«-А» Ол нені білдіреді «сапа». Заңдық немесе заңды антиномия, екі заңның қарама-қайшылығымен байқалады және бұл екі құқықтық норма бірдей заңдық болжамды тудырып, қолдану аясына бірдей қол жеткізгенде және сол елдің құқықтық жүйесінде тиімділік пен құқықтық қауіпсіздік проблемасын білдірген кезде пайда болады. Құқықтанушы өзін антиномия жағдайында тапқан жағдайда, аталған қарама-қайшылықты шешу үшін қолданылуы керек ережелер немесе принциптер: • Lex üstün, әр түрлі иерархиялардың екі қарама-қайшы нормалары жоғарыдан басым болуы керек. • Кейінірек Лекс, кейін қабылданған заңнан гөрі кейінгі заң басым болады. • Lex specialis, оның атауы көрсеткендей, белгілі бір заң жалпы ережеден гөрі басым. Антитеза — шендестіру (грек. antіthesіs — қарама-қарсылық) мүлде қарама-қарсы ұғымдарды, жағдайларды, образдарды салыстыра не қарама-қарсы қоя отырып, ой мен сезімді әсерлі жеткізуге ұмтылатын стильдік, эстетикалық бейнелеу құралын көркемдік әдісінің бірі. А-ның сөз өнеріндегі орны ерекше және ежелгі А. бастауы мифтерде жатыр. Адамзаттың балаң кезңіндегі дүниені аспан — жер, жарық — қараңғы, су — от т.б. қарама-қарсы ұғыммен салыстыра тануы шеңдестірудің алғашқы белгілері. Сөз өнерінде А. жай ғана салыстырудан көркемдік, образдылық бояуымен өзгешеленіп тұрады. Қазақ әдебиеттану ғылымында бұл әдіске, ең алғаш, А.Байтұрсынов назар аударған. “Жайдағы қайғыдан қуаныш үстінде көрген қайғы жанға көбірек батады. Жарлылық қиындығы жасынан жарлы болғаннан гөрі байдан жарлы болғанға көбірек сезіледі. Көріксіз бетіндегі дақтан көріктің бетіндегі дақ көзге көбірек түседі. Тәттінің артынан ащылық, дәмдінің артынан дәмсіздік артығырақ білінеді. Сөз шығарушылар көп қолданады” дейді ол. Шендестіру антоним сөздерді бір-біріне қарама-қарсы қою арқылы жасалады. Мыс., “Қан мен тер” (Ә.Нұрпейісов), “Соғыс және бейбітшілік” (Л.Толстой), “Қызыл мен қара” (Стендаль”) т.б. шығармалардың аты шендестіру арқылы тура немесе жанама болса да оның мәнін ашуға қызмет етіп тұр. Қазақ ауыз әдебиетінің А. әдісі шеберлікпен қолданылған. “Қатыны семіз, ері арық, Иесі семіз, аты арық, Тұз жұтынан сақтасын (Мақал). Мұнда А. арқылы адам бойындағы кемшілік әсерлі бейнеленген. “Қара жерге қар жауар, Қарды көр де, етім көр. Қар үстіне қан тамар, Қанды көр де, бетім көр” (Ер Тарғын). Бұл сұлулықты эстетикалық талғаммен қарама-қарсы айқын, ашық түстерді салыстыра көрсеткен шендестірудің ұздік үлгісі. Мысал жанрында да шендестіру нышандары бар: “Қасқыр мен қозы”, “Қарға мен түлкі”, “Бұлбұл мен есек” т.б. Қазақ әдебиетінде шендестірудің күрделі, көркемдік қуаты мол, эстет. әсері күшті үлгісін Абай жасаған: “Қар — аппақ, бүркіт — қара, түлкі — қызыл, Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға...” “Аппақ ет, қып-қызыл бет, жап-жалаңаш, Қара шаш қызыл жүзді жасырғанда...” Абай реңі жағынан бір-біріне қарама-қарсы үш түсті алып, шендестіру арқылы негізі образ — төртінші суретті қиыннан қиыстырып бере алған. Сыртқы белгілерді салыстырумен бірге, адамның жай-күйі, ішкі сезімі, сыр-сыйпаты да шендестіру арқылы бейнеленеді: Бір үміт, бір қауіп”. (Абай). Қазақ әдебиетінде шендестірудің мұндай сәтті үлгілері көп кездеседі. Шашың — қара, денең — ақ бұлт, жүзің — Ай, Тісің — меруерт, көзің — сәуле, құралай (М.Жұмабаев). А. — бейнелеу құралдарының көркемдік қуаты ерекше, көп қолданылатын түрі.