«Ғылыми зерттеулер негіздері» пәнінің емтихан сұрақтары «Ғылыми зерттеулер негіздері»


Ғылыми зерттеу əдісі мен əдістемесі туралы түсініктер



бет87/94
Дата10.12.2023
өлшемі0,7 Mb.
#136739
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   94
Байланысты:
«Ғылыми зерттеулер негіздері» пәнінің емтихан сұрақтары «Ғылыми -emirsaba.org

Ғылыми зерттеу əдісі мен əдістемесі туралы түсініктер.



Ғылыми әдіснаманың үш деңгейі бар:
Философиялық, жалпы ғылыми, нақты ғылымдылық. Бұлардың арасында айқын шекара жоқ, себебі олар бір – бірін алмастырып, толықтырып жатады.
Философия әдіснама ретінде зерттеушіні табиғат, қоғам, сана дамуының жалпы заңдарын білуімен, әлемнің біртұтастығын қамтуымен, зерделенген мәселені басқалардың ішінен орны мен байланысын анықтаумен қаруландырады.
Ғылыми әдіснаманың ең бір басты бөлігі – салада жаңалық ашу. Ғылыми әдіснаманың бірінші және ең нағыз талаптарының бірі – кәсіби білім деңгейін үнемі және жоспарлы түрде арттыру. Бұл мақсатқа жету үшін, мектеп қабырғасынан бастап ғылыми пәндерден өз біліктілігін көтеріп, жан – жақты білімді тұлға болуға ұмтылу.
Зерртеудің әдіс – тәсілдері, оны ұйымдастырудың жұмыс жоспарын жасаудың тиімді жолдары.
• Зерттеу жұмысы – шығармашылық үрдіс. Оның барысында өзгертулер, толықтырулардың болып тұруы заңды құбылыс. Зерттеу жұмысына, ең алдымен жоспар жасап алу керек. Жұмыс жоспары «Не істеу керек, қандай жолдары бар, қандай әдістер дұрыс ?» деген сұрақтарды қамтиды.
• Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттер тізімін жасау. Ғылыми жұмыстарға үңілу.
• Ғалымдардан ақыл –кеңес сұрау.
• Интернетке жүгіну.
• Үнемі бағамдау, байқау, іздеу, жинақтау жұмыстарын жүргізу.
• Тәжірибе жүргізу, (Ақынның мұражайларына, туып –өскен жеріне, немесе оқиға болған жерге бару.) оның барысы, нәтижесін жүйелі түрде талдап отыру.
• Қорытынды жасау.
• Бейне материалдар, слайдтар жасау.
• Жұмысты қорғауға дайындалу.



  1. Ғылыми тұрғыдан зерттеудің философиялық жəне жалпы ғылыми əдістері.



Әдіснама, әдіс пен теория әрқашан бір-бірімен тығыз байланысты. Теория педагогикалық құбылыстардың кез-келген әдіснаманың негізі болып табылады және сол әдістеменің көмегімен табылған фактілер арқасында кеңейеді. Теория — таным процесінің нәтижесі, ал әдіснама болса осы танымға жету мен оны құру тәсілі болып табылады. Бұл — теориялық және практикалық ғылыми-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру мен құрастырудың негізі мен тәсілдер жүйесі, бұл — осы жүйені тану жолы. Таным теориясы тұтас таным іс-әрекеті процесін және ең алдымен оның мазмұндық негізін зерттейді. Әдіснама шынайы және практикалық түрде тиімді білімге жетудің әдістері мен жолдарына көп көңіл бөледі, осы білімді дамытудың тәсілдерін іздестіреді.
Кез-келген әдіснамалық мәселелерді шешу белгілі бір гносеологиялық принциптер негізінде құралған бастапқы әдіснамалық тұжырымда жүзеге асады. Адамның танымдық іс-әрекетінің жалпы заңдылықтарын, оның даму заңдарын қалыптастыру философия ғылымының мәселесі. Білімді философиялық, аксиологиялық түсіну философияға тән және ол ғылыми білім туралы түсініктердің қалыптасуына шешуші ықпал етеді. Алайда зерттеушінің әдіснамалық тұжырымына жалғыз философия мен оның гносеологиялық негіздері ғана әсер етпейді. Зерттеушінің әдіснамалық тұжырымдама, көбінесе, ғылыми білімді құру мен дамыту теориясы болып табылады, өйткені ол психологкялық-педагогикалық ғылымға және оның тарихына бағытталады. Осыған орай, әрбір әдіснамалық тұжырымдама психологиялық-педагогикалық теориялар негізінде құрылып, соларға сүйенеді, өйткені олар осы тұжырымға жақын және онын ең басты құрылымдары болып табылады.
Әдіснамалық тұжырымдар ғылымның философиялық негіздері мен педагогикалық ғылымның зерттелетін саласының жетістіктеріне байланысты ажыратылады. Зерттеушінің әдіснамалық тұжырымының қалыптасуына бұған дейін қалыптасқан және басқа да психолгиялық-педагогикалық тұжырымдар әсер етеді. Жаңа әдіснамалық тұжырым оған дейінгі пайда болған әдістемелік концепциялар желісінде пайда болып, дамиды, ол нені іздеу керек және қалай іздеу керектігін дәл анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қоса, олар зерттеушіні тежеп, оның еркін ойлауына кедергі жасауы да мүмкін.
Зерттеушіге, кейде, ғылымдағы көпшілік қабылдаған, тұрақты ережелер туралы, әдістемелік көзқарастар, ғылыми мектептер бағыттары туралы ұмытып, олардан бас тартып, оларды дәлелді түрде жоққа шығарудың пайдасы көп болады. Сондай-ақ, әр түрлі тұжырымдарға, олардан шығатын мәселелерге және оларды шешудің ерекше тәсілдеріне сын көзбен қараудьщ да пайдасы зор. Іске осылайша қарау теориялық материалға деген өзіндік қатынасты қалыптастыруға, белгілі бір тұжырымдарға сүйеніп, бір жағынан философиялық ережелер ықпалындағы, ал екінші жағынан ғылыми-педагогикалық танымның белгілі бір саласына бағытталған кейбір тұжырымдарды сынауға көмектеседі.
Зерттеу жұмыстарына жаңадан араласқан зерттеушіге ғылыми талдау жүргізіп, ғылымдағы тұрақты философиялық және теориялық тұжырымдар мен қортындыларға сүйенудің пайдасы мол. Бұл зерттеліп жатқан саладағы жаңа жүйелік тұтастық білімдерін алуға көмектеседі. Эмпирикалық деңгейдегі білім қайта құрылып, теориялық білім мен нақты шындықтың өзара қатынасы саласындағы теориялық қортындылар мен нақтыландырулардын негізін құрастыру қажет. «Теориялық білім» дегеніміз сөздің, жалпы мағынасында, белгілі бір педагогикалық құбылысты талқылауға, қолдануға және түсіндіруге бағытталған ғылыми көзқарастар, түсініктер, идеялар жиынтығы. Ал, тар және арнайы мағынасында, ол дегеніміз педагогикалык іс-әрекеттің зерттелініп жатқан саласының заңдылықтары мен байланыстары туралы тұтас түсінік беретін ғылыми білімді ұйымдастыру формасы. Бұл тұтас білім жүйесіндегі ішкі шектеу, ол бір элементтердің басқа элементтерге тәуелділігін сипаттайды, ал теория мазмұны пікірлер мен түсініктер жиынтығынан тұрады. Теория көбінесе жеке тұлғаны тәрбиелеу, оқыту мен қалыптастырудың қалыптасқан тәжірибесін шығармашылықпен қайта құрумен байланысты. Осылайша, ол педагогикалық тәжірибені қортындылап, жеке тұлғаның болашақта қалыптасуы мен дамуының жоспарын анықтайды.
Теория өзара байланысты білімдер жиынтығы ғана емес, сонымен қатар, ол — осы білімдердің белгілі бір зерттеу бағдарламасы түрінде құралуының механизмі. Теория шынайы өмірде жоқ, бірақ теориялык-әдіснамалық білімдерге сүйеніп жүзеге асыруға болатын нәрсені құрастыруға көмектеседі. Осының бәрі ғылыми білімдердің жалпы жүйесі ретінде педагогикалық теорияның тұтастығын құрайды.




  1. Электронды мəліметтер базасын, сала бойынша электронды журналдар, электрондық кітаптар мен диссертацияларды, əртүрлі сөздіктерді, SCOPUS и ISI қорындағы ресурстарды қолдану жолдары.


Кітапхана -рухани азық беретін, көркем ой кепілі болатын киелі мекен. Өз шеберлігін
шыңдау,ақпарат пен шабыт іздеу қатынасында кітапханалар оқырмандардың кітаптарға,
онлайн оқулықтарға және мақалаларға тегін қол жетімділікті ұсынады. Жазушының
семинарлары сияқты кітапханалық бағдарламалар шығармашылық адамдарға пікір алмасуға және достық, қонақжай ортада қолөнерін дамытуға мүмкіндік береді. (Пандемияға байланысты жеке кітапханалық іс-шаралар тоқтатылған кезде, көптеген кітапханалар әлі де онлайн режимінде қосыла алатын виртуалды бағдарламаларды ұсынады.) Кітапханалардың көптеген кітаптары, дерекқорлары және мұрағат материалдары сізге керекті ақпаратқа тез қол жеткізуге көмектеседі. Егер сізге қажетті көздерді табуға көмек қажет болса, кітапханашылар оқырмандарға жеке көмек ұсынады. Көптеген кітапханалар сонымен
қатар коллаждарда, ән ремикстерінде және т. б. еркін пайдалануға болатын жалпыға қол
жетімді суреттер, дыбыстар мен бейнелердің кең онлайн-жинақтарын ұсынады.
Ақпараттық технологиялар мен компьютерлік техниканың дамуы көптеген
жұмысшылар ақпарат жинау, сақтау, өңдеу және ұсынумен айналысатын қоғам дамуының
басталуына негіз болды. Интернет ғаламдық желісі әлемнің барлық тілдерінде миллиондаған
электронды кітаптары бар электронды деректер қоймаларына компьютерлердің көмегімен кіруге мүмкіндік берді. Көптеген анықтамалар пайда болды: электрондық кітапхана, цифрлық кітапхана, виртуалды кітапхана және т.б. Дәстүрлі кітапхананың жаңа ақпараттық
технологиялармен бірігуі кітапханалық-ақпараттық қызметті жаңа деңгейге шығаруға,
дамуына жол ашты.
Жаңа технологиялар дәстүрлі кітапты алмастырмайды, керісінше жаңа оқырмандарды
тартуға мүмкіндік береді және ғылыми-зерттеу жұмыстарына ынталандырады.
Кең мағынада, электронды кітапхана – белгілі бір өлшемдерге сәйкес қалыптасатын,
қоғамдық пайдалануға арналған және осы қорды сақтауға және пайдалануға мүмкіндік беретін
бағдарламалық-техникалық құралдарды қамтитын электрондық құжаттар қоры бар ақпараттық
жүйе деп айтуға болады.
Scopus – басылымдарда жарияланған мақалалардың циттаталуын бақылып отыруға мүмкіндік беретін әлемдегі ең ірі библиографиялық деректер базасының бірі. Scopus шамамен әртүрлі ғылым салалары бойынша 500 баспагерлермен ұсынылған, 21 000 ғылыми басылымдарды индекстейді. Осы деректер базасында тұрған материалдар арасында ғылыми журналдар ғана емес, конференция еңбектері, сондай-ақ сериялық кітап басылымдары бар. Scopus түрлі пәндер бойынша рефераттар мен журналдарды қамтитын рефераттық база ретінде барлық әлемге танымал. Рефераттар санында 15 мың ғылыми журналда жарияланған, 28 миллионнан аса мақалалар бар.
Scopus қолданушылар үшін басқа деректер базасымен салыстырғанда бірқатар артықшылықтарға ие:
тақырып бойынша бір платформадан тиімді іздеу;
зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми әзірлемелер туралы барлық ақпаратты бір кіргеннен көру мүмкіндігі;
осы салада ғылыми зерттеу жұмыстары жарияланған барлық авторлар туралы мәліметтер алу мүмкіндігі;
осы саладағы зерттеулермен айналысатын ұйымдар бойынша барлық мәліметтерді алу;
барлық мүдделі журналдар бойынша ақпарат алу.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет