«Ғылыми зерттеулер негіздері» пәнінің емтихан сұрақтары «Ғылыми зерттеулер негіздері»


Қызметтік хат стиліне мысал келтіріп, болжам жасаңыз



бет45/94
Дата10.12.2023
өлшемі0,7 Mb.
#136739
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   94
Байланысты:
«Ғылыми зерттеулер негіздері» пәнінің емтихан сұрақтары «Ғылыми -emirsaba.org

57. Қызметтік хат стиліне мысал келтіріп, болжам жасаңыз.
Қызметтік хаттар - жеке тұлғалармен және мекемелермен байланыс құралы ретінде қызмет ететін басқару құжаттарының үлкен тобының жалпыланған атауы, бір нәрсе туралы хабарламалар.
Қызметтік хаттар. Қызметтік хаттар – бұл бір лауазымды тұлғаның екіншісіне қандай да бір жұмыстың орындалуы туралы жолдауы, іскерлік қарым-қатынастың ажырамас бөлігі. Қызметтік хат ұйымның белгілі бір бөлімшесінде дайындалып, екінші бөлімшесіне шаруашылық, қызметтік, өндірістік мәселелерді шешу үшін жолданатын құжат түрі. Қызметтік хаттар бастамашылық, ақпараттық және есептілік сипатында болуы мүмкін.
Хаттың тақырыбында келесі мәліметтер жазылады:
• күні;
• нөмірі;
• құжаттың тіркеу нөмірі мен күніне сілтеме (егер қызметтік хат жауап түрінде болса);
• бір сөзбен берілген мәтіннің тақырыбы.
Қызметтік хаттарда «адресат» (хат алушы) деректемелерінің құрамдас бөліктері дұрыс көрсетілуі тиіс:
• фирмасы;
• құрылымдық бөлімше;
• лауазымы;
• аты-жөні;
• алушының пошталық мекенжайы.
Қызметтік хат – мекемелер арасында байланыс орнату, ақпарат алмасу т.б. ресми мақсаттарда қолданылатын ісқағазының бір түрі.
Хаттар басқа мекемелермен және кәсіпорындармен әртүрлі сұрақтар бойынша жедел байланыс орнату үшін жазылады.
Қызметтік хаттар өзіне тән ресми, кеңселік стилімен ғана емес, тұрақты қолданылатын, қалыптасқан сөз тіркестерімен және өзіне тән терминдердің жиі қолданылуымен ерекшеленеді.
Қызметтік хаттар:
  • Сенімді;


  • Қысқа;

  • Нақты жазылуы керек.

  • Бір сөз максимум ақпарат беру керек.




Функционалды белгісіне қарай 2-ге бөлінеді:
  • Жауап қайтаруды қажет ететін хаттар.


  • Жауап қайтаруды қажет етпейтін хаттар.




Жауап қайтаруды қажет ететін хаттар:
Өтініш хат, ұсыныс хат, үндеу хат, талап хат.
Жауап қайтаруды қажет етпейтін хаттар:
Бұйрық хат, ескерту хат, алғыс хат, дәлел хат, шақыру хат, жарнама хат, ақпараттық хаттар т.б.
Қызметтік хаттар 3 бөлімнен тұрады.
Кіріспе бөлім. Дәлелдеме бөлім. Қорытынды бөлім.
  • Кіріспе бөлімде хатты жазуға түрткі болған негізгі себептер жазы- лады.


  • Дәлелдеме бөлімде хатты алушыға сұрақтың дұрыс қойылғандығын дәлелдейтін және оның оң жауап қайтаруына түрткі болатын сандық мәліметтер, логикалық қорытындылар және т.б. дәлелдемелер жазылады.


  • Қорытынды бөлімде сұрақтың мәні, негізгі ойы айтылады: келісу немесе бас тарту, ұсыну немесе сұрау және т.б.


Рәсімдеу:


  • Хаттар бланкіде толтырылады немесе А-4 форматты қағазға жаз- баша жазылады.




Орынғазы Әбутәліп
  • Хат тек бір сұрақ бойынша құрылады.


  • Хаттың ұсынылатын көлемі – 1 бет (мүмкіндігінше хатты бір бет- ке сыйдырған дұрыс. Егер хат бірнеше беттен тұратын болса, бет нөмірі қағаздың оң жақ жоғарғы бұрышына қойылады).


  • Хат 2 данадан жасалады, хаттың түпнұсқасын кәсіпорын бланкісінде, ал көшірмесін таза стандартты қағазға (А-4) жазады.


  • Хат кәсіпорынға, кәсіпорын бөлімшесіне, лауазымды тұлғаға не- месе жеке тұлғаға жіберіледі.


Қызметтік хаттар – мекемелер арасында байланыс орнату, ақпарат алмасу т. б. да ресми мақсаттарда қолданылатын іс қағазының бір түрі. Қызметтік қаттарда адамның қызметіне байланысты ресми мәселелер ғана қарастырылады. Қызметтік хаттар өзіне тән ресми, кеңселік стильмен ғана емес, тұрақты қолданылатын, қалыптасқан сөздер, сөз тіркестерімен және өзіне тән терминдердің жиі қолданылуымен де ерекшеленеді. Қызметтік хатты сауатты жазу, сөздер мен сөз орамдарын орынды қолдану әркез есте болғаны жөн. Қызметтік хаттың көлемі 1 беттен аспауы керек, егер 1 беттен асса, онда бет нөмірі жоғары оң жағына қойылады. Қызметтік хаттың параметрлері: сол жағы – 2, 5 -3 см, оң жағы – 1 -1, 5 см, төменгі, жоғарғы жағы – 2 см. Қызметтік хаттың тақырыбын қою міндетті емес.


Жазылу мақсатына, хатта айтылатын мәселенің ерекшелігіне байланысты қызметтік хаттар бірнеше түрге бөлінеді: ақпараттық хаттар, кепілдік беру хаттары, сұраныс хаттар, коммерциялық хаттар, шақыру хаттар, өтініш хаттар, құттықтау хаттар т. б.

Қызметтік мәтіні үш бөліктен тұрады: кіріспе, негізгі фактілер берілетін бөлім және қорытынды.


Қызметтік хаттың негізгі мақсаты өзі көтеріп отырған мәселеге көңіл аударту, қызығушылық туғызу, сендіру, түсіндіру, іс-әрекетке шақыру болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет