Әрине, сіз конспектіні бір күні қайта оқу үшін жазып аласыз. Бірақ дәріс жадыңыздан өшірілмей тұрып, қателерді түзеп, кемшіліктерді толықтыру үшін (бос орындар, аяқталмаған фразалар, түсініксіз қысқартулар) конспектіні бірден оқып шыққаныңыз жақсы. Осы айқын пікірге 33 зерттеудің тұтас метаанализі арналып жазылған.
Мысалы, кей зерттеулер материалды дәріскерден жай сұрауға болады деген сұрақты қозғайды. Және де мынадай шешімге келеді: материалмен танысып шығу артық болмайды, бірақ конспект жазу арқылы сіз тек өзіңізге маңызды сәттерді тіркейсіз - кейін дәрістің не жайлы оқылғанын еске түсіру оңай болады. Сонымен, конспект осы қасиетімен құнды болып табылады.
Ал тағы бір зерттеуде дәрісті серіктеспен немесе топ болып оқып, түзеткен дұрыс деген ой берілген.
Әртүрлі әдістерге жүгініңіз Дәріскердің оқығанының бәрін көшіру міндетті емес, - конспектілерді түсінікті әрі ыңғайлы етудің әртүрлі тәсілдері бар.
Мысалы, Корнелл университеті дәптердің әр бетінде кілт сөздер мен идеяларына арналған алаң қалдырып, дәрістен кейін сол алаңды толтырып отыруды ұсынады(Корнель әдісі және т.б. жайлы осы жерде жазған болатынбыз). CUES+ әдісі дәрістерге арналған арнайы әзірленген бланкілерді қолдануды ұсынады, алайда әр 3-6 тезистен кейін аралық саммариды жазып алып, жаңа терминдерді бөлек көшіріп, дәрістен кейін кілтті идеяларды теріп алуға кішкене уақыт жұмсап отырсаңыз, бланкілердің қажеті болмайды. Кейбір дәрістер мен презентацияларды көшіруге қарағанда суретін қағазға түсірген ыңғайлы, - оны қалай жасау туралы осы жерден оқи аласыз.
Даталар мен парақтар
Мінсіз конспектілерді жазу бойынша көптеген нұсқаулықтар "Абрревиатураларды қолданыңыз", "Дәріскердің маңызды сәттерді қалай белгілейтініне назар аударыңыз" сияқты қарапайым кеңестер береді. Бірақ кей ұсыныстар қайталауды қажететеді:
🗝 Егер конспектіні қолдан жазсаңыз, сақиналы дәптерлер қолданыңыз, парақтың бір жағына ғана жазыңыз, және әр жаңа тақырыпты жаңа беттен бастағаныңыз жөн. Осылай сіз дәріскер шатасқан жағдайдың өзінде жазбаларыңызды жүйелей аласыз.
🗝 Әр жолға жазбаңыз - қосымша толықтыруларға орын қалдырыңыз.
🗝 Күндерді қойыңыз. Дәріскерлердің аты-жөнін жазып алыңыз, бұл рәсімнің күтпеген жағдайда қажеті тиюі мүмкін.