«Ғылыми зерттеулер негіздері» пәнінің емтихан сұрақтары «Ғылыми зерттеулер негіздері»


Ғылыми аргументация негіздері. Аргументация түрлері



бет53/94
Дата10.12.2023
өлшемі0,7 Mb.
#136739
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   94
Байланысты:
«Ғылыми зерттеулер негіздері» пәнінің емтихан сұрақтары «Ғылыми -emirsaba.org

7. Ғылыми аргументация негіздері. Аргументация түрлері.
Контраргументация.
Ғылыми мәтіндер объектіні, құбылысты, білім жүйесін сипаттау мақсатында жазылады. Ғылыми мәтін - бұл ғылыми зерттеу нәтижесінің өзіне тән ерекшеліктері бар бір бөлігі. Ғылыми мәтінді жазу үрдісі екі кезеңнен тұрады: бірінші кезең - зерттеу, ал екінші кезең - дәлелдеу (нәтижелер мен қорытынды ұсыну). Негізгі кезеңі - зерттеу кезеңіне төмендегілер кіреді:
- біріншіден, мәселені анықтау және тұжырымдау; зерттеудің түпкі мақсаты мен міндеттерін анықтау; зерттеу тақырыбын алдын ала тұжырымдау;
- екіншіден, қажетті зерттеу тақырыбына сай қолжетімді әдебиеттерді саралау және талдау; негізгі түсініктер мен талқыланбаған проблемалық сұрақтарды анықтау, өзіндік зерттеу тақырыбын нақтылау;
- үшіншіден, зерттеу тұжырымдамасын құру, нақты материалды сұрыптау, идея мен пікірді дәлелдеу, күрделі мәселелерді шешудің өзіндік жолдары, аргументтерге сын тұрғысынан қарау, жаңа мәселелерді анықтау, нәтижелерді қорытындылау.
Осылайша, ғылыми жұмыстың зерттеу бөлімі пікірталастың негізгі кезеңдеріне немесе сыни талқылау кезеңдеріне сәйкес келеді: түрлі пікірлерді анықтау; көзқарасын білдіру; аргумент - өзіндік көзқарасты жақтау және қарама -қарсы пікірді сынау; нәтижелерді бағалау: келіспеушілік жойылды ма, көзқарастар қаншалықты дәлелді, т.б. анықтау.
Аргументтерді келтіре отырып, зерттеуші, оның аргументациясы зерттеу тақырыбына сай ғылыми, яғни, ғылыми мақалаларда, монографияларда, ғылыми конференцияларда орын алған пікірталастың бір бөлігі екендігін ескергені жөн. Сәйкесінше, ол өзінің жеке көзқарасын негіздеп қана қоймай, сонымен қатар, аудиторияны, яғни, мәтін оқырмандарын сендіре де алуы қажет.
Осыны ескере отырып, ол екінші кезеңге өтеді: аргумент ұсыну (презентация), яғни, жазбаша мәтінді құру. Сөйлеудің ғылыми стиліне қойылатын негізгі талаптар: айқындық, жүйелілік, қысқаша баяндау, дәлдік пен объективтілік. Ғылыми мәтінде авторды субъективті бағалаудан аулақ болу керек, мұндай мәтін шығарманың эмоциясыздығымен, көркемдік құралдардың жеткіліксіздігімен сипатталады (образдар, метафоралар, салыстырулар және т.б.)
Ғылыми аргументтеудің арнайы жанрлары - аннотация, рефераттар мен шолулар. Оларды қосалқы мәтіндер немесе мәтіннің үстіндегі мәтін деп атауға болады. Олар мақалалар, монографиялар, диссертациялар сияқты қолданыстағы түпнұсқа мәтіндер негізінде әзірленеді, яғни, оларды қысқаша сипаттау (аннотация), егжей-тегжейлі сипаттау мен талдау (реферат) немесе кез-келген мәтіннің немесе мәтіндер топтамасының маңыздылығын бағалау (пікір, рецензия) түрінде беріледі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет