«Ғылыми зерттеулер негіздері» пәнінің емтихан сұрақтары «Ғылыми зерттеулер негіздері»



бет57/94
Дата10.12.2023
өлшемі0,7 Mb.
#136739
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   94
Байланысты:
«Ғылыми зерттеулер негіздері» пәнінің емтихан сұрақтары «Ғылыми -emirsaba.org

Аннотация (аңдатпа) – бұл тұтас мақаланың қысқаша нұсқасы. Мұнда автор мақалада шешімін
беретін мәселені, мақсаты мен зерттеу нәтижесін сипаттау қажет. Оқырманға құнды болатын бар
өзектілігін көрсетуі тиіс. Бұл өз кезегінде ғалымға оны ары қарай оқуға тұратын-тұрмайтындығын
анықтауға көмектеседі. Аннотацияны зерттеу жұмысының негізгі бөлігінің орындалып, зерттеу
аясы түсінікті болған кезде жазу қажет. Оны ғалымның зерттеу кезінде ашқан мәселесін нақты
түсіне отырып жазуы аса маңызды. Аннотацияны қалай жазу керек? Жазылу тілі ғылыми әрі
барлығына, әсіресе, сол пән төңірегінде қызмет ететіндер үшін түсінікті болуы қажет. Негізгі ойды
мәні бойынша құрып, қысқаша беру керек, сонымен қатар құрылымына қойылатын талаптарды да
ескерген жөн. Естеріңізде болсын, аннотация ғалымдарды жұмысты оқуға итермелеуі қажет,
сондықтан да ерекше болып, онда маңызды деректердің қамтылғаны дұрыс. Аннотацияның
сөйлемдерін қысқа қылып жазған абзал. Сізге оны жазу үшін бос орынды қоса алғанда 500-ге
дейін символ беріледі.
Аңдатпа келесі функцияларды орындайды:
• ғылыми мақаланың негізгі мазмұнын анықтауға мүмкіндік береді;
• оның өзектілігін және мақаланың толық мәтініне жүгіну туралы шешім қабылдау қажеттігін
анықтауға мүмкіндік береді;
• ақпараттық жүйелерде, соның ішінде ақпаратты іздеудің автоматтандырылған жүйелерінде
Қолданылады.
Кіріспеде өзек, тақырып болып отырған мәселенің ғылымдағы орны, оның өзектілігі жайлы қысқаша шолу жасала келе,тақырыптың маңыздылығы, оны қалай қарастыратыны, яғни студенттің алдына қойған мақсат-міндеті байыпталады. Мұны курс жұмысының (бітіру жұмысының) мақсат-міндетін айқындау деп те айтуға болады.
Тақырыптың өзектілігін анықтау үшін тақырыптың қажеттілігі, бұрын қайда және қашан зерттелінгені, ненің әлсіз, ненің терең зерттелінгені, таңдалған тақырыптың жас ұрпақты оқытып, тәрбиелеудегі қажеттілігін, бұл тақырыптың әдебиет пен мәдениет, қоғам алдындағы маңызын ашып көрсету керек. Ғылыми стильде баяндалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет