«Ғылыми зерттеулер негіздері» пәнінің емтихан сұрақтары «Ғылыми зерттеулер негіздері»



бет24/94
Дата10.12.2023
өлшемі0,7 Mb.
#136739
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   94
Байланысты:
«Ғылыми зерттеулер негіздері» пәнінің емтихан сұрақтары «Ғылыми -emirsaba.org

Көркем әдебиет стилі - проза, поэзия, драматургия салаларында жазылған көркем шығармалардың стилі (тілі). Көркем әдебиет стиліне тән бірнеше ерекшеліктер бар. Солардың бірі - тіл байлығы. Көркем шығармаларда қолданылмайтын сөздер мен сөз тіркестері, фразеологизмдер аз. Кез келген шығарма тек қана авторлық баяндаудан ғана емес, кейіпкер тілінен де тұрады. Ал кейіпкерлер әр жастағы, әр мамандықтағы, әр дәрежедегі білімді адамдар болып келетіндігі белгілі. Сондықтан да көркем шығармада кәсіби сөздер де, жергілікті тіл ерекшеліктері де, жаргондық сөздер де ұшырасып отырады. Көркем әдебиет стилінің екінші ерекшілігі - оның көп стильді болып келетіндігі. Мұның мәнісі қай жанрда жазылған шығарма болса да, онда тіл арқылы қарым-қатынас құралдарының барлық түрінің қолданылуында, яғни ауызекі сөйлеу тіліне қоса, публицистикалық, ғылым, ресми стильдердің элементтері осы стильде әр түрлі ыңғайда ұшырасып отырады. Көркем әдебиет стилінің тағы бір ерекшілігі бұл стильде орындалатын еңбектердің басты міндеті эстетикалық тәрбие беретіндігімен тығыз байланысты болып келеді. Екінші сөзбен айтқанда, көркем шығармада сөздің эстетикалық қуаты, сөздің бейнелілігі алғашқы орынды алады. Сондықтан да троптардың және фигуралардың барлық түрлері басқа стильдерге қарағанда Көркем әдебиет стилінде барынша мол жұмсалады. Көркем әдебиет стилінің функциональдық стильдер жүйесінде алатын орнына қатысты әр қилы пікірлер айтылып жүр.


  1. Ғылыми стильдің публицистикалық стильден ерекшеліктерін «Кластер» əдісі арқылы көрсетіңіз.

Стиль (лат. stylus, грек. stylos – жазуға арналған таяқша)

– қаламгердің жазу мәнері, ой түйінін ашу тәсілі,


образдар жүйесінің тұрақты бірлігі. Стильдің жұмыс
стилі, газет стилі, ғылым стилі, т.б. түрлері бар.
А.Байтұрсынов “Әдебиет танытқыш” еңбегінде стиль
туралы “Әр ақын, әр жазушы сөздің басын өзінше
құрастырып, өз оңтайымен тізеді, әрқайсысының
лұғатында өзіндік айырымы, өзіндік белгісі болады. Ол
белгі әркімнің өз ыңғайымен сөз тізіп, әдеттенуінен,
салттануынан болады. Ол салттар жалпы сөз тізу
салттарынан, шарттарынан аса алмайды. Сөз
шығарушылар, әуелі сөз ұнасымына керек жалпы
шарттарды орнына келтіріп, өзінің өзгеше әдісі болса,
соның үстіне ғана қосады. Сондықтан сөз шығарушылар
бәрінен бұрын лебіз дауысынан шыққан сөздің асыл
болуының жалпы шарттарын білуі қажет” дейді.
3.
• Ғылыми стиль –табиғат, адам және қоғам туралы объективті

хабар беруді мақсат ететін функционалдық стильдердің бірі.


• Ғылыми жұмыстардың стилі ғылыми еңбектің мазмұны мен
мақсатынан туындайды. Дәлірек айтқанда, ғылыми стильдің
мақсаты –бізді қоршаған шындықты мүмкіндігінше дәл және
толық түрде түсіндіру, құбылыстардың арасындағы байланыстың
себептері мен салдарын ұғындыру, тарихи дмаудың
заңдылықтарын ашу т.с.с. мәселелер.
• Ғылым саласындағы ойлаудың ең басты формасы –ұғым, ал одан
кейінгі ойлау динамикасы тіл арқылы жүзеге асқанда, пікір мен
ой қорытуға сүйенеді. Сөйтіп, ғылым ойлаудың интеллектуалдық
–ұғымдық бейнесімен сипатталады.
• Тым ерте кезде ғылыми шығармалар трактат, диалог, тіпті
поэзиялық туындылар (одалар мен поэмалар) ретінде жазылған.
Қазіргі ғылыми стильдегі еңбектер прозаға ұқсас сипатта жарық
көріп жатады да, оның жанрларына монография, оқулық,
мақала, ғылыми есеп, диссертация, реферат, баяндама,
тезистер, патенттер, т.б. жатады.
4.
• Ғылыми –зерттеу жұмысында белгілі бір ұсынылған жорамалдың

ақиқаттығына сендіру, дәлелдеу көзделеді. Сондықтан мұндай еңбек екі


міндеттің орындалуын нысанаға алады. Ол міндеттердің бірі –
ақпараттық міндет те, екіншісі –ықпал етушілік міндет. Мұнда
аргументтің қаншалықты нақтылығына басты назар аударылады.
• Осыған байланысты ғылыми стильдің екі түрлі қызметі көзге түседі:
ғылыми ақпаратты жеткізу ғана емес, сол ақпараттың көп жағдайда
жаңалықтың ақиқаттығын дәлелдеу де, екіншісі –оқырманның немесе
тыңдарманның логикалық ойлау қабілетінің белсенділігін арттыру.
Бірінші жағдайда әр түрлі формулалар, теңеулер, сызбалар, графиктер
т.б. аргументтің құралдары болып табылады.
• Ғылыми стильдің ең басты үш түрлі сапасы:
• Логикалылық
• Айқындылық
• Дәлдік
5.
• Мәтінде берілетін ойдың жүйелі орналасып, оның берік

мағыналық байланыстарының болуы логикалылық деп


есептеледі.
• Айқындылықтың мәнісі –үлкенді –кішілі пікірледің түсінікті
қабылдануы, осылайша түсінікті болуы, сөздің өз
мағынасында қолданылуы, екіұшты мағынаның
туындамауы, ойдың нақтылы жеткізілуі.
• Дәлдік ғылыми еңбекте сөз мағынасының бейнелі түрде
жұмсалуын қолдамайды. Демек, сөздің эмоциялық
бояуының ғылыми стильде қолданылмағаны жөн.
• Ғылыми стильді ғылымдық тегіне немесе циклына
байланысты физика математика стилі және қоғамдық –
саяси стиль деп бөлінетінін кейбір зерттеушілер атап өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет