«Ғылыми зерттеулер негіздері» пәнінің емтихан сұрақтары «Ғылыми зерттеулер негіздері»


Академиялық мəтіннің түрлері, оларды салыстыру, талдау



бет2/94
Дата10.12.2023
өлшемі0,7 Mb.
#136739
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94
Байланысты:
«Ғылыми зерттеулер негіздері» пәнінің емтихан сұрақтары «Ғылыми -emirsaba.org

Академиялық мəтіннің түрлері, оларды салыстыру, талдау.

Академиялық мәтін: рефераттар, баяндамалар, ғылыми мақалалар, оқулықтар, ғылыми пікірлер, авторефераттар, диссертациялар, ғылыми жобалар сияқты түрлерге бөлінеді. Осы бағытта жазылған жұмыстардың өз мақсатына және зерттеу әдісіне қарай құрылымдары мен жазылу жүйесі әр түрлі болады.


Академиялық мәтін белгілі бір тақырыпты түсіндіруге бағытталған күрделі құрылымда жазылады. Академиялық бағытта жазылатын жұмыс ғылыми мәлімет беруге бағытталады. Сол себепті, академиялық бағытта жазба жұмысын жазу барысында ақпарат түсінікті және мағыналы болуы үшін белгілі бір құрылымды сақтаған жөн. Әдетте, академиялық бағытта жазылған мәтіннің мынадай негізгі ерекшеліктері болады: күрделі, формалды, нақты, объективті, шектеулі және жауапкершілікті. Бірақ, мәтіннің жазылуының басты талабы - анық және түсінікті тілмен жазылуы.
Күрделі. Жазба тілі ауызекі тілге карағанда біршама күрделі. Жазба тілінде күрделі сөйлемдер мен сөз тіркестері және лексика- лық мағынасы терең сөздер кеңінен қолданылады.
Формалды. Академиялық жазылым барысында әр түрлі қысқарған сөздер мен диалект, жаргон және т.б. сияқты ауызекі сөйлеу барысында кездесетін сөздерді қолдануға болмайды.
Нақты. Академиялық жазылымда ақпаратты қолдану ба- рысында нақты мәлімет беруге тырысыңыз. Мысалы, «көптеген адамдар» деген мәліметті қолданбай, оның орнына «50 мың адам» деп нақты санын көрсету қажет.
Объективті. Академиялық бағытта жазылатын жұмыс субъективті пікір ұстанбауы тиіс. Яғни, біржақты немесе қандайда бір ұстанымды насихаттауға бағытталмауы ткіс. Жұмыстың мақсаты тек ғылыми негіздерге ғана сүйену арқылы тұжырым жасау болып табылады. Сонымен қатар, академиялық мәтінді оқу барысында оқырманды автордың не жасағаны емес, жұмыс бойынша не жасалғаны қызықтырады. Сол себепті, «менің ойымша» немесе «мен сенемін» деген создер мен сөз тіркестері қолданылмағаны абзал.


  1. «Ғылыми зерттеулер қағидаттары: стильдік ерекшеліктері, жанрлары.

Ғылыми стиль – стилисканың күрделі түрлерінің бірі. Өйткені ондағы тілдік элементтердің ерекшелігі тілдің барлық салаларымен тығыз байланысты болып келеді. Ғылыми мәтін құрылымы мазмұны мен мақсатына орай жанрлық түрлерге жіктеледі. Әуелі жанр ұғымының өзіне тоқтала кетелік. Бұл терминнің қолданылатын саласы көп. Содан болар, бұл ұғымға берілетін анықтамалар да негізінен жалпы сипатта болып келеді. Жанр дегенде ең алдымен кез келген әдеби шығарманың өзіндік белгілері, сипаты бар түрлері еске түседі. Қазақ филологиясында бұл ұғымының лингвистикадан гөрі әдебиеттануда қойылысы басым. Көп уақыт бойы осы ғылым саласының еншісіне бөлініп келді. Әдебиеттануда шығарманың жанры, яғни кейіпі дегеніміз бірыңғай және біркелкі қиысқан өзгеше сипаттардың, ерекше образ жүйесінің, айрықша композиция құрылысының, лайық тіл оралымының, белгілі ыргақ, интонацияның т.б. нақты бірлігі” [1, 8-б] деп түсіндіріледі. 3. Ахметов жанрды “әдеби нұсқаларды тегіне, түр-түсіне қарай ажыратып бөлу негізінде” қалыптасатын ұғым деп санайды [2, 90-б.]. Жанр терминіне фольклортану тұрғысынан С.Қасқабасов былайша анықтама береді: Жанр дегеніміз — оқиғаны, идеялы шығармаға айналдырудың әдісі, жолы, құралы” [3, 17-6.]. Ғылыми проза синтаксисін зерттеуші С.Әлісжанов жанр ұғымының лингвистикада аз кездесуінің себебін прагматикалық бірлік ретінде қарастырылмауынан деп түсіндіреді .[4, 63-б.].


Орыс тіл білімінде ғылыми мәтінді жанрлық түрлерге ажырату жөніндегі көзқарастар бір арнаға тоғыспайды. Жанрлық топтастыру әрбір зерттеушінің қандай принциптерді негізге алатынына байланысты жасалып жүр. Мәселен, Т.Н. Мальчевская осы орайда мына мәселелерге назар аударады: мазмұндау тәсілдері, мазмұнның нақтылығы мен абстрактілігі, мазмұндаудың ықшамдығы мен кеңдігі толықтығы, жинақтау деңгейлері, интеллектуалдық ақпараттың мақсаты мен міндеттері [5,106 б.]. Н.М.Разинкина жанрға қатысты үш факторды келтіреді. Олар: 1) құрылым формасы; 2) ақпараттың сипаты; 3) ақпараттың эмоционалдық бояуы. Осы факторларға сүйене отырып, ғылыми прозаның мынадай түрлерін ажыратады: 1) монография; 2) журнал мақалалары; 3) рецензия; 4) оқулық (оқу құралы); 5) лекция; 6) баяндама; 7)ақпараттық хабарлар (конференция, симпозиум, конгресс.т.б. туралы); 8) жарыссөз; 9) анықтамалық материалдар [6, 85-б.].
М.Сералиев жанр табиғатын белгілі бір функционалдық стильдің шағын түрлерімен бірлікте алып қарастыра келе таза ғылыми шағын стиль, оқулық-гылыми шагын стиль және көпшілікке гылыми шагын стиль деп бөледі [7,96-б.]. Мұндай ғылыми тұжырымдар мәтіндерді әртүрлі белгілері бойынша жіктеуге мүмкіндік береді. Олар: 1) шығарманың көлемі; 2) мәтіндегі баяндау типтері; 3) мәтіннің кімге арналғандығы (адресат сипаты). Қазіргі зерттеулерде мәтін көлеміне орай бірнеше түрлері ажыратылады: ірі топ (монография, оқулық, лекциялар курсы т.т.), орта топ (баяндама, мақала, лекция т.т.), кіші топ (баяндама тезистері, аннотация, резюме, рецензия т.т.).




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет