«Ғылыми зерттеулер негіздері» пәнінің емтихан сұрақтары «Ғылыми зерттеулер негіздері»



бет71/94
Дата10.12.2023
өлшемі0,7 Mb.
#136739
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   94
Байланысты:
«Ғылыми зерттеулер негіздері» пәнінің емтихан сұрақтары «Ғылыми -emirsaba.org

негізгі міндеттері:
- өз саласы бойынша пікірлер мен ой-пайым (1-ші мамандыққа сәйкес) қалыптастыру, дағдылар мен тәсілдерге баулу, (бірыңғай білім және ғылыми үдерістер аясында) ойлау жүйесін меңгерту;
- студенттерге ғылыми таным жүйесін меңгерту;
- студенттерді ғылыми зерттеу тәсілдерімен, тәжірибе жүргізу және шешім қабылдау теориясы методикасымен таныстыру;
- ғылыми және тәжірибелік тапсырмалар бойынша өз бетінше шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру;
- ғылыми ұжымда жұмыс істеу мен ондағы жұмысты ұйымдастыру тәсілдерімен танысу дағдыларын қалыптастыру;
- студентті шығармашылыққа қажеттілікке, өз бетімен білім алуға, өз білімін ұдайы жетілдіруге, ғылыми материалды тереңдей және шығармашылық тұрғыдан меңгеруге үйрету;
- отандық және шетелдік әдебиеттермен ұдайы жұмыс істеу қазжеттілігі мен дағдысын, патенттік қорлармен жұмыс істеу білуді қалыптастыру;
- қазіргі заманғы ақпараттық технология мен ақпараттық қарым-қатынас (Internet, электронды пошта, т.т) тәсілдерін меңгерту;
- қоғамның экономикалық, әлеуметтік немесе рухани өрлеуіне негіз болатын ғылыми бағыттар өзектілігін бағалауды қалыптастыру;
- студенттің қызығушылығын кафедраның білім-ғылым бағытымен тығыз қарым-қатынасқа бейімдеу, оқытудың бинарлық үдерісінде оқытушы мен оның студенттің шығармашылық байланысын шыңдау.

25. Ғылыми зерттеу объектісі мен пəнін тұжырымдау.


Зерттеу объектісі – іздену аймағы. Мұндай объектілерге педагогикалық жүйе, құбылыс, үдеріс (тәрбиелеу, білім беру, даму, жеке тұлғаны қалыптастыру, ұжым) жатады. Зерттеу пәні – зерттеліп отырған құбылыстың таралу үдерісі, элементі, байланысы, қатынастардың жиынтығы. Дегенмен, объекті туралы жаңа білімді барлық қырлары және көріністері тұрғысынан алу мүмкін емес, сондықтан, зерттеудің пәнін анықтау қажет, яғни объектінің қалай қарастырылып, ондағы қандай қатынастардың болатынын оның қандай қасиеттер, қырлар, қызметтерді ашып көрсететінін белгілеу болып есептеледі.
Пән – нысанадан кесіп алынған бөлік емес, ол қарастырудың тәсілі немесе аспектісі, мысалы, «оқулық», «ғылыми негіздеме», «тұлғалық тәжірибе қалыптастыру» және т. б. Объектіні барлығы иемденеді, ал пән зерттеушінің жеке иелігінде, оның объектіні өзіндік көре білуі маңызды. Ол мақсатты түрде зерттеу пәнін қарастырады, объектінің жаңа білім алуға қажетті бөлігін бөліп қарастырады. Зерттеушінің, оның балаларының, немерелері мен шөберелерінің бүкіл өмірі, мысалы, мектеп оқулығы туралы жаңа білім алуға жетпеген болар еді. Өйткені оқулық туралы толық жаңа білім, яғни оқулықтың мүмкін болатын қызметтері оның әдістемелік, дидактикалық, тәрбиелік, эстетикалық, психологиялық, полиграфиялық, экономикалық, гигиеналық, және т. б. барлық қырларынан қарастырылуы мүмкін емес. Тағы бұны барлық пәндерге және оқудың барлық жолдарына қатысты қарастыру қажет. Мұндай жұмысқа бір адамның күші жетпейді. Тіпті оған үлкен ғылыми ұжым да үлгермейді, себебі ол шексіз. Пәнді анықтай отырып, біз соңғы нәтижеге (осы кезеңдегі) жетуге мүмкіндік аламыз.
Осындай жұмыстың бірінде мектеп оқулығы студенттер білімін жүйелеу құралы, екінші бір жұмыста студенттерінің ақыл-ойының даму құралы есебінде қарастырылады. Сонымен, кез келген оқулық туралы барлық білімдер пәннің айналасына топтастырылады, нысананы пәнде көрсетілген қырынан ғана қарастырады. Зерттеу пәнін жазып көрсету – нысананың ғылымдағы бар сипаттамасы мен міндеттерді есепке алудың нәтижесі ретінде көрініс табады.
Нысана туралы білімнің даму сипатына қарай бұдан кейін таным пәніне айналатын оның жаңа қырлары ашылады. Зерттеу нысанасы мен пәнін тұжырымдаудағы қиындықтар:
кейде жекелеген зерттеудің нысанасы өзінің ауқымы жағынан бүкіл педагогиканың зерттеу нысанасымен сәйкес келіп жатады: ЖОО-ғы педагогикалық үдеріс; оқушыларды педагогикалық мекемелерде тәрбиелеу саласы; педагогикалық таным әдістері;
кейде зерттеу нысанасы мен пәні арасында алшақтық байқалады. Олар әр түрлі ғылым саласына қарай бөлініп, жұмыстың біртұтастығы мен танымдық сипатына, баяндаудың қисыны мен алынған білімнің жүйелілігіне нұқсан келеді.
26. Қазіргі əлемдегі ғылыми зерттеулердің технологиялық мəні.

Ғылыми жұмыстардың жариялануы мемлекеттің ғылыми-зерттеу қызметінің негізгі барометрі болып саналады. 2020 жылы Қытай жаратылыстану ғылымдары бойынша жарияланған ғылыми жұмыстардың санынан АҚШ-тан асып түсті. ҚХР ендігі кезекте әлемнің сауда-экономикалық қана емес, ғылыми зерттеу державасына да айналмақ. Бірақ COVID-19 пандемиясы Қытай мен АҚШ-тың ғылыми-зерттеу қарқыны мен көрсеткіштеріне әсер еткені анық. Өйткені, ғылыми зерттеуді қаржыландырудың азаюы мен шекаралардың жабылуы зерттеушілердің жұмысына кедергі болды. Пандемия алып келген қиыншылықтар және еліміздің ғылым саласындағы соңғы жылдары қордаланған мәселелер оған жаңаша көзқараспен қарауға мәжбүрлеп отыр.


Қазіргі уақытта (2020 жылғы дерек бойынша) ғылыми жұмыстардың басым бөлігі, яғни 19,9 пайызы Қытайдың ғалымдарына тиесілі, ал АҚШ 18,3 пайыз деген көрсеткішпен екінші орында келеді. Бұл статистикалық мәліметтер ғылыми журналдардағы рецензияланған мақалалардың санына байланысты анықталып отыр.
АҚШ-тың Ұлттық ғылыми қоры ғылыми жарияланымдардың өсімі бойынша АҚШ-ты басып озды деп жазған еді. Нақтырақ айтатын болсақ, Қытайда шыққан ғылыми жұмыстардың саны 1996-1998 жылдармен салыстырғанда 18 есе, ал 2006-2008 жылдарға қарағанда 3,6 есе артқан. Сан туралы айтқан соң, сапаға да көңіл бөлінетіні рас. Қытайлық ғылыми-зерттеу материалдарының сапасы да америкалық әріптестерінің деңгейіне жақындап келеді. 2017 жылы ең көп сілтеме жасалған мақалалардың жетекші 10 пайызының ішінде АҚШ алғашқы орынға шығып 24,7 пайызы құраған, ал Қытай 22 пайызбен екінші орын алды. Ал егер сілтеме жасалған ең үздік 1 пайыз мақалаларды талдап қарайтын болсақ оның 29,3 пайызы АҚШ-қа, 21,9 пайызы Қытай тиесілі екенін түсінеміз. Америкалық және қытайлық ғылыми журналдар зерттеу бағыттары бойынша бір-бірінен ерекшеленеді. Мәселен, Қытай журналдарында материалтану, химия, инженерия, информатика және математика бойынша зерттеулер көп жарияланады. АҚШ-та клиникалық медицина, өмір туралы іргелі ғылымның тақырыптары алдыңғы қатарда келеді.
Ғылыми-зерттеу саласының алға жылжуы үшін оны қаржыландыру мен тиісті нормативтік-құқықтық база қажет екені рас. Қазіргі жоспар бойынша Қазақстан 2025 жылға қарай ғылымды қаржыландыруға ЖІӨ-нің 1%-ын бөлуді көздеп отыр. 2020 жылы алғаш рет ҒЗИ ғылыми инфрақұрылымын жаңартуға 2,8 млрд теңге қаражат бөлінді. Нәтижесінде 23 ғылыми-зерттеу институтына жабдықтар сатып алынды. 2021 жылы ол сумма 3,5 млрд теңгеге жетті. Ендігі кезекте кейбір ғылыми-зерттеу институттары тікелей қаржыландырылады. Сондай-ақ, ғылыми бағдарламаларды гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурстар жыл сайын өткізілетін болады. Алдыңғы кезеңде ол үш жыл сайын өткізілетін еді. Дәстүрлі гранттардан басқа, шағын гранттар, жеке, коллаборация, жас ғалымдардың гранттары енгізіледі. Өткен жылдары жас ғалымдарға арналған гранттық қаржыландыру жобалары осы саланы орнынан қозғалтуға жақсы импульс берді. Кейбір ғылыми жобаларды іске асыру үшін ұзақ мерзім талап етіледі. Бұл ретте мұндай ғылыми жобаларға грант беру мерзімдерін 5 жылға дейін ұзарту мәселесі де қолға алынады.
Ғылыми-зерттеу саласының алға жылжуы үшін оны қаржыландыру мен тиісті нормативтік-құқықтық база қажет екені рас. Қазіргі жоспар бойынша Қазақстан 2025 жылға қарай ғылымды қаржыландыруға ЖІӨ-нің 1%-ын бөлуді көздеп отыр. 2020 жылы алғаш рет ҒЗИ ғылыми инфрақұрылымын жаңартуға 2,8 млрд теңге қаражат бөлінді. Нәтижесінде 23 ғылыми-зерттеу институтына жабдықтар сатып алынды. 2021 жылы ол сумма 3,5 млрд теңгеге жетті. Ендігі кезекте кейбір ғылыми-зерттеу институттары тікелей қаржыландырылады. Сондай-ақ, ғылыми бағдарламаларды гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурстар жыл сайын өткізілетін болады. Алдыңғы кезеңде ол үш жыл сайын өткізілетін еді. Дәстүрлі гранттардан басқа, шағын гранттар, жеке, коллаборация, жас ғалымдардың гранттары енгізіледі. Өткен жылдары жас ғалымдарға арналған гранттық қаржыландыру жобалары осы саланы орнынан қозғалтуға жақсы импульс берді. Кейбір ғылыми жобаларды іске асыру үшін ұзақ мерзім талап етіледі. Бұл ретте мұндай ғылыми жобаларға грант беру мерзімдерін 5 жылға дейін ұзарту мәселесі де қолға алынады.
27. Қазіргі ғылымның əдіснамалық мəселелері жəне оларды шешу жолдары.

Ғылыми зерттеулердің құрылымы, кең мағынада ғылыми танымның тәсілі немесе ғылыми әдістің өзі болып табылады. Әдіс – бұл белгілі бір қорытындыға жетуге көмектесетін әрекеттердің жиынтығы. Эмпирикалық ғылымның негізін салушылардың бірі - Ф.Бэкон танымның әдісін циркульмен салыстырған. Әрбір адамның ойлау қабілетінің деңгейі әртүрлі, сол себепті барлық адамдардың жетістікке жетуге деген мүмкіндіктерін теңестіру үшін белгілі бір құрал керек. Ғылыми әдіс осындай құрал болып табылады. Сондай – ақ, әдіс адамдардың мүмкіндіктерін теңестіріп қана қоймай, олардың іс - әрекетін біркелкі жасап, ғылыми зерттеулердің ұқсас нәтижесін алуға ықпал етеді.


Зерттелетін заттардың әртүрлілігінен пайда болатын, жаратылыстану ғылымы мен гуманитарлық танымның методологиялары арасында бірқатар айырмашылықтар бар. Жаратылыстану ғылымы методологиясында заттың жеке ерекшіліктері ескерілмейді, себебі ол баяғыда қалыптасып зерттеушінің назарынан тыс қалған. Мысалы, тарих ғылымында заттың пайда болуын, оның жеке ерекшіліктерінің толығымен қарастырады. Әлеуметтік танымның методологиясы жаратылыстану методологиясынан пәннің өзіндегі айырмашылықтары бойынша ажыратылады: 1) әлеуметтік таным өзін - өзі жоюшы нәтижеге алып келеді (“биржаның заңдарын білу осы заңдардың өзін жоюға әкеліп соғады”-деп жазды кибернетиканың негізін салушы Н.Винер); 2) егер жаратылыстану ғылымдары танымында жекелеген фактілер бірдей болса, әлеуметтік танымда ондай емес. Сондықтан, әлеуметтік таным методологиясы фактілерді жалпылап қана қоймай, сонымен бірге ол аса үлкен маңызға ие индивидуалды фактілермен жұмыс істейді. Осы фактілерден объективті үрдіс пайда болып, солармен де түсіндіріледі. Гуманитарлық таным методологиясының өзіне тән ерекшелігі осында.
Қазіргі заманғы ғылым белгілі методологияға, яғни қолданылатын әдістердің жиынтығына негізделген. Осыған қоса әрбір ғылым саласы тек қана арнаулы объектіге ғана емес, сол объектіге сәйкес арнаулы әдіске де ие болады.Қазіргі заманғы ғылымда жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдардың методологияларының бір-біріне жақындасу тенденциясы байқалуда, бірақ олардың негізгі және қағидалық айырмашылықтары әлі де сақталуда. Ғылыми әдістер эмпирикалық және теориялық әдістер болып бөлінеді. Эмпирикалық әдістерге төмендегілер жатқызылған: 1) бақылау – объективті шынайылықты арнайы түрде қабылдау; 2) суреттеу – объектілер туралы мәліметті табиғи және жасанды тілдің көмегімен бекіту; 3) өлшеу- объектілерді ұқсас қасиеттері немесе белгілері бойынша салыстыру; 4) тәжірибе жасау – құбылысқайталанған кезде қажетті жағдайлар қайталакғанына байланыстыөзгерістерді арнаулы дайындалған орындар арқылы бақылау. Зерттеулердің теориялық деңгейіндегі ғылыми әдістерге төмендегілер жатқызылады: 1) формаландыру - зерттеліп отырған шынайы процестердің мағынасын ашатын абстрактылыматематикалық модельдер құру; 2) аксиомаландыру – дәлелдеуді керек етпейтін аксиомалар, яғни дәлелдеуді қажет етпейтін тұжырымдардың негізінде теория құру; 3) гипотетикалық - дедуктивтік әдіс – нәтижесінде эмпирикалық фактілер тұжырымдалатын бірбірімен, дедуктивті байланыста болатын гипотезалардың жүйесін жасау. Зерттеу әдістерінің классификациясы аса күрделі мәселе болғанның өзінде де, дәстүрлі түрде оларды үш топқа: жалпы ғылыми, интерғылыми және жеке ғылыми әдістерге бөлу қабылданған. Жалпы ғылыми әдістер барлық ғылым салаларына тән және оларды біріктіретін 25 зерттеу объектісінде пайдаланылатын логикалық әдістерді, яғни: бақылау мен тәжірибе, анализ бен синтез, жорамал мен гипотеза, индукция мен дедукция, аналогия, классификация мен систематизация, генетикалық әдіс, т.б. біріктіреді. Интерғылыми әдістерге – экстрополяция, интерполяция, модельдеу, ретроспекция, эксперттік бағалау, т.б. жатады. Жеке ғылыми әдістердің көптеген ғылыми топтары бар. Жалпы ғылыми әдістер ішінде төмендегілерді бөліп көрсетуге болады: - анализ – жан-жақты зерттеу мақсатында бүтін бір затты құрамдас бөліктерге (жақтарына, белгілеріне, қасиеттеріне және т.б) бөлу; - синтез – заттың құрамдас бөліктерін біртұтас затқа біріктіру; - абстракциялау - зерттеліп отырған құбылыстың қажетті емес қасиеттері мен қарымқатынастарынан зерттеуге керек қасиеттері мен қарым-қатынастарын бөліп алу; - жалпылау – объектілердің жалпы белгілері мен қасиеттерін анықтауға мүмкіндік беретін ойлау әдісі; - индукция – жеке қорытулар негізінде жалпы тұжырым жасауға мүмкіндік беретін зертеу мен талқылау әдісі; - дедукция – жалпы тұжырымнан жеке тұжырым жасауға мүмкіндік беретін талқылау әдісі; - аналогия – объектілердің бірдей белгілерінің ұқсастығы негізінде олардың ұқсастығы туралы айтуға үмкіндік беретін таным әдісі, басқаша айтқанда, аналогия - ғылымның бір саласындағы қатынастардың, оның екінші саласына транспозициялануы, мысалға: тарихи аналогия, кеңістіктік аналогия және т.б - классификация- зерттелетін пәннің зерттеушіге қажетті маңызды белгілері бойынша түрлі топтарға бөлу (әсіресе, биология, геология, география, кристаллогрфия, т.б. ғылымдардың түрлі бөлімдері).
28. Зерттеу жұмысын жүргізу əдісі.
Зерттеу процесі барысында төмендегідей интерғылыми әдістер қолданылады: • экстрополяция – ойдың дамуы немесе белгілі бір тарихи кезеңдегі тенденциялардың ашылуы, яғни жасалған заңдар мен тұжырымдардың бақылау аймағынан басқа аймаққа ауысуы; • интерполяция - құбылыстардың динамикалық қатарында көрінбейтін, бірақ осы қатар мүшелерінің арақатынасын ашу негізінде параметрлерді, функцияларды, көрсеткіштерді табу; • модельдеу – шынайы түрде бар процестер мен құбылыстардың логикалық, информациялық және графикалық құрылымын жасау, яғни объектілерді жеңілдетілген түрінде бейнелеу; модельдеу – түпнұсқаның зерттеушіні қызықтыратын қажетті жақтарының дәлме – дәл көшірмесін түсіру арқылы зерттеу; • ретроспекция- объектінің жүйелі түрдегі сипаттамасын алу үшін зерттеу объектісінің тарихи дамуын зерттеу, яғни оның әртүрлі уақыт кезеңдеріндегі дамуының динамикалық қатарын зерттеу; • эксперттік бағалау - эксперттің немесе эксперттердің тұжырымдары мен ойлары; Күрделі құрылымды объектілерге анализ жасау үшін төмендегі әдістерді қолданады: - декомпозиция – үлкен жалпы бір мақсатты бірнеше топтарға бөлу; - селекция – зерттелуге келетін варианттарды іріктеп алып, маңызы жоқ фактілерді алып тастау; - агрегирование – жекелеген сипаттамаларды жалпы сипаттамаға біріктіру. Егер объектінің құрылымы жүйесіз болса, оны талдау үшін дезагрегациялау, яғни жалпылаушы сипаттамаларды жеке сипаттамаларға жекелендіреді. Жоғарыда айтылып өткен әдістердің немесе тәсілдің ешқайсысы да, дара түрде зерттеудің негізіділігін, дәлділігі мен дәйектілігін қажетті деңгейде қамтамасыз ете алмайды. Сол себепті зерттеуде жоғары нәтижеге жету үшін олардың бірнеше түрінің жиынтығын пайдалану ғана тиімді бола алады. Ғылыми танымның логикасы мен парадигмалары Зерттеу құралдарына түрлі процедуралар, әдістер, тәсілдер, методикалар, жүйелер мен методологиялар кіреді. Бұл түсініктер төмендегі логикалық қатарды құрайды. Әдіс - зерттеу барысында белгілі бір қорытынды алуға бағытталған, бір немесе бірнеше метематикалық, немесе логикалық операциялардың теорияға немесе практикаға негізделген түрі. Процедура – белгілі бір операциялар жиынтығының орындалуын қамтамасыз ететін іс-әрекеттердің жиынтығы. Тәсіл – күрделі әдіс болып табылады, ол зерттеу барысындағы бірнеше нысаналы әдістердің жиынтығы. Методика – бір немесе бірнеше әдістер жиынтығына негізделген зерттеу жолдары, немесе олардың жиынтығына негізделген әдістер. Методология - зерттеу әдістері, жүйелері мен методтары жөніндегі білімнің жиынтығы. Жүйе – күрделі құбылыстар мен процестерді зерттеу үшін қажетті техникалық құралдар мен методикалардың жиынтығы.
29. Ғылыми зерттеулердегі жеке жəне ұжымдық жұмыс формаларының арақатынасы.
Жеке ғылыми қызметтің ерекшеліктері
Ғылыми қызметті ерекшеліктеріне байланысты жеке және ұжымдық ғылыми жұмыс деп қарастыруға болады.

    1. Ғылыми жұмыстың мақсатының анық болуы.

Кәсіби қызметке тән еңбектің бөлінуі ғылымда да болады. Ғалым ғылымның барлық мәселелерімен айналысуы мүмкін емес. Ол педагогика ғылымына да тән. Зерттеуші өзінің нақтылы ғылыми жұмысының бағытын анықтап алуы керек. Соған сәйкес мақсатына жетуге әрекет жасалынады. Зерттеу барысында қызықты әртүрлі құбылыстар және құнды деректер кездеседі. Зерттеуші өзінің барлық қабілетін тек қана зерттеп отырған мәселесіне шоғырландыруы қажет.

Ғылыми жұмыс бұрын зерттелінген еңбектерге негізделеді. Мәселеге байланысты осы уақытқа дейін не істелгенін және ғылыми әдебиеттерде не жазылғанын зерттеу керек.


Зерттеуші ғылыми атауларды меңгеруге және өзінің ұғымдық аппараттарын анықтай отырып, олардың мазмұнына тоқталады.
Ғылыми жұмыстың, зерттеудің нәтижесі міндетті түрде жазбаша (есеп, баяндама, мәнжазба, мақала, кітап т.б.) түрде беріледі. Оның екі себебі бар:
  • автор өзінің идеясын және зерттеу нәтижесін ғылыми тілде жүйелі баяндайды. Ауызша сөйлеуде жүйелілік, бірізділік сезіле бермейді;


  • ғылыми жұмыстың мақсаты зерттеу нәтижесі жаңа білімді адамдарға жеткізу.



Сондай-ақ, ғылыми басылымдардың саны мен көлемі зерттеушінің көрсеткіші ретінде қарастыралады. Сондықтан бұл бағытта да тұрақты жұмыс жүргізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет