда мұндай қатаңдықтан қашып құтылу мүмкін емес. Егер біз бұл жағдайларға мемлекетті ұйымдастырған феодалдардың альтруистік көзқарасы тұрғысынан қарасақ тарихшы болмас едік».Ресми тарихнама бұл сұрақты түсіндіруде түрлі бояулар қолданылды: «Кенесары есауылдары мен төлеңгіттерінің азулы топтары бейбіт ауылдарды ойрандап, малдарын тартып алып, адамдарын жайратып далада кезіп жүрді. Қазақ халқының табын, арғын, қыпшақ және т.б. рулары талқандалды.Солтүстік және Орталық Қазақстанның бірнеше ауылдары Кенесарының азулы шабуылы салдарынан бүлінді. Мыңдаған шаруашылықтар үйсіз-күйсіз, малсыз қалып ашаршылық өлімге ұшырады». Осы дәлелдерді нақтылау үшін оқиғалық құрамның жалпы мәтінінен алынған құжат үзінділері алынды, келешекте объективті анализге және сынға ұшырамады. Кенесарының қатыгездігі туралы сілтемесеі және түсініктері жоқ деректер дәлел ретінде мысалға келтірілді. Мысалы, А. Якуниннің «XIXғ. 30-40 жж. Қазақстандағы ұлттық қозғалыстардың сипаттамасын бағалау сұрақтары бойынша» мақаласында нақтыланған сілтемесі жоқ дәлел келтіріледі: «Бұл «адамгершілігі мол хан» «бағынбайтын» қазақ руларына рақымсыз және қаныпезерлі қорқытулар қолданды. Мысалы,, «Кенесары тұтқынға алынған Бабыр батырды белдеме етін кесіп алып, қуырып, өзіне жегізуге бұйрық берді».Қозғаушы күштердің, К.Қасымұлы көтерілісінің әлеуметтік базасының бұқаралығы туралы сұрағына келетін болсақ, бірінші қарағанда оңай болғанмен, бұл өте қиын сұрақ. Сол уақыттағы тарих ғылымы дамуының деңгейі бұл сұрақты толық шеше алмады, бұл қазіргі уақытта да өңделмеген және аса өзекті мәселе болып отыр. Тек 80-жылдары ғана дәлелдердің толық болуынан және жаңа әдістер қолдану арқылы шаруалардың әлеуеметтік-саяси қарсылығы мәселелерінің өңделуіне мүмкіндік болды. Н.М. Дружинин бұл туралы былай деді: «Бұл жерде мәселе кең етек алды, Ресейдің, Хиваның, Қоқандтың жан-жақтан келіп жатқан ішкі күштерінен қазақ халқының саяси жекеленуі. Сонымен қатар жер туралы сұрақ үлкен маңызға ие болды, еңбек етуші шаруалар және феодалдар жайылымдарын жоғалтып жатырмыз деп ойлады. Көшпелі мал шаруашылығынан егін шаруашылығына өту керек деп айтты. Тарихта мұндай үлкен өзгерістер оңай болмайды, тіпті бұл қозғалыстың жетекшілерінің өзі біз сияқты бұл қажеттілікті айқын ұғына алмады. Бұл жерде жер үшін, ұлттық бірлік үшін күрес болды. Сондықтан бұқара халық Кенесары Қасымұлын қолдады. Қарсы пікір беруші жолдастар қандай нұсқау берсе де, қозғалысқа қатысқан қазақ руларының саны аз болса да, бұқара халық тарапынан қолдау болмады деп айта алмаймыз және олардың күш көрсету арқылы ғана көтерілісті қолдады деп айту миға қонымсыз. — Неге, өз пайдасын ғана ойлаған басқа феодалдар бұқара халықты өзіне тартып қазақ жерінде үлкен және ұзаққа созылған көтеріліс ұйымдастыра алмады. Қазақ фольклоры қойнауынан қандай болсын іздеулер жүргізсек те Кенесары Қасымұлы ұмыт болып қалды деп айта алмаймыз, Кенесары Қасымұлы қалың бұқара халық үшін солтсүтіктен оңтүстікке қарай жылжып келе жатқан жауға қарсы шыққан күрескер батыр деп білгенін айтпай кете алмаймыз».

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. IV томдық. Алматы; 2002ж
2. Қазақстан тарихы. Очерк. Алматы; 2013 ж.
3. Артықбаев Ж.О. Қазақстан тарихы. Астана; 2015 ж.
4. Абдакимов А. Қазақстан тарихы. Алматы; 2013ж.
5. Кузембайулы А. Абиль А. История РК. Астана; 2001 г.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет