«Ғылыми зерттеулер негіздері» пәнінің емтихан сұрақтары «Ғылыми зерттеулер негіздері»


Қазіргі ғылымның категориялық аппаратын қалыптастыру мəселелері



бет16/94
Дата10.12.2023
өлшемі0,7 Mb.
#136739
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   94
Байланысты:
«Ғылыми зерттеулер негіздері» пәнінің емтихан сұрақтары «Ғылыми -emirsaba.org

Қазіргі ғылымның категориялық аппаратын қалыптастыру мəселелері.


Классикалық категориялар белгілердің ортақ жиынтығы тəрізді құрылады жəне ғылыми таным үдерісі кезінде бөлініп шығады. Əрбір келесі категория өзінен кейінгі барлық төмендегі категориялардың белгілерін қабылдап, иерархиялық құрылымның бөлшегі іспеттес болады. Классикалық категориялар арнайы, теориялық білімдерді рəсімдейді.
Категориялау үдерісі қоршаған ортаны үздіксіз бақылап, танып, қабылдау арқылы, бір жағынан, адам тілінің құрылымын түсінуге маңызды болып табылса, екінші жағынан, тілдік қызметті іске асырады. Яғни, тіл бірліктері адамға қоршаған дүние туралы мəлімет пен білім бере отыра, осы əлемнің бөлігі болып табылады жəне адам жадында категориялық түрде сақталды. Осыған сəйкес тіл категориалды құрылым болып табылады деуге əбден болады. Бұл жерде, ең алдымен, лексикалық категориялау мүмкіндіктерінің арта түсетінін айта кету керек, атап айтсақ, сөздердің лесикалық мағынасы бойынша анықталуы. Сонымен қатар лексикалық категориялау жалпы сырттан келетін мəліметтің сақталуы мен көрініс беру қызметін атқарады. Бұл заңдылық грамматикалық категориялауды əбден мұқият қарастыруда өте маңызды рөл атқарады. Лексикалық, грамматикалық категориялау мəселесіне қатысты О.Шпенглер грамматика жəне сөздік қор туралы былай дейді: «Біріншісі — жанмен, екіншісі — заттар мен олардың кеңістікте орналасуымен байланысты» [6; 857].
Сөйлеу, тілдесу үдерісінде лексикалық жəне грамматикалық категориялаудың өзара əсері болады. Себебі пікір алмасу кезінде ойдың берілуі жəне қалыптасуы сөздердің лексикалық жəне грамматикалық категориялануының өзара əсеріне, олардың жүйелік жəне жұмсалымдық белгілеріне негізделеді. Сөйлеу үдерісіндегі сөздерді пайдалану оларды функционалдық (жұмсалымдық) категориялау арқылы бірнеше негізгі қағидаттарға негізделеді. Бұлар:
а) актуалдау (жүйелі түрде іске асыру; сөздің бастапқы өзгеріссіз түріндегі, яғни, ойды қалыптастырудың негізінде сөздікте келтірілген сипаттарға сəйкес қолданылуы);


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет