«Ғылыми зерттеулер негіздері» пәнінің емтихан сұрақтары «Ғылыми зерттеулер негіздері»


Ғылыми мəліметтерді өңдеу мен интерпретациялаудың жалпы сипаттамасын «Фишбоун» əдісі арқылы анықтаңыз



бет26/94
Дата10.12.2023
өлшемі0,7 Mb.
#136739
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   94
Байланысты:
«Ғылыми зерттеулер негіздері» пәнінің емтихан сұрақтары «Ғылыми -emirsaba.org

Ғылыми мəліметтерді өңдеу мен интерпретациялаудың жалпы сипаттамасын «Фишбоун» əдісі арқылы анықтаңыз.

Ақпараттар қорын библиографиялық және фактографиялық деп екіге бөледі. Библиографиялық қор жарияланған еңбектер туралы ақпараттарды жинайды. Ал фактографиялық қорда осы жарияланған еңбектердің өздері сақталады. Ақпараттық қорлар салалық, политақырыптық, құжаттардың түрлеріне байланысты – патент, диссертация т.б. болуы мүмкін. Мұндай қорлар әр саладығы ғылыми зерттеу институтарында, ақпараттық органдарда жасалады.


Эмпирикалық зерттеудің бірінші этапының негізгісі мәліметтерді жинау болып табылады. Жалпы жағдайда мәліметтерді зерттелуші объект жағдайының белгіленген параметрі ретінде қарастыруға болады.
Психологиялық берілгендер эмпирикалық әдістің анықталуының сапасы ретінде, осы немесе басқа әдіскердің көрсеткіш көмегімен де белгілеп алуға болады (Т.В.Корнилова).
Ж. Годфруаның ойы бойынша – мәліметтер – ол қорытындыға жататын элемент, қайта қаралу мақсатында жіктелген кез келген ақпарат болуы мүмкін.
Сонымен, егер зерттелуші объект туралы ақпарат беретін болса, онда оны эмпирикамен алынған мәліметтер деп атауға болады, яғни алдын ала белгіленген жоспарға және зерттеу нәтижесінің болжамына да сәйкестендіріледі (оң , теріс ). Егер алынған шарттарға сәйкес келмесе, онда ол есептелмейді, яғни олардың ақпараты 0 – ге тең болады.
В.В. Никандровтың айтуынша, нақты объект – ол өмірдің бөлігі, ал олар туралы мәліметтер – ол ғылымның іргетасы. Ол әртүрлі қағидалар негізінде мәліметтердің жіктелуін былай көрсетеді:
1. Ғылыми негізделуі бойынша:
1) ғылыми мәліметтер – іздену нәтижесінде ғылыми талаптарға сай алынған мағлұмат.
2) Ғылыми емес мәліметтер - өмірлік тәжірибеден алынған мағлұмат.
2. Гипотезаны тексеру кезіндегі үлес және шешу жолдары бойынша:
1) Негізгілері – алға қойған гипотезаны қабылдау немесе қабылдамау.
2) Маңыздысы – шешу мәселесіне көптеген үлес қосылады, бірақ оның толық қанды шешілуіне толығырақ мағлұмат қажет.
3. Ақпарат көздерінің әрекеті және облысы бойынша:
1) социологиялық
2) психологиялық
3) педагогикалық
4) физиологиялық және т.б.
4. Зерттеу әдісі бойынша:
1) бақылау мәліметі;
2) сұрау мәліметі;
3) экспериментті мәлімет және т.б.
4) арнайы әдіс көмегімен алынған мәліметтер.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет